Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurs_Frantsiada_1171_y_turizmni_1187_gastronomialy_1179_erekshelikteri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.99 Кб
Скачать

3 Францияның гастрономиялық туризмінің мәселесі

3.1 Франциядағы иммигранттар мәселесі

Франция жоғары дамыған ел және ол әлемдік қауымдастықта айрықша орын алатын мемлекеттердің бірі. Ол Еуропалық Одақтың қазіргі заманғы саяси, экономикалық, қоғамдық, қаржылық және мәдени өміріне зор ықпал жасайды. Франциядағы этносаралық қатынастар жөнінде сөз қозғаған кезде алдымен Франция халқының этностық палитрасының өзгеруіне көз жүгірту қажет. Түрлі тарихи кезеңдерде Францияға иммигранттадың түрлі ағымдары ұмтылды. ХІХ ғасырдың басында Францияның халқы 30 миллион адамға жетті, яғни халық санының мөлшеріне қарай мемлекет еуропалық мемлекеттердің арасында бірінші орынды иемденді, ал Англияда осы уақыттағы халық саны 10 миллион адам ғана болған [1].

1851 жылы Франциядағы халық санағы жалпы тұрғындардың 1% құраған шетелдіктер категориясын анықтайды. ХІХ ғасырдың ортасынан 1914 жылға дейін иммигранттар негізінен Франциямен шекаралас елдер, Бельгия, Италиядан шыққандар барлық иммигранттардың үштен екісін құрады, сонымен қатар Швейцария мен Испаниядан шыққандар 7% құраса, орыстар мен британдықтар 5% кем мөлшерде болды. Бұдан еуропалық емес шетелдіктердің үлесі аз екенін байқауға болады [2,185]. ХХ ғасырдағы Франциядағы иммиграция қарқыны, сөзсіз Францияның отарлық тарихымен байланысты. Франциядағы иммигранттардың негізгі тобы оның отарларының тұрғындары, яғни Магриб елдерінен шыққандар екені белгілі. ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында Солтүстік Африка елдерінен жаппай иммиграция үрдісі басталды. Ең алдымен Магрибте қоныстанған еуропалықтар келсе, 1920 жылға қарай Францияға этностық арабтар да келе бастады. 1914 және 517 № 3 (76) 2010 1928 жылдар арасындағы алжирлік иммиграция 471 390 адам санына жетті (олардың 365 024 отанына кейін қайтып оралды) [3,66]. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция Еуропаның басқа мемлекеттері сияқты экономикасын көтеруге байланысты бірқатар проблемалармен бет тесті.

Францияға соғыс салдарынан адам өмірінің қиюлуына, тұрғындардың белсенділігінің төмендеуіне, екі соғыс аралығында туу төмендеуіне байланысты басқа мемлекеттерден шетелдік жұмыс күшінің көптеп келуі талап етілді, себебі, бұл жағдай дәстүрлі түрде тууды арттырады және еңбек нарығында сұраныстың төмендеуіне, яғни жұмыс күшінің артық болуын тудырды. Ішкі территориялық қайта орналастыру арқасында жұмыс күшін алу мүмкін емес болды. Бұған қоса, ғылыми-техникалық революция шетелдік Еуропаның экономикалық дамыған елдерін қамтып, жұмыс күшіне деген жаңа талаптарды ұсынды. Оқыған, жоғары біліктіліктілігі бар жұмысшы кадрларды алу қажеттілігі мектеп білімін ұзартып және олардың санының арнайы орта және жоғары оқу орындарында өсуі жағдайын туындатты. Осы негізде ел жастарының еңбек нарығына ағылуын кемітті.

