- •Жарнама.
- •Табыс қайдан келеді?
- •Экономика
- •Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз. Тапсырма №3. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.
- •1.«Үнем» түбірлес сөздерді жиі естиміз.
- •Экономиканы білу-пайда.
- •(Три важнейших вопроса экономики)
- •(Сущность теневой экономики)
- •Экономикаға қатысты терминдер
- •Маркетинг-бизнестің өзегі (Маркетинг-стержень бизнеса)
- •Нарықтың жүрегі-ақша.
- •Ақшадан қажет не?
- •Қаржы нарығы: оның мәні мен құрылымы (Финансовый рынок: его значение и структура)
- •Нарықтық экономика.
- •(Налоговая система рынка)
- •Нарықтың түрлері.
- •Сұраныс пен ұсыныс
- •Нарықтың инфрақұрылымы (Инфраструктура рынка)
- •Нарыққа қатысты қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер ( Крылатые слова, пословицы и поговорки, имеющие отношение к рынку)
- •Қазақ мақалдары
- •Инфляцияның түрлері (Виды инфляции)
- •Мазмұны
- •Икапова Дана Сарқытқызы
- •2014Жылы баспаға жіберілді
- •050043, Алматы қ-сы, Рысқұлбеков к-сі,
Ақшадан қажет не?
Егер сен өзіңнің жеке шаруашылығың мен үнемшілдігің тек қана ақшаға байланысты деп ойласаң, онда қателескенің.
Өзіңңнің жеке шаруашылығыңның иесі екенсің және шаруашылығыңды үнемді түрде жүргізеді екенсің, демек сенің басты мүддең – өзің болып табыласың.
Өз өміріңді сенің мүлкің емес, сенің өзің айқындайсың.
Сенің адал, табанды болуың қажет. Өзіңнің денсаулығыңды ойлауға, білім-білігіңді толықтыруға тиіссің. Өзіңнің әрбір іс-әрекетіңді ойланып барып, әрбір сөзің мен ісіңе жауап беретіндей болуың керек. Егер жұмысың жүрмей жатса, оған жыланудың қажеті жоқ. Бұл қасиеттердің барлығы да сенің қандай адам болатыныңды айқындайды.
Осы қасиеттердің бәрін бойыңа қалыптастыра біл, өйткені бұл қасиеттер сенің үнемшіл болуңа көмектеседі.
Тапсырма№1.Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз
Үнем-экономия мүдде-интерес
Үнемшіл-экономный шаруашылық-хозяйство
Үнемдеу-экономить қателесу-ошибаться
Қасиет-качество айқындау-выявить
Мүлік-имущество қалыптастыру-формировать
Тапсырма№2.Сұрақтарға жауап беріңіз
1.Даму үшін ақша мақсат па, әлде құрал ма?
2.Ақшаны ақша жасайды деген ұғымға қалай қарайсыз?
3.Денсаулық ақшадан қымбат-бұл тұжырыммен келісесіз бе?
4.Ақша табу-қызықты ойын сияқты деген тұжырымға қалай қарайсыз?
5.Егер қолыңызда үлкен қаражатты сома болса, не істер едіңіз?
Тапсырма№3.Берілген мақал-мәтелдерді оқып, өз ойыңызды білдіріңіз
1.Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
2.Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
3.Ақшаны ашпайтын құлып жоқ.
4.Ақшада көз жоқ.
Практикалық сабақ №18.
Несие
Адамдарға әр уақытта ақша қажет екені белгілі. Ақша бизнесін дамыту үшін кәсіпкерлерге де, жаңа пәтер, автокөлік сатып алу үшін жеке тұлғаға да ақша қажет.
Не істеу керек? Ақшаны қайдан алуға болады?
Осыны ойлаған банктер ерте кезден бастап ақшаны сақтаудан, есеп айырысудан басқа банк операциясының тағы бір үшінші түрі несие берумен айналысады.
Қазір банктер ең тиімді коммерциялық пайыз мөлшерін ұсына отырып, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие береді.
Бірақ кез келген банк кепілдіксіз несие бере алмайды. Кез келген банк иесі несие ісінің мыңдай қағидаларын естен шығармауы тиіс: кепілдік, мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік. Сондықтан да несие аларда сізден кепілдеушіңіздің бар қырын немесе кепіл затыңызды сұрайды.
