- •Қоршаған ортаның жаңа факторлары және адаптация проблемаларын сипаттаңыз
- •Қоршаған ортаның факторларын мутагендік қауіптілігін анықтаудың қажеттілігін жазыңыз
- •5.Ортаны қорғауға бағытталған өңдеу мониторингтің сатыларына сипаттама беріңіз
- •11. Эколого-генетикалық және селекциялық зерттеулердің бағыттары арқылы рекомбинациялық процестерді басқаруды сипаттаңыз.
- •14. Экологиялық факторлардың әсерін зерттеудегі in vitro клеткалар мен тканьдер экспериментальды модель жүйе ретінде қолдану ерекшелігін жазыңыз
- •16. Адамдарға әсер етуші канцерогендік факторлардың потенциалдық қауіптілігін сипаттаңыз.
- •17. Популяциядағы генетикалық зардап және осыған байланысты экогенетиканың шарттарын жазыңыз.
- •20, Сүтқоректілердің және адамның ағзасына қоршаған ортаны ластаушы заттардың түсуі
- •21, Қр бойынша Қазақстан Республикасының территориясындағы жаһан- данудың экологиялық мәселелері
- •23, Геном туралы түсінік және қазіргі геномика ғылымын тұжырымдаңыз
- •24. Экогенетика генетикалық үдерістер мен экологиялық қарым-қатынастардың өзара әсерін түсіндіріңіз
- •25. Адамның өмір сүру ортасының факторлармен ластануымен оның генетикалықматериалды зақымдау механизмдерін түсіндіріңіз.
- •27. Қоршаған орта факторларының мутагендік қауіптілігін анықтауда қолданылатын тест жүйелерді түсіндіріңіз
- •28. Ген, аллель, генотип және фенотип туралы түсініктерді өз сөзіңізбен жазыңыз.
- •29. Экологиялық генетиканың қолданбалы шарттарды шешудегі маңызы, ауылшаруашылығы малдарының түрлерін шығарудағы рөлін түсіндіріңіз.
- •30. Экологиялық генетиканың микроорганизмдердің жоғары сапалы жаңа штамдарын алудағы рөлін түсіндіріңіз.
- •31.Белгілердің тіркесіп тұқымқуалаушылығы және оны селекция мен геномикада пайдалану бойынша мысал келтіріңіз
- •33. Мониторинг және оның принциптері мен типтерін жазыңыз.
- •37. Қазақстанның ұлттық және жергілікті экологиялық мәселелеріне мысалдар келтіре отырып жазыңыз,
- •49. Өсімдіктер, жануарлар, тышқан мен адамдардың қоршаған ортаға әсерін бақылау нәтижелерін өз сөзіңізбен жазыңыз.
- •50. Мутагендік факторларды талқылаңыз.
- •53. Өсімдіктердің жаңа сорттарын немесе малдың жаңа тұқымдарын алудағы экогенетиканың әдістерін пайдалану жолдарын жазып көрсетіңіз.
- •54.Экологиялық генетикада қолданылатын әдістерге тоқталыңыз.
- •56. Қоршаған ортаның радиациялық ластануын жазып көрсетіңіз.
- •57. Экологиялық қауіпті факторлардың тірі организмнің тұқым қуалау аппараттарына әсерін жазып көрсетіңіз.
- •58. Химиялық, физикалық және биологиялық мутагендердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырыңыз.
- •59. Селекцияда мутагенді факторларды қолдану болашағын көрсетіңіз.
11. Эколого-генетикалық және селекциялық зерттеулердің бағыттары арқылы рекомбинациялық процестерді басқаруды сипаттаңыз.
Қазіргі генетиканың міндеттері табиғаттың аса маңызды кұбылыстарын білу үшін ғылымның болашағы мен потенциалын ашатын жоғарыда аталған теориялық проблемаларды ғана зерттеу емес, генетиканың алдында көптеген практикалық, мәселелерді шешу үшін аса маңызды және жақын тұрған міндеттер де бар. Өсімдіктің сорты немесе жануардың тұқымы ауылшаруашылығындағы өндіріс құралы. Өсімдіктер сорттары мен жануарлар тұкымдарының жоғары өнімділігі еңбек өнімділігін арттырады. Сорттар мен тұқымдарды шығару дербес бөлек ғылым селекцияның міндеті болғанымен, селекция тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдарын меңгермейінше дами алмайды. Селекция үшін генетика жаңа жолдар ашып береді.
