- •1.Қазақстан аумағындағы тас дәуірі
- •2. 18 Ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
- •3.C.Датұлы бастаған көтеріліс.
- •Билет№2
- •1.Темір дәуіріне сипаттама
- •3.Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылықтары
- •1.Темір дәуіріндегі тайпалар(ғұндар,сақтар,үйсіндер)
- •2.Батыс Түрік қағанаты.
- •3.Қазақ хандарының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестері.
- •2.Түргеш қағанаты
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы
- •3.Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Қарахан мемлекетімен Қарақытайлар мемлекеті
- •3.Бөкей хандығының құрылуы
- •1.Грек тарихшыларының деректері
- •2. Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс
- •3.Шынгыс ханнын Орта Азия елдерін жаулап алуы және Ұлыстар тарихы
- •1.Қаңлылар(3 билет,1 сұрақ)
- •2.Алтын Орда
- •3.Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •1.Сарматтар
- •2.Моғолстан мен Темір мемлекеті
- •3.Қазақтардын 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
- •1.Үйсіндер(3 билет,1сұрақ)
- •2.Қазақ хандығы.
- •1.Андрон мәдениеті
- •3.Қазақ хандары тарихынан.
- •1.Ежелгі адамдар тарихы
- •2.Жәңгір ханның ел басқарудағы ерліктері
- •3.19 Ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар
- •1.Қазақ халқының қалыптасуы туралы аңыздар
- •2.Әбілхайыр хандығы
- •3.Қазақ жеріндегі сауда мен жәрмеңкелер
- •1.Қазақстанда табылған Алтын адамдар тарихы.
- •2.Найман,Керей,Жалайырлар
- •3.Қазақстанның Ресеймен және Қытаймен сауда байланыстарының дамуы
- •2.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •1.Ғұн мемлекетінің пайда болуы
- •1.Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Аттиланың батысқа жорығы.
- •2.Ұлы Жібек жолының тарихы және Қазақстандағы сілемдері
- •3.Перовский,Циммерман,Куропаткин,Черняев әскерлерінің жорығы
- •1.Тас дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары
- •2.Қыпшақ хандығы
- •3.К.Қасымұлы баастаған көтеріліс
- •1.Шілікті ескерткіштері
- •2.Ислам дінінің таралуы
- •3.1867-1868 Жылдардағы реформаның барысы
- •1.Палеолит заманының тарихына сипаттама
- •2.Ортағасырлық сәулет ескерткіштері
- •3.Қазақ жеріндегі жәрмеңкелер
- •1.Орта тас ғғасырына сипаттама
- •1.Аталық рудың қалыптасуы.
- •2.1836-1838 Жылдары Бөкей ордасында болған шаруалар көтерілісі
- •2.Қ.А.Яссауидің тарихы
- •3.Хіх ғасырда қазақ халқының мәдениеті мен өнері
- •1.Палеолиттің ескерткіштері
- •3.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерліс
- •1.Томирис пен Заринаның ерліктері
- •2.Ноғай Ордасы
- •3.Қазақстан-Қытай сауда байланыстары
- •1.Савромат тайпаларының қорымдарына сипаттама
- •1.А.Макеодонскийдің сақ жеріне жорығы
- •2.Түркі халықтарының наным-сенімдері
- •1.Ежелгі замандарда діни қөзқарыстарының дамуы
- •1.Шығыс Қазақстанда Темір дәуірі
Билет№2
1.Темір дәуіріне сипаттама
Темір дәуірі 2 кезеңге бөлінеді: ерте темір дәуірі – б.з.б.ҮІІІ — ІІІ ғасыр, кейінгі темір дәуірі – б.з.б. ІІІ ғасыр- б.з. Ү ғасыр.Темір дәуірі Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өндірісте темірді пайдалануы мен көшпелі мал шаруашылығының дамуымен ерекшеленеді.Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар: сақтар, үйсін, қаңлы, ғұн, сарматтар.Майемер кезеңі — ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениетінің алғашқы сатысы (б.з.б. 7 — 6 ғ.) . Майемер кезеңінің аяқ кезінде тірісінде мінген атымен қоса жерлеу дәстүрі алғаш пайда болды. Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінде орналасқан Шілікті қорымы 50-ден астам үлкен обалардан тұрады. Үлкен обалардың үйілген топырағының диаметрі 100 м, биіктігі 8 — 10 м-ге дейін жетеді.Берел кезеңі – ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениетінің екінші сатысы (б.з.б. 5–4 ғасырлар). Адам мүрделерін ағаш қима үлгісіндегі қабірге аттарымен бірге жерлеген. Кіші обалары қарапайым, оларға 3–4 қатар жіңішке бөренелерден қаланған шағын қималар жатады. Зайсан ойпаты мен Ертіс далаларындағы обалардың таулы өңір ескерткіштерінен өзгешелігі, үйінділері жартылай топырақ араластыра салынған, ағаш қима мен ат мүрделері өте сирек, көбіне шұңқыр қабірлер кездеседі. Бұл жерден қоладан құйылған үш қанатты жебелер мен кішірек айналар, қола және темір қанжарлар мен балталар табылды,б.з.б. 3 – 1 ғасырлардағы Құлажорға кезеңі ескерткіштеріне Ертіс өзені бойындағы (ұзындығы 250 км) Бөкен ауылынан Шүлбі кентіне дейінгі аралықтықамтыған Құлажорға, Қызылту, Юпитер, Малокрасноярск, Баты, Түсқайың жәнеСлавянка сынды оншақты қорым жатады. Бұл жерлерде сексенге жуық оба қазылғанымен толық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Қола дәуірі жерлеу кешендеріне тән адамды тас жәшікке қою салты кең етек жайды. Тас пен топырақ аралас дөңгелек пішінді Құлажорға кезеңі обаларының көлемі шағын (диаметрі 4,5 – 15 метр, биіктігі 0,3 – 0,5 метр). Диаметрі 30 метрден асатын обалар сирек кездеседі. Мүрделер тереңдігі 1,5 – 2,5 метр шығыстан батысқа қарай созылған сопақша пішінді қабірге қырынан қойылған, ірі гранит тақта тастардан тұрғызылған тас жәшікке салынған. Өлген адамдар шалқасынан жатқызылған, басы көбіне батысқа, кейде шығысқа қаратып жерленген. Батысқа қаратылып жерленген адамдардың жанына заттар қойылмаған, тек бір жағдайда ғана бас тұсынан алтын пластина мен мыстан жасалған әшекейлер табылған. Бұл кезеңдегі жерлеу әдет-ғұрыптарына екі адамды қатарынан жерлеу рәсімі де тән.
2. Түрік қағанаты- түркілердің тайпалық одағы тарапынан орта ғасырларда (552 - 742 ж.) басқарылған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. «Түркі» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктердіғұндардың ұрпақтары деп санаған.Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Бұқрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді атайды, ол кағандық тағына Мұкан-қаған деген атпен отырады, Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Истеми бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумынмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні басқарды, он түмен әскері болды; соғдылықтарды жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады».Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "яғбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын.604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар сайланды. . Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.
