- •ҰҢғы өнімдерін жинау және дайындау ПәнІнің
- •2012 - Оқу жылы
- •1 Апта.
- •Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Апта.
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •4 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Мұнай эмульсиясының жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Апта.
- •7 Апта.
- •Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі
- •Ұңғы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері
- •8 Апта.
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •1 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
- •9 Апта.
- •10 Апта.
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Сағалық қыздырғыштың техникалық сипаттамасы:
- •11 Апта.
- •Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Кжбқ -1600/100 қондырғысының техникалық сипаттамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Апта.
- •13 Апта.
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Газды дайындау қондырғысы
- •Төменгі температуралы айыру
- •Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру
- •Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалау
- •Бақылау сұрақтары
- •15 Апта.
- •Блокты шоғырланған сорапты станциялар (бшсс)
- •Химреагенттерді мөлшерлеп беру блоктары (рб)
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
Бақылау сұрақтары
Игеру жобасында қандай сұрақтар қарастырылады ?
Ұңғы өнімін қалай түсінесіз ?
Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз.
Жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы қандай жобалау құжаты негізінде жүзеге асады?
Мұнай кен орнын орналастыру жобасына қандай негізгі талаптар қойылады?
Мұнай кен орнының орналастыру жобасын жасау үшін қандай мәліметтер қажет?
Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына (этапына) сипаттама беріңіз ?
Мұнай кен орнын игерудің әр сатысының ұзақтығы қандай?
2 Апта.
№ 3 Дәріс. Тауарлы мұнай сапасының көрсеткіштері және нормалары.
Қазіргі кезде Қазақстан кен орындарында тауарлы мұнайды дайындау дәрежесі бойынша 1.1- кестедегідей топтарға бөлу қарастырылған.
1.1- Кесте. Мұнайдың сапалық топтары
Көрсеткіштер |
мұнай топтарының нормасы |
|||
1А топ |
1 топ |
2 топ |
3 топ |
|
1. Судың массалық үлесі,% |
0,5 |
0,5 |
1 |
1 |
2. Хлорлы тұздардың концентрациясы, мг/дм3 |
40 |
100 |
300 |
900 |
3. Механикалық қоспалардың массалық үлесі , % |
0,05 |
|||
4. Қаныққан будың қысымы, кПа немесе (сынап бағанасы бойынша мм) |
66,7 (500) |
66,7 (500) |
66,7 (500) |
66,7 (500) |
Мұнай өңдейтін зауыттардың технологиялық процесі мен жабдықтары осы сапаға есептелген. Мұнай өндірісі мекемелерінің жұмысшылары сапалы мұнай өткізуге көңіл қояды, өйткені өткізу бағасы оны дайындау топтарына байланысты.
Мұнай кенорындарын игеру 30 жылға және бірнеше ондаған жылдарға созылатындықтан, уақыт өте ондағы өндіру ұңғыларының саны мен орналасу жағдайы, олардың шығымы, өнімнің сулануы, ұңғыларды пайдалану тәсілі өзгеріп отырады.
Өнімді жинау және дайындау жүйесіне келесі талаптар қойылады:
өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау және тасымалдау;
әр ұңғы бойынша мұнай, газ және суды автоматты өлшеу;
ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына дейін дайындау, оны автоматты бақылау және есептеу;
өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;
технологиялық қондырғылардың беріктігі және толық автоматтандырылуы;
негізгі тораптардың блокты түрде жасалып дайындалуы;
күрделі (қаржы) шығындары, пайдалану шығындары және металсыйымдылығы (жұмсалған метал) бойынша жоғарғы экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету;
жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау.
Экспортқа шығарылатын мұнай үшін 1.2- кестесіндегідей талаптар қойылады.
1.2- кесте. ТУ 39-1623-93.
Экспортқа шығарылатын ресей мұнайы. Техникалық шарты
Көрсеткіш атаулары |
Түр нормасы |
||
І |
ІІ |
ІІІ |
|
артық емес 2. 20 С кезіндегі тығыздық, кг/м3 3. Фракциялардың шығу көлемі, % артық емес 200 С температураға дейін 300 С температураға дейін 350 С температураға дейін 4. Парафиннің массалық үлесі, % артық емес 5. Ауыр металдардың концентрациясы, (ванадий, никел, темір т.б.) мг/кг, артық емес 6. Күкіртсутегінің концентрациясы, мг/кг, артық емес меркаптан, этилмеркаптан 7. Судың массалық үлесі, % артық емес 8. Хлорлы тұздардың концентрациясы, мг/дм3 артық емес 9. Механикалық қоспалардың массалық үлесі, % артық емес |
0,6 850
27 47 57
6
45
20 30
0,5
100
0,05 |
1,8 865
24 44 55
6
60
20 30
0,5
300
0,05 |
2,5 895
- - -
-
-
- -
1,0
900
0,05 |
Қазақстан республикасының мұнай кәсіпшіліктерінде және шет елдерде жинау жүйесіндегі мұнайды дайындауда біріккен технологиялық операциялар кеңінен қолданылады. Жинау пунктіне дейін ұңғы өнімін жеткізу үшін ағын энергиясын максималды (мол) қолдану мақсатында (көпшілік кен орындарында сағалық қысымның аздығын ескере отырып), сондай-ақ құбырлар торабын азайту үшін негізінен мұнай, газ және суды бірге жинау қарастырылған.
