- •Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
- •Қр 2015 жылға дейінгі индустриалық – инновациялық саясатының мазмұны
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері
- •Кәсіпорын: түсінігі, міндеттері, функциялары және қызмет ету қағидалары
- •Кәсіпорындардың жіктелуі
- •Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштері
- •8.Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы көрсеткіштерін сипаттамасы
- •9. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •10. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •11. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
- •12. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген
- •13. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері.
- •14. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері.
- •15. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •16. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы.
- •17. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.
- •18. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
- •19. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы
- •20. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері.
- •21. Еңбек ақы төлеу нысандары және жүйесі
- •22. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі.
- •23. Инвестициялар: мәні мен түрлері.
- •24. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.
- •25. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар.
- •26. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар
- •27. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және бағалау көрсеткіштері
- •28. Өнім сапасы: түсінігі және көрсеткіштері
- •29. Кәсіпорын қаржысының түсінігі және функциялары
- •30. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •Кәсіпкерліктің мәні, мақсаттары мен міндеттері
- •Кәсіпкерлік: түрлері мен нысандары
- •Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық және ұйымдық – экономикалық нысандары
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) тәуекелдің мәні мен көздері.
- •Тәуекелдер мен жоғалтулардың түрлері, олардың түрлері
- •Тәуекелді басқару әдістері.
- •Тәуекелділікті бағалау әдістері: статистикалық, эксперттік, есептеу-аналитикалық.
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау процесі
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.
- •Бизнес-жоспарды құру тәртібі және әдістемесі
- •Бизнес-жоспар: мәні және мазмұны
- •13.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері.
- •14. Кәсіпкердің қаржы ресурстарын жоспарлау.
- •15.Кәсіпкерлік мәмілелерді несиелендіру.
- •16. Еңбек ұжымының қалыптасуы.
- •17. Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау.
- •18. Еңбекті нормалау: еңбек нормаларының түрлері
- •19. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
- •20. Кәсіпкерлік мәмілелер және олардың түрлері
- •21. Келісім-шарттың негізгі түрлері және оның мазмұны.
- •22. Сату және сатып алу келісім-шарттарын жасауға қойылатын талаптар.
- •23. Келісім-шарттарының негізгі бөлімдері.
- •30. Қр бизнес – инкубаторлардың қызмет ету ерекшеліктері
- •Микроэкономиканың пәні және объектілері
- •Позитивті және нормативті микроэкономика
- •Позитивті микроэкономиканың әдістері
- •Нормативті микроэкономика бойынша модельдеу
- •Сұраныс және сұраныс заңы
- •Сұраныс заңынан ауытқу Гиффен парадоксы және Вебленнің әсері
- •Ұсыныс және ұсыныс заңы
- •Ұсыныстың бағадан тыс факторлары
- •Нарықтық тепе теңдік және оның қозғалысы
- •Нарықтық тепе теңдіктің тұрақтылығы
- •Салықтар, дотациялар мен тұрақты бағалардың нарықтық тепе теңдікке әсері
- •Икемділік түсінігі және баға мен табыс бойынша икемділік
- •Баға бойынша сұраныс икемділігінің факторлары. Ер коэффициенті
- •Тұтынушылық іс-әрекет теориясын қолдану және оның негізгі шарттары
- •Тұтыну түсінігі, ұтымдылық пен пайдалылық
- •Пайдалылықты анықтаудың сандық және реттілік тәсілдері
- •Кемімелі шекті пайдалылық заңы
- •« Табыс-тұтыну » қисығы. Энгель қисығы. «Баға-тұтыну» қисығы .
- •Жеке және қоғамдық шығындар
- •Қысқа мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары: жалпы, тұрақты, өзгермелі, орташа, шекті
- •Ұзақ мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары
- •Сурет 6.1. Ұзақ мерзімдегі орта және шекті шығындар.
- •Бәсекелес фирма және оның қысқа, ұзақ мерзімді кезеңдегі тепе теңдігі
- •Пайданы максимизациялау және шығыстарды минимизациялау шарты
- •Өндіріс факторлары нарығының функциялары мен ерекшеліктері
- •Шекті табыстылық және шекті шығыстар
- •Өндіріс факторларының ұсынысы. Ресурстар ұсынысының икемділігі.
- •Өндіріс факторлары нарығындағы тепе теңдік
- •Жеке және қоғамдық игілік
- •Теріс және оң сыртқы әсердегі өндіріс
12. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады.
Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген.
Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады.
Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
Өндірістік әдіс.
Бұл әдіс объектінің пайдаланылатын уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 15 (он бес)
миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.
