Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дене шынықтыру жоспар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.24 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Сапқа тұруды

Меңгеру керек: Биік емес төбешіктерден кезекпен кезек шанамен сырғанауды

Жасай білу керек: Гимнастикалық жаттығуларды жасап, сырғанай білу керек.

МКҚК «Өркен» балабақшасы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының

Күні:

Білім беру салалары: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Шеңбер бойымен жүруге тәрбиелеу. Сырғанау»

Мақсаты: Балаларды шеңбер бойымен жүруге тәрбиелеу. Үлкендердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау

Билингвизм: шана-саньки, сырғанау – кататься, мұз-лёд

Әдіс-тәсіл: Көрсету, үйрету,ойындар

Көрнекілік: мұз

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті.

Баланың іс – әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы

Іздену қозғаушы

Балалар саппен аулаға Олар шеңбер жасап тұрады.

Біріншіден күнделікті жаттығуымызды орындайық.

Бәріміз жаттығуды есімізге түсіріп менің артымнан қайталап орындаймыз.

Балалар біздер деніміз сау болу үшін жаттығулар жасап, таза ауада демалуымыз керек.

Балалар қазір жылдың қыс мезгілі. Қыста қар қалың жауады. Боран, аяз соғады.

Әлсін-әлсін қар жауады.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйтқып боран соғады

Қыстың ерекшеліктеріне қарамастан балалар сырғанақ теуіп, аққала жасап ойнайды.

Ал кәнекей балалар, бүгін мұзды жолдармен сырғанап үйренеміз.

Біз тебеміз сырғанақ

Таудан төмен сырғанап

Бір шанада екеуміз

Құламайды екенбіз

Бір-бірден жүгіріп келіп, тізені сәл бүгіп сырғанау.

Жүрелей отырақалып сырғанау

Балалар саппен сыртқы аулаға кіреді. Шеңбер жасап тұрады.

Қол төменде, аяқ иық тұсында қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшында тұрамыз.қолды түсіреміз.

Қолды кеуде тұсына ұстап қос аяқтап секіру.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдар отырады.

Мұзды жолдармен сырғанап үйренеді

Біз тебеміз сырғанақ

Таудан төмен сырғанап

Бір шанада екеуміз

Құламайды екенбіз

Рефлексивті коррекциялаушы

Балалар бүгін біздер қандай ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткіздік?

Қыста не жауады?

Қазір қай мезгіл?

Енді жұмбақтар жасыру

Жасыл тонының бояуы

Жыл он екі оңбайды

Дәні бүршікті сояуы

Қысқы аязда тоңбайды

Ол не?

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады

Жылтырайды сайда

Сыйбайды айна

Байлаулы екі аяғым

Қолымда екі таяғым

Сырғанаймын қардың үстімен

Озамын атты кісіден

Ол не?

Қар

Қыс

Шырша

Аяз

Мұз

шаңғы