Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
testy_IGA_aralas.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

4300,0 Салмақпен ұрықты босанушы әйелде,жатыр мойнын айнамен қарауда қынап күмбезіне дейін жатыр мойны жыртылуы анықталған.Дәрігер тактикасы://

Жыртылған жатыр мойнына кетгутты тігіс салу//

Жергілікті жансыздандыру арқылы жатыр қуысын колмн тексеру//

Жатыр қуысын қолмен тексеріп,жатырға жұдырықпен массаж жасау//

+Жатыр жыртылуын бар жоғын тексеріп,жоқ болса,жыртылған жатыр мойнына тігіс салу//

Лапаротомия,қосалқыларынсыз жатыр экстирпациясы

***

Әйелдер консультациясына 26 жастағы әйел,етеккірдің 2 ай бойы кешігуі,іштің төменгі бөлігінің тартып ауырсынуына шағымданып келді.Қынаптық қарауда жатыр 8апталық жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған,жатыр мойны каналы жабық,жатыр қосалқылары ерекшеліксіз.Төмендегі диагноздың қайсысы сәйкес келеді?//

Жатырдан тыс жүктілің//

Дамымаған жүктілік//

+Жүктілік 8 апта.Түсік қаупі//

Жатыр миомасы//

Толық емес түсік

***

ІА клиникалық топты анықтаңыз?//

Ісік алды аурулары бар науқастар//

Радикальді емге жататын қатерлі ісігі бар науқастар//

+Қатерлі ісікке күдік бар науқастар//

Қатерлі ісіктен емделгендер (сауыққандар)//

Асқынған түрдегі ісігі бар науқастар

***

Ісік алды аурулары бар науқастардың клиникалық тобын көрсетіңіз?//

А) ІІІ//

+ Іб//

ІV//

ІІ//

Іа

***

36 жасар әйел. Женщина 36 лет. Беліндегі және сол қабырға доғасы астындағы жедел ауыру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Ауыруын физикалық жүктемемен байланыстырады. Объективті: Ыңырсып жатыр. Терісі боз. Іші сол қабырға доғасы астында ауырады және тырысқан. Ұрғылау симптомы оң. Пальпацияда бүйрегі ауырады. Қан анализі: эритроциттер 3,4х1012/л, гемоглобин 100 г/л, лейкоциттер 9,5х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде эритроциттер көру аймағында 10-15.Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?//

Асқазан жарасының тесілуі//

Жедел панкреатит//

Ішектің жедел өтімсіздігі//

Жатырдан тыс жүктілік//

+Зәр-тас ауруы

***

35 жасар әйел. Мықын аймағындағы, аралықтағы қарқынды ауыру сезіміне, жиі кіші дәретке шыққысы келуіне, жүрек айнуына, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Объективті: Терісі боз. Мықын аймағы ауырады, оң жақтағы бұлшықеттері тырысқан. Жалпы қананализі: эритроциттер – 3,5 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок 1 г/л, цилиндрлер бірен-саран, жаңа эритроциттер және тұздар. Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?//

Жедел аппендицит//

+Зәр-тас ауруы//

Ішек өтімсіздігі//

Жатырдан тыс жүктілік//

Асқазан жарасының тесілуі

***

56 жасар ер адам. Зәрінің кідіруіне, кіші дәретке шыққысы келуіне, ішінің төменгі бөліміндегі кернеген ауыру сезіміне, оның аралыққа және жыныс мүшелеріне таралуына шағымданады. Объективті: терісі боз, маңдайында салқын тер. Іші жұмсақ, қасағасының үстінен қуығы сезіледі, оның күмбезі кіндіктен төмен тұр. Қасаға үсті аймақты перкуссиялағанда – тұйық дыбыс. Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттегенде ол тегіс, серпімді, контуры тегіс, ауырмайды, орталық жүлгесі бар. Қуық катетеризациясы жасалды. Қандай ем тактикасы бірінші кезекте жасалады?//

+Антибактериалды терапия//

Қабынуға қарсы терапия//

Аденомоэктомия//

Цистостомия//

Простатаның трансуретралды резекциясы

***

Жанұя дәрігеріне 5 жасар баласымен ана келді. Айтуы бойынша ,бірнеше сағат бұрын ұлы ойнап отырып құлағына пластмасса шарды тығып жіберген. Объективті: құлақ қалқаны мен құлақ төмпешігін пальпациялағанда ауырмайды. Сыртқы есту жолынан бөлінділер жоқ. Құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартып қарағанда сыртқы есту жолының түбінен домалақ ақ бөгде зат көрінеді. Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?//