Бастапқы құн – қалдық құны әр жылдағы.
Жалпы өндірілуге тиісті өнім саны * өндірілген өнім саны =
= әр жылда өндірілген өнім саны = теңге * әр жылдағы өндірілген өнім саны
Кумулятивті әдіс.
Кумулятивті әдіс- латынтілінен аударғанда өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді.
Кумулятивті әдіс деп айтылуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байанысты.
Кемімелі – қалдық әдісі.
Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны оны4 жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.
13. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері.
Қазіргі уақытта жүзеге асырылатын техникалық саясат негізгі қорлардың әрбір теңгесіне шығарылатын өнімді көбейтуге жағдай жасайды. Бұл өндіріс тиімділігін көтеруге септігін тигізеді. Негізгі қорларды тиімді пайдалану,біріншіден өндіріс көлемі ешқандай қосымша салымдарсыз ұлғаяды, екіншіден, еңбек өнімділігі өседі, өнімнің өзіндік құны азаяды. Кәсіпорында және өнеркәсіпте негізгі құралдар қаншалықты тиімді пайдаланылатындығын анықтау үшін келесідей көрсеткіштер жүйесі қолданылыды: 1. негізгі құралдар құрылымының қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер; 2. негізгі қорларды пайдаланудың жалпылама көрсеткіштері; 3. негізгі қорлардың интенсивті және экстенсивті көрсеткіштері. Бірінші топ көрсеткіштері: жаңару коэффициенті, негізгі қорлардың шығуы коэффициенті, негізгі қорлардың өсуі коэффициенті және негізгі өндірістік қордағы актив бөлігінің үлес мөлшері. Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті (Ко) – белгілі кезең (жыл) аралығында жаңадан түскен негізгі құралдарды және олардың интинсивтілігін сипаттайды. Жаңару коэффициенті бір жылда келіп түскен негізгі құралдар сомасының (Фн) жыл аяғындағы негізгі құралдар сомасына қатынасымен анықталады.(Фкг): Ко =Фн / Фкг Негізгі құралдардың шығу коэффициенті (Квыб):- негізгі құралдардың берілген кезеңдегі жойылу және шығу процесін сипаттайды. Бұл коэффициент негізгі құралдардың берілген кезеңдегі шыққан құнының (Фвыб) берілген период басындағы негізгі құралдардың құнына (Фнг) қатынасымен табылады: Квыб = Фвыб /Фнг Негізгі құралдардың өсу коэффициенті (Крост) – негізгі құралдардың жаңаруы есебінен салыстырмалы өсуін бейнелейді: Крост = (Фн - Фвыб)/ Фкг Негізгі өндірістік қордағы актив бөлігінің үлес салмағы негізгі өндірістік қор құрылымының прогрессивтілігін сипаттайды, негізгі өндірістік қордың жалпы сомасындағы олардың актив бөлігінің үлесі (машина, құрал-жабдықтар, скважина, технологиялық қондырғылар, мұнайгаз құбырлары) процент түрінде беріледі . Көрсеткіштердің екінші тобына қор қайтарымдылығы және қор сиымдылығы, қор қарулануы жатады. Қор қайтаымдылығы (Фо) – негізгі қорларды тиімділік деңгейін бейнелейтін жалпылма көрсеткіш. Ол негізгі қордың 1 теңгесіне шығарылған өнім көлемін (немесе тауарлық өнімді) көрсетеді. Қор сиымдылығы (Фе) – бұл натуралды немесе құндық түрдегі шығарылған тауалық өнімнің бір теңгесіне немесе шығарылған өнімнің бір данасына келетін негізгі қорлардың құны. Фе = Фсг/ Q Қор қарулануы (Фв) негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін бейнелейді және негізгі қорлардың орташа жылдық құнының өнеркәсіп-өндірістік персоналдардың орташа тізімдік санына қатынасымен табылады. Фв = Фсг/ Ч ( Ч – персоналдардың орташа тізімі.) Еңбектің техникалық қарулануы : Ф тех = Факт/ Ч Мұнда Фтех - негізгі құралдардың актив бөлігінің орташа жылдық құны. Бұл топтағы көрсеткіштер динамикасы кәсіпорында жүргізілген ұдайы өндіріс процесі жағдайын көрсетеді. Үшінші топ көрсеткіштері негізгі қордағы актив бөлігін пайдалану деңгейін және өндірістік қуатты, сонымен қатар оларды пайдалануды жақсарту мүмкіншіліктерінің жасырын резервтерін сипаттайды. Оларға негізгі қорларды интенсивті, экстенсивті, және интегралды пайдалану коэффициенті кіреді. Экстенсивті пайдалану коэффициенті (Кэ), НӨҚ актив бөлігін пайдалану деңгейін сипаттайды. Ол құрал-жабдықтардың істелген уақыттың қордың календарлық уақытына қатынасы(Тк): Кэ =Тф/ Тф Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициентінің мәні бірлікке