- •Қадірлі оқырман қауым!
- •Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Тарихи және қазақстан республикасында даму жолдары
- •1974-1980 Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
- •1980 Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
- •II тарау қазақстан республикасында хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
- •Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер
- •Iіі тарау
- •Төменгі жақсүйек
- •Іv тарау
- •Тігіс салудың түрлері:
- •V тарау хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Vі тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Нейролептаналгезия
- •1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау
- •Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері
- •Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз
- •Кенеттен өлген кездегі реанимация (қайта тірілту — «жан шақыру»)
- •II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)
- •III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.
- •Хирургиялық стоматологиядағьі жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау жасау
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері
- •Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі
- •Инесіз жансыздандыру жасау
- •Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
- •Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар
- •Vіі тарау тіс жұлу отасы
- •Тіс жұлу отасын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу отасын жасайтын жағдайлар
- •Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Сурет-36. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар.
- •Сурет-52.. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу.
- •Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
- •Тіс ұясының жазылуы
- •Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар
- •Жалпы асқыну
- •Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
- •Сурет-53. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •Viіі тарау
- •Периодонтит
- •I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:
- •Жедел ағымды серозды периодонтит
- •Жедел ағымды іріңді периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.
- •Iiі. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.
- •IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •Іх тарау тіс жарып шығу кезеңдерінің аурулары
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
- •III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
- •Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
- •Х тарау жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •X тарау
- •Аурулары
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы (күйдіргі)
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Хі тарау сілекей бездерішң қабыну аурулары (сиалоадениттер)
- •Сілекей бездерінің аурулары кезіндегі науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
- •Созылмалы паренхиматозды паротит
- •Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
- •Сілекей-тас ауруы (Сиалолитиазис)
- •I. Тастардың орналасуы:
- •II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
- •III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:
- •Сілекей бездерінің жыланкөздері
- •Сілекей бездернің жарақаттары
- •Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
- •Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •4 Дәрежеге бөледі.
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
- •Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті
- •Үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы
- •1) Негізгі себебі орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •2) Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Хv тарау төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
- •II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;
- •III. Жамау оталары:
- •Xviі тарау тістік имплантация
- •Xviiі тарау ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау әдістері.
- •Xіх т а р а у жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер
- •Одонтогенді ісіктер
- •Амелобластома (адамантинома)
- •Одонтогенді фиброма
- •Жұмсақ тіндердің қатерсгз ісіктері
- •Лимфангиомалардың жіктелуі
- •Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
- •Тілдің шектелген лимфангиомасын ажырату (а. А. Колесов т. Б. Бойынша, 1989)
- •Терінің қатерлі ісіктері
- •Меланомалар
- •Еріннің ісіктері
- •Жақтардың қатерлі ісіктері
- •Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері
- •Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
- •Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі
- •Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
- •Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Ауызмаңы аймағының пластикасы
- •Қолданылған әдебиеттер
Лимфангоиттер
Этиологиясы және патогенезі. Лимфангоит немесе лимфангит - лимфа тамырларының қабынуы. Лимфангоит микрофлораның және олардың токсиндерінің лимфа жолдарына өтуінен пайда болады. Ол периодонтта, периостта жақ сүйектерінің қабыну процесстері кезінде дамиды. Лимфа тамырларына ісік клеткаларының ыдырау өнімдері және де бөгде заттардың енуінен де лимфангоит дамуы мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Лимфангоиттар жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел қабыну процесі беткей немесе терең орналасқан лимфа тамырлар торларында дамиды.
Созылмалы лимфангоиттар жедел қабыну процесінің созылмалыға өтуінен дамиды, ол организмнің қорғағыштық қасиетінің төмендеуінен немесе антибиотиктерді дұрыс қабылдамау әсерінен дамуы мүмкін.
Жедел лимфангоит қамтылған тамырлар топографиясына сәйкес торлы (ретикулярлы) және тармақты (турункулярлы) болып бөлінеді.
