- •3.Муниципалдық менеджменттің анықтамасы.
- •1.Басқару ғылымының анықтамасы, пәні, объектісі мен әдістері.
- •3.Қазақстан Республикасының жергілікті және әкімшілік бөлінісі.
- •1.Басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану механизмдері.
- •1.Нәтижелер мен тиімділік бойынша басқару.
- •3.Тиісті аймақтағы жергілікті әкімшілік басқарушысының мемлекеттік басқарудағы қызметі. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астанаәкiмiнiң құзыретi
- •3.Әр түрлі деңгейдегі жергілікті әкімшіліктердің басқарушыларының өкілеттілігі.
- •Емтихан билеті № 11
- •1.Функциялардың басқарудың басқа категорияларымен өзара әрекеттесуі. .
- •Емтихан билеті № 13
- •3.Маслихат іс-әрекетінің формасы: сессия, тұрақты және уақытша комиссиялар.
- •Емтихан билеті № 14
- •1.Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру және олардың түрлері.
- •2.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдары.
- •3.Маслихат депутаттарының құқықтары мен міндеттері. Мәслихатдепутаты
- •Емтихан билеті № 15
- •3.Тұрақты және уақытша комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру Мәслихаттыңтұрақтыкомиссияларынұйымдастыружәнеолардыңқызметi
- •Емтихан билеті № 16
- •Емтихан билеті № 17
- •Емтихан билеті № 18
- •3.Маслихаттың ревизиялық комиссиясының іс-әрекеті.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары. Құрылуы және құрамы
- •Емтихан билеті № 19
- •3.Маслихаттардың өзара қатынасы: депутаттар және жергілікті әкімшіліктер жиналысы,жеке өкілет функцияларының іске асырудағы бөлініс қағидасы.
- •Емтихан билеті № 20
1.Нәтижелер мен тиімділік бойынша басқару.
Мемлекеттік басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі Кездегі ғылым мен тәжірибенің басты назарындағы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге шетел және ресей ғалымдары да өздерінің ғылыми еңбектерін арнағаны белгілі.«Қызмет тиімділігі» түсінігі кез келген қызмет түріне, оның ішінде басқарушылық қызметте де қолданылады. Мемлекеттік басқару теориясында «Қызмет тиімділігі» жеткілікті деңгейде қаралмаған және іс жүзінде толыққанды қолданьшмаған ұғымдардың біріне жатады.Жалпы тиімділік екі жағдайда: біріншіден, қол жеткен нәтиже мен шыққан шығындар арасындағы айырмашылық «оң» сальдоны, яғни адам еңбегінің әкелген пайдасын көрсеткенде, екіншіден, осы айырмашылық қоғамның, адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті болған кезде көрініс табады. Әр түрлі мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары көптеген объект түрлерін басқарады және олардың әрқайсысының басқару тиімділігі де әрқилы болады.Мемлекеттің біртұтастығы мен қоғамның бірлігі – мемлекеттік басқару тиімділігініңнәтижесі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізі және халықтың әл-ауқатын арттырушарты. Ал бұдан билік пен басқаруды ұйымдастырудың жалпы жүйелік нысанының түпкімаңызы туындайды. Мемлекеттік басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым мен тәжірибенің басты назарындағы мәселелердің бірі болып табылады.Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің категориясы келесідей түсініктер арқылы анықталады: «қоғамдық мақсаттар», «нәтижелер», «қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделер». Олардың әрқайсысы мемлекеттік басқарудың саяси астарымен бірге өіндік белгілерін анықтайды. «Қоғамды мақсаттар» - түптеп келгенде – бұл саяси мәнді мақсаттар. «Нәтижелер» - (саясатта көрініс тапқан) қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандырумен байланысты болатын объектілер, қызметтер, үрдістер. «Мемлекеттік ресурстар» - қоғамдық мақсатиарға сай болу тұрғысынан да, құқықтың негізделуі жағынан да мемлекетпен белгіленетін экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық, ақпараттық капиталдары. Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің түсінігін анықтағаннан кейін тиімділік өлшемдерін қарастырған жөн. Тиімділік өлшемдері басқарудың көрініс табуының белгілерін, қырларын, әр түрлі жақтарын білдіреді. Оларды талдау арқылы басқару деңгейі және сапасы, оның қоғамның қажеттіліктері мен мҥ дделеріне сәйкес келуі анықталады.Нәтижелер бойынша басқару тұжырымдамасы басқару технологияларын жеке меншік сектордан мемлекеттік басқаруға көшіруді білдіреді. Нәтижеге бағдарланған басқару әдістері мен рәсімдерін енгізу, атап айтқанда, жоспарлау мен бюджеттік процеске деген көзқарастың өзгергенін білдіреді. Стратегиялық жоспарлау қағидасына өту мемлекеттік органдарда елді дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттемелеріне жетуге, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Бюджеттік жүйе реформасының бірден бір бағыты болып табылатын нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізу «шығындарды басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» өтуді білдіреді.
