- •Лекция №1
- •Лекция №2 Тақырыбы: Жамбыл облысы табиғатының зерттелу тарихы
- •Лекция №3
- •Лекция №4
- •Лекция №5
- •Лекция №6
- •Лекция №7
- •Лекция №8
- •Геобатаникалық аудандастырылуы.
- •Лекция №9
- •Лекция №10
- •Лекция №11 Тақырыбы: Жамбыл облысының ерекше қорғауға алынған нысандары
- •Лекция №12 Тақырыбы: Жамбыл облысының табиғат зоналары
- •Лекция №13
- •Лекция №14 Тақырыбы: Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастырылуы
- •Лекция №15 Тақырыбы: Жамбыл облысының халқы, экономикасы, өнеркәсібі
- •1.2 Жамбыл облысының үлкен қалалары мен демографиясы
- •Жамбыл облысының экологиялық жағдайы
Лекция №4
Тақырыбы: Жамбыл облысының жер бедері
1. Рельеф ерекшелігі
2. Қазіргі кезеңдегі рельефті қалыптастырушы процестерге сипаттама беру. (ойпаттар, үстіртер, қыраттар, таулар, жазықтар).
Рельеф ерекшелігі. Жамбыл облысының жер бедері негізінен жазық. Солтүстік бөлігі Талас және Шу өзендері алаптарында орналасқан. Шу аңғары облысты екіге бөледі. Солтүстік бөлігінің батысы түгелімен ойысты-сортаңды, шығысын ұсақ шоқылы жартасты бетпақдала шөлі алып жатыр. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 350-500 м. Мұндағы ең биік жері – Байқара тауы (665 м). Шу өзенінің оңтүстік бөлігі – төбешікті-қырқалы келген Мойынқұм құмды алқабына (теңіз деңгейінен 300-600 м) ұласады. Оның орта бөлігіндегі құм бұйраттардың арасында көптеген шұраттар (оазистер) кездеседі. Бұл жерлерде жер асты суы жер бетіне жақын жатыр.
Қазіргі кезеңдегі рельефті қалыптастырушы процестерге сипаттама беру (ойпаттар, үстіртер, қыраттар, таулар, жазықтар). Облыс территориясының рельефін қазіргі уақытта қарқынды жүріп жатқан тектоникалық қозғалыстарға эррозиялық бөлшектену дәрежесіне қарай және территорияны жауып жатқан тау жыныстарына қарай территорияны тауларға, цоколды жазықтықтарға және қабатты жазықтықтарға бөлуге болады.
Таулар. Жамбыл облысының оңтүстігін қамтып, жалпы ауданның 10 %-ын алады. Олар өз кезегінде солтүстік Іле, Қырғыз Алатауы, батыс Тянь-Шань, Талас Алатауы және Қаратау тау жүйелерінен құралып, Сырдария мен шу өзендерінің су айырығында Тұран шөлді жазықтығына ішкерілеп кіріп жатады.
Тегістелген жазықтықтар – (сырттар, жондар) жалпы әр түрлі деңгейдегі биіктіктерде, соның ішінде орташа және аласа тауларда кеңінен таралған.
Сырттар мен жондар Қырғыз және Талас Алатауларында кеңінен таралған. Осыған мысал ретінде биік таулардағы аспара мен Қара қыстақ өзендерінің жоғарғы жағындағы Сандық үстіртін айтуға болады.
Биік таулар – теңіз деңгейінен 3000-5000 м-ге дейін көтерілген таулар Тянь-Шаньға ғана тән десе болады.
Орташа таулар. Теңіз деңгейінен 2000-3000 м-ге дейінгі биіктікте жатқан таулар. Олар Қазақстан бөлігінде созылып жатқан қырғыз Алатауының және Іле Алатауының Жетіжел, кастек жоталарынан көрініс береді.
Аласа таулар. Ұсақ шоқылар мен жоталар теңіз деңгйінен 2000 м-ден аспайды.
Аңғарлар. Тау өзенінің аңғарлары әдетте мұздықтардан, су жиналған шұңқырлардан және бұлақтар маңынан басталады.
Циколды жазықтықтар. Ежелгі палезойдың қатпарлы төмен түскен жерлерінде орналасқан.
Цоколды жазықтықтар Жамбыл облысының солтүстік шығыс бөлігін, сексеуілді дала және жусанды даланы сонымен бірге аласа таулы массивтер бұрынтау мен Кіндіктасты кіргізуге болады.
Жусанды дала. Шу-Іле тауларынан ағатын ұсақ өзендермен тілімделген. Солтүстік бағытқа қарай жатық келген аллювиалды-проаллювиалды шөгінділердің құмдақты жыныстары басым, делювиалды саздақпен жұқа ғана жабылған жазықтық болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Семенова М.И., Жамбульская область. Изд-во Академик наук Казахской ССР. Алма-Ата, 1961.
2. Ә.С.Бейсенова., А.Б. Самақова., Т.И. Есполов., Ж.Б.Шілдебаев. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. – Алматы: «Ғылым», 2004
3. В.Е.Соколова., Е.Е.Сыроечковский. Заповедники СССР. Заповедники Средней Азии и Казакстана. - Москва: «Мысль», 1990.