Ретикулярлы немесе торлы лимфангоит жара, шиқан, көршиқан айналасындағы беткей орналасқан лимфа тамыр торларының қабынуымен ерекшеленеді. Нәтижесінде тілмелік қабынуға ұқсас клиникалық көрініс береді. Қызару және ауру сезімі байқалады, кейіннен инфекциялық ошақтан лимфа түйіндеріне бағытталған жіңішке қызыл жолақтар пайда болады. Дене қызуы 38-39°С дейін көтеріліп, қалтырау және уланудың басқа да көріністері байқалады (құрғак, тіл, бас ауруы, тәбеттің болмауы).
Турункулярлы немесе тармаңтың лимфангоит ірі лимфа тамыр-ларын қамтиды, тері бетінде біріншілік инфекциялық ошақтан аймақтық лимфа түйіндеріне бағытталған 1-2 ашық-қызыл жолақ байқалады. Бұл жолақтар лимфа тамырлары қабырғаларының қабыну әсерінен қызаруынан пайда болады. Алғашқыда жолақ бойымен сыздаған ауыру сезімі анықталады. Кейіннен тығыз, басып тексергенде ауыру сезімі бар жолақтар, ал олардың айналасындағы тіндерді ісіну және кернеу пайда болады. Лимфа тамырларынан қабыну процестерінің оны қоршаған тіндерге өтуі (перилимфангоит) терідегі қызару көлемінің ұлғаюы, бет және мойын жұмсақ тіндерінің ісінуімен суреттеледі және төменгі жақасты немесе мойын аймақтарының лимфадениттеріне ауысады.
Терең орналасқан лимфа тамырларының қабынуы негізінен, беткей лимфа тамырларының қабынулары әсерінен дамиды.
Нақтамасы-диагнозы.Торлы лимфангоиттардың нақтамасы-диагнос- тикасы көп қиындық тудырмайды, тек түгел бет терісінің қызаруы кезінде тілме қабынуы көрінісіне ұқсайды. Тармақты лимфангоит кезінде көлемді ісінудің дамуы- флебит, флегмона сияқты қате нақтама-диагноз қоюға себеп болуы мүмкін.
Емдеу шаралары негізінен біріншілік инфекциялық ошақты жоюға бағытталуы керек. Жергілікті хирургиялық емдеумен қатар, антибио-тиктер, сульфаниламидтер және т.б. тағайындалуы тиіс.
Алдын алу. Біріншілік инфекциялық ошақтарды дер кезінде тоқтату (периодонтиттер, периоститтер, остеомиелиттер, гаймориттер т.б.).
Тұжырым: Бет-жақ аймағындағы қабыну аурулары өзінің келіп шығуы және өту кезеңдерінің әртүрлілігімен ерекше орын алады. Сол себептен нау-қасты медициналық және зертханалық тексеру кезінде өте жауапты түрде жандасу керек. Бұл науқастар көпшілік жағдайда жедел жәрдем көмегімен өте ауыр халде ауруханаға жеткізіледі-түседі, сондықтан аурудың тарихын зерттеу мен зертханалық шараларды жедел өткізуге тура келеді. Міне осындай кезде қателіктерге жол бермеу керек. Науқасқа дер кезінде сапалы да білікті арнайы медициналық көмек көрсету үшін дәрігер әрқашан дайын болуы керек. Дәрігер күнделікті өмірде өз-өзімен көп жұмыс жүргізуі шарт: медицинаның соңғы жаңалықтарын, енгізіліп жатқан тиімді әдістерді, жаңадан енгізілген дәрі-дәрмектердің аңдатпаларын оқып біліп және өз өмірінде жинаған бай тәжірибесін науқасты емдеуде қолдана білгені жөн.
Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:
1. Остеомиелит дегеніміз .........
А) жақ сүйегінің инфекциялы-аллергиялық іріңдеп өлеттеніп қабынуы.
Б) инфекциялы, медикаментозды
В) аллергиялық, оқты
Г) инфекциялы, оқсыз
Д) іріңдеп өлеттеніп, улану
2. Инфекция көзі мен таралу жолына қарай ........ деп бөлінеді.
