Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОӘ лек 27-28.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.14 Кб
Скачать

4. Оқушылардың білімін тест арқылы сынау.

Қазіргі кезде біздің еліміздегі әлеуметтік экономикалық дамуды жеделдетудің стартегиясы білім беруді одан әрі жетілдіруді, оқу-тәрбие процесінің сапасын тереңдетуді, ғылым мен техниканың даму қарқынын шұғыл арттыруды талап етеді.

Оқушылардың білімін, біліктілігі мен дағдысын тексеруге және бағалауға қолданылатын тестердің жиынын төмендегідей жеті түрге бөлуге болады.

1. Толықтырмалы тест. Тексте, сызбада, формуланың жазылуында қалдырылып кеткен сөзді, белгіні қосатын (қоятын) орын болады.

2. Еске салу тесті. Тест сұрағына берілетін жауапқа белгілі бір факт, заңның, ереженің мағынасы келтіріледі. Бұл кезде тура сұраққа біржақты жауап алу арқылы білімінің нақтылығы тексеріледі.

3. Баламалы жауабы бар тест. Белгілі бір жағдайдың дұрыс не дұрыс еместігін шешуге мүмкіндік беріледі. Жауап “+”, “–” белгілері, “иә” немесе “жоқ”, “дұрыс” немесе “дұрыс емес” сөздері арқылы жазылады.

4. Таңдау тесті. Бірнеше жауаптың ішінен жалғыз дұрыс жауап таңдап алынады. Мұндай тестерде жауаптар саны үштен кем болмауы тиіс.

5. Сәйкестендіру тесті. Екі бағанада орналасқан фактілерді бір-бірінің мағынасы, мазмұнына байланысты тауып топтастыру.

6. Бірден-бір қатарлы тест. Заттың аты, шамасы және т.б. көрсеткіштері талапкерлерден тексеріліп отырған қандай да бір заңға, ережеге байланысты орналастыру қажет.

7. Комбинациялы тест. Құрылуына байланысты мұнда жоғарыда көрсетілген әртүрлі тест типтерінің сұрақтары болуы мүмкін. Бұл тестің сұрақтары текст, кесте, формула, график, сызба, схема түрінде қажетті түсініктемелері мен бірге беріледі. Деңгейіне байланысты бұл тесттер ауқымды және көп вариантты болуы мүмкін. Дайындық мұқият ойластырылса және білікті (сапалы) жасалынса, комбинациялы тесттер талапкерлерден (оқушылардан) білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын объективті түрде бағалауға болатындай кең көлемді ой әрекетін талап етеді.

Тесттерді негізінен үш топқа бөлуге болады.

1. Адамның интеллектуалдық потенциалын анықтайтын тестер;

2. Педагогикалық тестер;

3. Адамның белгілі бір кәсіпке бейімділігін анықтайтын тестер.

Оқыту процесінде қолданылатын тестердің өзі екі түрге бөлінеді:

а) өз бетінше жұмыс істеу үшін құрылған тестер;

б) бақылау жұмыстары үшін құрылған тестер.

а) Өз бетінше жұмыс істеу үшін құрылған тестер. Бұндай тестер әдетте тиісті материалдар оқытылып жатқанда немесе белгілі бір тақырыпты қайталау кезінде беріледі. Өзіндік жұмыс үшін құрылған тестер үйрету мақсатында болғандықтан көпшілік жағдайда оларды өткізгенде сол сабақтың өзінде берілген тапсырмалардағы “өзіндік” ерекшелігі бар элементтердің орындалуын тексеру сияқты сұрақтар енуі тиіс. Мұның өзі оқушылардың үй тапсырмаларын орындау кезіндегі жіберетін қателерінің алдын алады. Мұндай тестерді өтілген материалды қайталау немесе оқушылардың білімдерін, біліктілігі мен дағдысын тексеру үшін де қолдануға болады.

б) Бақылау жұмыстары үшін құрылған тестер. Мұндай тестер математика курсының барлық негізгі бөлімдерін қамтиды. Олар белгілі бір тақырып өтілгеннен кейін оқушылардың біліктілігі мен іскерлігін және шеберлігін тексеру үшін тоқсан ішінде немесе бүтін курсты бітіргеннен кейін оқу материалын қайталау кезінде беріледі. Мұндай тестерді сыныптан-сыныпқа көшу кезінде немесе орта немесе орталау мектепті бітіру емтихандары кезінде де қолдануға болады. Әдетте мұндай тестер қиындығы бірдей дәрежеде болатын екі немесе төрт варианттан құралады.

Математикадан тест сұрақтарын құрғанда төмендегі нәрселер есте болуы керек.