+Сыртқы есту жолындағы бөгде зат//

Сыртқы есту түтігіндегі бөгде зат//

Ортаңғы құлақтағы бөгде зат //

Жарғақты қуыстағы бөгде зат//

Сыртқы отит

***

45 жасар әйел түстену кезінде (ет сорпасын ішіп отырған) шашалып қалған, тамағы ауырған, өздігінен құсық шақыруға тырысқан, нанның сыртын жеген. Бұл кезде мойнының төменгі бөлігінде қатты ауыру сезімін сезген. Объективті: жұтқыншақтың Көмей лік бөлігінің шырышты қабатында жырылулар, көмекейдің бос жиегінде кішкене гематома, алмұрт тәрізді синустарда сілекей жиналып қалған. Дауыс саңылауы бос. Басқа ЛОР-мүшелер патологиясыз Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?//

Көмекей гемангиомасы//

Жұтқыншақтың шырышты қабатының жырылуы//

Құлақ маңы безінің жарақаты//

Сілекей өзектеріндегі бөгде зат//

+Өңештегі бөгде зат

***

4 жасар сәби сәбіз жеп отырып кенет шашалған, күшті жөтел пайда болған және тыныс алуы қиындаған. Объективті: мұрын-ерін үшбұрышының цианозы. Айқын экспираторлы ентігу белгілері. Сол кеудесі көлемі ұлғайған, тыныс алу актісінен қалыңқы. Перкуссияда өкпелік дыбыс қораптық үнмен, аускультацияда сол өкпе тынысы әлсіреген. Рентгенологиялық зерттеуде: сол кеденің мөлдірлігі жоғарылаған, тыныс алу кезінде кеуде аралықтағы мүшелер оңға ығысады. Қандай зерттеу әдісі анағұрлым тиімді?//

+Жоғарғы бронхоскопия//

Трахеотомия//

Эндоскопия//

Коникотомия//

Кеңірдек интубациясы

***

38 жастағы науқас стационарға артериялық қысымының жиі кенеттен 270/130 мм.с.б., дейін көтерілуіне, интенсивті бастық ауырсындына, жүоек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тертеңдікке, дене қызуының 380Сдейін көтерілуіне шағынданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бөзғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі қан қысымы 260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия, адреналин және норадреналиннің жоғарылауы. Бүйрек үсті безінің компьютерлык томографиясында істік тәрізді, гипоэхогенді түзілім байқалады .Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?//

Нифедипин//

Метопролол//

+Фентоламин//

Клофелин//

Каптоприл

***

62 жастағы науқас кардиологиялық блімшіге басынық ауырсынуы және бас айналуға тағымданың түсті. Анамнезінен: 10 жыл бойына артериялық гипертензия бойынша диспансерлік есепте тұрады, екі жыл алдын миокард инфарктісін ткерген Жағдайының нашарлауы соңғы 1 айда, оны дәрлектерді тұрақты қабылдамауымен байланастырады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, кпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, пульс минутына 86 рет, артериялық қысым 200/100 мм.с.б. , жүрек жетіснеушілігі белгінері жоқ, аяұ тамырларының облитерирлеугі атеросклерозі белгілері бар. Бұл жағдай қандай дәрмек дұрыс?//

Эгилок//

+Нормодипин//

Конкор//

Атенолол//

Небилет

***

51 жасар ер адам, стационарға ұзақ ауырсынуға және оң қабырға астының түйіліп тұруына шағымданып түсті. Зерттегенде: сарғыштық жоқ, Кери симптомы оң мәнді, температурасы субфибрильді, ЭТЖ – 30 мл/сағ.Болжам диагнозы қандай?//

+Созылмалы холецистит, ршу//

Созылмалы панкреатит, ршу//

Асқазан ойық жарасы, ршу//

Созылмалы гепатит, ршу//

Одди сфинктерінің дисфункциясы

***

Балаларда жүрек жеткіліксіздігімен асқынған қандай жүрек патологиясы кезінде, жүрек гликозидтарымен тез қанықтыру әдісі қолданылады?//