А) одонтогенді, одонтогенді емес
Б) одонтогенді емес, арнайы
В) одонтогенді, арнайы,
Г) одонтогенді емес, арнайы емес
Д) одонтогенді, арнайы емес
3. Қоздырғыштар түріне қарай ........ болып бөлінеді.
А) арнайы, арнайы емес
Б) арнайы емес, одонтогенді
В) арнайы, одонтогенді
Г) арнайы емес, одонтогенді емес
Д) арнайы, одонтогенді емес
4.Периодонтит дегеніміз ...... жүретін қабыну ауруы.
А) тіс ұяшығы, тіс түбірі арасындағы жұмсақ тіндерде
Б) тіс түбірі арасындағы жұмсақ тіндерде, сүйек тінінде
В) тіс ұяшығы, буын өсіндісінде
Г) тіс түбірі арасындағы жұмсақ тіндерде, маңдай өсіндісінде
Д) тіс ұяшығы, құлақ маңы аймағында
5. И. Г. Лукомский (1958) периодонтиттің клиникалық көрінісі, таралу дәрежесі, патологиялық сипатына қарай ...... түрін ажыратады.
А) Жедел (эксудативті), созылмалы (пролиферативті), созылмалы периодонтиттің өршуі.
Б) Жедел (эксудативті), аралық, жеке-дара
В) созылмалы (пролиферативті), біріккен, аралық,
Г) созылмалы периодонтиттің өршуі, қосалқы, біріккен
Д) Жедел (эксудативті),жанама, жеке-дара
6. Созылмалы гранулематозды периодонтиттің рентген суретінде ...... дейін ыдыраған жерін көруге болады.
А) сүйек тіні дөңгелек, жиегі тегіс, көлемі дәннен ас бұршағына
Б) жиегі тегіс, жұмыртқа, сүйек тіні бөлінген
В) көлемі дәннен ас бұршағына, төртбұрышты, сопақша
Г) сүйек тіні дөңгелек, төртбұрышты, сопақша
Д) жұмыртқа, сүйек тіні бөлінген, төртбұрышты, сопақша
7. Созылмалы гранулденген периодонтиттің рентген суретінде ...... ошағын көруге болады.
А) тіс түбірі ұшының сүйек тінінде шекарасы анық емес, шеттері тегіс емес, бүлінуі-деструкция
Б) бүлінуі-деструкция, сорылу, қайта біту
В) шеттері тегіс емес, дөңгелек анық, төртбұрышты
Г) шекарасы анық емес, сопақша, иірілген
Д) шеттері тегіс емес, түзу, ойық-ойық
8. Клиникалық көрініске ие болған теріасты одонтогенді гранулемасы ........ белгі-симптоммен сипатталады:
А) бұзылған тіс, ұйыспаға-инфильтратқа созылған таспа (тяж), гранулема.
Б) бұзылған тіс, бүлінуі-деструкция, жиегі тегіс
В) ұйыспа, жиегі тегіс, сүйек тіні дөңгелек
Г) созылған таспа, бүлінуі-деструкция, сүйек тіні дөңгелек
Д) гранулема, жиегі тегіс, сүйек тіні дөңгелек
9. Теріасты гранулемасына тән ........... белгі-симптом болады.
А) ауру тіс, таспа, гранулема
Б) таспа, дәнекер тін, гранулема
В) гранулема, дәнекер тін, ауру тіс
Г) фиброзды тін, дәнекер тін, гранулема
Д) дәнекер тін, ауру тіс, фиброзды тін
10. Беттің одонтогенді теріасты гранулемасының даму кезеңдерінің ....... клиникалық түрі бар
А) біріншілік, стационарлық, жылжымалы, іріңдеуіш
Б) стационарлық, іріңдеуіш, қозғалмалы, түрін өзгертетін
В) жылжымалы, емханалық, қозғалмалы, екіншілік
Г) іріңдеуіш, қозғалмалы, түрін өзгертетін, екіншілік,
Д) екіншілік, емханалық, қозғалмалы, түрін өзгертетін
11. Одонтогенді жақ сүйек периоститі дегеніміз......... жедел ағымды іріңдеп қабынуын айтады.
