- •Тақырып: «Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер»
- •1.Құрылыс өнімі, оның ерекше өзгешелектері.
- •2.Құрылыс процестері мен жұмыстары, олардың мазмұны және құрамы.
- •3.Құрылыс процестерінің кенестік және уақытша параметрлері.
- •Тақырып: «Құрылыс процестерінің технологиялық жобалануы»
- •1.Құрылыс процестерінің жобалаудың негізгі ережелері.
- •2. Құрылыс процестерін вариантты жобалау.
- •3.Технологиялык карта-құрылыс процестері технологиясының негізгі құжаты
- •Тақырып: «Құрылыс алаңын инженерлік дайындау»
- •1.Құрылыс алаңын инженерлік қамтасыздандыру.
- •2.Геодезиялық бөлу негіздерін жасау
- •3.Аланды тазалау кезендегі жер бетіндегі және топырақ суларын ағызу кезеңде табиғатты қорғау шаралары
- •3.1 Сурет. Бұзылатын ғимараттың қабырғасын құлату:
- •3.2 Сурет. Тебенді сүзгілердің жұмыс схемасы:
- •3.3 Сурет. Дренаж құрылғысы:
- •Тақырып: «Құрылыс жүктері және оларды тасымалдау»
- •1.Құрылыс жүктерінің міндеті және олардың жіктелуі.
- •2.Құрылыста пайдаланылатын көлік құралдарының түрлері
- •3.Көтеру-түсіру жұмыстарын пайдаланылатын көліктер
- •Тақырып: «Жер жұмыстары өндірісінің технологиясы»
- •1.Жер ғимараттарының түрлері.
- •2.Топырақты өндеу күрделігіне байланысты жіктелуі
- •3.Жер ғимараттарын жергілікті бөлу
- •Тақырып: «Қадаларды батыру және толтырылған қадаларды жасау технологиясы»
- •1.Қадаларды батыру технологиясы
- •2.Толтырылған қадаларды жасау технологиясы
- •3.Ростверк жасау технологиясы
- •Тақырып: «Тұтас құймалы және темірбетон технологиясы»
- •1.Тұтас құймалы және темірбетон технологиясы бойынша негізгі ережелер
- •2.Бетондау процестерінің кешенді құрамы
- •3.Қазіргі замандағы қалыптар түрлері
- •1 Сур. Іргетас үшін қалып
- •2. Сур. Арқалықтар мен аражабын тақтайларының (а) және бағаналардың (б) қалыбы
- •3 Сур. Құрастырудағы аражабын қалыбы:
- •4 Сур. Тікбұрышты тоннелді бетондауға арналған домалағыш қалып (кескін):
- •Тақырып: «Жинақтау жұмыстары»
- •1.Жинақтау процесінің құрамы және құрылымы
- •2.Құрылыс конструкцияларын жинақтау технологиясы
- •3. Құрылыс конструкцияларын тасымалдау, қоймалау және қабылдау
- •1Сурет. Ішкі қабырға панеліндегі монтажды ілмектер:
- •2 Сурет. Монтажды механизмнің ұстау құрылғысына байланысу үшін жабын панельдерінде ойықтарды қолдану:
- •3 Сурет. А, б, в, г. Бағана жапсары:
- •3 Сурет д, е. Жапсар:
- •4 Сурет. Іріпанельді ғимараттардағы вертикальді (а) және горизонтальді (б) жапсарлар:
- •Тақырып: «Тас қалау технологиясы»
- •1.Тас қалаудың міндеті және түрлері
- •2. Тас қалаудың жіктестіру ережелері
- •3.Қалауға арналған құрал-жабдықтар жинағы
- •Сур. 1. Кірпішті қалаудың элементтері:
- •Сур. 2. Тасты қалауына иілу күштің әсер етуі
- •Сур. 3. Бөлек тас қалауына түсірілген күшті анықтау:
- •Сур. 4 а, б. Кірпіштен болатын арқалықтар:
- •Сур. 6.4 в, г. Кірпіштен болатын арқалықтар:
- •Тақырып: «Қорғаныш жабулар жасау технологиясы»
- •1.Төбе жабындарын орнату кезінде кешенді процестердің құрамы.
