Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_Algoritm_khirurgia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
587.26 Кб
Скачать

«Т» тәрізді байламды шат аралыққа салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Есте сақтау. Ер адамдарда тік ішекке байлам салғанда бинттің жоғары орналасқан турлары алдыңғы жақтан белдемеден, бір жерден емес, екі жерден өткізеді, жыныс ағзаларды аралықта қалдырып.

Т-тәрізді байламның басқа түріне жатады ұмаға арналған суспензорий. Бинттен ені 20 см – пращ дайындайды.

Ұманы пращтің ортанғы бөлігіне орналастырып, пращтың алдыңғы, артқы байламдарын тиістіріп, алдыңғы жақтан алып келіп, белдікке байлайды.

Окклюзионды (герметикалық) байлам салған кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіші: Жабық (тасымалдау кезінде ашыққа ауысуы мүмкін), ашық пневмоторакс.

Құжаттар:

  • антисептик ертінділері;

  • залалсыздандырылған салфеткалар;

  • клеенка, целлофан, жеке тану пакеті, мақталы жастықшалар, бинт.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Пациентті жартылай отырғызып, бетімен өзіне қаратып, тыныштандыру.

  2. Резеңкелі қолғап кию.

  3. Жарақаттанған жерді тексеру, ашық пневмоторакстың барын дәлелдеу.

  4. Пациентке манипуляцияны түсіндіру.

  5. Жара маңайында теріні антисептикпен өңдеу.

  6. Жараға залалсыздандырылған салфетка немесе жеке тану пакетінің жастықшаларын орналастыру.

  7. Тану материалды бинттің 2-3 турымен бекіту.

  8. Клеенка, целлофан немесе жеке тану пакетінің резеңкелі ішкі қабатын жараға орналастыру.

  9. Бинтті церкулярлы турлармен бекіту.

  10. Бинттің шетін түйінге байлау.

Есте қалдыру. Байламның нәтижесін анықтау (байлам кепкен, сулы емес, нақты бекітілген, плевра қуысына ауа кірмейді).

Механикалық жарақаттарда шұғыл көмек көрсеткен кезде мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

Соғылу – жұмсақ тіндердің жарақаты, терінің толықтығы сақталған.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

  1. Жансыздандыру өткізу (анальгин беру, бұлшық етке 50% - 2 мл анальгин енгізу, немесе жергілікті анестезия 50 мл 0,5% новокаин)

  2. Аяқ-қолды жұмсақ байламдармен немесе құрсаумен бекіту.

  3. Жарақаттанған жерге мұзды мұйық 2-3 сағатқа, арасында 20 минут үзіліс.

  4. Жарақаттанған дене бөлігін көтеріп, пациентті жатқызу.

  5. Ауруханаға тасымалдау.

Иық сынығы кезінде Крамер құрсауын салу кезіндегі мейіркештің іс-әрекетінің алгоритмі.

  1. Науқасты өзіне қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз.

  2. Болып жатқан манипуляцияны түсіндіріңіз.

  3. Үстіндегі киімін қиып, жарақаттанған аймақты жалаңаштандырыңыз;

  4. Жарақат аймағын тексерініз, сынғанын немесе шығып кеткеніне көз жеткізініз.

  5. Сатылы Крамер құрсауын танданыз: ұзындығы 120 см, ені 11 см.

  6. Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, бинтпен бекітініз.

  7. Құрсауды сау қолға салып саусақтан жарақаттанған иыққа дейін өлшеу.

  8. Құрсауды алып шынтақ буынның аймағында 90º қа , иық буыны маңайында топас бұрышта 115º иеміз..

  1. зақымданған қолға орташа физиологиялық жағдай берініз, білезік сүйегін құрсауда супинация мен пронацияның орта қалпында орналастырыны, алақан астына валик саламыз.

  2. Құрсаудың ішкі жағына білезік сүйегін, шынтақты, салып, құрсауды артқы сыртқы аймаққа иық арқылы қарама- қарсы жаққа бағыттаныз.

  3. Құрсау соңдарын сау иық үсті арқылы байланыз.

  4. Марліден немесе мақтадан жасалған валикті ауру жақтын қолтық астына салыныз.

  5. Құрсауды иықтың жоғарғы бөлігіне дейін, спиральді жүріспен, тасбақа тәрізді байламмен бекітініз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]