Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kursovoy_Original.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.87 Кб
Скачать

1.6 Таңдау операторы

Берілген өрнектің мәніне тәуелді бір немесе бірнеше оператор орындалатын жағдайда таңдау операторы пайдаланылады. Таңдау операторы алгоритмдік тілдегі таңдау командасына ұқсағаны мен бір өзгешелігі бар. Алгоритмдік тілде таңдау шарт бойынша орындалса, паскаль тілінде тұрақтылар бойынша іске асырылады.

Жазылу формасы түрі;

Таңдау

Жағдай 1- шарт: 1-серия

Жағдай 2- шарт: 2-серия

..........................................

Жағдай n- шарт: n-серия

Бітті

Case өрнек of

1 тұрақты: 1- оператор;

2-тұрақты: 2- оператор;

…………………………

n-тұрақты: n- оператор;

End

Таңдау операторы былай орындалады:өрнектің мәні берілген тұрақтының қайсысына тең болса, оның сәйкес операторын орындайды да, басқару таңдау операторының соңындағы операторға беріледі. Егер өрнектің мәні тұрақтылардың еш қайсысына тең болмаса да басқару таңдау операторынан соңғы операторға беріледі. Өрнектің мәні және тұрақтылары әрқашан да бүтін сан болуы керек. Тұрақты типпен өрнек типі бірдей болуы керек. Мысалы:

Case k+1 of

5: y:= SQR (x);

11: y:= SQRT (x);

4: Z:=y*(A-B);

7: WRITE(A,B)

END

1.7. Тармақталу операторы

1.7.1. Шартсыз көшу операторы

Паскаль тілінде негізінен операторлар рет ретімен орындалады. Олардың бұл орындалу тәртібін өзгерту үшін көшіру операторы орындалады. / оқылуы гоу ту/ жазылуы:

GO TO белгі

Бұл операторлар бойынша белгісі көрсетілген операторға көшіріледі. Белгі ретінде таңбасыз 1-9999 үшінші бүтін сан пайдаланылады. Ол бүтін сан операторлар алдына жазылып операторлардан қос нүкте арқылы ажыратылады. Әдетте шартсыз көшіру операторы программаның кейбір бөліктерін орындамай өтіп кету үшін пайдаланылады. Мысалы:

GOTO 34

10: A:=2;

………….

3.4:

y:=x/z;

Мұнда Goto 34 операторынан соң 34 белгісі бар операторлар орындалады. Көшіру операторы қарапайым операторлар қатарына жатады.Белгі LABEL /белгі/ бөлігінде өрнектеледі. Жазудың түрі:

LABEL белгі:

1.7.2. Шартты операторлар

Тармақталуы бар процестерді ұйымдастыру ұшін шартты операторлар қолданылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді басқарылады. Бұл алгаритмдік тілдегі тармақталу командасына сәйкес келеді.

Егер Шарт IF шарт THEN 1- серия

Онда 1- серия ELSE 2- серия

Әйтпесе 2- серия (оқылуы – иф, зен, элс) бітті.

Жалпы түрде бұл оператордың форматы:

IF шарт (логикалық өрнек) THEN 1—оператор

ELSE 2- оператор

Мұндағы 1 және 2 операторларының өзі қарапайым немесе құрама операторлары болуы мүмкін.

Егер IF сөзінен кейінгі жазылған шарт сақталса / ақиқат болса / Онда THEN сөзінен кейінгі жазылған оператор сериясы орындалады, ал 2 серия операторы орындалмайды. Егер шарт сақталмаса, онда ELSE сөзінен кейін 2 серия командалары орындалады Жалпы түрде шартты

L1 * L2 түрінде қарауға болады. Бір мезгілде бір емес бірнеше шартты яғни құрама шартты жазу үшін логикалық амалдарды пайдалануға болады. Кей жағдайларда шартты операторларды басқаша былай да жазуға да болады:

IF логикалық өрнек

THEN 1- оператор

ELSE 2- оператор

Егер жазылу операторы бір жолға сыймай қалған жағдайда пайдаланылады. Шартты операторға құрама командасын пайдалануға да болады:

IF логикалық өрнек THEN

BEGIN

оператор

оператор;

....................

n – 1 оператор

n – оператор

END

ELSE

BEGIN

оператор

оператор;

.....................

n – 1 оператор

n – оператор

END

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]