Митральды саңылау стенозы//

ДМЖП//

Эндокардит//

+Миокардит//

Перикардит

***

Бала 4 жаста. Көруінің төмендеуіне шағымданады, «көздерінде құм» сезімі, тізе және сирақ-аяқ буындарында қимылсыздық, кешке қарай қимылы толық қалпына келеді, субфебрилитет. Объективті: интоксикация, оң жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, сипағанда күйіп тұр, көбірек бүгі мүмкін емес. Басқа органдар өзгеріссіз. Көзін қарап тексергенде: көз алмасының тамырлық суретінің ұлғаюы, синехия есебінен қарашықтарының формасының өзгеруі. Науқаста қандай диагноз болуы ықтимал?//

Реактивті артрит//

+Ювенильді созылмалы артрит//

Ревматоидты артрит//

Облитерацияланған артрит//

ЖҚЖ

***

12 жастағы бала, тез шаршағыштық, диспепсиялық бұзылыстар, парестезия, көз қарлығу шағымдарымен клиникаға түсті. Объективті: оң Хвостек, Труссо, Люст симптомдары. Қанында гипокальциемия. Науқаста қандай ауруды болжауға болады?//

Спазмофилия//

Эпилепсия//

Гиперинсулинизм//

Гиперпаратиреоз//

+Гипопаратиреоз

***

6 жастағы бала, клиникаға ауыр жағдайда түсті, енжар, дәрменсіз, тері жабындылары боз-сарғыш, мұнаралы бас-сүйек, биік готикалық таңдай. Бауыры қабырға доғасының шегінде, ауырсынусыз, көкбауыр қабырға астынан 5 см шығып тұр, тығыз консистенциялы. 3 жасынан бастап гематологта есепте тіркеуде. Кесімді диагнозды қоюға қандай жоғары сезімтал және спецификалық тест көмектеседі?//

Эритроциттердің осмотикалық резистенттілігі//

+Ағысты цитометрия//

Билирубинді анықтау//

Ретикулоциттер саны//

Қан сарсуы мен несептегі еркін гемоглобин мөлшері

***

Систолалық шығарылудың көлемін мен эластикалық және бұлшық ет типтес тамырлар тонусының жағдайын осы әдіс көмегімен жасайды://

Эхокардиография//

Ангиография//

Векторокардиография//

+Механокардиография//

Фонокардиография

***

Қандай ауру қоюланудың плазмалық факторларының ақауымен шарттасқан?//

Верльгоф ауруы//

+Гемофилия//

Лейкоз//

Шенлейн-Генох ауруы//

Гемолитикалық анемия

***

Созылмалы аурулары жоқ, жиі ауыратын, нервтік-психикалық дамуында, физикалық дамуында бастапқы өзгерістері бар, функциональды ауытқушылықтары бар балалар қандай денсаулық тобына жатады://

I денсаулық тобы//

+I денсаулық тобы//

IIIденсаулық тобы//

IVденсаулық тобы//

Vденсаулық тобы

***

Дәрігердің қабылдауында 8 айлық бала. Бала анемия фонында өткен екінші жүктіліктен, бірінші босанудан, туылғандағы салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша 8-9 ұпай. Анамнезінен: осы кезге дейін 4 рет ЖРВИ-мен ауырған. Гемоглобин 120г/л. Баланың резистенттілігін анықтаңыз://

Жоғары//

Қалыпты//

Орташа//

+Төмен//

Өте төмен

***

Бала 2 жаста. Оны емізбейді, қазір ол отбасымен бірге күніне 3 рет тамақтанады. Отбасы үнемі етпен тамақтанады және балаға да береді. Оның тамақтану рационында жемістермен көкөністерден картоп, сәбіз, қырыққабат және алма бар. Ас мөлшері аздап салынады және өзіне берілген астың барлығын тауысып жейді. Баланы тамақтандыру бойынша анасы дәрігерден кеңес сұрады. Дәрігер кеңесі://