А) ұяшықты-альвеольды өсіндінің, жақ сүйегі сыртқы қабығының
Б) жақ сүйегі сыртқы қабығының, біріншілік
В) ұяшықты-альвеольды өсіндінің, жылжымалы
Г) жақ сүйегі сыртқы қабығының, түрін өзгертетін
Д) ұяшықты-альвеольды өсіндінің, қозғалмалы
12. Актиномикоздың қоздырғышын ............. атаңыз
А) сәулелі саңырауқұлақ.
Б) Кохтың микобактериясы
В) Трелл дәнешігі
Г) Пирогов үшбұрышы
Д)Жонеско қабаты
13. Шиқан (фурункул) деп ............. атаймыз
А) Түк қапшықтары, май бездерінің қабынуы.
Б) Түк қапшықтары, дәнекер тіндер
В) май бездерінің қабынуы, сүйек тінінің
Г) Түк қапшықтары, сүйек тінінің
Д) май бездерінің қабынуы, дәнекер тіндер
14. Төменгі жақ сүйегінде периоститтің пайда болуына cебепкер...тіс
А) бірінші үлкен азу тіс
Б) бірінші кіші азу тіс
В) екінші үлкен азу тіс
Г) екінші кіші азу тіс
Д) үшінші үлкен азу тіс
15. Жақ бұлшықеттерінің қарысуы .....түрлерін атаңыз
А) 3 түрі
Б) 2 түрі
В) 4 түрі
Г) 7 түрі
Д) 1 түрі
16. Реплантация дегеніміз ................
А) тісті жұлып өңдегеннен кейін ұясына қайта отырғызу.
Б) тісті кесіп тастау
В) тісті қайта өңдеу
Г) тісті жұлып алу
Д) тісті дәрі-дәрмекпен емдеу
17. Реплантация әдісін бірінші рет ұсынған ғалым және жылы
А) Амбруаз Паре, 1794 жылы
Б) Эйнгорн, 1885 жылы
В) Эскулап, 1788 жылы
Г) Гиппократ, 1537 жылы
Д) Пирогов, 1893 жылы
18. В. А. Козловтың (1962) пікірінше өз ұясына отырғызылған тіс пен сүйектің өзара байланысы ................... түрде болады
А) периодонтты, остеоидты, аралас немесе фиброзды
Б) остеоидты, дәнекер тінді, бұлшықетті
В) аралас немесе фиброзды, дәнекер тінді, бұлшықетті
Г) периодонтты, дәнекер тінді, бұлшықетті
Д) остеоидты, периодонтты, дәнекер тінді
19. гематогенді остеомиелиттің инфекциялы-эмболиялық теориясын ұсынған ғалымдардың аты және жылы .
А) Э. Лексер (1884), А.А.Бобров (1889)
Б) Дерижанов (1905)
В) Снежко (1953)
Г) Бойко (1958)
Д) Смирнов (1983)
20. остеомиелиттің келіп шығуында нейротрофикалық бұзылыстар теориясын ұсынған ғалымның аты және жылы .
А) Г.И.Семенченко (1956)
Б) В.К.Поленичкин (1987)
В) С.В.Черненко (1977)
Г) В.П.Карманов (1985)
Д) А.В.Федоров (1988)
21. М М. Соловьев (1969), Т. К. Супиев (1983) мәліметтері бойынша .......... бүйрекүсті безі қыртысының гармондары әсерінен жүретінін және остеомиелиттің келіп шығуында аса маңызды рөл ойнайтынын дәлелдеген..
А) жергілікті иммунитеттің төмендеуі, созылмалы одонтогенді инфекция ошағының көшуі
Б) созылмалы одонтогенді инфекция ошағының көшуі, қан кету
В) жергілікті иммунитеттің төмендеуі, естен тану
Г) созылмалы одонтогенді инфекция ошағының көшуі, біріншілік
Д) жергілікті иммунитеттің төмендеуі, екіншілік
22. Жақ сүйектерінің остеомиелиті .......... болып бөлінеді.