Математикадан тест сұрақтарын құратындар ең алдымен мектеп бағдарламасының көлемінен (шеңберінен) шығып кетпеуі тиіс. Бұдан басқа тест жаттығуларына бөлінген уақытты есепке алып, өздері құрастырған сұрақтарға кететін уақыттың мөлшерін анықтап алу керек. Мұнда әрбір сұраққа жауап беру үшін берілетін уақытты шамамен 3 минут етіп алуға болады. Оқушыларға тесті бастар алдында оның әрбір сұрағына жауап беру үшін орта есеппен 1,5 минут (60 сұраққа – 90 минут) уақыт кететінін есіне салу керек.

Әрбір математика пәнінің мұғалімі немесе орта мектептің оқушысы тесті өз бетінше құруы мүмкін, мұның үшін ол мысал мен есептің шартын және оның дұрыс жауабын білуі қажет. Тесті құрғанда дұрыс жауап пен бір қатарда берілетін жауаптардың ішінде тест тапсырмаларын шешуде жіберетін оқушылардың типтік қателері де жауапқа енгізіліп жіберіледі.

Тест сұрақтарының қиындық дәрежесі де түрліше болып келеді. Мәселен, тест сұрақтарының 40%-ы орташа оқитын оқушылар, 65%-ын жақсы оқитын оқушылар, 85%-ын үздік оқитын оқушылар, ал 100%-ын тапқыр, зерек, дарынды оқушылар шешулері мүмкін. Демек, мұның өзі бір жағдайдың өзінде сыныптағы үздік және зерек оқитын оқушыларды таңдап алуға мүмкіндік береді.

Кез келген пәнді оқыту тиімділігі оқушылардың білімін бақылау мен есепке алуды меңзейді. Оқытудың нәтижелерін, оқушылардың алған білім деңгейін – тексеру, бағалау – пәнді оқытудың ең маңызды құрамды бөліктерінің бірі болып табылады. Білімдегі оқулықтар өтілетін материалды игеруді қиындатады және материалда пәнаралық байланысты түсінбеушілікке әкеліп соқтырады. Сондықтан оқушылардың пән бойынша даярлығын тақырыптық бақылау мен есепке алу оларды жүйелі түрде еңбек етуге үйретеді: сыныпта, үйде орындалатын бақылау және өзіндік жұмыстарына сын көзбен, жауапкершілік сезіммен қарауды қалыптастырады.

Біз мұнда 7 сыныптағы алгебра курсында қорытынды бақылау жұмысы арқылы оқушылардың білімін тестік жүйе бойынша тексеруге арналған мектеп бағдарламасына сәйкес құрылған екі варианттан тұратын есептер мен олардың дұрыс жауаптары және тест жұмысын бағалаудың шкаласын келтіреміз.

Оқушылардың білімін тестік жүйе бойынша бағалаудың “кәдімгі бақылау” жұмыстарынан көптеген артықшылықтары бар, ең негізгісі – тест арқылы бақылау жұмысына қарағанда көп материалды аз уақыттың ішінде жылдам, тез арада тексеріп шығуына мүмкіндік береді. Тестің өзіне тән тағы бір ерекшелігі оны оқушылардың қызығушылықпен ойын түрінде қабылдауында. Соның нәтижесінде оларда тапсырманы орындау кезінде қорқыныш, үрейлену сияқты психологиялық проблемалар болмайды.

Төменде келтірілген әрбір тест қиындық дәрежесі бірдей екі варианттан тұрады. Оларды орындап шығу үшін 45 минут уақыт бөлінеді. Алайда мұғалім сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты тестегі барлық тапсырмаларды немесе оның біраз бөлігін қолдануына болады.

Тестік жүйе бойынша бақылау жұмысын жүргізудің негізгі ережелерін ескерте кетелік:

1. Тест тапсырушыдан тест жауаптары толтырылған карточкадан басқа ешқандай жазуды талап етпейді.

2. Тесті бастар алдында оқушыларға картаны қалай толтыру қажеттілігі туралы толық түсініктеме берілуі қажет.

3. Тест карталарын толтыру ережелерін түсіндіруге кеткен уақыт, тесті орындауға кеткен жалпы уақыттың құрамына енбейді.

4. Жұмысты орындау уақыты дұрыс жауаптардың санына байланысты оқушылардың алатын бағасы оларға алдын-ала белгілі болуы тиіс.

5. Тесті орындау кезінде оқушылардың бір-бірінен көшіріп алуына, бір-біріне жәрдем беруіне мүмкіндік жасамау қажет. Бұл үшін кейбір жағдайларда есептердің қысқаша шығарылу жолын, олардан қосымша тапсыру талап етіледі. Бұл бір есептен олардың дұрыс жауаптарды кездейсоқ анықтаудан сақтандырады.

Пайданылған әдебиеттер

1.Әбілқасымова А. және т.б. Математиканы оқытудың териясы мен әдістемесі. А, Білім. 1998 ж

2. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. (Жалпы методика). А, Мектеп. 1989ж

3. Рахымбек Д. және т.б. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. Ш, 2003

28-лекция.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]