- •2.Қазіргі заманғы материалдардан төбе жабындарын жасау технологиясы
- •3.Су айырушы жабындарын жасау технологиясы
- •Тақырып: «Қорғаныш жабулар жасау технологиясы»
- •1.Жылылықты өткізбейтін жабындар технологиясы
- •2.Құрылыс конструкцияларын коррозияға қарсы қорғауды қамтамасыз ету тәсілдері
- •3.Сапалық бақылау
- •Тақырып: «Әрлеу жабуларын жасау технологиясы»
- •1.Әрлеу жабындарының міндеті және түрлері
- •2. Сылақ жабындарын жасау технологиясы
- •3.Арнайы сылақ жабындарын жағу технологиясы
- •Тақырып: «Әрлеу жабуларын жасау технологиясы»
- •1.Аспалы төбелерді жасау
- •2.Ойықтарды әйнектеу және сәуле өткізгіш аралық қабырғаларды жасау
- •3.Беттерді май құрамдарымен әрлеу
- •1.Металл конструкцияларын жинақтау
- •2. Металл конструкцияларын элементерінің жинақтық қосылыстарын жасау технологиясы
- •3. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
- •1 Сурет. Итарқалық және итарқаастылық арқалықтарды
- •2 Сурет. Қабырға панельдерін вертикальды кассеталарда қоймалау:
- •1.Металл конструкцияларын жинақтау
- •2. Металл конструкцияларын элементерінің жинақтық қосылыстарын жасау технологиясы
- •3. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
- •1 Сурет. Конструкцияны монтаждау әдістері:
- •2 Сурет. Вертикальды (а) және горизонтальды (б) бағыттарда өсірумен монтаждау.
- •Шартты белгілер:
- •М онтаж бағыты;
- •К онструкцияның орын ауыстыру бағыты
- •3 Сурет. Бағананы вертикаль қалыпқа көтеру сұлбасы:
- •4 Сурет. Монтаждың еріксіз тәсілдері:
- •5 Сурет. Строповкалы бейімделулер:
- •6 Сурет. Ұстау құрылғылары: а – өзіндік шешіліп кетуден қорғайтын, құлыппен жабдықталған ілгек;
- •7 Сурет. Түйінсіз ұстаулар:
- •8 Сурет. Бағаналарды уақытша бекіту үшін жалғыз (а) және топтық (б) кондукторлар:
- •9 Сурет. Арқалықтар мен фермаларды монтаждауға арналған кондуктор:
- •10 Сурет. Қабырға панельдерінің монтажы
- •11 Сурет. Флюс қабаты астынан жартылай автоматикалық дәнекерлеу:
Тақырып: «Құрылыс алаңын инженерлік дайындау»
Сұрақтар
1.Құрылыс алаңын инженерлік қамтасыздандыру.
2.Геодезиялық бөлу негіздерін жасау
3.Аланды тазалау кезендегі жер бетіндегі және топырақ суларын ағызу кезеңде табиғатты қорғау шаралары
Негізгі жер жұмыстары тек аймақтың инженерлік дайындығы аяқталған соң ғана басталады. Оның ішіне мына жұмыстар кіреді: учаскені ағаш және тал-ішіліктен тазалау, жерді құрғату, жер асты суларының деңгейін төмендету, су бұрғыш канал жасау, уақытша ішкі алаңдық жолдар салу, су және энергия жабдықтары, телефон-радио байланыс жүйелерін жүргізу, инвентарлық уақытша үймереттерді тұрғызу, геодезиялық – бөлу жұмыстары, ауылшаруашылық және т.б.
Территорияны жаңа құрылысқа дайындау жұмыстарына мыналар жатады: құрылыс қалдықтарын бұзу және тазалау, күл-қоқысты шығару, ағаштарды шауып алу немесе басқа жерге отырғызу, ірі тастарды жинау, коммуникацияларды қайта төсеу немесе орын ауыстыру, беткі және жерасты суларын басқа жаққа бұру, қажет болған жағдайда топырақты нығыздау.
Құрылымды бұзу, сырып тастау әдістері олардың түріне, тозу деңгейіне, құрылыс мекемесінің мүмкіндіктеріне қарай таңдалады.
Егер бұзылатын құрылымның кірпіш қабырғалары жақсы сақталған болса, онда шатырды, аражабындарды, бөлгіш қабырғаларды жоғардан төменге қарай бөлшектейді.
Көтеруші және қоршау қабырғаларды бұзған кезде тракторлармен, бульдозерлермен немесе жоғарыға бекітілген арқандар көмегімен бөлшектейді. Маңдайша арқалығын және кейбір бөліктерді шабу арқылы дайындайды.
