Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отработка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.25 Кб
Скачать

5.5 Картографиялық салындыларды таңдап білу

Бұл мәселе жөнінде деректер жеткілікті [2-3, 9, 12], соңғы бір әдебиетте [9] жер танабын картамен қамтылуына байланысты салындыларды тандаудың мынадай реттілігі орынды ұсынылған:

  • дүниежүзі карталары;

  • жартылай шар карталары;

  • материктер мен олардың ірі бөліктерінің карталары;

  • мұхитгар карталары;

  • ТМД, оның бөліктерінің карталары;

  • шет елдік мемлекеттердің карталары.

Бұлар бойынша қажетті түсіндірмелер, сызбалар мен кестелер толық түрде мазмұндалған [9]. Салындылардың қолданылып жағдайлары мынадай:

  • цилиндрліктер, экватор маңайында бойлығымен созылыңқы және қиясты (симметриялы) орналасқан жер танаптарында;

  • конустықтар, жер танаптары экватордан алшақ орташа еңдіктерде орналасқан болса;

  • азимуталдықтар, полярлық нүктелер төңірегіңде;

  • көлденең және қиғаш бағытты цилиндрліктер, меридиан бойымен (вертикальдармен) созылыңқы жатқан жер танаптарында;

  • көлденең және қиғаш бағытты азимуталдықтар, пішіні шенбер тәріздес жер танаптарында.

Кең тараған картографиялық салындылардың шығу тарихы туралы белгілі деректер мынадай:

  • цилиндрлік салындының пайда болуы Қайта өркендеу дәурінен (ХV-ХVІ ғғ.), яғни Ұлы географиялық жаңалықтардың (1492 ж. Кристофор Колумбтың, 1497-1999 жж. Васко да Гаманың, 1519-1522 жж. Фернан де Магеланның жиһан кезу уақытынан басталыпты. Мысалы, Меркатордың (1512-1594) 1569 ж. ұсынған көпшілік оқушы қауымға әйгілі «Теңбұрышты нормаль бағытты цилиндрлік салындыдағы Дүниежүзілік картасы»;

  • конустық салындының негізін қалаушы Клавдий Птолемей (90-168 жж.) «География» атты сегіз томдық еңбегінің бірінші томын «Салындылардың теориясы: қарапайым конустық салынды және псевдоконустық (конустық емес) бет» деп атаған. Бұл салындының Ресейге келуі 1734 ж. ұсынылған Кирилловтың атласынан басталды. Кейіннен 1931 ж., сосын 1949 ж. В.В.Каврайский (1884-1954) және 1950 ж. Ф.Н.Красовский (1878—1948) ұсынған нормаль бағытты меридиандар бойынша теңаралықгы конустық салындылар кең өріс алып, осы уақытқа дейін қолданыс табуда;

азимуталдық салындылар материктер мен жартылай шарлардың картасын жасауда кең орын алған. Бұлардың негізін салушы ғалымдар: Постель (1510-1581), оның нормаль бағытты меридиандар бойынша теңаралықты азимуталдық салындысы, Иоган Генрих Ламберт (1728-1777), оның теңшамалы азимуталдық салындылары (нормаль, көлденең және қиғаш бағытты);

Шарттық (ерікті) салындылардың ішіндегі кең таралғандары [9]: ЦНИИГ АиК-тің поликонустык салындалары (вариант 1939, 1950 (авт. Г.А.Гинзбург), БСЭ, ФГАМ), Н.А.Урмаевтын (1895 -1959) псевдоцилиндрлік синусоидалық салындысы, 1650 ж. ұсынылған Сансонның теңшамалы синусоидалық псевдоцилиндрлік салындысы, ЦНИИГАиК- тің сопақша изоколдарымен діттелген қиғаш бағытты псевдоазимуталдық салындысы (авторы Т.А.Сапманова), 1937 ж. ұсынылған М.А.Соловьевтін қиғаш бағытты перспективті цилиндрлік салындысы, ЦНИИГАиК-тің сим-метриялы және симметриялы емес торланып жетілдірілген салындысы (авторы В.М.Богинский).