- •1726 (1728) Жылы қазақ жасақтары жоңғар әскеріне күйрете соққан берген жер:Бұланты
- •1726 Жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған» (Қарасиыр)
- •1726 Жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік- батысы азат етілді
- •1735 Жылы Башқұртстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны: 50 000
- •1756 Жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші жүз қазақтарына алғаш рет шек қойды: Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың малын жаюына
- •1799 Жылы қараша айында Орта жүз қазақтарына (45 000 отбасы) Ертістің оң жағасына қайтадан қоныс аударуға рұқсат еткен император: і Павел.
- •1741-1743 Жылдары Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарлардың
- •1771 Жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін қалыптасқан дәстүр бойынша хан тағына отыруға тиісті мұрагер: Әбілпайыз.
- •48 . Абылайдың қыстақтары орналасты: Петропавл, Көкшетау, Ертіс өңірі, Ой, Ақтөбе
- •56, Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып, қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан: Абылай
- •1773-1775 Жылдардағы е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақ шаруаларының қатысуына түрткі болған жағдай: Жер мәселесі
- •1756 Жылы императрица Елизавета Петровна қазақтарға Жайықтың сол жағасына мал жаюға рұқсат берді: Қазақтардың башқұрт көтерілісін жаншуға көмектескені үшін.
- •1773 Жылғы қараша айының 17- сінен 18- іне қараған түнінде Усиха өзені маңында Пугачевқа жолыққан Нұралы ханның сенімді өкілі: Зәбір молда
- •17. Пугачев қимылынан үрейленген Нұралы хан:_ және інісі Айшуақ сұлтан Жайық бойындағы бекіністерге көшіп барды.
- •1774 Жылдың жазында Орта жүз қазақтары топтасқан бекініс: Звериноголовск
- •1774-1775 Жылдары Пугачев көтерілісі кезінде үкімет қолдаған шаралардың арқасында Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскер саны: 3 500 адам
- •1775 Жылы Жайық бойындағы шаруалар соғысы біртіндеп әлсірей бастаса, керісінше, қазақ жеріндегі қозғалыс жалғасты: Отарлау саясатына қарсы.
- •1784 Жылы көктемде Сырым Датұлының казактардың тұтқынынан босаттыраған:Нұралы хан.
- •1797 Жылдың күзінде барон Игельстромның ұсынысына сай патша үкіметі Кіші жүздің ханы етіп бекіткен сұлтан:Айшуақ.
- •1797 Жылы Сырым Датұлын өкшелей құдалаған Кіші жүздің сұлтаны: Қаратай сұлтан.
- •1824 Жылғы Жарғы бойынша Кіші жүздегі лауазымды қызметтерді тағайындаған:Орынбор губернаторы.
- •1801 Жылы құрылған Бөкей ордасында хандық билік сақталды: 1845 жылға дейін.
- •38 . Жетісу қазақтарының Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға: Кенесарының өзіне ермеген аылдарды ойрандауы
- •1847 Жылы хандық билікті қолына алды:1841 жылы
- •43. Кенесары құрған хандық сипаты жағынан: феодалдық
- •1836- 1838 Жылдардағы исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару берілді: Гекеге
- •1856- 1857 Жылдары Жанқожа батыр бастаған көтерілістің ошағы: Жаңақала.
- •1848 Жылы Ұлы жүзге тағайындалған ресейлік билік: пристав
- •1853 Жылы Ресейдің қол астына қараған бекініс: Ақмешіт.
- •1853 Жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекінісін тұрғызды: Ұлы жүз приставы майор м.Д.Перемышальский.
- •1858 Жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп: сыра зауыты
- •1859 Жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүсті шекарасына тұрғызылған бекініс: Кәстек
1797 Жылдың күзінде барон Игельстромның ұсынысына сай патша үкіметі Кіші жүздің ханы етіп бекіткен сұлтан:Айшуақ.
1797 Жылы Сырым Датұлын өкшелей құдалаған Кіші жүздің сұлтаны: Қаратай сұлтан.
Белгісіз себептермен Сырым Датұлы қайтыс болды: 1802жылы.
ХҮІІІ ғасырда Башқұрт көтерілісінен кейінгі Еділдің шығыс өңіріндегі ірі халықтық сипаттағы қозғалыс: Сырым Датұлы басқарған көтеріліс.
Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілістің нәтижесі: Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді.
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ.
І.Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
ІІ: Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы.
І. Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
Наполеон орнатқан континенттік блокада қысымын әлсіретуде маңызы зор болған жағадй: Қазақтрадың мал және мал шаруашылығы шикізаттарын Орынбор өлкесіндегі орталықтарына өткізіп отыруы.