Француз республикасына жұмыс күшінің жетіспеушілігі басқа елдерден жұмысшыларды тартуды тудырды, сондай-ақ білімді ұлттық кадрларды жоғары біліктілікті қажет ететін жұмыс орындарын пайдаланды. Осындай жағдайда, жұмыс күшінің сыртқы көздері елде ұлттық кадрлардың әлеуметтік жылжуына әкелді. Ал Магриб елдері Оңтүстік Еуропамен салыстырғанда арзан жұмыс күшін жеткізіп тұрды. Еңбек ресурстарының импорты Франция тұрғындары арасында жұмыссыздық жоқтығының белгісі болып табылмайды. Біріншіден, жергілікті тұрғындар жалақысы төмен, лас жұмыс істегілері келмеді. Екіншіден, аймақта және оның жеке бөліктерінде жұмыс күшінің географиялық ұтқырлығы болмады (немесе өте әлсіз болды). Мысалы, 1970 жылы Францияда 262 мың тіркелген жұмыссыздар болса да, ел 600-700 мың шетелдік жұмысшыларды қабылдап алған [4,50]. Шетелдік жұмысшылар жергілікті халықтан алшақтап, өзіндік «жершілдік» принципке негізделген қауым құрып, бірге қоныстануға тырысты. Онымен қоса иммигранттар жаңа орындарына жергілікті еуропалықтарға кедергі жасайтын, өздерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын, өмір сүру нормаларын қоғамға енгізді. Бұл фактілер мен құбылыстар еуропалық қоғамдағы еуропалық емес тұрғындардың интеграциясын қиындатады да, оны күрделендіреді. 60-шы жылдардың соңы мен 70-ші жылдардың басындағы Франция экономикасындағы дағдарыстық көріністер, жұмыссыздықтың өсуі, әлеуметтік мұқтаждықтарға ассигнациялаудың төмендеуі иммигранттардың өмірінен көрініс тапты. Дағдарыстың серігі ретінде расистік көңіл-күйлер мен ксенофобия көріністері күнделікті өмірге енді. Дағдарыстан кейін Франция билігі жаңа жұмыс күшін қабылдауды қысқартуды ұйғарды. Шетел жұмысшыларына арналған репатриациялық бағдарламалар жасалынды, ал жаңа иммигранттардың келуіне бірталай шектеулер қойылды. Бірақ бұл шаралар Францияға келген шетелдіктердің санын тек ресми түрде ғана азайтты, іс жүзінде иммигранттар елге келудің басқа амалдарын пайдаланды: отбасылардың бірігуі, пана сұрау және заңсыз иммиграция.

Францияда өмір сүргісі келген иммигранттар мемлекетке өздерінің жақындарын тартуды бастады. Отбасылардың бірігуі нәтижесінде шетелдіктердің саны күрт артты. Елдгі иммигранттарға қатысты жағдайды екіжақты сипаттауға болады. Бір жағынан шетелдіктер екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде күйреген Франция экономикасын көтеруге септігін тигізсе, екінші жағынан елдің тұрғылықты халқы мен билігінің алдында жаңа проблема туды, яғни шетелдіктердің француз қоғамына енуі. Бүгінгі таңда Францияда француздардың үштен бірінің ата тегі иммигранттар, яғни бір кездері елге келіп, мәңгілік тұрақтанғандардың ұрпақтары болып табылады. Бұл жағдай иммиграция және этносаралық қатынастар проблемасы көптеген француздық жанұялардың тарихына үңіледі. 2002 ж. президент сайлауында «иммиграциялық» мәселе ерекше мәнде айтылды. Жак Ширакпен арадағы алшақтықты екі жарым процентке қысқартқан Жан Мари Ле Пеннің 17,5% дауыс жинаған бірінші тур қорытындысы күллі Францияға таралды. Иммигранттардың интеграциялаудың әдістемелердің алуандығы Батыс Еуропаның мысалдарынан айқын көрінеді: Францияда (ассимилятивтік модель), Германияда (сегрегация), Ұлыбританияда (плюралистік модель). Иммигранттардың мемлекеттің әлеуметтік-мәдени өміріне интегрциясын бірнеше себептер күрделендірді. Статистика және экономикалық зерттеулердің ұлттық институтының (INSEE) мәліметі бойынша иммигранттардың 45% Еуропадан (Португалия, Италия, Испания), 39% Африкадан (30% Алжир, Марокко және Тунистен), 13% Азиядан және 3% Америка мен Океаниядан келеді [5]. Мұндағы атап өтетін мәселе, егер еуропалық иммигранттар үшін 518 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы бейімделу кезінде ең басты мәселе мәдени және тілдік кедергілер ғана болса, ал магрибтіктер үшін жоғарыдағыларды қосқанда ең басты проблема сыртқы әлпеттеріндегі ерекшеліктер: тері түсі, шаштарының бұйралығы, менталитеті, өмір сүру салты және т.б. болды.