Қабырғаларды бульдозерлермен құлатқан кезде құлатылатын қабырғаға арқан байлайды, оның ұзындығы қабырғаның ең биік бөлігінен жерге дейінгі қашықтықтан екі есе ұзын болуы тиіс. Арқан қалыңдығын есептеу арқылы анықтайды (3.1 сурет).
3.1 Сурет. Бұзылатын ғимараттың қабырғасын құлату:
а – қабырғаға арқан бекіту; б – ойық арасындағы қабырғаға арқан бекіту
Ғимараттың негізгі құрылымдары тозған кезде оны сына және шар тәрізді балғалармен жабдықталған экскаваторлармен және бульдозерлермен бұзады.
Ағаш құрылымдарды да осы тәрізді құлатады. Егер ағаш шіріген болса, оны өртеп жібереді.
Толықтай құрастырмалы ғиамараттарды бұзу жинақтау тәртібіне кері жүргізіледі. Құйылмалы құрылымдарды бұзбастан бұрын жеке құрылымдық элементтерге бөлшектейді. Биік ғимараттарды бөлшектеу үшін қазіргі уақытта шынжыр табанды гидроэкскаватордан тұратын жабдықтар пайдаланылады. Бұл жабдыққа шегенделген бетондарды бөлшектеуге арналған пышақтар, гидробалға кіреді.
Құрылымдарды бұзған кездегі кірпіш қалдықтарын уақытша жолдарды жасауға, қыш ұнын дайындауға пайдалануға немесе төмен маркалы бетондарға толтырғыш ретінде қосуға болады. Ағаштарды битумды және мастикаларды қыздыруға және қатқан топырақты жылытуға қолданады. Қайта монтаждалған темірбетон құрылымдары қиыршық тас алу үшін шикізат ретінде қолданылады.
Құрылыс құрылымдарын бөлшектеу. Бөлгіш қабырғаларды, терезелер мен есіктерді бөлшектеу. 1960 жылдарға дейін ғимараттарда ағаштан жасалған бөлгіш қабырғалар қойылды. Оларды бөлшектеу мынадай технология бойынша жүргізілді: бөлгіш қабырғалардың төменгі байланысқан бөлігіне саңылау қағып, оған кран арқанын бекітеді. Қабырғадан босатылған бөлгіштер крандар мен арқандардың көмегімен тасымал құралына тиеліп, қажетті жерге дейін тасымалданады.
Терезелер мен есіктерді ажырату үшін алдымен оларды қажетті бөлшектерден босатады. Терезе астындағы тақталар мен оларға тіреуіш қораптар алдын-ала бекіткіштерден босатылып, қолмен түсіріледі. Терезелер мен есіктерді бөлшектеу жұмыстарын екі адамнан тұратын звено орындайды. Олар жұмыстарына электрлі бұрандаларды және пневматикалық қол құралдарын қолданады.
Территорияны ағаштардан, тастардан және бұтақтардан тазалау үшін техникалар қолданылады: арнайы аспалы жабдықтары бар тракторлар, бульдезер қайырмалары, бұтақ кескіш құралдар. Ағаштарды электрлі аралармен кесіп құлатады.
Жер астындағы және бетіндегі су бұрмалары. Құрылыс алаңындағы су қоймалары жер астында және жер бетінде (жауын-шашын сулары, еріген қар) болуы мүмкін. Жер бетіндегі су бұрмаларын ор қазу арқылы қажетті бағыттарғы бұруға болады. Егер жер рельефі су бұрмаларын құрылыс алаңынан шығауруға мүмкіндік беретіндей болса, арнайы ойықтар қазып, сораптар пайдаланылады. Сорап қуаты қазаншұңқыр ішіндегі барлық суды сорап алатындай болуы тиіс.
Жер астындағы сулар құрылыс алаңынан уақытша немесе тұрақты түрде алынып отырады. Уақытша су бұрмаларында жер асты су деңгейлері іргетас белгісінен төмендейді. 5-10 м тереңдікке дейін су деңгейін төмендету үшін тебенді сүзгі қолданады (3.2 сурет). Тебенді сүзгі дегеніміз ұшы цилиндр немесе конус тәрізді болып келетін, диаметрі 38-50 мм болатын қабырғаларында саңылаулары бар құбыр. Құрғатылатын топыраққа батырылған сүзгілерді жалпы сору коллекторымен біріктіреді және сорапқа жалғайды. Суды сораппен сору арқылы арынды құбырлармен су қоймаларына айдайды.