1804- 1815 жылдары атты әскер үшін Бөкей ордасынан сатып алынған жылқы саны:48 мың
* Кіші жүз қазақтарынан сатып алынған жылқы саны: 1 мыңнан астам
1812 жылғңы Отан соғысы кезінде қарсаңында Орынбор губерниясында құрылған кавалериялық полктің саны: 40
* Оның ішінде 28 башқұрт, 5 орынборлық, 2 тептяр, және т.б.
Наполеон армиясымен соғыста ерекше рөл атқарған әскер: атты әскер.
1812 жылы шілденің 6- ы күні Ресей мемлекетіне қауіп төніпкле жатқаны туралы манифест- үндеуі мен Орынбор губернаторының соғыс басталғандағы туралы хабары қазақ ауылдарына жетті: Қазан –қараша айларында.
1812 жылғы Отан соғысында қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған, екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан старшын:Байсақал Тілекұлы
1812 жылғы Отан соғысында тұз өндіруші қазақтар орыс әскері пайдасына жинаған ақша көлемі: 22 мың сом
1812 жылғы Отан соғысы кезінде Елтон тұз өндірушілердің батыс майданға жөнелткен тұз мөлшері: 1 млн пұт.
10. 1812 жылғы Отан соғысында қазақтар қатысқан құрама: Башқұрт полкі.
11. 1812 жылы Ерті шебінің полктері қатысқанқанды шайқас: Бородино түбіндегі
12. 1812жылы Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін күміс медальмен марапатталған қазақ жауынгері: Майлыбайұлы.
13. 1812жылы Бородино шайқасындағы ерлігі үшін көгілдір ленталы медальмен марапатталған 1- тептяр полкінің старшыны: Қарынбай Зындағұлұлы
* 1812 жылғы 27 шілдеде Малаево Болото және Левия деревнялары түбіндегі ұрыстарда айрықша көзге түскен қазақтар: Мұрат Құлшоранұлы, Еріш Азаматұлы.
* Оларға хорунжий (орыс атты әскеріндегі алғашқы офицерлік шен) атағы берілді.
* 1812 жылғы Отан соғысы кезінде Романово деген жерде болған шайқаста ерлікпен шайқасқан атты әсер жауынгерлері: Боранбай Шауашбайұлы, Ықсан Әубәкірұлы.
Вязма түбіндегі ұрыста ерлік көрсеткені үшін 1- тептяр полкінің жасауылды Сағит Хамитұлына берілген орден: 3 дәрежелі Қасиетті Анна ордені.
1812 жылғы Отан соғысында ерлігі үшін «Георгий» орденінің кавалері: Нарынбай Жанжігітұлы.
1812 жылғы Отан соғысында Башқұрт полкі құрамында шайқасқан қазақ:Ә.Байбатырұлы.
1812 жылы отан соғысына, 1853 жылы Орынбор губернаторы Перовскийдің қоқандықтармен қарсы жорығына, Ақмешіті алуға қатысқан: Әмен Байбатырұлы
1812 жылғы Отан соғысында башқұрт полкі құрамында Әмен Байбатырұлы:жауынгер ақын.
Башқұрт полкі құрамында Веймар, Вагнау, Майндағы Франкфурт (Глогау және Лейпциг) қалалары түбінде болған ұрыстарға қатысқан қазақ жауынгерлері:Жанжігітұлы мен Байбатырұлы.
1812 жылғы Отан соғысында басты оқиғаларына қатысқан, шоқынған қазақ: Яков Беляков.
* 1830 жылы орынбор өлкесінің билеушісі Эссенге жазған өтінішінде өзінің ұлты қазақ екенін, орыс әскеріне өз еркімен кіргенін, көп жылдар оағн адал қызмет атап көрсетіп, денсаулық жағдайына байланысты әскер қатарынаен босатуды, туған аулына қайтуды өтінген.
1837 жылы Александр княздің қабылдауында болған, 1812жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер: Нарынбай Жанжігітұлы.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ
Хандық биліктің жойылуының алғышарттары.
22. Қазақстанның бірінші жартысындағы Қазақстан эономикасындағы ірі өзгеріс:Қазақстанның шаруашылық, саяси және қоғамдық дамуындағы (Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңалалары.)
* Ертіс, Жайық өзендері, Каспий теңізі, Зайсан көлі маңайындағы қазақтар балық аулауды тұрақты кәсіпке айналдырды. Қазақстанның батыс, солтүстік- шығыс аудандарындағы тұзды көлдерінен тұз өндіру және оны сату жолға қойыла бастады.
23. Қазақстанда бірнеше кен орындары ашылып, су және жел диірмендері, ұста дүкені, кең және май, былғары зауыттары іске қосылған кезең: ХІХ ғ. орта шенінде.
