Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТиОСП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.61 Кб
Скачать
  1. Магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторлар. Индуктивтілікті реттеу жолдары.

Жоғарыда айтылғандай магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформатордың жұмыс режімін реттеу - олардағы манит ағыны жолындағы индуктивтік кедергіні ХТ өзгерту арқылы іске асырылады. Мұның бірнеше тәсілдері бар: магнитөткізгіш биіктігін бойлай орналасқан орамалардың ара қашықтығын жылжыта отырып өзгерту; магнит өткізгіштің ашық ойығына жылжымалы шунт орналастыру; ашық ойыққа басқарылымды магнитті шунт орналастыру және т.б.

Трансформатордың жұмыс барысында магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторлардың бірінші және екінші реттік орамаларына ауыспалы таңбалы электрдинамикалық күштер әсер етеді. Бұл күштер ток шамасына пропорционал және трансформатор элементтеріне діріл береді. Жылжымалы оралымды және жылжымалы шунтты трансформаторлардың оралымдары тұрақты, шунттары жылжымайтын басқарымды трансформаторға қарағанда сенімділігі төмен. Осыған орай жылжымалы элементті трансформаторлардағы ток шамасы төмен, әдетте 500 А дейін шамада шығарылады. Бұдан жоғары қуатты трансформаторлар басқарылымды магнитті шунтты етіп жасалады.

  1. Магнит ағыны қалыпты таралған трансформаторлар. Дроссель. Дроссельдің трансформатормен қосылысу ерекшеліктері.

Магнит ағыны қалыпты таралған трансформатор жиынтығына трансформатор мен дроссель (рективті катушка) кіреді. Қазіргі кезде мұндай трансформатордың дросселі трансформатормен бір тұғырда орналасады. Әдетте бұл трансформаторлардың қуаттылығы жоғары, сондықтан олар автоматты және жартылай автоматты флюс қабатының астында пісіруге қолданылады. Мұндағы дроссельдің негізгі міндеті жылжымалы пакеті арқылы ауалы саңылау шамасын өзгерту. Ауалы саңылау өзгергенде магнитөткізгіштің кедергісі өзгеріп, магнит ағынының шамасына әсер етеді, соның арқасында индуктивтілік өзгеріп пісіру тогының шамасын реттеуге мүмкіндік туады.

  1. Дросселі дербес орналасқан пісіру трансформаторы. Электрлік сұлбасы.

Дросселі дербес орналасқан трансформаторда реактивті катушка трансформатормен тек электрлік байланыста болса, ал қосақты реактивті катушкалы трансформаторда электрлі және электр магнитті байланыста болады. Дросселі дербес орналсқан бұл трансформаторлар типі екі орамадан: ортақ магнитөткізгіште 3 орналасқан бірінші 1 және екінші (төмендеткіш) 2 реттік. Магнитөткізгіш немесе өзекше жұқа тілімшелерден жиналып, арнайы бұрамсұқпа арқылы тартылыады.

  1. Дросселі ортақ магнитөткізгіште орналасқан пісіру трансформаторы. Электрлік сұлбасы. Жұмыс істеу ерекшелігі.

Дроссель дегеніміз жеке тілімшелерден құралған мыс немесе алюминий орама орналасқан магнитөткізгіш . Сонымен қатар магнитөткізгіштің жылжымалы бөлігі болады, оны қолмен бұрайтын сабы бар бұрама көмегімен жылжытуға болады.

Магнит ағыны қалыпты таралған трансформатор жиынтығына трансформатор мен дроссель (рективті катушка) кіреді. Қазіргі кезде мұндай трансформатордың дросселі трансформатормен бір тұғырда орналасады. Әдетте бұл трансформаторлардың қуаттылығы жоғары, сондықтан олар автоматты және жартылай автоматты флюс қабатының астында пісіруге қолданылады. Мұндағы дроссельдің негізгі міндеті жылжымалы пакеті арқылы ауалы саңылау шамасын өзгерту. Ауалы саңылау өзгергенде магнитөткізгіштің кедергісі өзгеріп, магнит ағынының шамасына әсер етеді, соның арқасында индуктивтілік өзгеріп пісіру тогының шамасын реттеуге мүмкіндік туады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]