Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика экзамен жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
123.35 Кб
Скачать

___Жоспарлы мәндер х100

Өткен уақыттағы нақты мәндер немесе Ужосп. / Уо х100.

Өсіңкілі қатысты шамалар құбылыстың уақытқа байланысты өзгеру мөлшерін білдіреді. Оны есептеу үшін төменде берілген схеманы немесе формуланы қолданамыз:

Қазіргі уақыттағы нақты мәндер х100

Өткен уақыттағы нақты мәндер немесе У1 / Уо х100.

Құрылымның қатысты шамалары жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді, яғни ол арқылы құрылымның өзгеруін анықтауға болады. Бұл қатысты шаманы үлестік қатысты шама деп те атайды. Оны есептеу үшін жиынтықтың жеке бөліктерінің мәнін оның жалпы жиынтығына бөлу керек.

Үйлестік қатысты шамалар деп жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара қатынастарын айтады. Мысалы, дүниеге келген ұлдар мен қыз балалардың санының қатынасы , жұмысшылар мен қызметкерлер санының қатынасы және т.б.

Үдемелік қатысты шамалар аттас емес көрсеткіштердің қатынасын сипаттайды. Олар жинақтың әртүрлі көрсеткіштерінің қатынасын немесе бір-бірімен байланысты екі жиынтық көрсеткіштер қатынасының белгілі бір ортаға таралуын көрсетеді.

Салыстырмалы қатысты шамалар деп бір уақытта әртүрлі аймақтарға жататын бір тектес, аттас шамалардың қатынасын көрсетуді айтады. Мысалы, 1995 жылдың басында Алматы қаласының тұрғындары 1197,9 мың адам, ал Қарағанды қаласының тұрғындары 956,0 мың адам болды. Яғни Алматы қаласының тұрғындары Қарағандылықтарға қарағанда 2 есе көп (1197,9/596,0=2).

Дәрежелік қатысты шамалар дегеніміз әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың даму немесе кему процестерін жан басына шаққандағы шығатын көрсеткіштермен көрсету.

11. Ішінара бақылау

Статистикалық ішінара бақылау дегеніміз жалпы жиынтық бірліктерін зерттеуде кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізде алдын ала іріктелініп алынған кейбір бөліктері. . Ішінара бақылаудың басқа зерттеулермен салыстыруда келесідей өзіне тән ерекшеліктерін көрсетуге болады:

  1. Ішінара бақылау жүргізу кезінде жалпы жиынтықтың барлық бірліктері үшін іріктеуге алыну мүмкіндіктері ортақ және олардың кез келген жеке бөліктері кездейсоқ зерттеуге алынады.

  2. Ішінара бақылау жүргізу алдындағы негізгі мәселе – оның көлмінің жалпы жиынтық бірліктері үлестік мөлшерін анықтау болып табылады.

Ішінара бақылау дұрыс ұйымдастырылуы үшін және алға қойған міндеттерді толықтай орындау үшін келесідей принциптер мен жұмыстарға көңіл бөлінуі керек:

  1. Бақылаудың мақсаты мен маңызын анықтау.

  2. Бақылаудың бағдарламасын жасау және жиналған мәліметтерді өңдеу.

  3. Бақылауды ұйымдастырудың мәселелерін шешу.

  4. Іріктеуге алынатын бірліктердің үлесі мен тәсілін анықтау.

  5. Жалпы жиынтық бірлікетрін зерттеуде іріктеп алу.

  6. Бақылау көрсеткіштерін есептеу және мәліметтерге қорытынды жасау.

  7. Іріктеуде жіберілетін қатені есептеу.

  8. Бақылаудан кейінгі қорытынды көрсеткіштерінің жалпы жиынтық бірліктерге жақындығын, яғни таратпалылығын анықтау.

Статистикада ішінара бақылау жүргізуде екі жиынтық бірліктері жалпы және ішінара болып бірге қолданылады. Зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар, процестер, заттар жиынтығының барлығын негізгі немесе жалпы жиынтық деп аталады, ал жалпы жиынтықтың ішінен тексеруге іріктеліп алынған бөлігін ішінара жиынтық бірліктері деп атайды. Бақылауда іріктеліп алынған жиынтық бірліктерінің зерттеуге екінші рет қатысатындығы немесе қатыспайтындығына байланысты қайта іріктеу және қайталанбайтын іріктеу әдістері болып екіге бөлінеді. Егер жалпы жиынтықтармен іріктелініп алынған бірліктер тексеріліп, зерттелгеннен кейін қайтадан жалпы жиынтыққа қосылып, келесі бақылау кезінде екінші рет тексеруге қатысатын болса, ол қайта іріктеу деп аталады. Егер жалпы жиынтықтармен бір рет іріктелініп алынған бірліктер зерттеуден кейін қайтадан жалпы жиынтықтарға қосылмайтын болса, ол қайталанбайтын іріктеу деп аталады.

Сериялы іріктеу тәсілдерінде жалпы жиынтық бірліктерін іріктеп алу кездейсоқ жекедара жүргізілмей, сериялармен, топтармен алынып, әр серияның, топтың бірліктері жаппай бақылауға толықтай алынады және оның қорытынды көрсеткіштері жалпы жиынтық қатар аталады.

Құрама іріктеу қайта немесе қайталанбайтын іріктеу әдісі бойынша жүргізіледі. Құрама іріктеудің көрсеткіштерін есептеу әр түрлі тәсілмен, яғни іріктеу сатылылығына байланысты есептелінеді. Осыған орай іріктеу бір сатылы және көп сатылы болып бөлінеді.

Бір сатылы іріктеу кезінде іріктеуге алынған бірліктер сол мезетте зерттеліп, қорытындылары жасалады, ал көп фазалық іріктеуде бақылауға алынған бірліктердің барлығынан қажетті мәліметтердің қысқа түрде алынуын, одан кейін оның бөліктерін кеңейтілген бағдарлама бойынша қосымша көрсеткіштер жинастырылады.Ішінара бақылау кезінде іріктеуге алынған бірліктердің сандық көлемі жиырмадан аспайтын болса, ол шағын іріктеуге жатқызылады. Мезеттік бақылау кезінде барлық жиынтық бірліктері толығымен қатысады, бірақ белгілі бір уақыт мезеті бойынша ғана қажетті мәліметтер жинастырылады.