Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баубек жана.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.72 Mб
Скачать

5.8 Геоботаникалық карталар

Өсімдіктердің орналасу және олардың сипаттама картасы алғаш рет ботаника – географиялық экспедицияның ғылыми есептерінде пайда болды. Сонымен 1888 жылы А.Н.Краснов Орталық Тань – Шань, С.И.Коржинский картасын – Қазан губерниясының картасын жариялады.

Бірақ сана ретінде геоботаникалық картография тек кеңес уақытында, акдемиялық институттары тұлғасындағы мемлекет өз аумағын кешенді зерделеуге кіріскен кезде қалыптасты.

Бұл жылдары 1922 жылы құрылған КСРО ғылым академиясының Бас ботаникалық бағының геоботаникалық бөлімі жетекші роль атқарды.

1931 жылы КСРО Бас ботаникалық бағымен КСРО ҒА Ботаникалық мұражайының бірігуі нәтижесінде КСРО ҒА Ботаникалық институты құрылды, ол барлық елімізден барлық ботаникалық зерттеулерді бағыттайды және геоботаникалық картографиялар деңгейін анықтайды. Әлі күнге дейін бұл деңгей өте жоғары және әлемінің барлық геоботаникалық құрылымдарымен жоғарғы деңгейде екендігі танылған.

Геоботаникалық карталар мазмұны бойынша екі топқа: тамыры қалыпша келтірілген өсімдік жамылғысы картасы және антропогенді факторлар есепке алынған қазіргі заманғы өсімдік жамылғысы бар карталар (7 және 8 – суреттер).

Тамырын және түрленетін өсімдік жамылғысының картасын жасау өсімдіктің жағдайы мен дамуына антропогенді әсер етуші объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Шешілетін міндеттерге байланысты геоботаникалық карталар, көптеген тақырыптық карталар тәрізді үш масштабты: ұсақ (1:1 000 000 және одан ұсақ), орта (1:200 000 – 1:800 000)және ірі (1:100 000 және одан ірі) болып бөлінеді.

Белгілі тақырыптық карталардың ішінен КСРО – ның өсімдік картасын (масштабы: 1:5 000 000, 1939 ж.), КСРО Еуропа бөлігінің өсімдік картасы (масштабы 1:2 500 000, 1948 ж.) және КСРО – ның геоботаникалық картасы (масштабы 1:4 000 000), 1954 ж. Атап өткен жөн.

Сондай – ақ дүниежүзінің физикалық – географиялық атласына материктер мен әлемнің өсімдік картасы сериясын атап өткен жөн (1964 ж.) Бұл карталарды жасағанада академик В.Б.Сочав әзірленген өсімдік жамылғысын бейнелеудің географиялық – генетикалық қағидаттары, қолданылған болады. (Геркутск қаласы, ҒА география институты)

Геоботаникалық карталардың арасынан дәрі – дәрмек карталарының ерекше тобын атап өтуге болады. Мұндай карталар өткен ғасырдың 60 70 жылдары көп жасалады.

Олар арнайы медициналық – географиялық есептерге енді.

Алайда осы бағытта ең ірі еңбектерден КСРО – ның ареалдар мен дәрі – дәрмек өсімдіктері ресурстарының атласын атауға болады. Атлас екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім дәрі – дәрмек өсімдіктерінің орналасуын (127 карта), олардың әзірлену – ареалдарын (72 карта), сондай – ақ дәрі – дәрмек ресурстары туралы мәліметтерді ұсынады. Әрбір дәрі – дәрмек өсімдіктерінің әрбіреуіне тақырыптық карта сай келеді.

Екінші бөлімде дәрі – дәрмек өсімдіктерін, оларды пайдалану ұсыныстары бар мәтіндік бөлім мен суреттер құрайды.

Атластың көлемі – үлкен форматтағы (28х40) 340 парақ.

Қазіргі уақытта геоботаникалық картография тақырыптық картографияның дамыған саласын ұсынады. Оның ерекше бөліктері: тақырыптық әртүрлілігі, дала және камералды карта құралдарын үйлестіру.