* Оларда жылына 70 мыңнан астам сомның тауары өндірілді.
24. Ауылдағы әлеуметтік жіктелудің барысында кедейленген, жалдамалы еңбекпен күн көрген топтар: Жатақтар.
25. Тау- кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей орыс- қазақ еңбекшілері аталды:жатақ.
26. Ресей үкіметінің 1803 жылғы қаулысы бойынша: Көпестерге өздерін қорғайтын қарұлы топ ұстауына рұқсат берді.
27. ХІХ ғасырда Қазақстан жерінде тұңғыш ресми жәрмеңке ашылған өңір: Ішкі Орда
28. 1855 жылы екі қалалық жәрмеңке ашылған қала: Семей
29. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда осы қалаға тең келетін елді мекен болмады: Петропавл.
• «Сібір қазақтары туралы Жарғы»
30. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүздің тағына отырғызылған:Уәли
31. Орта жүзде Уәли ханға қосарлап екінші хан етіп тағайындалған: Бөкей
32. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін патша үкіметінің Орта жүзде басқару жүйесін өзгерту туралы шешімі: Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібі.
33. «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қабылданды : 1822жылы.
34. 1822 жылғы «Сібір қазақтары Жарғысының» авторы: Сперанский.
35. «Сібір қазақтары туралы Жарғының» дайындалуына белсене қатысқан болашақ желтоқсаншы: Батеньков
1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысының» басты мақсаты: Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту.
1822 жылғы ереже бойынша Орта жүз территориясы құрамына кірген генерал- губернаторлық (Омбы, Тобыл, Тура): Батыс- Сібір.
38. Батыс Сібір генерал- губернаторлығының орталығы Тобыл, ал 1839 жылдан бастап:Омбы.
* «Жарғы» бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, Оңтүстігі Шу өгеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге бөлінді.
* Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді.
39. 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» бойынша Орта жүзде құрылған әкімшілік жүйесі: ауыл, болыс, округ.
* Ауыл- 50- 70 шаңырақтан.
* Болыс– 10- 12 ауылдан
* Округ– 15 -20 болыстан тұрды.
40. 1822 жылғы Ереже бойынша округтерді басқарған- аға сұлтан
* Аға сұлтанды сайлаған- тек сұлтандар
* Аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ: дворян
* Аға сұлтандар сайланды: 3 жылға
41. «Сібір қазақтары туралы Жарғы» бойынша болыстарды билеген: сұлтандар
* Болыстық билік берілу жүйесі: мұрагерлік.
* Болыс сұлтандары Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша теңелді: 12 класқа жататын шенеуніктерге 42. Ауылдарды басқарған: старшындар.
* Ауыл старшындары сайланды: 3 жылға
* Старшындар құқықтары жөнінен теңестірілді: Ресейдегі селолық старосталарына
43 . «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» бойынша сот істері 3- ке(үшке) бөлінді:қылмыстық істер, Талап ету, Болыстық басқармаға шағым айту.
1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган: округтік приказдарда.
* Кейін Сібір қазақтарын билеу шекаралық басқармаға жүктелді.Ал Шекаралық басқарма Батыс Сібір генерал- губернаторлығына бағынды. Шекаралық басқарманың төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын.
1822 жылғы «Жарғы» бойынша қазақ даласында сатуға тыйым салынған зат:
1822 жылғы «Жарғы» бойынша шетелдермен келіссөз жүргізуге құқығы берілді:шекаралық басқармаға.
* Жалпы алғанда, 1822 жылғы «Жарғы» Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуында терең із қалдырды.
•Кіші жүздегі реформа
Хандық билікті қолында сақтауда талпынғанадарының бірі кіші жүз сұлтаны:Арынғазы Әбілғазыұлы
«Орынбор қазақтары туралы Жарғы» авторы: Эссен.
* Жарғы 1822 жылы дайындалды. Бірақ жарғы бұлжылы бекітілмеді. Жарғы бойынша Кіші жүз жеріне 3 (үш) хан тағайындау жоспаланды, бірақ ол іске аспады.
«Орынбор қазақтары туралы Жарғысы» қабылданды: 1824 жылы
Кіші жүзде хандық билік жойылды: 1824 жылы
Кіші жүздің соңғы ханы: Шерғазы
* 1824 жылы Орынбор губренаторы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынборға шақырып, Шекаралық комиссияға лауазымды шенеуніктікқызметке тағайындады.
* 1824 жылғы «Орынбор қазақтары туралы Жарғысына» сәйкес:
* Кіші жүз 3- ке бөлінді. Әр бөлігінің басында аға сұлтан (сұлтан- правитель) отырды.
* Кіші жүз территориясында 54 арақашқтық жасалды.
