- •Мазмұны
- •1 Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие берудегі, экологиялық мәдениетті қалыптастыру
- •1.1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
- •1.2 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы
- •1.3 Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста
- •2 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмыс
- •2.1 Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру
- •2.2 Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық
- •2.3 Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жүргізілген жұмыстың нәтижесі мынадай қорытында жасауға мүмкіндік береді.
Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің негізі, жас ұрпақ үшін маңыздылығы, табиғат сұлулығына қатысты эстетикалық қатынас, экологиялық аспектідегі адамгершілік қанынас қалыптасады. И.Д. Зверев « педогогикалық практиканың негізгі жағдайында барлық оқу пәндерін экологияландыруға баайланысты мұқйят ойланып істеген жұмыстар қажет» дейді содай-ақ, ол пәндерді экологияндыру басты мәселе деп қарайды.
Ол экологиялық мақсатты ғылыми білім жүйелерін, көз-қарастар мен икемдерді мораль нормаларына сәйкес, қоршаған ортаның хал-жағдайына азаматтық белсенді қатынасуды қамтамасыз ету болып табылады дей отырып, экологиялық білім берумен тәрбие оқушының табиғат сұлулығына ықыластылығын, табиғатты эстетикалық түсіну, осы сұлулықты сақтау үшін адамгершілік, азаматтық борышты ұғыну сияқты дамытушылықты қалыптастырады деп атап көрсетеді.
Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие берудің аса маңыздылығы бұл қоғамдық талаптардан отырған мәселе. Өзге емес, дәл қазіргі жағдайда еліміз экологиялық аса қауыпты аймақтармен әлем назарына ілігіп отыр. Осы тұрғыда еліміздің еліміздің кз-келген азаматы экологиялық жоғарғы сауатты болуы өте қажеттілікті талап етеді. Сондықтан шығарылған заңдармен тұжырымдамаларға сәйкес экологиялық білімнің ғылыми негізі қазіргі таңда жасалынып болды. Осыған орай еліміздің білім беретін бүкіл мектептерінде экологиялық тәрбие мен білімді бастауыш сыныптан бастау өте қажет. Себебі бастауыш сыныптағы оқушылар білімге деген құштарлығымен осы экологиялық оқу-тәрбие барысында қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерімен білімдерін қатар қалыптастыра алады. Оған психологиялық жағынан толық мүмкіндіктері бар. Жоғарыдағы тілге тиек кеткен мәселелерді қорытындылай келгендегі қысқаша тұжырымымыз: бастауыш сыныпта берілген білім мен тәрбие баланың дүние танымының, болашақ білімдарлығының түп-тамыры бола алады. Сондықтан экологиялық тәрбиемен білімді сол қабылдауы мен құштарлығы басым кезде үйрету абзал. Сонда ғана біздің еліміздің болашақ ұрпақтарының кез келген экологиялық сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғатпен жан дүниесі үйлескен, дүние танымы кең болып тәрбиеленеді.
Жоғарыда аталып көрсетілгендей еліміздегі экологиялық жағдайлар кейбір жерлеріміздің экологиялық апат аймағына айналуы, экологиялық тәрбиеге байланысты, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әр түрлі табиғат қорғау туралы заңдарға талдау жасау, бұл мәселенің бірден пайда болмағанын, оның қоғам дамуы барысында адам мен табиғаттың қатынасы негізінде пайда болып, қазіргі кезеңде аса маңызды, дүние жүзіндегі мәселеге айналып отыр.
Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мүмкіндіктерін шешуде жалпы орта білім беретін пәндердің алатын орны ерекше. Барлық пәндерді экологиямен байланыстырып, пәнаралық байланыста жүргізілуі керек. Солардың ішіндегі экологиялық білім мен тәрбие беруде дүниетану пәнінің орны ерекше.
Дипломдық жұмысты қортындылай келе, мынадай тұжырымға келдім.Тақырып бойынша жүргізілген тәжірибелік зерттеу жұмысымызда жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің жәй күйі зертттеліп мына міндеттерді шешуге бағытталды:
- төменгі сыныптың бағдарламалары, оқулықтары, әдістемелік құралдардың оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі қазіргі жағдайын қарастыру;
- мұғалімдермен экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу;
- экологиялық білім мен тәрбие үлгерімінің көрсеткіштерінің бастапқы және соңғы деңгейін анықтау.
Экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясымен практикасында үш үлгісі (моделі) қалыптасып келеді. Бірінші- көп пәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мазмұнына жеке білім, тақырып енгізіледі. Және бұрыннан бар тақыраптардың мазмұны экологиялық мәліметтермен байытылады. Екіншісі- бір пәнді үлгі, орта мектептің оқу жоспарына арнайы экология курсын енгізу арқылы жүзеге асады. Үшінші- аралас үлгі. Мұнда экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылып, соңынан сол пәндерді біріктіріп, қорытындылайтын арнайы пән бойынша оқытылады.Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара быйланыс зардабын биологиялық айналымы арқылы жүзеге асып, жаратылыстану ғылымдары мен байланысты экологиялық ұғымдар жүйесін туғызады. Оларға жататындар: тірі ағза, экологиялық жүйе (экожүйе), экологиялық факторлар, биосфера. Тірі ағза заталмасу және тірі материяны сипаттайтын өзге белгілерімен ерекшеленеді. Жердегі барлық тіршілік етушілердің биологиялық жүйесінен биосфера құралады. Тірі ағзалардың өзара бейорганикалық табиғатпен әрекетесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызады. Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлардың абиотикалық биотикалық антропогенді түрлері бар. Заттардың биохимиялық айналымы дегеніміз-аттардың табиғаттағы алмасуы мен ауысып өзгеруінің айналымды үрдісі. Адамның табиғат заңдарын ескермейтін өндірістік қызметінің әсерінен экожүйе бөліктерінің арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Экологиялық апатқа жол ашылады. Оларға: жерден алынатын қазба байлықтардың азаюы, жер климатының біртіндеп жылынуы, атмосферадағы озон қабатының сиреуі, топырақта зианды заттардың жиналуы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азаюы, т.б. жатады. Осыдан табиғат, адам және қоғамның бір-біріне екі жақты әсері жөнінде экологиялық білімнің жалпы білім құрамына міндетті түрде енгізілу қажеттілігі туады.
Экологиялық білім берудің екінші мазмұны- жас өспірімнің бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру. Мұның мәнісі: оқушыда экологиялық сана орнығуын қамтамасыз ету. Әр оқушы табиғатты тұтасынан алғандағы қоғамның және жеке адамның алуан түрлі қажеттілігін өтейтін қазына байлық деп түсінуі керек.Оқушы табиғаттың құндылығын экономикалық жағынан да бағалай білу тиіс. Бұл әсіресе тәуелсіз Қазақстанның нарыққа бет бұрған шағында аса қажетті қасиеттің бірі.
Экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясымен практикасында үш үлгісі (моделі) қалыптасып келеді. Бірінші- көп пәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мазмұнына жеке білім, тақырып енгізіледі. Және бұрыннан бар тақыраптардың мазмұны экологиялық мәліметтермен байытылады. Екіншісі- бір пәнді үлгі, орта мектептің оқу жоспарына арнайы экология курсын енгізу арқылы жүзеге асады. Үшінші- аралас үлгі. Мұнда экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылып, соңынан сол пәндерді біріктіріп, қорытындылайтын арнайы пән бойынша оқытылады.
Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара быйланыс зардабын биологиялық айналымы арқылы жүзеге асып, жаратылыстану ғылымдары мен байланысты экологиялық ұғымдар жүйесін туғызады. Оларға жататындар: тірі ағза, экологиялық жүйе (экожүйе), экологиялық факторлар, биосфера. Тірі ағза заталмасу және тірі материяны сипаттайтын өзге белгілерімен ерекшеленеді. Жердегі барлық тіршілік етушілердің биологиялық жүйесінен биосфера құралады.
