Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бауыр!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.24 Mб
Скачать

Аускультация әдісімен бауырды зерттеу.

Бауыр ауруларының диагностикасында аускультация кем қолданылады. Кейбір жағдайларда мысалы; перихолециститте, перигепатитте іш перденің үйкеліс шуы естіледі.

Ұйқы безі патологияларын зерттеу әдістері.

Сұқбаттасу (науқас шағымдары, ауру және өмір анамнезі.).

Ұйқы безі патологияларымен науқас шағымдары;

Ұйқы безі ауруларының симптомдары;

1. Негізгі симптомдары; құрсақтың жоғарғы бөлігіндегі ауру. Аурудың сипаты, орналасқан орны патологиялық процесс ұйқы безінің қайсы бөлігінде орналасуына байланысты. Патологиялық процесс бездің денесін немесе құйрық бөлігін қамтыса ауру құрсақтың сол жақ бөлігінде және сол жаққа беріліп, белді айнала ауырады, егер патологиялық процесс бездің бас бөлігін қамтыса, ауру эпигастрийде немесе оң қабырға асты аймағында, егер патологиялық процесс жайылмалы диффузды болса, ауру құрсақтың бүкіл жоғарғы бөлігінде орналасады. Аурудың сипаты мен ұзақтығы әр түрлі. Өте күшті, ұстамалы ауырсыну ұйқы безінің қатерлі ісігінде науқас шалқасынан жатқанда пайда болады, себебі ұйқы безі өзегі таспен, ісікпен сығылғанда, немесе Одди сфинктері тарылғандықтан без сөлінің бөлінуі қиындап, ұйқы безінің өзектерінде қысымның жоғарылауынан болады. Кейбір науқастарда эпигастрийде ауырлық сезім ғана байқалса, сирек жағдайда ауырсыну тіпті болмауы мүмкін. Аурудың ұзақтығы бірнеше сағатқа, күнге созылып, соң біртіндеп бәсеңдеп жойылады, кейде науқаста ауырсыну тұрақты болады.

2. Науқаста аурумен қатар ыстығы жоғарылайды.

3. Науқас үздіксіз жиі құсып коллапс симптомдары байқалады.

4. Науқастың тәбеті нашарлап, тағамның қорытылуы бұзылып, арықтай бастайды әсіресе ұйқы безінің қатерлі ісігінде.

5. Диспепсиялық құбылыстардан; кекіру, жүрек айну, құсу, сілекейдің мөлшерден көп бөлінуі байқалады.

6. Сарғаю - бұл бездің бас бөлігі ұйқы безі қатерлі ісігінің негізгі симптомы. Осы аталған ісік бауырдың лимфа түйіндеріне метастаз бергенде, өткір және созылмалы панкреатитте байқалады. Барлық жағдайда сарғаюдың пайда болу себебі, жалпы өт өзегінің басылып қалуы, нәтижесінде механикалық сарғаю пайда болады.

7. Сарғаюдың салдарынан терінің қышынуы мен теріде геморрагиялар байқалады.

Ұйқы безі патологиясымен науқастың ауру анамнезі.

Науқас ауруының симптомдары қашан, қалай, не себептен кейін басталған, бұрын ауырған ас қорыту жүйесінің аурулары, қолданған тексеру әдістері мен ем шаралары және олардың нәтижесі. Науқас ауруы созылмалы болса аурудың өршу себебін анықтау.

Өмір анамнезі.

Ұйқы безі ауруының пайда болуына алып келетін факторларды анықтау керек; маскүнемдік, ас қорыту жүйесінің аурулары; гастриттер, колиттер, холецистит, өт тасы ауруы, аппендицит, дизентерия, іш сүзек т.б. тамақтану ерекшеліктері, өндірістегі уланулар.

Ұйқы безі ауруымен иауқасты обьективті тексеру.

Қарау: ұйқы безі ауруларымен науқастарды қарап тексергенде көбінесе терінің сарғаюы, науқастың арықтауы яғни жүдеу ( кахексия), әсіресе ұйқы безінің қатерлі ісігінде байқалады, өткір панкреатитпен науқастар жиі толықтау болады.

Без ұлпасында үлкен көлемді ісік пайда болғанда ғана ұйқы безінің аймағы ісіңкі болады.

Өткір панкреатитпен науқастың жағдайы ауыр болуымен қатар құрсақ қуысы терісінің кейбір бөліктерінде сия көк түсті дақгар байқалуы мүмкін.