Тіл үйреніп, еуропалық киім киген, өзін-өзі ұстау ережелерін үйренген солтүстік африкалық әлі де болса бөтен мәдени-тұрмыстық және әлеуметтік құндылықтар иесі болып қала берді. Осыған байланысты расалық және этносаралық қатынастар тақырыбы еуропадағы иммигранттар көп орналасқан мемлекеттер үшін аса өзекті боп табылады. Белгілі француз тарихшы Ф.Бродельдің пірікірінше иммиграцияның ауыртпалықсыз өтуінің негізгі шарты – ассимиляцияның мүмкіншілігі, оған деген дайындық [2].

Франциядағы неміс, поляк және итальяндықтардың, яғни еуропадан шыққан иммигранттардың әлеуметтік ассимиляцияның ерекшелігіне тоқталатын болсақ, олар негізінен француз қоғамына тез еніп, ал олардың балалары толығымен дерлік ассимиляцияланды. Қазіргі уақытта саясаткерлер Магриб елдерінен шыққан иммигранттардың «мәдени айырмашылығында» екпін жасайды. Жалпылай келгенде, солшылдар олардың мәдениетінің ерекшіліктерін айта кете «ену» терминін қолданады. Бұл терминге сәйкес екі мәдениеттің өзара мәмілеге келіп ықпалдасуының нәтижесінде иммигранттар арасындағы «ену» үдерісі кезең- кезеңмен өтеді. Оңшылдар да иммигранттардың осы тобының өзгешелігін атап өтіп, олардың өзіндік мәдениетінен бас тартып толығымен француз қоғамында ассимиляциясы туралы айтады [6,63]. Заңдардың ресми мәтіндерінде ассимиляция немесе интеграция ұғымдары нақты айқындалған жоқ. Ассимиляцияға келетін болсақ, бұл этностық азшылық тобының жойылуына бағытталған ұғым. Ассимиляция сегрегация арқылы күштеп жүруі мүмкін немесе этностық топтармен оларға бөтен мәдениетті кезең-кезеңмен қабылдау арқылы да болуы мүмкін.

Францияның магрибтік иммигранттраға қатысты саясаты бейбіт ассимиляцияға негізделген. Бірақ Францияға келген магрибтіктердің көбісі жедел және толық ассимиляцияға дайын емес еді. Бұл үдерісті күрделендіретін бірде-бір фактор магрибтік иммигранттардың мұсылман болуы. Олардың ислами тәрбиесі, салт-дәстүрлері өмірдің ажырамас бөлігі болып келеді және бұл фактор көп жағдайда иммигранттардың бұл тобының француз қоғамына енуін күрделендіреді. Оның көріністерін 1989 жылғы оқиғадан байқауға болады. Франция мектебіне орамалдарын киіп келген үш қыз мектептен шығарылды, жергілікті биліктің түсінігі бойынша бас оарамалдарын кию француз мемлекетінің зайырлылық принципіне қарама-қайшы келген. Бұл оқиға француз қоғамындағы көптеген пікірталасқа жол берді. 2002 жылдың желтоқсан айында Лион маңында орналасқан мектепке иммигрант оқушы қыз орамалымен келді. Мектеп әкімшілігі баланың әке-шешесінен мектепке бас орамалмен келмеуін талап етті. Бұл оқиға саяси полемикадан орын тапты. Ұлттық Ассамблеяның өкілдері орамалдарды мектепте және басқа қоғамдық орындарда кимеу туралы заң жобасын ұсынды. Бұл заң қабылданды, бірақ осы заңға деген қоғамдағы көзқарастардың қайшылығы да қалды [7,123]. 2005 жылы 27 қазанда Париж қаласының маңдарында толқулар басталған.

