- •21. Криогенді болаттар. Сыныпталуы.
- •22. Қосынды жақсартылған болаттардың ентаңбасы және олардың қасиеттері. Хром-никельді және хром-никель-молибденді (вольфрамды) болаттар.
- •23 Суықтай деформация кезіндегі беріктендіру.
- •24. Никельмен қосындыланған ферритті болаттар.
- •25. 9) Жоғары берікті болаттардың қасиеттері мен ентаңбасы.
- •26. Рельсті болаттар.
- •27. Аустенитті хром-никель-марганецті болаттар
- •28.10)Қосынды аз жұмсартылған болаттар.
- •29. Жоғары берікті болаттарды төменгі температуралық термомеханикалық өңдеу.
- •88. Мартенситті-ескіретін болаттар. Пнп және пнд болаттар. Негізгі қасиеттері және сыныпталуы. Қолдану аймағы мен келешегі
- •90. Шарпи бойынша маятникті коперде динамикалық сынау тәсілдері.
27. Аустенитті хром-никель-марганецті болаттар
Аустенит сыныбының болаттары. Аустенит құрылымын алу үшін бұл болаттар хромның, никельдің, марганецтің көп мөлшерінен тұруы тиіс. Қызуға жоғары беріктікке жету үшін оларды қосымша молибденмен, вольфраммен, ванадиймен, ниобиймен, бормен қосындылайды. Бұл болаттарды 500-750 оС жұмыс істейтін тетікбөлшектер үшін қолданады. Аустенит болаттарының қызуға берктігі перлит, мартенсит, мартенсит-феррит және феррит болаттарының қызуға беріктігінен жоғары.
Аустенит болаттары созымды және жақсы пісірімді, бірақ перлитті және мартенситтілермен салыстырғанда олардың кесумен өңделуі қиын. Ірі түйірі болғанда аустенит болаттарының пісіру жапсары көтеріңкі морттылыққа ие. Қызып кетуде алынған ірі түйір айналуы жүрмеу салдарынан жылумен өңдеу арқылы ұсақтауға болмайды.
Нығайтылу тәсілдері бойынша аустенит болаттары үш топқа бөлінеді: 1) ескірумен нығайтылмайтын қатты ерітінділер; 2) карбидтен нығайтылатын қатты ерітінділер; бұл жағдайда қатты ерітінділерден бөлінетін бірінші карбидтер (TiC, VC, ZzC, NbC т.б.) қалай нығайтатын күйтүрлер болса, екінші карбидтерде де (М23С6, М6С, М7С3) солай нығайтатын күйтүрлер болады; 3) металаралықпен нығайтылатын қатты ерітінділер. Көбінесе бұл болаттарда Ni3Ti, Ni3Al, Ni3(Ti, Al), Ni3Nb т.б. түрде - күйтүрі нығайтатын күйтүр болып табылады.
28.10)Қосынды аз жұмсартылған болаттар.
Аз қосынды болат көмiртектi мен қосынды болаттар арасындағы өтпелi болып табылады. Ол өзiнiң негiзiмен аз көмiртектi болатқа сәйкес келедi (0,1-0,2%С) аздаған және шағын мөлшерде (пайыздың ондаған және жүздеген үлесiмен) құрамында Cr, Ni, Cu, V, Nb және басқа элементтер қосылған. Көмiртектi болаттармен салыстырғанда шағын қосылған аздап болатты қымбаттатып едәуiр оның беріктiгiн, суыққа-, жемiрiлуге-, тозуға беріктiгiн арттырады, созымдылық қасиеттерi мен пiсiргiштiгi сақталады.
Аз қосынды болаттың 28 ентаңбасы табақтай және ендi тiлiм қақтауы, табақ-қыспақ пен сомтемiр, шыңдалма мен металқалыптар үшiн, түрсапа мен үлгiлi қақтау үшiн қысқартылған ентаңбалар түржинағы тағайындалған.
Болаттар табақ, түрсапалы, үлгiлi қақтау түрiнде құрылыс пен мәшине жасауда пiсiрмелi құрылғылар үшiн негiзiнен қосымша жылумен өңдеусiз қолданылады. Аз қосынды, аз көмiртектi болаттар жақсы пiсiрiледi, яғни пiсiргенде суық және ыстық жарықтар (ыстық жарықтар жапсарда қатденелену iсамалында, суық мартенситтiк айналу нәтижесiнде түзiледi) түзiлмейдi және пiсiрмелi бiрiктiрулер мен оған жақын жатқан мөлдектердiң (жылу ықпалының аймақтары) қасиеттерi негiзгi металдың қасиеттерiне жақын келеді.
Қосынды элементтер феритте ерiп түйiр өлшемiн кiшiрейтiп аустениттiң салқындауға бейiмдiлiгiн үлкейтiп карбид күйтүрiнiң уақталуына мүмкiндiк туғызады, сондықтан жай сапасымен көмiртектi болаттармен салыстырғанда (Cт2, Cт3, Cт4) аз қосынды болаттардың жақсы созымдылығын ескіру мен мортты қирауға (суықтай сынудың басталуы төмен) аз бейiмдiлiгiн сақтай отырып уақытша кедергiсi мен тұрақсыздану шегiнiң тым жоғары мәндерi бар. Соққы тұтқырлығы (KCU) бұл болаттардың 20 0С-де - 0,6 МДж/м2 құрайды, 400С-де - 0,3-0,35 МДж/м2 және 70 0С- 0,25-0,3 МДж/м2 болады .