Баланы күніне 4 рет тамақтандыру керек//

Баланы күніне 6 рет тамақтандыру керек//

Тамақтандыру арасында шай беру қажет//

+Әр бір негізгі тамақтандыруда 250мл ас беру керек//

Әр бір негізгі тамақтандыруда 350мл ас беру керек

***

Дәрігердің қабылдауында 4 айлық бала. Бала жедел ауырған, таңертең дене қызуы 38,7°С, жоғарылап, бала селқостанып, тәбеті төмендеген, мұрын-жұтқыншақ жағынан айқын катаральды өзгерістер, мұрыны бітеліп, жөтел пайда болған. Бала ана сүтімен қоректенеді, дамуы қалыпты.Өкпесінде қатқыл тыныс. Диагноз қойыңыз://

Гипертермия//

Катаральды баспа//

ЖРА, жеңіл дәрежелі ауырлықта//

+ЖРА,орташа дәрежелі ауырлықта//

ЖРА,ауыр дәрежелі ауырлықта

***

4 жасар сәби тынысының қиындауына, күшті ұстама тәрізді жөтелге шағымдарымен жеткізілді. Бір сағат бұрын аузына бұршақ салып жүрген, кенет шашалған, көгеріп кеткен. Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Айқын экспираторлы және инспираторлы ентігу белгілері. Екінші дәрежелі стеноз белгілері, пульсі минутына 146 рет, әлсіз толумен, өкпесінде құрғақ сырылдар естіледі. Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?//

+Кеңірдектегі бөгде зат//

Көмей дегі бөгде зат//

Өңештегі бөгде зат//

Бронхтағы бөгде зат//

Көмей -жұтқыншақтағы бөгде зат

***

6 жасар бала балық жеп отырған, кенет күшті ұстама тәрізді жөтел, цианоз пайда болған. Бір рет құсқан. Жөтел мезгіл-мезгіл қайталанады. Объективті: жағдайы ауыр, екінші дәрежелі Көмей стенозының белгілері. Көмей дің шырышты қабаты алқызыл, ылғалды.Қандай шұғыл көмек тактикасы анағұрлым дұрысырақ?//

+Ларингоскопия//

Коникотомия//

Трахеостомия//

Кеңірдек интубациясы//

Ларингофиссура

***

26 жасар ер адам қарбыз жеп отырғанда кенет шашалып, көгеріп кеткен. Ұстама тәрізді жөтел пайда болған, тынысы қиындаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, кұшті жөтелген кезде «щапалақ» симптомы естіледі Айқын экспираторлы және инспираторлы ентігу белгілері. Аускультацияда екі жақтан дөрекі, құрғақ сырылдар естіледі. «Шапалақ» симптомы кезінде қандай диагноз дәлірек?//

Гиперсаливация//

Көмей экскурсиясы//

+Кеңірдектегі бөгде заттың қозғалуы//

Тыныс саңылауындағы бөгде заттың фиксациясы//

Дыбыс байламдарының үстіндегі бөгде заттың қозғалуы

***

Бұзақылар көшеде 45 жасар ер адамның сол көзінен ұрып кеткен, жәбірленуші жұмсақ тіндеріне қан құйылуына, тұйық ауыру сезіміне, бұлдырлауға шағымданады, қара шіркейді көреді, оны ұстайын десе қашып кетеді.Осы пациент үшін қандай тактика анағұрлым жөндірек?//

Антибактериалды көз тамшылары//

+Бинокулярлы таңғыш//

Конъюнктив қуысын жуу //

Йодты калиймен электрофорез//

Атропинмен инстилляция

***

37 жасар әйел офисті жинап жүргенде оң көзіне әйнек ұшқыны кіріп кеткен. Зақымдалған көзіндегі ашыған ауыру сезіміне, қызаруына, жас ағуына және жарыққа сезімталдықтың жоғарылауына шағымданады Осы жағдайда қандай көз тамшысы анағұрлым тиімдірек? //

Пенициллин//

+Левомицитин//

Линкомицин//

Альбуцид//

Сульфацил натрия

***

35 жасар әйел алма жинап жүргенде сол көзіне ағаш бұтағының қыртысы кіріп кеткен, ауыру сезіміне, жас ағуына, «көзінде құм тұрғандай» сезімге, жарықтан қорқуға, осы көзінің көруінің нашарлауына шағымданады.Қандай жүргізу тактикасы бірінші кезекте жасалады? //

