Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микробиология стандарты (исправленный вариант).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.18 Кб
Скачать

Стандарт 45:

Эпидмиялық бөртпе сүзек диагнозын қою үшін биологиялық сынама, серологиялық диагностика жүргізу ерекшеліктері

Зерттеу әдістері: серологиялық (КБР,АР,ТЕГАР,НР), иммунолюминесценттік, биологиялық,

Зерттеу материалдары: қан

Әрекеттің алгоритмы:

  1. Серологиялық реакцияны науқастың қан сарысуымен риккетсия антигенін анықтау үшін қойыңыз, ажыратыңыз;

  2. Науқастың қан сарысуын жұп екі антигенмен қойыңыз;

а) Провацека риккетсиясымен;

б) Музер риккетсиясымен;

  1. Жоғары сезімтал: тышқандарға риккетсия токсиніне нейтралдау (бейтараптау) реакциясын қойыңыз;

  2. Люминесцентті-серологиялық сезімтал әдіс;

  3. Люминесцентті-серологиялық реакция қою әдісінің жалпы схемасына сәйкес қойылады;

  4. Эпидемиялық және эндемиялық бөртпе сүзекті ажырату үшін науқастың қанын теңіз шошқасының аталығына жұқтырады, эндемиялық бөртпе сүзек риккетсиясы теңіз шошқасының аталығында периорхиттің дамуына әкеледі.

Стандарт 46:

Бозғылт трепонема бөліп алу және идентификация жүргізуде Романовский Гимза әдісі бойынша боялған және Левадити әдісімен күмістендірумен боялған препаратты қараңғы өрісте зерттеудің микроскопиялық әдісінің ерекшеліктері

Қараңғы аймақта зерттеу әдістері:

  1. Қараңғы өрістегі микроскопия: материалды заттық шыныға жағып, жапқыш шынымен жабыңыз;

  2. Микроскопта қараңыз (объектив 40х окуляр 10х);

  3. Мерез қоздырғышы қараңғы фонда қозғалмалы жұқа ашық түсті спираль тәрізді.

Романовский-Гимза әдісі бойынша бояу:

  1. Материалдан жағынды дайындап, Романовский-Гимза әдісі бойынша бояп, микроскопта қараңыз;

  2. Препараттан бозғылт алқызыл түсті спирохетаны табыңыз.

Левадити әдісі бойынша күмістендіру:

  1. Материалды күміспен өңдеңіз, сосын микроскопта қараңыз.

Ескерту: трепонема препаратта ашық түсті фонда қара спираль түрінде көрінеді.

Стандарт 47:

Бозғылт трепонеманы иммунофлюоресценция реакциясында

зерттеу ерекшеліктері

  1. Серологиялық реакцияға люминесценттік микроскопты қолданыңыз;

  2. Бозғылт трепонемаға қарсы сарысуды флюорохроммен өңдеңіз;

  3. Бұл сарысулар сәйкес антигенмен әсерлескенде арнамалы жарқырауық комплекс түзеді, оны люминесценттік микроскоппен табыңыз.

Стандарт 48:

Мерез қоздырғышын сиыр кардиолипидтік антигенмен, трепонемадан липоидты антигенмен зерттеу ерекшеліктері. Трепонеманы иммобилизациялау реакциясы көмегімен мерезді диагностикалау артықшылықтары

  1. Трепонеманы иммобилизациялау реакциясы (РИТ);

  2. РИТ -мерез диагностикасындағы арнамалы реакция болып табылады;

  3. Арнайы алынған тканьдік трепонеманы шыныда өңдеңіз, науқас сарысуынан препаратты қараңғы өрісте зерттеңіз, иммобилизацияланған трепонема (қозғалғыштығы жойылған) 50% асса реакция оң мәнді болғаны.