- •Мазмұны
- •1. Глоссарий
- •2. Дәрістік материал. Тақырып 1. Ақпарат жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп
- •1. Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі
- •2. Бухгалтерлік есеп және оның міндеттері
- •3. Бухгалтерлік есептің ақпарат жүйесі
- •4. Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзінде реттелуі
- •Тақырып 2. Бухгалтерлік есептің концепциялары менқағидалары
- •1. Бухгалтерлік есептің концепциялары
- •2. Бухгалтерлік есептің қағидалары
- •Тақырып 3. Қаржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері
- •1. Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі
- •2. Қаржылық есеп берудің элементтері
- •3. Шаруашылық және қаржылық процестер
- •Тақырып 4. Бухгалтерлік баланс
- •1. Баланс және оның құрылысы
- •2. Баланста шаруашылық операцияларының әсерінен болатын өзгерістер.
- •Тақырып 5. Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
- •1. Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылысы.
- •2. Екі жақты жазу , оның мәні және маңызы
- •3. Шоттардың жіктелуі
- •4. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары
- •Тақырып 6. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •1. Бухгалтерлік құжаттар және олардың жіктелуі
- •2. Түгендеу, оның маңызы
- •3. Есеп регистрлары және ондағы қателерді түзету әдістері
- •4. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары
- •5. Есеп саясаты
- •Тақырып 7. Есептік кезең (цикл) және қаржылық есеп берушілікті дайындау
- •1. Есептік кезең
- •2. Қаржылық есеп беру
- •Тақырып 8. Қысқа мерзімді активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
- •1. Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері
- •2. Кассадағы ақшалардың есебі
- •3.Ағымдағы банктік шоттағы ақшалардың есебі
- •Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар шоты бойынша шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы
- •4. Жолдағы және арнаулы шоттардағы ақшалардың есебі
- •Жолдағы ақшалай қаражаттар шоты бойынша шоттар корреспонденциясы
- •5. Ақшалай қаржылардың түгендеуі
- •Тақырып 9. Дебиторлық борыштардың есебі
- •1. Дебиторлық қарыздар, оның түрлері
- •2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі
- •Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары
- •3. Еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың дебиторлық қарыздарының есебі
- •Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары
- •Кәсіпорын жұмыскерлерінің дебиторлық қарыздар есебі
- •Жұмыскерлердің қарыздары есебі бойынша шоттар корреспонденциялары
- •5. Алдағы кезең шығындарының және берілген аванстар есебі
- •6. Күдікті талаптар бойынша резервтер есебі
- •Тақырып 10. Қорлар есебі
- •1. Материалдық қорлар, олардың жіктелуі мен бағалануы
- •2. Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау
- •3. Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлар есеб.
- •Материалдық қорлар есебі бойынша шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы
- •4. Материалдық қорларды түгендеу
- •5. Аяқталмаған өндіріс есебі.
- •Дайын өнім және тауарлар есебі
- •Дайын өнімдер есебі бойынша шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы
- •Тақырып 11. Ұзақ мерзімді активтердің есебі.
- •1. Ұзақ мерзімді активтер түрлері, олардың жіктелуі
- •2. Ұзақ мерзімді активтер есебі
- •Материалдық емес активтердің шығуының есебі бойынша шоттар корреспонденциясы
- •1. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісі.
- •2. Амортизацияны (тозуды) орындаған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
- •Мердігерлік тәсілмен негізгі құралдарды жөндеуге шығындардың есебі бойынша шоттар корреспонденциясы
- •Тақырып 12. Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі
- •1. Міндеттемелер және олардың жіктелуі
- •2. Займдар есебі
- •3. Салықтар, басқада міндетті және ерікті төлемдер бойынша есеп айырысулардың есебі
- •Қосылған құн салығы және акциздер есебі бойынша
- •4. Жабдықтаушылармен және алынған аванстар бойынша есеп айырысулардың есебі
- •5. Дивиденттер бойынша есеп айырысулар және болашақ кезеңдердің табыстарының есебі
- •6. Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар есебі
- •Еңбек ақы есебі бойынша шаруашылық операцияларға
- •Тақырып 13. Табыстар мен шығындардың есебі
- •1. Табыстар мен шығындар түсінігі, танылуы
- •3. Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сату бойынша шығындардың есебі
- •4. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері
- •5. Көрсетілген қызметтер бойынша табысты тану. Шығындардың танылуы
- •6. Кезең шығындарының есебі
- •7 . Төтенше жағдайлардан болатын табыстар мен шығындар
- •Тақырып 14. Меншікті капитал есебі
- •1. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.
- •2. Төленбеген капитал есебі. Қайта сатылып алынған меншікті үлестік құралдар
- •3. Эмиссиялық кіріс есебі
- •4. Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері; шетел валютасын қайта санау резервтері және басқа да резервтер.
- •Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған
- •5. Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Жабылмаған зиянды есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу
- •Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі бойынша шоттар корреспонденциялары
- •Тақырып 15. Қаржылық есеп берудің ұсынылуы
- •1. Қаржылық есеп беру, оның формалары
- •2. Бухгалтерлік баланс
- •3. Табыстар мен шығыстар туралы есеп
- •Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •4. Ақшалардың қозғалысы туралы есеп
- •Ақша қозғалысы туралы есеп
- •5. Меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп
- •Тақырып 16. Аудиттің мәні, пәні мен әдістері
- •1. Аудиттің мәні, пайда болуы мен дамуы.