Mонокулярлы таңғыш//

Aнтибактериалды препарат//

+Бөгде затты шығару//

Бинокулярлы таңғыш//

Сіреспеге қарсы сарысу

***

33 жасар әйел 2 күннен бері жарықтан қорқуға, оң көзіндегі ауыру сезіміне, жас ағуға шағымданады.Объективті:қасаң қабықтың артқы бетінде прецепитаттардың пайда болуы, нұрлы қабық түсі мен суретінің өзгеруі, қарашықтың тарылуы, артқы жабысқақтардың – синехиялардың түзілуі, шыны тәрізді дененің бұлдырауы, көз ішілік қысымның өзгеруі, OS/OD = 0.4/1, көз ішілік қысым OD=20мм.сын. бағ. ВГД OS=18мм.сын. бағ.Көрсетілген диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?//

Кератит//

+Иридоциклит//

Коньюнктивит//

Витреит//

Эписклерит

***

35 жасар ер адам цехта жұмыс жасап жүргенде қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан көзіне күкірт қышқылы кіріп кеткен. Күшті күйдірген ауыру сезіміне, жас ағуына, жарықтан қорқуға, көруінің нашарлауына шағымданады. Осы науқас клиникасы бойынша сурет. Пациентке алғашқы көмек көрсету кезінде қандай шара анағұрлым тиімдірек?//

Көз тамшыларын тамызу//

Сода ерітіндісімен жуу//

Мұз қою//

+Салқын сумен жуу//

Вишневский жақпасын салу

***

58 жасар ер адам жиі зәр шығаруына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, арықтауға шағымданады. Жарты жылдан бері ауырады. Объективті: Терісі боз, тырнақ іздері. Оң шабында көлемі бұршақтай лимфа түйіндері сезіледі, консистенциясы тығыз. Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттеу: беті бұдырланған, тығыз, аз қозғалмалы, ұлғайған. Жалпы қан анализі:эритроциттер – 2,8 х1012/л, гемоглобин 87 г/л, лейкоциттер – 8,4 х109/л, ЭТЖ38 мм/сағ.Қандай зерттеу әдісі анағұрлым күмәнсіз?//

Ультрадыбысты зерттеу//

Магниттік-резонанстық томография//

Компьютерлік томография//

+Нысаналы биопсия//

Радиоизотоптызерттеу

***

61 жасар ер адам, түнде зәр шығаруының жиілеуіне, алғашқы зәр тамшысы шығуын күту уақытының ұзаруына, зәр ағысының әлсіздігіне, аузының кебуіне, шөлдеуге, зәр ұстай алмаушылыққа шағымданады. Объективті: Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттеу: простата тегіс, серпімді, контуры анық, ауырмайды, орталық жүлгесі тегістелген.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым бірінші кезекте жасалады?//

Экскреторлы урография//

Шолу рентгенографиясы//

Урофлоуметрия//

+Ультрадыбысты зерттеу//

Сцинтиграфия

***

Науқас А., 30 жаста, поликлиникаға мынандай шағыммен келді: әлсіздікке, тершеңдікке, стоматитпен. Анамнезінде: ауырғанына 3апта, ем тиімсіз. Обьективті: дене қызуы 38,8С, тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Қызыл иегі гиперплазияланған, жаралы некротикалық стоматит. Жақасты лимфа түйіні ұлғайған, ауырсынусыз. Қанда: эр. – 2,9 х 10 12 /л, Нв – 94 г/л, ТК-0,95, лейк. – 13,5 х 10 9 /л, бласт – 32 % таяқ. – 1 %, сегм .– 39 %, лимф. – 20 %, мон. – 8 % , тромб. – 90,0 х 10 9 /л. ЭТЖ – 24 мм/сағ. Цитохимиялық зерттеуде: пероксидаза реакциясы оң. Сіздің диагнозыныз//

+Жедел миелобластты лейкоз//

Жедел лимфобластты лейкоз//

Жедел дифференцирленбеген лейкоз//

Жеделмонобластты лейкоз//

Жеделпромиелоцитарлы лейкоз

***

Урологқа қабылдауға 12 жасар ұл бала оң жақ умада жұмыртқа жағына шағымданды. Локальді қарағанда: оң жақ умадағы жұмыртқасы пальпацияланбайды.УДЗ- да.шап каналының сыртқы өзегінде көлемі 2,5х1,5см.түзіліс анықталды,эхоқұрлымы аталық безбен ұқсас. Сіздің емдеу тактикаңыз://

Динамикасын бақылау//

+Оң жақ жұмыртқаны төмен түсіру операциясы//

Орхоэктомия операциясы//

Шап каналы маңына Вишневский мазімен компресс//

Шап каналы маңына УВЧ

***

Жаңа туған нәрестеде сол жақ бұғана-төс-емізікше бұлшықетінің ортанғы 1/3 бөлігінде домалақ, диаметрі 2.5 см, тығыз «ісік» тәрізді ауырсынатын түзіліс, басының қозғалысы шамалы шектелген. Сіздің диагнозыныз://

Сол жақ бұғана-төс-емізікше тәрізді бұлшықет миозиті//

Сол жақ қисық мойын, сүйектік түрі//

Сол жақ қисық мойын, спастикалық түрі//

+Сол жақ қисық мойын, бұлшықеттік түрі//

Сол жақ Клиппель-Фейль ауруы

Науқас, 50 жас,беттің оң жақ бөлігіндегі ұстама тәрізді ауырсыну шағымымен келіп түсті.Ауырсыну кенеттен пайда болады және өткір,кеселіген тәрізді сипатта,10-15 секундқа созылады.Ауырсыну ұстамасы сөйлеу,шайнау және жұтыну кезінде пайда болады.Ауырсыну ұстамасы кезінде бетін тері жабындыларының қызаруымен мимикалық бұлшықеттерінің спазмы байқалады.Ұстамадан тыс уақытта инфраорбитальды нүктенің ауырсынуы,оң жақ жоғарғы жақ аймағының гиперстезиясы.Науқасқа қандай топтағы препаратты тағайындау керек және неге?//

Антибиотиктер, қабынуға байланысты//

Антиоксиданттар,ишемия аймағы бар//

Тырысуға қарсы препараттар,эпиприпадканың болуына жоғары мүмкіндік//

+Тырысуға қарсы препараттар,невропатиялық ауырсыну орыны бар//

Спазмолитиктер,негізгі патогенезі спазмға байланысты болуы

***

Науқас 20 жаста, стационарға аяқтарының әлсіздігіне, көруідің нашарлауына - кітап оқығанда әріптер екі еселенеді, оң жақ бетінің ұйып қалуына шағымданып түсті. Анамнезінен: жиі ЖРВИ. Обьективті: есі анық, контактіге түседі. БМН: қарашық OD=OS, фотореакциялар сақталған,көзин сыртқа қарауды Өтингенде екі жақтада мұрынға қарай бағытталу анықталмайды , аккомодация мен конвергенция бұзылмаған, оң жақта горизонтальды крупноразмашистый нистагм. Оң жақ бет бөлігінде сезімталдық төмендеген. Аяқтарындағы бұлшықет күші 3 балл, тонустары төмендеген, қолдарында- анықталады D=S, аяқтарында- жоғары. Екі жақтан да Бабинский, Россолимо, Шеффер симптомдары оң. Аяқтарында терең сезімталдық төмендеген. Абдоминальды рефлекстер-анықталмайды. Ромберг кейпінде аздап теңселу. Классификациясы бойынша диагнозын анықтаңыз//

+Шашыранды склероз,ремиссия ағымы, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез//

Шашыранды склероз, интермиттирленген ағымда, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез//

Шашыранды склероз, біріншілік-прогредиентті ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез//

Шашыранды склероз, екіншілік-прогредиентті ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, терең спастикалық парапарез//

Шашыранды склероз, прогрессирленген ағым, артқы монокулярлы интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез

***

Шашыранды склерозбен ауыратын науқаста жұлын-ми сұйықтығының көріністері?//

Жасушалы-ақуызды диссоциация//

+Гамма глобулиндер деңгейінің жоғарлауы//

Нейтрофильді плеоцитоз//

Лимфоцитарлы плеоцитоз//

Лайлы

***

25 жатағы ер адам бас ауыруына және дене температурасының 37,5° С соңғы екі күн ішінде көтерілуіне шағымданады. Ауырардан бұрын өзін толық саумын деп санаған. Тексергенде: есі анық, бағыт-бағдары сақталған, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы екі жақтан оң, басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Диагностикалық мақсатта люмбальды пункция жүргізілген. Цереброспинальды сұйықтықты зеррттеу барысында мкл да 150 клетка лимфоцит анықталған, белок — 0,65 г/л, глюкоза қалыпты. Болжам диагнозы://