Тірі ағзалардың өзара бейорганикалық табиғатпен әрекетесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызады. Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлардың абиотикалық биотикалық антропогенді түрлері бар. Заттардың биохимиялық айналымы дегеніміз-аттардың табиғаттағы алмасуы мен ауысып өзгеруінің айналымды үрдісі. Адамның табиғат заңдарын ескермейтін өндірістік қызметінің әсерінен экожүйе бөліктерінің арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Экологиялық апатқа жол ашылады. Оларға: жерден алынатын қазба байлықтардың азаюы, жер климатының біртіндеп жылынуы, атмосферадағы озон қабатының сиреуі, топырақта зианды заттардың жиналуы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азаюы, т.б. жатады. Осыдан табиғат, адам және қоғамның бір-біріне екі жақты әсері жөнінде экологиялық білімнің жалпы білім құрамына міндетті түрде енгізілу қажеттілігі туады.
Экологиялық білім берудің екінші мазмұны- жас өспірімнің бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру.
Мұның мәнісі: оқушыда экологиялық сана орнығуын қамтамасыз ету. Әр оқушы табиғатты тұтасынан алғандағы қоғамның және жеке адамның алуан түрлі қажеттілігін өтейтін қазына байлық деп түсінуі керек .
Оқушы табиғаттың құндылығын экономикалық жағынан да бағалай білу тиіс. Бұл әсіресе тәуелсіз Қазақстанның нарыққа бет бұрған шағында аса қажетті қасиеттің бірі.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің үшінші бөлігі- экологиялық этиканың қалыптастыру, табиғатпен қарым-қатынастағы шектеулермен ережелер жүйесі жөнінде білім беру. Ұзақ жылдар бойы табиғатқа қарым-қатынастың пайдалану – тұтыну тәсілі үстем болып келді. Пайдалануды ғана көздеген алып құрылыстар, өндірістермен игерулер жүзеге асырылады. Осыдан барып Арал қасиеті Семей полигоны туындады. Әлемдік денгейде алғанда мұндай экологиялық апатты жақындататын адам әрекеті қаншама. Мұның салдарын адамзат кештеу болсада түсініп, экологиялық проблемаларға айналады. Табиғатпен қарым-қатынасты реттейтін нормативтік құжаттар және ережелер, келісімдер қабылданды. Бұлардың біреулері –халықаралық, екіншілері- одақтастық, үшіншілері-Қазақстан денгейіндегі экологияның кезек күттірмейтін мәселелерін қамтиды.
Осылардың мазмұнын оқушыларға жеткізу арқылы, айналадағы ортаға қарым- қатынаста нормалар мен ережелерді бұзбауға үйрету де – экологиялық білім мен тәрбиенің маңызды міндеті. Мұның өзі табиғатты сақтап, келесі ұрпаққа жаралған күйінде қалдыруға жағдай туғызады.
Экологиялық білімнің төртінші бөлігі- табиғатты білумен қорғаудың іскерліктері мен дағдылары.
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекетті түсіну, экологиялық құндылықтарды білу, табиғаттағы құбылыстарды арасында насихаттау , табиғатты қорғау, еңбек істеу, жердің жасыл жамылғысын сақтау және молайту т.б.
Талданған салалардағы білім, іскерлік және табиғи заң оқушының табиғатқа жанашыр сезімін, экологиялық санасын, ойлауын, мінез-құлқын, мәдениетін және іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталады. Бірақ олар өздігінен және пәннің шеңберінде жүзеге аспайды. Сондықтан экологиялық білімді пәнаралық байланыс туындатып, үздіксіз жүйелі жүзеге асырған жөн. Ол үшін мұғалімдерге экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негізін жетік білу қажет.
пәнінен өткізілген сабақтардың, сыныптан тыс өткізілген жұмыстар негізінде, оқушыларға және мұғалімдерге сауалнама, КВН, оқушылардың шығармалары арқылы жүзеге асты.Сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы мына бағыттарда жүргізілді:Экологиялық апталық, факультатив сабақтар, экологиялық тақырыптағы әңгімелер.Табиғи ортадағы жұмыстар: қоғамдық пайдалы еңбектер және «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру.
Осы бағытта жүргізілген жұмыстар оқушылардың табиғатқа жауапкершілік сезімдерін, экологиялық тәрбиелігін қалыптасытыруға мүмкіндік беретініне зерттеу жұмысымның барысында көз жеткіздім.
Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде экологиялық апталықтың орны ерекше, себебі экологиялық білім беру жүйесінде апталықтар ерекше міндеттерді атқарады да оқушылар ат салысып қатысады.