Бұл аудандардағы иммигранттар және олардың үшінші және төртінші ұрпақ балалары тұғындардың маңызды бөлігін құрайды. Олардың көбі бұрынғы француз отарларынан шыққандар, сондай-ақ мәдениеті бойынша дәстүрлі мұсылмандар. Көшелердегі автомашиналарды, микроавтобустарды, дүкендер, кафе, ресторан, мектептерді өртеу, полиция қарауылына шабуыл жасау – бірінеше күн ішінде жаппай сипатқа ие болды. Мұндай толқулардың басты себебі, шыққан тегі араб екі жасөспірімнің өлімі болды, олар өз кезегінде Парижде Клиши-сю-Буа ауданында полициядан қашып, трансформатор бөдкесіне тығылып, тоқ өтуден қаза болған. Францияның ресми билік органдары толқудың бастағаны жөнінде хабар беріп, полиция қызметкерлерінінің өлген жасөспірімдерді қуғанын жоққа шығарған. Нәтижесінде толқу Францияның басқа аудандарына таралған. Себебі ол жерде орналасқан халықтың көбі кедей иммгранттар еді. Бұл жөнінде Ресейлік фиология ғылымының докторы, Франциядағы солтүстік африкалық иммиграциясы бойынша маманы Прожогина С.В. өзінің «Азия и Африка сегодня» журналына берген «События минувшей осени во Франции» атты сұхбатында «2005 жылғы «күз жарылысының» басты белгісі – менің ойымша әлеуметтік теңсіздіктің айқын сезілуі, оның маргиналдығы болды.

Ішкі қарсылық бұрыннан қалыптасқан. Ол бір мезетте жарылды. Соңғы 50 жыл ішінде осындай «жастар формасында» екінші рет жүзеге асып отыр. Егер байыбына баратын болсақ, 1968 жылы француз жастары дәл осы «буржуазиялық тәртіптің тұрақтануына» қарсы шыққан болатын. Араб иммигранттары ол кезде салыстырмалы түрде көп емес еді, сондықтан олар әлеуметтік қарсылыққа әлі де дайын емес болды» [8]. 519 № 3 (76) 2010 Француз қоғамы мен магриб иммиграциясы арасындағы қарым-қатынас бір-бірін қабылдаудың тарихи стереотипі болып табылады. Дегенмен, отарлау жылдары барысында Франция солтүстік африкалықтардың бойына өздерінің өркениеттілк белгілерін сіңіре алған, жүргізіліп жатқан саясат ол кезде негізінен қала халқына тән еді. Батыстық құндылық жүйесінің ықпалы және француз өркениетінің ерекшелігін игеру тек қана біраз бөлікті қамтыды, яғни жалпы алғанда француз мектептерінде білім алған және отарлаушылармен қарым-қатынас мүмкіндігіне ие болған, алжирлік, мароккалық, тунистік қоғам элиталары болып табылады. Сондықтан да қабылдаушы жақтың және солтүстік африкалық иммиграция үшін де өзара ықпалдастығының бір белгісі ол, Францияда магрибтіктердің келуімен тек қана экономикалық емес, сонымен қатар саяси, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік психологиялық өзгерістерге әкеліп соқты. Француз қоғамы үшін бөтен болып есептелген солтүстік африкалықтар бұрыннан қалыптасқан уақыт ағымын бұзды. Осы орайда Францияда иммигранттарды қоғамға интеграциялау (енгізу) проблемасы туындайды.

