Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. стмат. аз. ХТУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.75 Mб
Скачать

Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар

Жергілікті жансыздандыруды (анестезияны) күшейту және ұзарту үшін тамыр тарылтқыш заттар (адреналин, норадреналин, вазопрессин) аз мөлшерде жансыздандыру дәрілеріне (анестетиктерге) қосылады.

Адреналин гидрохлоридінің 0,1% ерітіндісі бір ретік жоғары мөлшері тері астына жібергенде 1мл, яки 16-20 тамшы. Адреналинді жансыздандыру дәрілеріне (анестетикке) қосқанда мынадай қатынасты сақтау қажет: 5-10 мл жансыздандыру дәрілеріне (анестетикке) -1 тамшы. 100 мл анестетикке-2-3 тамшы. Жансыздандыру дәрілеріне (анестетикке) қосылған адреналин тіндегі капилляр мен майда қан тамырларын тарылтып, жансыздандыру дәрілерінің (анестетиктің) тез тарап кетуін баяулатады. Сонымен қатар ота (операция) кезінде қан ағу азаяды. Жансыздандыру дәрілерінің (анестетиктің) күшін арттырғанмен адреналин қан қысымын көтеріп жіберуі мүмкін, бронх бұлшықетінің кернемесін (тонусын) босатып ентігу, жүректің жұмысын тездетіп, жүрек аритмиясына әкеп соқтырады. Қан қысымы жоғары, жүрегі, бүйрегі ауыратын адамдарға адреналинді қолданбаған жөн.

Адреналиннен уланған адамға фентоламин (ол эндо-экзогендік адреналинді тежейді), диурезді арттыратын дәрілер (Рингер ерітіндісі, лазекс), нитроглицерин қолданылады.

Соңғы кездері улағыштығы аз, тамырларды тарылтқыш жаңа дәрілер алынды. Олар: норадреналин, мезатон, вазопрессин. Олар жансыздандыру дәрілерінің (анестетиктердің) күшін, мерзімін арттырғанымен, қан ағуын онша азайта алмайды.

Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері

Жергілікті жансыздандыру (анестезия) инемен дәрі құю (инъекциялы) және инемен дәрі құю емес (инъекциялы емес) болып бөлінеді.Инемен дәрі құюға (инъекциялыға)-ішке сіңу (инфильтрациялық), өткізгіштік, А.В. Вишневскийдің «жылжушы ұйыспасы (инфильтраты)», инемен дәрі құю емес (инъекциялы емеске)- химиялық, физикалық, физика-химиялық, инесіз инъектор, инерефлексанестезия жатады. Қазіргі кезде дәрігер-стоматологтар жергілікті жансыздандыру әдістері-нің жіктелуі бойынша мынандай сызба түрінде қолданылуда (Супиев Т.Қ.2006).

Жергілікті жансыздандыру әдістерінің жіктелуі.

(А.А.Вишневский 1974; А.Ф.Бизяев 1998)

Жергілікті жансыздандыру

Ішке сіңу (инфильтратты)

жабыстыру-аппликация аймақтық-регионарная

соңғы-терминальная

беткей-поверхностная өткізгіштік-проводниковая

Жергілікті жансыздандырудың ішке сіңу (анестезияның инъекциялы) емес түрлері. Аппликация жансыздандыруы (сыртқы-терминальды, химиялық түрі) жансыздандыру дәрісін-анестетикті белгілі бір жерге жағу немесе басып тұру. Жансыздандырудың бұл түрі ауыз қуысы мен мұрынның кілегей қабығына қолданылады (дикаин, лидокаин, анестезин).

Кілегей қабықты сілекейден құрғатып, мақталы тампонды жансыздандыру дәрісіне-анестетикке батырып немесе ұнтағын сеуіп жансыздандыру-анестезия жасалатын жерге 2-3 минутке қояды.

Химиялық түріне көз ауруларында қолданылатын тамшыларды (инстилляция) айтуға болады.

Физикалық түріне өте төмен температурамен мұздату (хлорэтил) жатады. Себілген дәрі тез буланып тін салқындап барып мұздайды, нәтижеде сыртқы жүйке-нерв талшықтарының өткізгіштігі тоқтатылады.

Хлорэтил (қайнау температурасы 12-13°) шиша ыдыста-ампуладан 30-35 см қашықтықтан жансыздандыру-анестезия жасалатын жерге шапшып ағады. Бұл тәсіл қазір стоматологияда қолданылмайды.

Физика-химиялық түрі — бүл электрофорез арқылы жансыздандыру дәрісін-анестетикті тінге енгізу. Үшкіл жүйкенің-нервтің невралгиясын емдеуге, тістің қатты тіндерін жансыздандыру-анестезия жасауға қолданылады.

Соңғы кездегі стоматологияда жансыздандырудың-анестезияның жаңа түрлері рефлекстерапия, инешаншу, электроакупунктура - аналгезия өріс алды.

Жергілікті жансыздандырудың ішке сіңу (инъекциялы) түрлері. Жансыздандыру дәрісін-анестетиктің тінге ине немесе жоғары қысым арқылы енгізілуі ішке сіңу- инъекция түріне жатады. 1853 жылы Вудтың іші қуыс ине арқылы ота жасалатын жерге әртурлі дәрілерді енгізуі ішке сіңу жансыздандыруына-инъекциялы анестезияға жол ашты. Шприц пен инеге мынадай талаптар қойылады: поршеньнің шприцке дәл келуі, иненің ұзындығы 4-5 см-дей болуы, тиісті тереңдікке енгізілген соң да иненің 1-1,5 см-дейі қалуы керек, иненің түбі таттанбаған, ұшы қайырылмаған, ұшы 45° бұрышпен өткір болуы шарт. Ең дұрысы бір-ақ рет қолданылатын шприц.

Аспаптарды залалсыздандыру. Ыдысты шприц пен инені мұқият жуады, сонан соң биолот (1 литр суға 5 г биолот) ерітіндісі немесе 3% сутегі тотығына (Н2О2) 0,5% синтетикалық жуатын ерітіндімен тазартады. Тағы да суға жуып 45 минут бойы тазартылған суда қайнатады. Шприцтерді шынысын дәкеге орап, поршенін бөлек алып салқын суға салып қайнатады. Инелерді мандрендерімен қайнатады. Шприцтер мен инелерді арнайы ыдыстарда-стерилизаторда, дайындайды.

Жансыздандырудың ішке сіңу-анестезияның инъекциялы түрлерін дәл орындау үшін, жақ пен беттің анатомиясын, жақ сүйектердің құрылысы мен кілегей қабықтың жылжымалы, жылжымайтын бөліктерін білу, тістердің жүйке талшықтарымен-иннервациясы, жақ айналасындағы тіндер жайлы мәліметтерді жете білу қажет.

Жансыздандырудың ішке сіңу-анестезияны орындауда мынадай реттілік шараларды есте сақтаған абзал. Олар нысана жансыздандыру дәрісін- анестетиктің жіберілетін жері, нысананы анықтайтын белгілер (нысана маңындағы анатомиялық құрылымдар), ине шаншитын нүкте (ине бағытының қиылысы), бағыт, шаншу тереңдігі, жансыздандыру-анестезия жасайтын жүйке-нерв, жансыздандыру-анестезия аймағы.