Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. стмат. аз. ХТУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.75 Mб
Скачать

Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері

Бұл аурумен жылына 2 мыңға жуық кісілер ауырады. Негізінен кездесетіні эпителийден дамыған ісіктер. Оларға: цилиндромалар, аденокарциноманың әр түрлері, ересек рак, мукоэпидермоидты рак, жалпақ клеткалы рак, төменгі дифференциялды рак, аралас ісік рагі жатады (72-73-суреттер). Эпителиден дамыған қатерлі ісіктер өте сирек кездеседі (саркома, қатерлі невринома, лимфоретикулярлы ісік) метастаздары лимфогенді де, гематогенді де тарайды. Кіші сілекей бездері ауруға сирек шалдығады, бірақ үлкен сілекей бездерінің ісіктеріне қарағанда жеңілдеу дамиды.

Цилиндромалар инфильтративті өсуімен ерекшеленіп, қан арқылы метастаздарын өкпе мен сүйекке жібереді. Сілекей бездерінің аденокарциономалары мен жалпақ клеткалы рагі лимфа бездеріне, одан кейін өкпе мен омыртқаға жиі метастаз береді. Мукоэпидермоидты рак қоршаған тіндерге ерте инфильтрацияланып, 25 жағдайда жақын аймақтық лимфа түйіндеріне метастаздар береді. Сілекей безінің рагіне тән белгілер: жаңа нәрсенің пайда болуы, Стенонов немесе Вартонов өзектері қызметінің күшеюі, сілекейдің азаюы, оның үлкен бездерден бөлінбеуі, қан түйіршіктері бар қоймалжың заттың бөлінуі, ымдау еттері қызметінің бұзылуы және т.б. Нақтама қою барысында йодолиполмен немесе суға еритін заттармен жасалған көлеңкелі сиалографияның көмегі көп.

Емі. Жалғыз хирургиялық емнің сілекей бездерінің қатерлі ісіктерінде нәтижесі аз. Отадан кейін асқынулар (рецидивтер) көп қайталай береді. Сондықтан науқастарға негізінен кешенді ем тағайындалады. Отаның алдында сәуле немесе сәуле және химиялық емдер (жалпы жиынтығы 30-40 Гр.дистанциялық гамма ем) тағайындалады. Егер осыдан соң сілекей ісігінің төменгі полюсінде капсула пайда болса, бет нервісінің бұтақтары ісіктік бұзылудан аман болса, безді жартылай, сау тіндердің мөлшерінде кесіп алады. Одан кейін науқасқа адекватты химиялық ем тағайындалады: циклофосфан, ванкрастин, адриалицин, преднизалон және жалпы мөлшері 30 Гр.сәуле емі қоса тағайындалады.

72-сурет. Құлақмаңы безінің аралас ісігі. 73-сурет. Құлақмаңы безінің

қатерлі ісігі.

Тұжырым:

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

2.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

3.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

4.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

5.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

6.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

7.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

8.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

9.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

10.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

11.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

12.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

13.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

14.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

15.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

16.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

17.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

18.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

19.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

20.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

21.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

22.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

23.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

24.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

25.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

26.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

27.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

28.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

29.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

30.

А)

Б)

В)

Г)

Д)

XХ Т А Р А У

ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНДАҒЫ АҚАУЛАР МЕН ДЕФОРМАЦИЯЛАР

Бет сүйегі жарақаттары мен ауруларының ішінде ең көп кездесетіні төменгі жақ сүйегінің жарақаты мен аурулары және оның көбісі сүйек тінінің ақауымен қатар жүреді.

Ең алғаш бет-жақ аймағы хирургиясында төменгі жақтың алдыңғы бөлігіндегі атпен Zarry жазған. 1893 жылы Clod Martin каучук протезін ұсынды. 1954 жылы Л. М. Обухова, сонан кейін Н. М. Михельсон 1956 жылы амелобластоманың салдарынан төменгі жақты кесіп алып таста-ғаннан-резекциялаудан кейін пластмасс имплантантпен ақауға пласти-калық ота жасады.

Бет-жақ аймағындағы қалпына келтіру хирургиясының қазіргі жетістіктері көп жағдайда консервіленген (консервированные) тіндерді пайдалануға байланысты.

Бет қаңқасыньгң деформациясы дегеніміз- оның морфофункционалдық элементтер қатынасының және эстетикалық пропорциялардың бұзылуы, осының салдарынан бет пішінінің өзгеруі, көлемі мен бас сүйегі бөліктерінің орналасуының бұзылуы (X. А. Каламкаров, А. А. Робухина, В. М. Безруков, 1981).

Жақ сүйектері дамуының бұзылуына әсер ететін жағдайлар-факторлар туралы қазіргі түсініктер. Бас сүйектің пропорциональды қалыптасуы үшін: остеогенез процессінің барлық кезеңінің қалыпты жүруі, сүйек қатаю нүктесінен өз уақытында мезенхимальды және шеміршек тіндердің дамуын қамтамасыз ететін сүйектің сыртқы қабығы, эндогенді және механикалық әсерлердің тепе-теңдігі, организмдегі зат алмасу процессі қалыпты жағдайда болуы керек. Шайнау және тіл бұлшықеттерінің қызметі, ЛОР — ағзалар, тістердің уақытында шығуы да үлкен рөл атқарады. Осы жағдай-факторлардың бәрі бірігіп бас сүйегінің гармониялық дамуына әсер етеді, бұл өз кезегінде адамдардың нәсілі, ұлты, семьялық және өз басының ерекшеліктерінің белгілі бір қалыптан өте ауытқымай қалыптасуына әсер етеді.

Деформацияға әсер ететіндер:

1.Остеогенез бен дифференцияланудың, соның ішінде генетикалық түрінің де, туғаннан бұзылуы;

2. Эндогенді және зат алмасуының бұзылуы;

3. Тұқым қуалаған және жүре пайда болған жағдай-факторлар;

4. Өсу аймағының арулары мен жарақаттары;

5. Қаңқаның жекелеген бөлшектерінің өсу не өспей қалуына себепші жағдайлар.

6. Бет қаңқасының жарақаты.

Бет қаңқасының деформациялануына туғаннан кейінгі жалпы және жергілікті факторлар әсері, жасанды тамақтандыру, балалардың ерте жастағы аурулары, эндокринді аурулар, мұрнымен дем алуының бұзылуы, жағымсыз әдеттер, баланың ұйықтағанда ыңғайсыз жатуы, тіс жегісі, сүт тістері мен тұрақты тістерінің болмауы, тіс сауытының біркелкі қажалмауы және сүт тістерінің ауысуы мерзімінің кешігуі, периодонтит, остеомиелит, жарақат, бет пен ауыз айналасы аймағының күюі, ауыз қуысы мен жақтағы жаңа түзілімдер үлкен әсер етеді.