Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТиОСП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.61 Кб
Скачать
  1. Доғаның физикалық қасиеттері. Газды иондандыру процесі.

Электродоғасы – қатты дене немесе біреуі қатты дене екіншісі сұйық зат екі эктродтар аралығында ауа арқылы өткен тянақты электр ағымы. Әдеттегі жағдайда ауа электр тогын өткізбейтіні белгілі. Сондықтан екі электрод аралығындагы ауа электр тогін өткізгіш болуы үшін ауа молекулаларын иондандыру қажет. Газды ортада қалыптасқан электрдоғасының ток тығыздығы жоғары, температурасы жоғары, электродтар аралығындағы кернеу төмен шамалы болып келеді. Газды ортаны электр тогін өткізгіш қабілетті ету үшін газды иондандыру қажет, иондандырудың бірнеше тәсілдері бар. Олар:

  • соқтығыс арқылы иондандыру;

  • сәуле әсерімен иондандыру (фотоиондандыру);

  • қыздыру арқылы иондандыру (термиялық иондандыру).

  • Иондану процесінде атомның электроны (немесе электрондары) ядродан бөлініп шығып еркін қозғалысты жағдайға көшеді. Электронды атом ядросынан ажырату үшін белгілі мөлшерлі энергия қарышталуы шарт және бұл энергияны иондандыру жұмысы деп атайды. Иондандыру жұмысы электрон-вольт бірлігімен өлшенеді. Электрон-вольт дегеніміз электронның 1 вольт потенциал айырмашылығы әсерімен иемденетін энергиясы.

  1. Көп орынды нәрлендіру көздері. Пайдалану мақсаты. Жұмыс режімін реттеу жолдары.

Өндіріс алаңы тар болып пісіру посттарының бірнешеуін орналастыру қажет болған жағдайда қуаттылығы жоғары нәрлендіру көздерін пайдалану тиімді болып саналады. Мұндай нәрлендіру көздері нәрлендіру көзінің сыртқы шықпаларына жалғанған ортақ өткізгіш сымға (шинопровод) қосылған бірнеше пісіру постын бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мұндай нәрлендіргіштерді – көп орынды нәрлендіру көздері деп атайды.

Көп орынды нәрлендіруде әрбір пісіру посты өткізгіш сымға жеке-жеке балласты реостат арқылы жалғанады.. Көппостылы нәрлендіру көзі (В) ортақ өткізгіш сым (ШП) арқылы n санды пісіру посттарын (СП1 – СПn ) нәрлендіреді. Әрбір пісіру посты өткізгіш сымға балласты кедергілер (РБ) арқылы жалғанған және осы балласты кедергілер көмегімен құламалы вольт-амперлік сипаттама қалыптастырылады. Доғалы қолмен және флюс қабатының астында пісіру үшін нәрлендіру көзінің сытқа беретін кернеуі, әдетте, өзгертілмейді. Қорғаныстық газ ортасында пісіруге арналған көпорынды нәрлендіру көздері ерекшелігі оларда бос жүріс кернеулері әр түрлі бірнеше өткізгіш сымдары болады. Әрбір пісіру посты өзіне сәйкес кернеудің өткізгіш сымына жалғанады.

  1. Инверторлы нәрлендіру көздері. Құрылымы мен жұмыс принципі. Басқа нәрлендірігіштерден ерекшелігі.

Инверторлы нәрлендіргіш доғаның оңай тұтанып жлындауы мен созымталдық қасиетінің жоғарылауын, балқыған металдың майда тамшылармен немесе сорғалап ағу арқылы балқытылған металмен араласуын, бос жүріс кернеуін төмендетуге мүмкіндік беруді (36 В дейін); электр энергиясын 30-40 % дейін үнемдеді; ток пен керне параметрлерін алыстан (дистанционно) жатық түрде реттеуді қамтамасыз етеді.

  1. Орамалары жылжымалы пісіру трансформаторлары. Құрылымы мен жұмыс істе принципі.

Бұл трансформаторларға ТК, СТК, ТД, ТДМ типті трансформаторлар жатады. Олар бір фазалы өзекшелі типті болып жасалады. Трансформаторлардың бірінші реттік орамасы қозғалыссыз бекітілген, ал екінші реттік орамасы жылжымалы, орамалар бір-біріне максималь жақындағанда ток күші өзінің ең үлкен мәніне ие болады, ал максималь алшақтағанда ең аз мәнге ие болады.

Пісіру тогының реттелуі жүрісті бұрамамен 5 байланысқан қолсапты 3 бұрағанда іске асырылады, соның нәтижесінде бірінші 7 және екінші реттік орамалар аралығының арақашықтығы өзгереді. Қолсап сағат тілімен бұралғанда катушкалар жақындайды, магниттік таралуы азаяды да пісіру тогының шамасы өседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]