2.Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру механизмдерін қалыптастыру. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдары негізінде жүзеге асады. Рыноктық қатынастар жағдайында бұл, ең алдымен сұраныс және ұсыныс заңы, құн заңы т.б. Мемлекеттік реттеудің мақсаты рыноктық жүйе қызметінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, өнімді өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар арасында заңды және тиімді өзара қатынастарды орнықтыру болып табылады. Мемлекеттік реттеу өркениетті бизнес әрекетін қалыптастырудың негізгі құралы және халықтың әлеуметтік теңсіздігін салыстырмалы түзейтін жағдайларды орнықтыратын күш болып табылады.Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен мазмұнын рыноктық экономиканың мәні анықтайды. Қазіргі рыноктың негізгі міндеті өндірістік және өндірістік емес тауарларға, қызмет көрсетулерге сұранысты қанағаттандырып тауар тапшылығын жоюға бағытталған әрекеттерді қалыптастыру.Рынокты декретпен енгізуге де тоқтатуға да болмайды. Оның қалыптасуы белгілі бір өтпелі кезеңді талап ететін тарихи үдеріс. Бүгінде экономиканы мемлекеттік реттеу барлық елдерде, соның ішінде дамыған елдерде де жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттің белсенді реттеуші рөлінсіз тиімді рыноктық экономика жасау мүмкін емес.Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін рыноктық стихияның шексіз еркіндігіне беріп қою өте терең дағдарыстарға итермелейді. Әсіресе, мұндай жағдайларда рыноктық инфрақұрылым объектілері өлшеусіз жапа шегеді.Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау үшін бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет. Олардың негізгілері мыналар:
• қаржы жүйесін сауықтыру, индикативтік әдістерге көшу, қаржылық тетіктерді пайдалану;\
• бірден жойылуы мүмкін болмайтын шығынды және тиімділігі төмен кәсіпорындар үшін бейімделу және содан кейінгі даму жағдайларын жасау; Оларды жеңілдіктер мен дотациялар көмегімен қолдап рынок жағдайына лайықтау қажет. Келесі кезеңі – мемлекет меншігінен алу және мемлекетке пайдалы шарттар негізінде жекешелендіру;
• елдің бүкіл шаруашылық кешенін қажетті құрылымдық өзгерістерге ұшырату арқылы жаңа техника мен технологияларды енгізіп, ресурс сақтау шараларын жүзеге асыру. Құрылымдық өзгерістерді әдетті әдістермен, яғни капиталдарды шашырату арқылы қажетті қорлануды жасау – бұл өте ұзақ және ауыр жол. Мақсатты бағдарланған жоспарлау және сараптаумен астасқан тиімді реттеу, сондай-ақ құрылымдық өзгерістерді мемлекеттік тікелей және жанама әдістермен ынталандыру бұл процесті едәуір жеңілдетеді.
• белсенді әлеуметтік саясат жүргізу арқылы рынокқа өтудің халық үшін теріс салдарын жеңілдету, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту үшін кешенді шаралар жүйесін жүзеге асыру.
• айқын антимонополиялық саясат жүргізу, монополиялар қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту, ірі монополиялар меншігін акцияландыру кезінде ондағы мемлекеттің үлесін арттыру.
