Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бронхит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.24 Кб
Скачать

Бронхтық астма (ба)

Бронхтық астма — бронхтардың әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығының күшеюімен жүретін, көрінісі бронхтардың жалпылама ұстамалы обструкциясымен білінетін, тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы.

Этиологиясы. Бронхтық астма — гетерогенді, сыртқы және ішкі факторлардың қатысуымен, көбіне экология бұзылыстарының салдарынан дамитын ауру. Бұл экологияға тәуелді аурулардың бірі.

Сыртқы (экзогендік) факторлар:

1. Инфекциялық аллергендер - бактерия, вирус, саңырауқұлақшалар, т.Б.

Инфекциялық емес аллергендер - өсімдік тозаңдары, шаң, өндірістік аллергендер, дәрмектер, тағамдар, микроскопиялық кенелер, жәндіктер мен жануарлардың аллергендері.

Механикалық және химиялық тітіркендіргіштер — металдардың, мақтаның, ағаштың, силикаттың шаңдары; қышкыл, сілтінің булары; өндіріс түтіні. Кәсіптік заттардың ішіндегі ең маңыздысы — марганец, хром, формальдегид қосындылары.Тыныс жолдарына аса агрессиялы әсер ететін фотохимиялық касие18.01.04тке ие күкірттің, азоттың қос тотығы, азоны бар түтіндер.

Метереологиялық факторлар — ауаның температурасы, ылғадылығы; барометрлік қысымның немесе магниттік өрістің тербелістері, т.б.

Стрестік, психикалық ықпалдар, физикалық күш түсу.

Экзогендік факторлар бронхтық астманы иммундық немесе иммундық емес жолмен дамытуы мүмкін.

Ішкі (эндогенді) факторларға жататындар: иммундық, эндокриндік,вегетативтік нерв жүйесінің, бронхтар реактивтілігінің және сезімталдығының, мукоциллиарлық аппараттың, өкпе тамырларының, жедел әсер етуші жүйенің (мес жасушаларының, т.б.) туа кемістіктері;

арахидон қышқылы метаболизмінің бұзылыстары. Осы факторлардың барлығы бронхтық спазмға түрткі бола алады. Аталғандырдың ішіндегі ең басты эндогендік фактор — атопияның болуы. Атопия – аллерген мен жанасқанда IgE шамадан артық түзілуіне туа біткен бейімділік. Аурудың дамуына бір емес, бірнеше факторлар қатысады, мәселен, біреуі бронхтық астма дамуына алып келсе, қалғандары оның өршуіне септігін тигізеді. Адам неғүрлым ұзақ ауырса, соғүрлым түрткі себептер көбейе береді.

Бронхтық астманың негізгі патологиялық өзгерісі — бронхтардың ұстамалы тарылуы. Бұл ауруда бронхтардың тарылуының себептері:

  • бронхтық спазм;

  • бронхтардың кілегей қабығының ісінуі;

  • бронхтар қабырғасының эозииофильдермен инфильтрациясы;

  • кілегейдің гиперсекрециясы;

  • эпителийдің десквамациясы;

  • бронхтар қабырғасындағы базальдік мембрананын қабынып қалындауы.

Бронхтық астманың АХЖ бойынша жіістемесі (ДДҮ, Женева, 1992).

45 Астма

45.0 Басым аллергиялық астма Аллергиялық бронхит

Астма мен бірге аллергиялық ринит

Атопиялық астма

Экзогендік аллергиялық астма

Астма мен бірге пішендік қызба

45.1 Аллергиялық емес астма Идиосинкрозиялық астма Эндогендік аллергиялық емес астма

Аралас астма

Анықталмаған (себвбі белгісіз) астма

Астмалық бронхит

Кеш басталған астма

Бронхтың астманың Г.Б.Федосеев бойынша жіктемесі (1982)

Сау адамдардың биологиялық кемістіктері.

Астмалды күйі.