- •2. Аудиттің негізгі принциптері мен функциялары
- •3. Аудит пәні, объектісі және міндеттері
- •4. Аудит әдістері мен әдістемелік тәсілдері
- •Тақырып 17. Аудиттің стандарттары және аудиторлардың мамандық этикасы
- •1. Аудит стандарттары
- •2. Аудиттің мамандық этикасының кодексі
- •Тақырып 18. Аудит жүргізудің дәйектілігі және сапасын бақылау
- •1. Аудиторлық тексеру жүргізуге келісім-шарт
- •2. Аудиторлық дәлелдеулер, оның түрлері
- •3. Құжаттамалар және аудит сапасын бақылау.
- •Тақырып 19. Аудиттегі мәнділік және аудиторлық тәуекелділік
- •1. Аудиттегі мәнділік, қателіктер мен заңсыз әрекеттер
- •2. Аудиторлық тәуекелділік
- •Тақырып 20. Аудиторлық қорытынды есеп беру
- •1. Аудиторлық қорытынды есеп және оны дайындау тәртібі
- •2. Аудиторлық қорытынды есеп құрылымы мен түрлері
- •Тақырып 21. Қаржылық есеп беру және оның аудитінің дәйектілігі
- •1. Қаржылық есеп беру, оның маңызы мен ролі
- •2. Қаржылық есеп беруді тексерудің дәйектілігі
- •3. Тәжірибелік сабақтар Тақырып 1. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары (принциптері)
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Тақырып 2. Бухгалтерлік баланс
- •Тақырып 3. Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
- •Қыркүйек айындағы шаруашылық операциялар
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Тақырып 4. Қысқа мерзімді активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
- •Кассалық кітап 1-31 желтоқсан 2009 жыл
- •Тақырып 5. Дебиторлық борыштардың есебі
- •Есептер
- •Тақырып 6. Қорлар есебі
- •Есептер
- •Тақырып 7. Ұзақ мерзімді активтердің есебі.
- •Тақырып 8. Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі
- •Тақырып 9. Табыстар мен шығындардың есебі
- •Тақырып 10. Меншікті капитал есебі
- •Тақырып 11. Қаржылық есеп берудің ұсынылуы
- •Тақырып 12. Аудиттің стандарттары және аудиторлардың мамандық этикасы
- •Тақырып 13. Аудит жүргізудің дәйектілігі және сапасын бақылау
- •Тақырып 14. Аудиттегі мәнділік және аудиторлық тәуекелділік
- •Тақырып 15. Аудиторлық қорытынды есеп беру
- •4. Студенттердің өздік жұмыстары
- •4.1 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •4.2 Рефераттар тақырыптарының тізімі
1. Табыстар мен шығындар түсінігі, танылуы
Табыстар –бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар – бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда , тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда , шығындар – бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.
Пайда- бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.
Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.
Тану – кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт критерийі : анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.
Табыс- кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу.
Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға : дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.
2. Сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының есебі
Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға 70 бөлімшенің 7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін және босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған. 7010 шоттың дебетінде сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құны есепке алынады да, есепті кезеңнің аяғында осы шоттың кредитінен 5610 «Қорытынды пайда (залал)» шотының дебетіне жазылады.
7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шоты бойынша талдау есебі сатылатын бұйымдардың, жұмыстардың және қызметтердің түрлері бойынша ұйымдастырылады. Талдау есебі үшін машинограммалар не ведомостар пайдаланылады, оларда бір айдағы және жыл басынан бергі өнімнің, жұмыстың және қызметтердің саны мен өзіндік құны көрсетілуі тиіс.
3. Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сату бойынша шығындардың есебі
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 шот арналған. Бұл шотта сату бойынша жұмсалған кәсіпорын қоймасындағы өнім ыдыстарына және өнімдерді орауға жұмсалған шығындар көрсетіледі. Егер өнімдерді ыдысқа салу өнім қоймаға тапсырылғанға дейін өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын өнімнің өндірістік өзіндік құнына енгізеді, өнімді жөнелтетін станцияға дейін тасымалдау, оны көлік құралдарына сату бойынша жұмсалатын шығындар; комиссиялық алымдар немесе шарт бойынша өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін шығындар; өнімді өткезген жерлерде қойманың ұсталуы;сатушылардың және басқа қызметкерлердің еңбек ақысы мен аударымдар; жарнамаға және өткізуге арналған шығындар; өткізушіге және делдалдық ұйымдарға төленетін комиссиялық алымдар; өнімдерді өткізумен байланысты басқа да шығындар.
Сатылатын өнімдердің шығындары сатып алушының есебінен өтелетін болса, бұл шығындар 7110 шотта көрсетілмейді, тек қана қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтардың қызметі ретінде кіріске алынады.
Өнімдерді сатуға жұмсалатын шығындардың баптары бойынша талдау есебін өнімді сатуға жұмсалған шығындар есебінің тізімдемесінде немесе машинограммада кәсіпорын бекіткен баптардың номенклатурасы бойынша жүргізіледі.
Өнімдерді өткізуге қатысы бар қызметкерлерге жалақы есептелгенде: Дебет шот 7110 Кредит шот 3350.
Жарнамаға, қойманың күтілуіне, комиссиялық және басқа да шығындарды төлеуге шот-фактура қабылданғанда: Дебет шот 7110 Кредит шот 3310, шотқа енгізілген қосылған құн салығы сомасына: Дебет шот 1420 Кредит шот 3310.
Өткізу процесінде пайдаланылған материалдық емес активтер және негізгі құралдар бойынша амортизация есептелді: Дебет шот 7110 Кредит шот 2741, 2421.
Есепті кезең соңында есепке алынған шығындар табыс (зиян) шотына көшіріледі: Дебет шот 5610 Кредит шот 7110.