Өсімдіктер генетикасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің тұқым қуалауы және өзгергіштігі туралы ғылым; генетика саласы. Өсімдіктерді генетик. тұрғыдан зерттеудің бірнеше әдісі бар: моносомдық талдау әр хромосомның тұқым қуалаудағы және өсімдіктер белгілерінің әртүрлі дамуындағы рөлін анықтау; экспериментті мутагенез өсімдіктердің тиімді және құнды мутантты формаларын алу; будандастыру және будандардың мейоздағы хромосом конъюгация талдаулары өсімдіктер эволюциясын зерттеу; алшақ будандастыру және цитогенетика әдістерін бірге пайдалана отырып, хромосомдардың құрылысы мен санының өзгеруіне байланысты түрлі тұқым қуалайтын ауруларды анықтау; апомиксис өсімдіктің өзін-өзі ұрықтандыра алмауы.Өсімдіктер генетикасында молекулярлық биологияның әдістерін (ДНҚ, ДНҚ - РНҚ, т.б. будандастыруды) қолдану гендерді ұқсастыру, оқшаулау, кейін оларды клондау жұмыстарын жеңілдетті. Популяциялық генетика мен биометрияның әдістері белгінің жалпы фенотиптік өзгергіштігінде, олардың тұқымқуалаушылық қасиетінің негізі (генотиптік) мен сыртқы орта әсерімен қабылданған белгілерін (паратиптік) ажыратуда қолданылады. Бұл қолдан сұрыптаудың тиімділігін күшейтеді. Қазақстанда Өсімдіктер генетикасы жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары ҚазҮУ-да генетика кабинеті (1939), оның негізінде дарвинизм және генетика кафедрасы ашылғаннан кейін (1948) басталды. Қазақстандық ғалымдар алшақ будандастыру, экспериментгі мутагенез, полиплоидия, гетерозис, цитогенетика салалары бойынша зерттеулер (К. Мыңбаев, Ф.М. Мухамедгалиев, Г.З. Бияшев, Н.Л. Удольская, Р.А. Оразалиев, т.б.) жүргізді. Түрішілік және алшақ будандастыру, сұрыптау арқылы дәнді және техникалық дақылдардың бағалы сорттары алынды. Академик М.Ә. Айтхожиннің басшылығымен өсімдіктердің молекулалық биологиясы саласында іргелі зерттеулер жүргізілді. Жүгері, асбұршақ, арпа, арабидопсисті (орамжапырақ тұқымдасына жататын «өсімдік дрозофиласы» не генетикалық зерттеулердің нысандық үлгісі) будандастыру арқылы олардың гендерінің орнықтылығы анықталып, соның нәтижесінде хромосомдардың генетикалық картасы жасалды. Жүгері мен бидайдың мутант сорттары және сортаралық будандары алынды. Өсімдік геномының функциялық өзгеруінің заңдылығы анықталуда. Жұмсақ бидайдың цитогенетикасы зерттелуде (К.Қ. Шулембаева). Copra кезде, әсіресе, экологиялық және радиациялық генетикаға (А.Б. Бигалиев) көп көңіл бөлінуде.
12. «Адаптация» және «адаптивтік» анықтама беріңізАдаптация (лат. adaptatio — бейімделу) — жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі біртіршілік ортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық - популяциялық т.б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады.[1]Адаптация теориясы (лат. adaptatioбейімделу, икемделу) — үндіеуропалыкфлективті формалардын шығу тегі туралы 19 ғасырдың ортасында ұсынылған ғылыми болжамдардын бірі. Ол бойынша сөз түрлендіруші-қосымшалар мен есімдіктер бір-біріне тәуелсіз дербес дамыған, тек кейін грамматикалық мағыналарды білдіру үшін өзара бейімделген. Адаптация теориясысын Бопптың агглютинация теориясына қарама-қарсы ұсынған —санскрит тілін зерттеуші Людвиг. Оның түсіндіруінше, үнді-еуропалы кесім мен етістіктің жалғаулары алғашында жинақты сілтеу мағынасындағы негіздерді жасайтын суффикстер болган. Бірақ әртүрлі мағыналар мен катынастарды білдіру қажеттілігіне байланысты бұл көне негіздер флективтімағына беретін болған да, ал олардын бұрынғы суффикстері жана грамматикалык категорияларды білдіруге бейімделген. Адаптация теориясы Боппка қарсы бағытта эволюция теориясымен сабақтасып жатыр (Ф. фон Шлегель). Агглютинация теориясынан бұрын шыккан, бірак жақтаушылары аз болған бұл теория бойынша, жалғаулар — алғашқы, ал есімдік — жалғаулардан шыққан кейінгі элементтер деп түсіндіріледі.
13. Эпистаз-аллель емес гендердің қарым-қатынастары, практикалық маңызын сипаттаңыз.Эпистаз деп бір геннің аллелі басқа гендердің аллельдерінің әсерін тежеуі кезіндегі гендердің өзара әрекеттесуін айтады. Тежегіш ген эпистазды, ал тежелетін ген – гипостазды деп аталады. Доминантты эпистазда – геннің доминантты аллелі, ал рецессивті эпистазда – рецессивті аллелі эпистазды.