Франция иммигрантарды интеграциялаудың ассимилятивті моделін қолданады. Яғни бұл модельге сәйкес, иммигранттар өздерінің бұрынғы бірдейлігінен (идентичность) бас тартып, жаңа отандағы мінез-құлық модельдері мен құндылықтарын игереді. Қабылдаған елдің халқынан еш айырмашылығы жоқ дерлік, дәл осындай ассимиляцияланған иммигранттар қоғамның толыққанды мүшесі боп қарастырылады. Теоретикалық тұрғыдан алғанда ойдағыдай болған ассимиляция мәдени бірегейлікті сақтап қалуға ұмтылатын ұлттық мемлекет үшін де, жаңа қоғамға толық ене алатын иммигрант үшін де тиімді. Францияда француз азаматтағын иемденетін кез келген азамат ұлттық қауымдастықтың мүшесі бола алады. Азамматық туралы француз заңдары «жер құқығы» принциптеріне негізделген. Яғни елдің территориясында туған тұлға Франция азаматы бола алады. Бірақ та француз үкіметі бұл процедураға бірсыпыра өзгерістер енгізді. Осы өзгерістерге сәйкес азаматтықты алу үшін иммигранттардың балалары 16 жасқа толған соң өтініш беру керек. Егер мұндай тұлға заңсыз әрекеттері үшін полициямен ұсталынса немесе француз тілін жетік меңгермеген болса онда билік мұндай тұлғаға азаматтықты беруден бас тартуы мүмкін.

3.2 Франциялық гастрономияға фастфудтың әсері

Франция билігі елге фаст-фудты кіргізбеуге көптеген әрекеттер қолданған болатың, бірақ әлемдегі глобальды тамақтандыру жүйелері өзінің мақсатына қол жеткізді. Қәзіргі таңда Францияда 100-ден астам әлемдік денгейдегі тез тамақтандыру орындары өз қызметтерің көрсетіп жатыр.

Француз билігінің фаст-фудқа қарсы күресі толықтай ақталады, себебі жылдам, дәмді және арзан тағамдар біріншіден халықтың денсаулығына жаман әсерің тигізеді, екіншіден Француздық мәдениеттің маңызды бөлігі яғни Француздық гастрономияны жойып тастауы сөссіз [3].

Биліктің қорқыныштары қәзіргі таңда расталып жатыр, әрбір 5-ші Француз толық қамды түскі астың орнына жылдам дайындалатың және зиянды майлары өте көп фастфудты тұтынады. Француз билігі үшін бұл өте жаман көрсеткіш себебі ежелден Франция халқы ас және ас тұтыну процессіне үлкен назар аударатың. Фастфудтың елде әйгілі болу себептерінен елде қантамыр аурулары, жүрек аурулары, асқазан аурулары және артық салмақ мәселесі көбейіп кетті. Сол себептен қәзіргі танда билік фастфуд ресторандарына салық көлемін көтеру жәйлі заң қарастырып жатыр, ал салықтан түскен қаржы артық салмақтаң зардап шегетің адамдардың мұхтажына кетеді [16].

Франциялық бистролар орта денгейлі халық үшін өте әйгілі және күнделікті тұтынатың тағамдарының бірі болатың. Бистро тағамдары қатты қымбат емес, сапасы өте жақсы бірақта жоғарғы денгейдегі аспаздықтар қатарына кірмейді. Қалай болсада бистролар француздардың ұлттық аспаздығы және ұсынатың тағамдарында майлар мен ақуыздардың үлесі талап етеің нормаға сай, яғни денсаулыққа зиян емес [9].

Глоболбализация заманыңда халық әрқашан қозғалыста және уақыт тығыздығымен француздар үшін үйреншікті ұлттық тағамдардан гөрі фастфудпен қоректенген тиімді екендігі ол тек сырттан көрініс, ал негізінде фастфуд Францияның мәдениеті мен денсаулық сақтау саласына үлкен зияның тигізіп жатыр. Халықаралық денсаулық сақтау көрсеткіші бойынша жүрек және қантамыр ауруларына сирек шалығатың ол француздар, себебі француздардың ұлттық тағамында көміртек пен ақуыз үлесі қатаң тепетендікте сақталады, тіпті бұл талап кейбір француздық авторлық аспаздықтардың басты критериі, ал егерде көміртек үлесі көп тағам болса онда ол тағамды тұтыну барысында фрвнцуздар сол тағамға сай қызыл шарап тұтынады және бұл факторда денсаулыққа жақсы әсерін тигізеді [4].

