- •Екінші блок - Практика Емтихан билеттері
- •Ұлттық байлық
- •Қазақстан табиғаты
- •Астанаға сапар
- •Су астындағы қонақүйлер
- •«Байқоңыр» ғарыш айлағы
- •Адамның табиғатты тануы
- •Адам мен табиғат
- •Телефонның шығу тарихы
- •Ағайын-туыс
- •Ұлттық киімдер
- •Құтты болсын!
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Кәсіпкерлік
- •Бауыржан Момышұлы
- •Назарбаев университеті
- •Мамандығым – мәртебем
- •Әлем таныған Қазақстан
- •Қазақстандық коллекционерлер
- •Ұлттық тәрбие
- •Өнер түрлері
- •Отбасылық бюджетті жүргізу
- •Халықтық медицина еміне құлақ түрсек…
- •Шынықсаң шымыр боласың
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Отбасы және дәстүр
- •Достықтың алтын көпірі
- •Тыңдалымға арналған мәтіндер
- •Шарм Эль Шейх курорты
- •Қазақстан туризмі
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау
- •Экологиялық мәдениет
- •Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
- •Мемлекеттік рәміздер тарихынан
- •Ұлттық валюта – теңге
- •Қазақ ғарышкерлері
- •Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды
- •Әлемдегі ең таңдаулы мамандық
- •Іскерлік
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Телефон және ұялы телефон арқылы байланысу
- •Кімде қандай коллекция бар?
- •Спорт жетістіктері
- •Денсаулық – зор байлық
- •Бисердің шығу тарихы
- •Сән және стиль түрлері
- •Тарихи тұлға
- •Достық деген не?
- •Бірлігі жарасқан ел
- •Аққу –махаббат символы
- •Сыйластық
- •Үйлену тойы
- •Әдептілік туралы
- •Нәресте мен періште
- •Отбасылық бюджет
Әлемдегі ең бай адамдар
Билл Гейтс – АҚШ кәсіпкері, әрі қоғам қайраткері. Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушы. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен. Гейтстің өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсысы тек $10 млн. алады. Қалғаны қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған.
Карлос Слим – жер бетіндегі ең бай адам деп саналады. Басылым деректерінше, оның қазынасы 79,6 миллиард долларға бағаланған. Бұл осыған дейін байлардың көшін бастаған Билл Гейтстің қазынасынан 500 миллион долларға көп.
Слимнің бизнесі телекоммуникациямен байланысты. Ол Мексиканың ғана емес, Латын Америкасындағы өзге елдердің де байланыс саласын қадағалайды. 2013 жылы Слимді бай адамдардың көш басындағы орнын, Forbes жорналының пікірінше, Билл Гейтс басқан. Қазір Слим бұл атағын қайта иемденді.
Баффет Уоррен Эдвард – американ инвесторларының бірі болып табылады. Әр акциясы шамамен елу мың доллар тұратын Berkshire Hathaway жекеменшік инвестициялық компаниясының 36%-ын иеленеді. Компания Gillette немесе Coca-Cola сияқты анағұрлым табысты фирмаларға ақша салады. Баффет жыл сайын миллиардтаған табыс алады және Америкадағы аса бай адам деп танылған. Бүгінгі таңда Баффеттің байлығы 30,5 миллиард доллар.
№14 мәтін
Телефон және ұялы телефон арқылы байланысу
Байланысудың ең тиімді құралдарының бірі – телефон. Телефон – қажетті ақпаратты электр сигналы арқылы тасымалдайтын, жеткізетін құрылғы. Осы сигналдар толқындар мен оптикалық шоғырсымдар арқылы әлемді шарлайды. Олар ауада Жер серігінің көмегі арқылы да саяхат жасай алады. Жердің қай түкпірінде отырсаңыз да, қалаған адамыңызға қоңырау шалып, хабарласа аласыз. Телефондар көліктерде, ұшақтарда, кемелер мен механикалық машиналарда да қолданылады. 1875 жылы Бостонда американдық физик Александр Грэхем Белл телефонды ойлап тапты. Қазіргі кезде телефондар түрлі қызметке ие. Мысалы, бір телефонға келіп түскен қоңырауды екіншісіне жіберуге немесе бір сәтте бірнеше қоңырауды қабылдауға болады. Шоғырсымға жалғанбайтын сымсыз телефондар да кеңінен дамыды. Шын мәнінде «сымсыз телефон» деп ұялы телефонды айтуға болады. Ең соңғы үлгідегі мобильді телефондар ұялы желіге жалғанған. Сөйлесуден бөлек, ұялы телефондар бізге хабарлама мен суреттерді жіберуге мүмкіндік береді. Факс машиналары телефон желісі арқылы бетті сканерлеп, қажетті нөмірге жеткізеді.
Ұялы телефонды әр адам кез келген уақытта пайдалана алады. Сондай-ақ, ол өте кішкентай болғандықтан, күнделікті өмірде өзіңізбен бірге алып жүре аласыз.
№15 мәтін
Кімде қандай коллекция бар?
Әркімнің әр нәрсе жинауға әуестігі бар. Өйткені, адамдардың талғамы бірдей емес. Кинокамера жинаумен әуестенетін Димитрис Пистоластың коллекциясынан бүгінде 937 ескі камера моделдері мен кинопроэкторлар табуға болады. Ал қытайлық коллекционер Вонг Гуохуа 2003 жылдан бері шылым қораптарын жинаумен айналысады. Қазір оның жинаған дүниесі 30 мыңға жеткен.
Лайза Кортнидің коллекциясы кезінде Гиннестің Рекордтар кітабына да кірді. Жұмсақ ойыншық көрсе өзін-өзі тоқтата алмайтын Лайзаның бүгінде 12113 қуыршағы бар. Пам Баркер ойыншықтардың бір ғана түрін жинаумен әуестенеді. Яғни кәдімгі жапалақтың кез келген ойыншығын сатып алуға ақшасын аямайды. Пам ханымның қоржынындағы коллекция 18 мыңнан асып жығылады. Шэрон Бэдглидің жинаған коллекциясы 6 мыңға жуық. Өйткені Шэрон дүкендерде сирек сатылатын Санта Клаус (аяз ата) қуыршақтарын жинайды.
Сол сияқты резеңкеден жасалған ойыншық үйректі ермегіне айналдырған Валли Хаммер. Бүгінде Валлидің 2470 резеңке үйрегі бар. Ерекше коллекциясымен әлем жұртшылығын таңғалдырған Рон Тиллер мырза кәдімгі салпыншақ (брелок) жинауға әуес. Оның қоржынынан салпыншақтың мыңдаған түрін кездестіруге болады. Ал неміс фермері Генрих Кэт көптен бері сыра саптыаяғын жинаумен әуестенеді. Қазір оның жинаған саптыаяғы 20 мыңға жетті.
№16 мәтін