Менингококкты менингит//

Пневмококкты менингит//

Іріңді менингит//

+Серозды менингит//

Ревматикалық менингит

***

Науқаста келесі симптомдар байқалады: бұлшықет тонусының төмендеуі, еркінен тыс ретсіз қозғалыстар, бір бірімен алмасып отыратын. Науқас бірде көзін жұмады, бірде тілін шығарады, бірде қолын лақтырады, бірде жұлқынады, түрін бұзады, бұл тән://

Тик//

Паркинсонизм//

Атетоз//

+Хорея//

Гемибаллизм

***

3 жастағы балада тексеру барысында аяқтары тізе буынында жазылған, бүгілуі қиындаған, жүру кезінде аяқтары айқасады, сіңір рефлекстрі жоғарылаған. Осы науқастың жүрісі қай патологиялық жүріске жатқызылады және неліктен?//

Штамптелген, терең сезімталдықтың жоғалу салдарынан вследствие выпадения глубокой чувствительности//

Гемипаретикалық, сол жақтан бұлшық ет күшінің әлсіреуінен//

Қуыршақ жүрісі, дофамин жеткіліксіздігінен//

Атактиялық, мишықтың зақымдану салдарынан//

+Спастико-паретикалық , аяқ бұлшықетінің тонусының жоғары болу салдарынан

***

Науқас 23 жаста, аяқ-қолдарының әлсіздігіне, қол білезіктері және табандары ұйуына, жүргенде теңселетініне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша екі апта бұрын грипп тәрізді жағдай болған. Тексергенде аяқ қолдарының бұлшықет тонустары төмендеген, білезік және табан бұлшықет күштері 1 баллға дейін төмендеген, «шұлық және қолғап» тәрізді сезімталдықтың төмендеуі, карпорадиальды және ахилл рефлекстері анықталмайды, аяқ қолдарының терісі өзгерген. Ликвор түссіз, мөлдір, цитоз 10 лимфоцит, белок- 20 гр/л. Қандай ем тағайындаймыз және не себепті?//

Церебролизин, себебі ишемия//

Прозерин, себебі аутоиммунды процесс//

Кавинтон, себебі ісіну және бейспецификалық қабыну//

Преднизолон, себебі ісіну және бейспецификалық қабыну//

+Плазмаферез, себебіаутоиммунды процесс

***

Науқас Т 18 жаста. Жедел ауырған. Тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, есі күңгірттенген, бір жақ қырынан басы мен аяғы ішіне қарай бүгілген. Кеудесінде, ішінде, арқасында, аяқ қолдарында көптеген жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелері бар, балтыр және тізе аймағында бірігіп гемморрагия мөлшері 2 см ге дейін жетеді. Желке бұлшықеттерінің ригидтілігі мен Керниг симптомы бірден білінеді. Қан анализінде: Л - 1 мкл да 18000, ЭТЖ – 40 мм/сағ. Люмбальды пункцияда: лайлы сұйықтық, нейтрофильді плеоцитоз - 1 мм клеткада 442, белок - 1,32, қант- 0,99 г/л, хлоридтер – 122 ммоль/л. Науқасқа қандай топтағы антибиотиктер тобын тағайындаймыз және неге?//

Пенициллиндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді//

Пенициллиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді//

Левомецитиндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді//

+Левомецитиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді//

Цефалоспориндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді

***

Науқаста келесі клиникалық көріністер: 10күн ішінде тұрақты түрде қызба, айқын бас ауруы, ұйқының бұзылуы, қозғыштық, сөзшеңдік, сырқатының екінші аптасында тежелген. Кеуде қуысының бүиір беткейінде көбірек оргналасқан көп мөлшерде розеолезді петехияльды бөртпе. Киари-Авцын, Говоров-Годелье симптомдары оң. Бауыры мен көкбауырының ұлғаюы. Диагнозды нақтылайтын арнайы оң нәтиже қайсы?//

Қанды бактериологиялық стерильділікке тексеру//

Қанды қараңғы көру алаңында тексеру//

Үлкен тамшы түрінде қанды зерттеу//

+Серологиялық реакциялар (РПГА,РСК)//

Жұп сарысу әдісімен серологиялық реакция

***

Тұмау кезінде антибиотиктерді тағайындауға көрсеткіш://

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]