Франция билігі фастфуд басқыншылығына төтеп беру үшін 2003 жылдың қараша айында Шампань ауданыңда “Шампаньдағы дәм және гастрономия университеті” ашылды. Университеттің басты мақсаты елдің гастрономиялық мәдениетің сақтап қана қоймай оны дамыту. Университет оқытушылары ретінде елдің атақты рестораторлары, гастрономия майталмандары, атақты бас аспаздар, атақты сомельелер және мейрамхана сыншылары болып келеді [6].

Француздық гастрономияны сақтап қалудың амалы ол Француздық гастрономияның сапасың сақтай отырып қәзіргі заманның талаптарына сай етіп, халық үшін қол жетімді қылдырып жасау керек.

3.3 Франциялық гастрономияның қәзіргі жағдайы

Қәзіргі заманда Франция кіру туризмінен әлемде бірінші орында тұр, ал әйгілі француз аспаздығы мен шараптары жәйлі әлемде естімеген жан санаулы және бұны француздардың өзі жақсы біледі. Сол себептен қәзіргі танда Францияда гастрономия коммерцияның тиімді түрлерінің қатарына жатады ал табыс бар жерде берекеде бар. Сондықтан Француздық гастрономияның мәселелері көп болсада мына кеңшілік заманыңда дамуы өте жақсы [18].

Өткен ғасырмен салыстырғанда қәзіргі таңда әлемде адамдардың әлеуметтік жағдайы өсіп, бос уақыттары көбейе түскен сол себептен адамдар тур тандағанда қойылатың талаптары жоғары және әдеттегі турларға барғысы келмейді. Туроператорлар арасында бәсекелестікке төтеп беру өте қиын заманында гастрономиялық туризм нағыз өзіне сай орның тапқан. Ал туризмнің бұл түрін нарыққа енгізген Франция инновацияның жемісін бірінші және алдынғы қатарда жеп отыр [17].

Франциялық гастрономияның маңызды бөлігі ол ұлттық алкогольді ішімдіктер, ал соның ішінен ел экспортының алдынғы орындарынын біріне ие ол француздық шараптар. Франция шарап экспорттаудаң Испаниядан кеиін екінші орынды алып отыр, ал Францияның жылына өндіретің шарап көлемі 46 840 300 гектолитр яғни 7-8 миллиард шөлмекті құрайды. Ал француздық жүзімдіктердің көлемі әлем бойынша Испаниядан кеиін екінші орныда тұр, оның көлемі: 836 999 гектарды құрайды, бұл жүзімдіктер елдің 40 департаментінде орналасқан. Франциялық жүзімдіктер ел аумағының 1,3 пайызын ал ауыл шарушылығы аумағының 2,8 пайызың алып отыр. Француздық алкогольді ішімдіктердің басым бөлігі элитарлық ішімдіктердің қатарына кіреді және әлемнің ең беделді деген мейрамханаларында қолданылады [21].

Француздық гастраномия елдің шегінен шыққаны жаналық емес, бірақ Француздық гастраномияны әлемнің тупкі-түпкірінде әлі күнде деиін белсенді қолданады, ал мейрамхана бизнесінде қолданатың “Француздық тиіс” (French Touch) термині тағамның ерекше, сапалы және өте дәмді екенің білдіреді [15].

2015 жылдың қарашасында ЮНЕСКО француздық аспаздық әлем мақтанышы деп ресми түрде жариялаған болатың, соған қарамастан Француздық гастраномияға үкімет тарапынан жәрдем аз, бірақ іске ЮНЕСКО араласқаннан кеиін үкіметтің гастрономияны қаржыландыруы бұл уақыт сұрағы болып келеді [19].

Француздық гастраномияның мәселесі көп болғаныменде, қәзіргі таңдағы һалі өте жақсы. Франциялық аспаздық дүниежүзінің құрметіне ие болған ал француздық аспаздық пен француздық сервис әлемнің ен озық рестораторларымен қолданылады. Егер сізге мейрамханада француздық сервисті көрсетсе онда сіз жақсы мейрамханадатотырсыз деген сөз.