Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АБ шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.06 Кб
Скачать

24 Оң жақ және сол жақ шарлардың маңызын ашып көрсетіңіз

Алдыңғы ми сыңарлары адамда басқа ми бөліктеріне қарағанда жақсы дамыған, мидың 80% алып жатыр. Ми сыңарларының беті сұр затпен немесе ми қыртысымен қапталған. Сұр заттың астында ақ зат бар. Ми сыңарларының беті қатпарланып жатады, оның жалпы көлемі 2000-2500 см3, қыртысының қалындығы 2,5-3 мм. Ол 14 млрд. жүйке жасушаларынан құралады. Мидың өзіне қарағанда оның үстіңгі қыртысы жылдам өседі, сондықтан ми қыртысында жүлгелер мен қатпарлар пайда болады. Ми оң және сол үлкен ми сыңарларына ең терең орталық жүлгемен бөлінеді. Әрбір ми сыңары 4 бөліктен тұрады: мандай, төбе, самай, шүйде. Ми жұлын сияқты ақ және сұр заттан тұрады, бірақ мида сұр зат сыртта, ал ақ зат іште орналасады. Ми бөлімдеріне :

Сопақша ми

Артқы ми

Ортаңғы ми

Аралық ми

Алдыңғы ми сыңарлары жатады.

Сол жақ ми сыңарлары оң жақ сыңарларына қарағанда адам тіршілігінде көбірек қызмет атқарады және оның қабілеті мол. Алайда оң жақ үлкен ми сыңарының қызметі де пәрменді болып, сол жағынан асып түсіп отырады.

Мысалы, адам іс-қимылын айналаға бағыттағанда, заттардың пішінін анықтағанда және музыканы түсініп тыңдағанда үлкен мидың оң жақ сыңары күшті қызмет атқарады. Адам үлкен ми сыңарлары қызметінің нәтижесінде айналаны танып, ондағы өзгерістерге сай дененің бейімделу әрекетін жасап отырады. Ми қыртысы адамның психологиялық әрекетінің материалдық негізі болып табылады. Мінез-құлық, тәлім-тәрбие, сөйлеу, есте ұстау (сақтау), ойлау әрекеттерін реттеу үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметіне тікелей байланысты.

25 Есте сақтау,үйрену және иілгіштікті сипаттап жазыңызКүнделікті айланамыздағы зулап өтіп жатқан ақпараттардың бәрін есте сақтау мүмкін емес,бірі болмаса бірін ұмытып қала бересің,Бастауыш сынып жасында есте сақтау қабілеті басқа психикалық үрдістер ретінде елеулі өзгерістерге ұшырайды. Аталғандай, олардың мәні балаларда есте сақтау қабілеті біртіндеп ерікті кейпіне ие болады, саналы реттелетін және жанама боладыҚант зейінділікті арттырады. Қант – энергия көзі, сондықтан бір шыны тәтті шырын немесе қанты мол сусын аз уақыт ішінде есте сақтау қабілетінің жылдамдығы мен көлемін ұлғайтып, логикалық ойлау жүйесі мен ақыл-ойдың жұмыс істеуін жақсартады. Солай екен деп, қантты шамадан тыс көп қолдану да есте сақтау қабілетіне зиян. Қант адамды толтырып жібереді деп, мүлде бас тартпаңыз, күніне орта мөлшерде қолданып тұрғаныңыз пайдалы.Белоктар мен ми қызметі. Белоктар майлар мен көмірсуларға қарағанда адамның ұзақ уақыт тоқ жүруін қамтамасыз етеді. Тамақтану қорыңызда майлы емес белоктарды молайту денсаулығыңызды жақсартып, артық салмақтан арылуға көмектесіп қана қоймай, ми қызметінің қалыпты қызметіне ықпал етеді.Балық – тек белоктың ғана емес, майдың да қайнар көзі. Және балық – миды қоректендіретін супер азық. Балық майы қазіргі уақытта инфаркт ауруларын азайту үшін де қолданылып жүр

26 Жеке басқа тән ерекшеліктердің психологиясы және темпераменттің маңызын түсіндіріңіз

