Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256.17 Кб
Скачать

1. Плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромы; тш, жш, синкопе.

2. Экссудатты плеврит, оң жақты. Асқ: Синкопе.

3. Плевралық қуыстан сұйықтықтың көп мөлшерін шығаруда кейде естен тану дамиды, оның әдебиеттегі аты – “плеврогенді шок”. Қалпына келе бастаған өкпеге келген қан көлемінен сол қарыншаға қайтатын көлем азаяды, яғни, қанның минуттық көлемі азайып, ми ишемиясы дамиды. Көптеген авторлар париеталь плевраны инемен тесе бастағанда, оның тітіркенуінен вазодепрессиялық естен тану механизмімен де синкопемен асқынатындығын баяндайды.

Клиникалық жағдай N19

44 жастағы ер кісі, жеке кәсіпкер, келесi жағдайларға байланысты жолдасы ЖДП қабылдауына жеткізді: кеуде сарайының сол бөлiгiнің күйдiрiп күштi ауыруы, жалпы әлсiздiк, жабысқақ суық тер, құсып, қысқа мезгiлге есiнен танған. Жүрегi бұрын ауырмаған. Соңғы күндерi демалыссыз, түндерде ұйықтамай, көп жұмыс iстеген.

Объективтi: жалпы жағдайы ауыр, адинамия, көздерi жұмулы, сұрақтарға бiр сарын жауап бередi. Терi жамылғылары қуқыл, цианоз, бетiнде суық тер тамшылары. Тыныс жиiлiгi 28 минутына. Өкпесінде везикулалық тыныс. Пульсі 104 минутына, толуы әлсiз, бiрлi-екілі экстрасистолалар. Жүректiң шала тұйық дыбысының шегi солға ығысқан. Жүрек тондары әлсiз, ырғақты. АҚ 80/60 мм сын. бағ.

  1. Шұғыл тұжырым.

  2. ЭКГ күтетін өзгерiстер.

  3. Синкопе механизміне көз жүгіртіңіз.

  4. Жедел көмек тактикасы.

N19. Жауаптары:

1. Негізгі ауруы: ЖИА, миокардтың жедел инфаркті, аса өткір кезеңі.

Асқ.: Экстрасистолия, Лаун-2 Синкопе. Кардиогенді (рефлекторлы) шок, сол қарыншалық жедел шамасыздық.

2. ЭКГ: коронарлы шамасыздық аумағына сай тіркемелерде Парди қиғашы тіркеледі.

3. Миокардтың инфаркті алғашқы кезеңдерінде қарыншалық аритмиялармен (ҚПТ; қарыншалар фибрилляциясы) жиі асқынады; науқаста естен тану кезңінде осындай аритмиялардың өтпелі түрі болған.

4. Кардиологиялық орталыққа тасымалдау барысында ауырсынуды басу шараларын, нәтижесіз болғанда, кезегімен орындау: наркотиктер, НЛА; атаралгезия, наркоз. Антикоагулянттық дәрмек, О2. Аритмиялардың алдын алу шаралары.

Клиникалық жағдай n20

64 жастағы науқас стационардың қабылдау бөлiмiне жедел жәрдеммен жеткiзiлдi, болған жағдай: 30-40 минут бұрын төс артында орналасқан, сол жауырын астына, мойнына, астыңғы жақ аймағына тараған күйдіріп ауырсыну, қатаң әлсiздiк мазалаған, ауа жетпеу сезiмi, бас айналуы қосылған, артынша қысқа мезгілдік естен тану болған. Нитроглицериннiң 3 таблеткасын қабылдату, ауырсынуды басуға морфин, анальгин, димедрол тағайындау әзірге нәтиже бермеген. ЭКГ түсiрiлген: II, III, aVF тiркемелерiнде ST сегментiнiң биік ауытқуы анықталған.

Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, ылғалды. Өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс жиiлiгi 24 минутына. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнен сол шегi сол бұғана орта сызығына дейiн ығысқан. Жүрек тондары тұйықтау, ырғақты, жүрек ұшында мезгiл-мезгiл өте күшейген I тон естiледi, ЖСС 36 минутына, АҚ 100/70 мм сын. бағ. Тiлi ылғалды, таза, iшi жұмсақ, ауырсынусыз.

ЭКГ түсiру мақсатында электродтар қойылу үстiнде, науқас аударыла берiп, есiнен танып қалды, бетiнiң, мойнының цианозы күшейе түстi. 40-50 сек соң есін жиды, терісінің айқын гиперемиясы дамыды.

  1. Негiзгi ауруы мен оның асқынуларын табыңыз.

  2. Ең қажеттi шұғыл шараларды атаңыз.

  3. Жедел жәрдем тактикасын бағалаңыз (ЭКГ өзгерiстерi қандай анальгетиктердi тағайындауды талап еттi?).

N20. Жауаптары: