- •Рентген суреттердің сипаттамасы Рентген сурет 1.
- •Рентген сурет 2.
- •Рентген сурет 3.
- •Рентген сурет 4.
- •Рентген сурет 5.
- •Рентген сурет 6.
- •Рентген сурет7.
- •Рентген сурет 8.
- •Рентген сурет 9.
- •Рентген сурет 10.
- •Рентген сурет 11.
- •Рентген сурет 12
- •Рентген сурет 13
- •Рентген сурет 14
- •Рентген сурет 15
- •Рентген сурет 16
- •Рентген сурет 17
- •Рентген сурет 18
- •Рентген сурет 19
- •Рентген сурет 20
- •Рентген сурет 21
- •Рентген сурет 22
- •Рентген сурет 23
- •Рентген сурет 24
- •Рентген сурет 25
Рентген сурет 12
Ауыз іші арқылы төменгі жақ тістеріне тікелей жасалған рентген сурет. Екінші үлкен азу тіс асқынған тісжегімен емделген, үлкен пломба салынған. Дистальді және медиальді-ұрттық түбір өзегінде пломбалық материал байқалады. Түбір өзектері тығыз пломбыланған. Медиальді-тілдік түбір өзегінің 1/3 бөлігі пломбыланған. Түбір ұшы проекциясында шекарасы анық емес сүйек тінінің деструкциясы байқалады, патологиялық ошақ пломбалық материалмен толтырылған.
Бірінші үлкен азу тіс жоқ. Үшінші үлкен азу тіс ұяшығынан шықпаған. Бірінші үлкен азу тісті жұлған соң, екінші кіші азу тіс дистальді бағытта қисайған, ал екінші үлкен азу тіс медиальді бағытта қисайған.
Диагноз: екінші үлкен азу тісте периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы, үшінші үлкен азу тістің ретенциясы.
Рентген сурет 13
Ауыз іші арқылы жоғарғы жақ тістеріне тікелей жасалған рентген сурет. Ортаңғы және бүйір күрек тістер интактілі, периодонт өзгеріссіз. Сүйір тіс эндодонттық емдеу сатысында. Түбір өзегі түбір ұшына дейін толық пломбыланбаған. Түбір ұшы проекциясында шекарасы айқын емес сүйек тінінің деструкциясы бар.
Диагноз:жоғарғы сүйір тісте периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы.
Рентген сурет 14
Ауыз іші арқылы төменгі жақ тістеріне тікелей жасалған рентген сурет. Бірінші үлкен азу тістің шайнау бетінде пломбасы бар. Сүйір тіс пен екінші кіші азу тіс интактілі. Бірінші кіші азу тіс асқынған тісжегімен емделген, түбір ұшына дейін пломбыланған, периодонт өзгеріссіз.
Диагноз: бірінші кіші азу тістің бақылау рентген суреті (пломбылау сапасын тексеру)
Рентген сурет 15
Науқастың ортопантомограммасында16,17, 26,27, 37,47 тістері жоқ.
Жоғарғы жақ тістері интактілі. 16, 17 тістер проекциясында иммплантаттар бар. 26, 36, 46 тістердің сауыттарында дентиклдер бар. 46 тістің шайнау бетінде пломба.
Екі жақтың тіс аралық қалқаны сүйегі түбірдің 1/3 ұзындығында біркелкі атрофияланған, атеросклероз ошақтары бар.
Диагноз: парадонтоз созылмалы, жеңіл дәрежелі
Рентген сурет 16
Ортопантомограмма. Жоғарғы 18,28 тістер ұрттық бағытта қисық орналасқан,түбірлер толық қалыптаспаған. 16 тістің сауыты тісжегімен бұзылған, дистальді- ұрттық түбір өзегі пломбыланған, түбір ұшында сүйек сорылған,периодонт саңылауы кеңейген,таңдайлық және медиальді түбір өзектері пломбыланбаған. Таңдай түбірінің проекциясында дөңгелек пішінді сорылу ошағы бар.
Диагноз:16 тісте периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы, 18, 28 тістердің ретенциясы.
Рентген сурет 17
Ортопантомограммада 17, 13, 12 тістері жасанды сауытпен жабылған. 17, 13 және 12 ұлпасы алынған, түбір өзектері түбір ұшына дейін пломбыланған, периодонт өзгеріссіз. 16, 15, 14 тістері жоқ. 11 және 21 тістердің жанасу бетінде пломба.
22 тіс жасанды сауытпен жабылған, түбір өзегі 2/3 деңгейінде пломбыланған, түбір ұшы проекциясында периодонт саңылауы кеңейген.
24 тіс жасанды сауыт астында, тірек тіс. Түбір өзегінің жартысы пломбыланған, түбір ұшы проекциясында периодонт саңылауы кеңейген.
25 тіс жасанды сауыт астында, эндодонтық ем жүргізілген, түбір ұшына дейін пломбыланған. Түбір ұшы проекциясында шекарасы айқын дөңгелек пішінді деструкция ошағы бар.
27 тіс жасанды сауыт астында, түбір өзегі сапасыз пломбыланған, пломбалық материал үзік-үзік, периодонт өзгеріссіз. 26 тіс жоқ.
45 және 47 тістер жасанды сауыт астында, 46 тіс жоқ. Төменгі тістер арасында тремалар бар. 34, 36 және 37 тістер жоқ.
35 тіс жасанды сауыт астында, тірек тіс. Түбір ұшына дейін пломбыланған, периодонт өзгеріссіз.
38 тіс жасанды сауыт астында, тірек тіс. Дистальді түбір өзек сағасында пломбалық материал сақталған, түбір ұшы аймағында периодонт саңылауы аздап кеңейген. Медиальді түбр өзекте пломбалық материал түбір ұшында сақталған.
Диагноз: периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы 22, 24, 38 тістерде., периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы 25 тісте.