жақындауы тиіс. Кез-келген кәсіпорында амортизация аударымының дәлдігі, өнімнің өзіндік құны, оған белгіленген баға, мүлікке есептелтін салық сомасының және де басқа көрсеткіштер негізгі өндірістік қордың бағалануының дұрыстығы мен нақтылығына байланысты. Негізгі қорлардың жағдайы және пайдалануы натуралды және құндық көрсеткіштермен есептеледі. Натуралдық көрсеткіштер өндірістік қордың техникалық құрамын анықтауға кәсіпорын обьектілерінің және саланың жалпы өндірістік құрылымын анықтауға, құрал-жабдық балансын беруге мүмкіндік береді. Натуралды көрсеткіштегі әрбір обьектінің мінездемесі техникалық паспортта бейнеленеді, өндірістік қуатының тозу дәрежесі және негізгі құралдардың құрамы мен жағдайындағы барлық болған өзгерістер көрсетіледі. Негізгі қорлардың сақталуын бақылау мақсатында негізгі қорларды тізімдеу жасалып отырады, бұл оладың жағдайын және түгелдігін бақылап отырады. Негізгі қорларды құндық бағалау бұл олардың жалпы көлемін, құрылымын, динамикасын, амортизациялық аударымдарын анықтау үшін және олардың ұдайы өндірісін жоспарлау үшін қажет. Бухгалтерлік есепте, негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады. Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдардың әртүрі бойынша бастапқы құнға мына шығындар кіреді:
жер учаскесінің бастапқы құнына:жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөніндегі келісім-шартты рәсімдеу үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар енгізіледі;
құрал-жабдықтардың бастапқы құнына: құрал-жабдықтарды сатып алу құны, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп, түсіруге кеткен шығындар және тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтарды пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар жатады.
Кәсіпорынға келіп түскен негізгі қорлардың бастапқы құны келесі жағдайларда анықталады:
Екі жақтың келісімі бойынша құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталға салған салымдарымен;
Кәсіпорынның өзінде шығарылған немесе басқа кәсіпорын және басқа тұлғалардан жалға алынған – бұл объектілерді иеленуге жеткізу, монтаждау және қондыруға кеткен нақты өндірістік шығындар, .
Басқа кәсіпорын немесе заңды немесе жеке тұлғалардан қайтарымсыз түрде тегін алынған, сонымен бірге үкімет орындарынан сарапшылық жолмен немесе басқа құжаттар мәліметтері бойынша субсидиялар беру;
Екі жақ келісімі бойынша ұзақ мерзімге жалға алу.
Негізгі құралдардың сандық сипаты баланста толық бастапқы құн бойынша келесі формуламен көрінеді.: Фк = Фн + Фв – Фл, Мұнда Фк – негізгі қордың жыл аяғындағы құны; Фн- негізгі қордың жыл басындығы құны; Фв – бір жыл ішінде кірген негізгі қор құны; Фг – бір жыл ішінде жойылған негізгі құралдар құны. Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл шаруашылық субъектісінің белгілі бір уақыттағы яғни бүгінгі күндегі негізгі құралдың нарықтық бағасы болып табылады . Негізгі құралдардың баланстық құны - шаруашылық субьектінің бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпаратында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады. Негізгі құралдардың қалдық құны - негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығыруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады. Негізгі қорларды қалдық құнмен есептеу ең алдымен олардың сапалық жағдайын, жарамдылық коэффициентін және физикалық тозуын анықтау үшін немесе бухгалтерлік баланс құрау үшін қажет. Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады. Негізгі қорладың нақты құны - кәсіпорында негізгі қорларды тұрғызуға, қалыптастыруға кеткен , яғни оларды сатып алуға, жеткізуге, қондыруға және басқа да берілген объектіні негізгі мақсатта пайдалануға дайын болған жағдайға дейін жеткізуге кеткен барлық шығындар құны. Негізгі құралдарды қалпына келтіру құны – бұл олардың қазіргі жағдайда ұдайы өндірісінің құны. Ол негізгі қорларды қалпына келтіру құнының олардың бастапқы құнынан ауытқуы деңгейі ҒТП қарқының жеделдеуінен, инфляция деңгейінен және т.б. негізгі қорларды өз уақытында объективті қайта бағалау оладың жәй және ұдайы өндірісінде маңызды орын алады.