Кепіл ретінде қозғалмайтын мүліктерді, құрал-жабдықтарды, құнды қағаздарды немесе сұранысқа ие тауарларды пайдалануға болады.
Кәсіпкер несие аларда банкке шығысы мен кірісі есептелген бизнес-жоспарын ұсынады.
Ұсынылған құжаттарды қарап, банктің несие комиссиясы сізге несие беру бермеу керектігін шешеді.
Тапсырма № 1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
Айналысу-заниматься
Несие-кредит
Несиегер-кредитор
Пайыз-процент
Кез келген-любой
Қайтарымдылық-возвратность
Төлемділік-платежеспособность
Кепілдеуші-гарант
Кепіл-залог
Құнды-ценные
Шешу-решать
Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тапсырма №3. Мәтінге сай сөйлемдерді аңықтаңыз.
1.Банктер несие берумен айналысады.
2.Банктер ең тиімді коммерциялық пайыз мөлшерін ұсынбайды.
3.Кез келген банк кепілсіздік несие береді.
4.Несие аларда сізден кепіл затыңызды сұрайды.
5.Кепіл ретінде қозғалмайтын мүліктерді пайдалануға болмайды.
6.Кәсіпкер несие аларда бизнес жоспарын ұсынады.
Тапсырма №4. Тест жұмысы
1.«Кепіл» дегеніміз не ?
а)Залог
ә)Предмет
б)План
2.Адамға әр уақытта не қажет?
а)Кепіл
ә)Ақша
б)Пайыз
3.«Мүлік» сөзінің аудармасы
а)Спрос
ә)Кредитор
б)Имущество
4.Банк не береді?
а)Несие
ә)Жоба
б)Құнды ұсыныс
Тапсырма №5. Сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Несие, несиегер, кепіл, пайыз, айналысу, құнды қағаздар, құжат.
Практикалық сабақ №19.
БАНК ҚЫЗМЕТІ
Банктік жүйе-ол не? Банктік жүйе-өндірістік инфрақұрылым. Өндіріс болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен адамдарға қарызға береді. Біздің елде банктік жүйе екі деңгейлі. Біріншісі-мемлекеттік, екіншісі-коммерциялық банктер. Ұлттық банктер бірінші, екінші деңгейдегі банктерді тексереді, тіркейді. Әр банк ашылған сайын Ұлттық Банк лицензия береді. Ұлттық Банк басқа банктерді жиі тексереді. Банк жұмысы нашар болса, лицензияны қайтарып алады, жабады. Мысалы, Крамдсбанк. Коммерциялық банктер-екінші деңгейдегі банктерге жатады, неше түрлі-жеке де, акционерлік те болады. Банктер қандай саясатты жүзеге асырады? Бірінші-инфляция болмас үшін. Ұлттық банк коммерциялық банктегі ақша айналымын үнемі тексеріп отырады. Ақша саясаты ақша айналымы заңын өмірге келтірген. Осы заңды ескермесек, үлкен инфляция болады. Ақша айналымы заңына кеңес одағы кезінде де қараған жоқ. Неге десеңіз, ол қажетсіз болды. Ақша айналмы сферасы өте аз болды, тек қана тауар айналымында болды. Түйіндеп айтатын болсақ, банк-қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктер кредит-несие саясатын жүзеге асырады. Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктерден алатын кездері болады. Еліміздің байлығы , беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз. Валюталық саясат-ол теңгенің күшті болуын қарайды. Шетелден әкелінген ақшаның заңсыз айналуын бақылайды.
Тапсырма№1.Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз
Жүйе-система қарыз-долг
Тіркеу-регистрировать айналым-оборот
Мекеме-учреждение саясат-политика
Делдал-брокер кәсіпорын-предприятия
Өндіріс-производство ескеру-учитывать
Тапсырма№2.Сұрақтарға жауап беріңіз
1.Банктік жүйе дегеніміз не?
2.Банк қандай мекеме?
3.Банктік жүйе неше деңгейлі?
4.Ұлттық банк не істейді?
5.Еліміздің байлығы неге байланысты?
6.Қазақстанның қандай банктерін білесіздер?
7.Банк қызметі туралы не білесіз?
Тапсырма№3.Мәтінге күрделі жоспар жасаңыз
Тапсырма№4.Мәтінді баяндауда етістік шақтарының қай түрі көп
пайдаланылған?
Тапсырма№5. «Банк» деген сөзді септеңіз, тәуелдеңіз
Практикалық сабақ №20.
