- •1.1Минималды топырақ өңдеу мен жалға себу технологиясын күріш жүйесінде қолдану
- •1.2.Күріш шаруашылығында ылғал, ресурс үнемдегіш технологияларды тиімді енгізу үшін қажетті шаралар
- •1.3.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •1.5.Бағдарламаның орындалуы және нәтижелері
- •2.1Дақылдың ауыспалы егістегі орны
- •2.2. Қызылорда облысында пайдалануға рұқсат етілген күріш сортының сипаттамасы
- •2.3.Күріш тұқымына қойылатын негізгі талаптар
- •2.4. Күріш егісіндегі арамшөптермен күресу шаралары
- •3.1.Күріш зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын химиялық әдістер
- •4.1.Күріш ауспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары –бидай мен мақсарының жалға егу технологиясы
- •4.2.Минималды топырақ өңдеу технологиясын өндіріске ендіру нәтижелерінің қорытындысы
- •5. 1.Өндіріске ұсынымдар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.1Дақылдың ауыспалы егістегі орны
1-кесте.Күріштің ауыспалы егісі.
I нұсқа (күріштің үлес салмағы42,9) |
II нұсқа (күріштің үлес салмағы 42,9)
|
Жоңышқа + бүркемелі дақылдар |
Жоңышқа + бүркемелі дақылдар |
Екі жылдық жоңышқа |
Екі жылдық жоңышқа |
Үш жылдық жоңышқа |
Үш жылдық жоңышқа |
Күріш |
Күріш |
Күріш Түйе жоңышқа + бүркемелі дақылдар |
Күріш Түйе жоңышқа + бүркемелі дақылдар |
1-кестенің жалғсы
Түйе жоңышқа сидераты + күріш |
Түйе жоңышқа сидераты + күріш |
2.2. Қызылорда облысында пайдалануға рұқсат етілген күріш сортының сипаттамасы
Новатор сорты – тез пісетін сорттарсқатарына жатады, өсу дәуірі - 100-105тәулік. Новатор сортының(1-сурет) өзіндік ерекшелігі - сабақтары жинақы, тіктұрады, жапырақтары үшкір бұрышпен орналасқан. Дәндері ұзынша, ұзындығы ененінің қатынасы (L/b) – 2,5. 1000 дәнінің массасы – 29-31 г. Жарма түсі ақ,шыны түстілігі 98%. Жалпы жармашығымы – 70-72%, жармадағы бүтін дәні– 85-90%, дәнінің ақуыздылығы – 7-8 %. Пирикуляриоз бен күріштің жапырақ нематодасына орташа төзімді.Өндіру технологияларын мұқият сақтамаған жағдайда ауруға төзімділігі төмендейді. Тұзға төзімділігі орташа. Өсімдіктері жығылуға төзімді. Әрбір күріш шаруашылығы күріштің өсу дәуіріне, өнімділігіне және сапасына қарай кемінде екі немесе үш сорттан егуі тиіс. Мысалы, жаңа Ресей сорттарын оңтүстік аймақтарда егу ұсынылады, өйткені бұл сорттардың Қызылорда облысының климаттық жағайында өсу дәуірі 3-5 күнге ұзарады.
1-сурет.Новатор сорты
2.3.Күріш тұқымына қойылатын негізгі талаптар
2-кесте.Күріш тұқымына сорттық тазалығына қарай төмендегідей үш класқа бөлінеді:
Класс |
Негізгі дақыл тұқымы |
Арамшөптер тұқымы, кг/дана |
Негізгі дақыл тұқымындағы қауызы аршылған дәндер қоспасы,%, массасы бойынша ең көп дегенде |
Өнгіштігі , % кемінде |
Ылғалдылығы, % ең жоғары дегенде |
1 |
99,0 |
5 |
1 |
95 |
14,0 |
2 |
98,0 |
40 |
2 |
90 |
14,0 |
3 |
97,0 |
100 |
3 |
85 |
14,0 |
Егіншілік мәдениетін арттыру мақсатында тұқымдықегіске тек бірінші класты, ал тауарлы егіске бірінші жәнеекінші класты тұқым себу ұсынылады. Үшінші класты тұқымдытек айрықша жағдайларда ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Мемлекеттік стандарттың технологиялық талаптарына сәйкес, сорттық тазалығы мен қызыл дәнді түрлердің мөлшері бойынша егісті апробациялау кезінде тұқымның кейінгі репродукциялары үш категорияға бөлінеді.(3кесте).
3-кесте.Тұқымдық материал категориясы
Тұқымдық материал категориясы |
Сорттық тазалық, кемінде, % |
Сорттық қоспа,% |
|
барлығы |
оның ішінде, қызыл дәнді түрлері |
||
3-кестенің жалғасы
І |
99,0 |
0,5 |
0,1 |
ІІ |
98,0 |
2,0 |
0,3 |
ІІІ |
95,0 |
5,0 |
1,0 |
Суперэлита және элита тұқымдарының сорттық тазалығыкемінде 99,8% болуы және қызыл дәнді күріш тұқымыкездеспеуі тиіс. Ал қалған репродукцияларда көрсетілген мөлшерден аспауы керек. Бірінші және екінші көбейтілгентұқым алуға пайдаланатын тұқым сорттық тазалығы бойыншабірінші категориядан кем болмауы тиіс.
1-сурет.Күріштің алқабының егісі