Адам-әлеументтік қатынастармен саналы іс әрекетті жүзеге асырушы, табиғатта кемелденіп жетілген ақыл ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай адамды ғылымның көптеген салалары зерттейді. (Философия, анатомия, физиология, антропология, тарих, педагогика, психология) Әр ғылым адам проблемасын әр қырынан зерттейді. Философия- дүние танымдық, көзқарасын анатомиямен физиология –денесімен жүйке жүйесінің құрылысын оның қызметін, антропология-адамның қоғамда алатын орынын, табиғаттағы өзеге құрылыстар мен байланысын тарих –қоғам өміріндегі қарым қатынасын саралау, ал педагогикалық адам тәрбиесі, оның білім беру жүйесін қарастырып,оның қоғамның белсенді азамат етіп қарастыруын көздейді. Психология-адамның жан дүниесін,сырын, психикасын даму заңдылықтарын, оның жеке қасиеттерінің жеиілуі мен қалыптастыру жолдарын зерттейді. Қарап отырсақ әр ғылым өз бетінше белгілі бір мақсаты көздейді.

     Адамды зерттеуді Р.С.Немов 3 кезеңмен қарастырады:

1.Философиялық-әдебиеттік .2. Клиникалық. 3.Эксперименталдық.

Жеке адамды зерттеудің философиялық-әдебиеттік кезеңі - ежелгі ойшылдардан  XIX ғасырға дейін созылады.  Адамды зерттеу мәселесі адам табиғатын,   адамгершілігі, іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын   қарастырды. Адамға қатысты барлық мәселені, жеке адамға тән деп қарастырылды. Оның биологиялық, психологиялық, мінездік, мәдениеттік т.б жақтары жеке адамға қатысты деп түсінді және ондай түсінік күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Жеке адамды кең түрде талдаудың өзіндік негізі бар. Адамның қажеттілігіне байланысты мейлі тәндік болсын, мейлі жандық болсын тұтас алғанда жеке адамды сипаттайды. Әдебиеттерде, философиялық және әлеуметтік ғылымдарда жеке адамды бұлай қарастырылуын түсінуге де болады. Дегенмен, психологияда мұндай қарастыру тым кең, жалпылық деп саналады. Сондықтан, гылыми - нақты мазмұнды қажет етті.

Жеке адамды зерттеудің клиникалық кезеңі  – XIX ғ. бастауында көрініс берді. Онымен врач-психиаторлар айналысты. Олар жан ауруымен ауыратындардың  өмір сүру тарихын, мінездерін бақылап, оларға диагностика жасау, емдеу және олардың табиғаты туралы кәсіби қорытындылар жасады. Психиаторлардың ең басты назары-дені сау мен ауру адамдар арасындағы тұлғалық айырмашылықтарын белгіледі. Ауру адамдардың тұлғалық ерекшеліктері қалпынан тыс ұлғаюда, дені сау адамдарда ол біркелкі көріністе болды. Экстраверсия, интроверсия, қозу мен тежелу, мазасыздықтар  адамға қатысты. Дәрігер- психиаторлардың тұлға туралы берген анықтамалары дені сау паталогиялық, акценттелген (норманың ең соңғы шегіне сай) тұлғалардың келбеті жөнінде термин берумен шектеледі. Мүндай анықтамалар психотерапиялық мақсаттарды шешу үшін дұрыс болып табылады. Мұндай терминдер психологиялық мақсаттарды шешуге тым қысаң келеді.  Адам психологиясының эксперименттік кезеңі - XX ғ. алғашқы он жылдығынан бастап кәсіби психологтар айналысты. Оның қалыптасуына А.Ф.Лазурский, Г.Оллпорт, Р.Кеттел және т.б. үлес қосты. Кәсіби психологтар бұған дейін танымдық процестерді және адам жағдайларын зерттеген болатын. Эксперименттік кезеңде дені дұрыс адамдарды сенімді валидті тестілік әдістерді жасап, бағалады.

Тұлғаны зерттеуде эксперименталдық кезеңі танымдық процесті зерттеуде едәуір жетістікке жеткен кезең. Ол психология ғылымының тұтас мінез актісін түсіндірудегі тоқыраумен тұспа-тұс келді. Үстемдік   құрған адамды  атомдық тұрғыдан   қарау адам психологиясын жекелеген процестер мен жағдайлар тұрғысынан қарауды талап етті. Адамға эксперименттік тұрғыдан қарауда ағылшын психологі Р.Кеттел ескі негізде құрмай, өзінде жаңа талпыныс жасауда ауру адамды емес, дені сауды және оларға нақты, әрі дұрыс әдісті қолданды.