А) одонтогенді, жарақат-травмалық, гематогенді, арнайы
Б) әлсіздік, одонтогенді, жарақат-травмалық,
В) жарақат-травмалық, гематогенді, қан кету
Г) қан кету,одонтогенді, жарақат-травмалық,
Д) жарақат-травмалық, гематогенді, естен тану
23. Жақ сүйектерінің остеомиелиті ......... фазада өтеді:
А) жедел ағымды, жеделдеу, созылмалы.
Б) жеделдеу, созылмалы, қарқынды, әлсіз
В) созылмалы, жедел ағымды,баяу, қан кету
Г) созылмалы, жедел ағымды, қарқынды, әлсіз
Д) жеделдеу, созылмалы, баяу, қан кету
24. Созылмалы остеомиелит жақ сүйектерінің жарақаттану тереңдігі мен таралуына байланысты .......... топтарға бөлінеді:
А) Созылмалы шектелген, жайылмалы остеомиелит.
Б) жайылмалы, қарқынды, әлсіз
В) шектелген,сопақ, бүйір тармақтар
Г) жайылмалы, сопақ, бүйір тармақтар
Д) шектелген, қарқынды, әлсіз
25. Төменгі жақтағы созылмалы остеомиелит кезіндегі продуктивті өзгерістің күштілігі рентгенограммада ..... қайта құрылуымен сипатталады.
А) сүйектің эндостальды және периостальды
Б) периостальды, дәнекер тін
В) сүйектің эндостальды, бұлшық еттік
Г) периостальды, төртбұрышты
Д) сүйектің эндостальды, үшбұрышты
26. Абсцесс бұл ....... іріңді қабынуы.
А) тері, теріасты май қабатының шектелген
Б) теріасты,бұлшықеттер, жайылмалы
В) теріасты май қабатының, фасциялар арасындағы клетчаткалардың
Г) фасциялар арасындағы клетчаткалардың жайылмалы
Д) фасциялар арасындағы клетчаткалардың шектелген
27. Флегмона бұл ....... іріңдеп қабынуы.
А) теріасты,бұлшықеттер, фасциялар арасындағы клетчаткалардың (шелдің) жайылмалы
Б) тері, теріасты май қабатының шектелген
В) теріасты,бұлшықеттер, шектелген
Г) фасциялар арасындағы клетчаткалардың шектелген
Д) теріасты май қабатының, шектелген
28. Бет және мойын аймақтарының абсцесстері мен флегмоналарын қоздыратын микробтарға ......... микробтар жатады.
А) стрептококктар, стафилококктар, диплококктар, пневмококктар, ішек таяқшасы микробы, анаэробты
Б) стрептококктар, стафилококктар, Кохтың микобактериясы
В) Кохтың микобактериясы, диплококктар, пневмококктар
Г) ішек таяқшасы микробы, сәулелі саңырауқұлақ
Д) анаэробты, Кохтың микобактериясы сәулелі саңырауқұлақ,
29. Аденофлегмона бұл ....... пайда болады.
А) лимфа түйіндері іріңдегенде, қоршаған жұмсақ тіндерге жарып шыққанда
Б) қоршаған жұмсақ тіндерге жарып шыққанда, сәулелі саңырауқұлақ
В) лимфа түйіндері іріңдегенде, Кохтың микобактериясы,
Г) қоршаған жұмсақ тіндерге жарып шыққанда, стрептококктар,
Д) лимфа түйіндері іріңдегенде, сәулелі саңырауқұлақ
30. Самай аймағында ......... қабатты клетчаткалы кеңістіктер бар:
А) теріасты шелі, самай бұлшықеті, апоневроздың арасында, самай бұлшықетінің астында (самай сүйегі бетінде), ең тереңі.
Б) апоневроздың арасында, стрептококктар, стафилококктар,
В) теріасты шелі, Кохтың микобактериясы
Г) самай бұлшықеті, диплококктар, пневмококктар
Д) самай бұлшықетінің астында, ең тереңі, сәулелі саңырауқұлақ
