Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экогенетика ш.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
602.62 Кб
Скачать

33. Мониторинг және оның принциптері мен типтерін жазыңыз.

. Мониторинг дегеніміз - белгілі бір объект немесе кұбылыстың өмір сүру ортасындағы өзіндік іс-әрекеті мен құбылысын зерттеу болып табылады. Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады:

- жағдайды бақылау;

- бағалау;

- болатын өзгерістерді болжау.

Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ғаламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары майдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарышық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Экологиялық мониторинг әртүрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Экологиялық мониторингтер жатады. Мысалы, ғаламдық Экологиялық мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық Экологиялық мониторинг бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Экологиялық мониторинг ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті Экологиялық мониторинг елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі. Мониторинг термині БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясының алдында (1972) «бақылау» ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мысалы, соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан артық жаңа химиялық қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әртүрлі химиялық затгар өндіріледі. Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиациялық, ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар. Базалық мониторинг - жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу. Ғаламдық мониторинг - Жер биосферасы мен оның эко- сферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық мониторинг - белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау.

Қоршаған ортаның мониторингі - адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ мониторинггік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды.

34. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі заңнамалары (ҚР экологиялық кодексі 2007ж.) талқылаңыз.... Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген:

  • "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген.

  • Белгілі америкалық эколог-ғалым. Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:

  • 1) барлығы барлығымен байланысты;

  • 2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;

  • 3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";

  • 4) еш нәрсе тегін берілмейді.

  • Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен

азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Атмосфералық ауаны қорғау туралы

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Азаматтық қорғау туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы Сол сияқты күрлелі мәселелер 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексінде қаралған

Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен

азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Атмосфералық ауаны қорғау туралы

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Азаматтық қорғау туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы Сол сияқты күрлелі мәселелер 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексінде қаралған

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСІ 2007 жылғы 9 қантар, № 212-III (2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1-Бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер

  • 1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) биологиялық әртүрлілік - бір түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің әртүрлілігі; 2) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттері; 3) генетикалық түрлендірілген организмдер

  • 4) генетикалық түрлендірілген өнімдер

  • 5) ең озық қолжетімді технологиялар

  • 6) инертті қалдықтар деген негізгі ұғымдар пайдаланылады

Қоршаған ортаға төнген қатер

  • қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.

  • Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда.

35. Дрозофиланың морфологиялық белгілері мен жыныстық айырмашылықтарын түсіндіріңіз. Дрозофила - жеміс шыбындары тұқымдасына жататын жәндіктер. 1000-нан аса түрі бар. Барлық жерде, әсіресе, көкөніс-жеміс сақтайтын қоймаларда кездеседі. Дрозофилалар ұсақ жәндіктер; көзі қызыл, тұрқы 2 - 3,5 мм-дей. Олар өсімдіктердің шырынымен және шіріген органикалық заттармен, ал дернәсілдері микроорганизмдермен қоректенеді. Дрозофилалар өте өсімтал, әрбір 10-15 күнде ұрпақ береді. Өсімтал болғандықтан генетикалық зерттеулерге пайдаланылады. Мысалы, дрозофиламен жасаған эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде америкалық ғалым Т. Морган тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын ашты. Қазір лабараторияларда, негізінен, Дрозофиланың Drosophila melanogaster түрі өсіріліп, тәжірибелер жүргізіледі. Бұл түрді қоршаған ортаны ластаудың экоторксикологиялық және генетикалық қауіпін, әсіресе мұнай мен ауыр металдардың қасиетін бақылау үшін тест-объектілер қолданылады.

Қанаттың морфоздары әдетте ассиметериялы болады. Ассиметрияның пайда болу себептерін анықтау үшін көптеген авторлармен дара дамуының сипаты, гентикалық орталық факторлардың әсер етуі зерттеледі. Сонымен қатар, популяциялық генетикада ассиметрияның экологиялық аспектілерге толық зерттелмеген. Алматы қаласының және оның жақын аймағындағы табиғи популяцияны зерттеген кезде өмір жағдайы санының ауытқуы түріндегі кезеңдік өзгерістерге қатысты реакциялары анықталды. Осылайша 2006-2007 жылдары біздің зерттеулерде тамыздың соңында қарағанда мамырдың соңында З есе аз және қыркүйектің соңына қарағанда 2 есе аз мөлшерде шыбындар ұсталды. 14 және 15 кестелеріндегі мәліметтерден Алматы қаласының маңайынан ұсталған популяцияларға қарағанда Атырау қаласындағы бастапқы популяциясы (Ғ0 и Ғ,) қанаттардың морфозының үлкен бөлігіне ие екендігі көрінеді. Соңғысы бақылау ретінде қолданылады, өйткені автотрассадан алшақ жерде және дачалар маңында, мегаполистан 11 км жерде ұсталған. Қанаттардың морфоздары әдетте ассиметриялық түрде көрінетіні анықталды. Торакс пигментациясының морфозы түрлі экспрессияға ие. Осы морфоздардың тұқым қуалаушылығын зерттеу үшін бір ұрғашының ұрпақтарын талдауға мүмкіндік беретін тізбектер орнатылған. Ассиметрияның пайда болу себептерін зерттеу үшін қазіргі кезде де дарақтың дамуының сипатына орта факторының әсерін анықтау сұрақтары да шешілмеген болып саналады.

36. Физикалық мутагендерді жазыңыз.. Мутагендер - мутацияның жүруіне әсер ететін заттар. Мутагендерге әсер етуші сыртқы әсерлер физикалық, химиялық және биологиялық (вирустар) факторлар тірі организмдерге әсер етіп мутация жиілігін (әжептәуір жоғарылатады) және спонтандық мутация деңгейін әжептәуір жоғарылатады. Физикалық мутагендер радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелер, гамма сәулелер,жоғары немесе төмен температура және т.б. жатады.