Клиникасы айқын бронхтық астма

2. Бронхтық астманың клиникалық-патогенездік түрлері

2.1. Атопиялык

2.2. Инфекцияға тәуелді

Аутоиммундық

Глюкокортикоидтық

Дизовариальдік

.Айқын адренергиялық дисбаланс

.Холинергиялық

.Нервтік-психикалық

2.9. Аспириндік

2.10.Бронхтар реактивтілігінің біріншілік өзгерісі

3.Бронхтық астма ағымының ауырлығы

З.І.Жеңіл барысты

3.2.Ауырлғы орташа барысты

З.З.Ауыр барысты

4.Бронхтық астма барысының фазалары

4.1.Өршу

4.2.Ремиссиясы тұрақсыз

4.3.Ремиссия

4.4.Ремиссиясы тұрақты (2 жылдан артық)

5.Асқынулары

5.1.Өкпелік: өкпе эмфиземасы,ателектаз, пневмоторакс,өкпе шамасызды.

5.2.Өкпеден тыс: өкпетекті жүрек, жүрек шамасыздығы, т.б.

Астма ауырлығының дәрежелері

Бұл кезде астма ауырлық дәрежесіне қарай емделеді. Ауырлық дәрежелерін келесі мәліметтерден анықтайды:

І.Бір аптаның ішінде түнгі мезгізде болатын респираторлық симптомдардың саны (ентігу ұстамалары, тыныс шығарудың өтпелі қиналуы).

Күндізгі уақытта және бір аптаның ішінде болатын респираторлық симптомдардың саны.

Қысқа әсерлі Ь2-агонистерді қолдану жиілігі.

Дене қимылы шектелуінің, ұйқы бұзылысының денгейі.

Тыныс шығару көлемінің максимальды жылдамдығы (тын. шығ.КМЖ) немесе тездетіп шығарылған тыныстын бірінші секундтағы көлемі және осылардың тиісті көрсеткіштерден пайызбен есептелген айырмашылығы.

6.Бронхтар өтімділігінің осы көрсеткіштерінің пайыздық өлшемдегі тәуліктік тербелісі. Тәуліктік тербеліс көрсеткіші (ТТК) мына формуламен шығарылады:

тын.шығ.макс.КМЖ — тын. шығ. мин.КМЖ

ТТК = х 100%

тын.шығ.макс.КМЖ

7. Науқастыңұстамадан тыс кездегі күйі.

Аурудың даму барысында астманың ауырлығы жеңілдеуі де ауырлауы да мүмкін.

Жеңіл барысында өршулердің саны жылына 5 реттен жиі болмайды және ұзаққа созылмайды. Ұстамалар, әдетте, ішке берілген бронхолитиктікпен басылады. Бір жыл ішіндегі өршулердің жалпы үзақтығы 3 айдан аспайды. Тыныс шығару көлемінің максимальды жылдамдығы тиісті көрсеткіштін 80% шамасында немесе одан артық. Бронхтар өтімділігінің тәуліктік тербелісі 20% аспайды. Өршуден тыс кезде бронхоспазмның белгілері анықталмайды. Астманың жеңіл барысындағы ұстамалар ауыр емес, Ұзаққа созылмайды, респиратолық симптомдар аптасына 1-2 реттен болып тұрады. Түнгі ұйкыда ұстамадан оянуы айыны 1-2 реттен жиі емес.

Орташа ауырлықты ағымында ұстамалардың саны аптасына 1-2 реттен жиі. Түнгі мезгілдегі ұстамалардың саны да айына 2 реттен артық. Симпатомиметиктерді күн сайын қолдануға қажеттілік пайда болады. Тез шығарылған тыныстын бірінші секундтағы көлемі және тыныс шығару көлемінің максимальды жылдамдығы тиісті көрсеткіштін 60-80%, ал бронхтар өтімділігінін тәуліктік тербелісі 20- 30% шамасында. Аталмыш көрсеткіштер бронхлитиктердің ингаляциясынан кейін қалыпты деңгейге келеді.

Ауыр ағымында астманың өршулері жиі және әр өршуі ұзаққа созылады. Ұстамалары ауыр, көбіне статусқа ұласып өмірге қауіп төндіреді. Түнгі мезгілдеұстамалар жиі үстайды. Ұстамалардан тыс кездерде обструкция толық жойылмайды, сондықтан дене қызметі шектеледі. Тез шығарылған тыныстын бірінші секундтағы көлемі және тыныс шығару көлемінің максимальды жылдамдығы тиісті көрсеткіштін 60% кем, бронхтар өтімділігінің тәуліктік тербелісі 30% артық. Бұл көрсеткіштер бронхлитиктердің ингаляциясынан кейін қалыптыға келмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]