Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты + аудиотекст 3 ур.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.3 Кб
Скачать

Отбасы және дәстүр

Отбасы – әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Қазақ отбасында ұл баланы, қыз баланы тәрбиелеуге үлкен мән берді. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» Отбасында ұлға үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйретеді. Қызға тамақ істеу, үй ұстау дағдыларын қалыптастырады.

Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін өте маңызды. Мына кісінің есімі – Қуанышбек. Оның отбасы үлкен. Оның әкесі, шешесі бар. Қуанышбектің әйелінің аты Забира. Олардың бір ұлы және екі қызы бар. Қуанышбек пен Забира үш баласына қамқор болып, жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады. Ол үшін ұлттық дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Үйге қонақ шақырып, қазақ дастарханын даярлауды балаларына үйретеді. Өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. Қуанышбек отбасымен демалыс күндерін бірге өткізіп, саяжайда бақша егуге, саяхатқа шығуға, машинамен қыдыруға құмар. Забира отбасымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеуді, шет тілдерін үйренуді жақсы көреді. Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дәстүрі қалыптасқан. Жақсы дәстүр – отбасының берік шаңыраққа айналуының тірегі.

(«Жаңа толқын» кітабынан)

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Тәуелсіздік күні

27 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №27 «Әдептілік туралы» (тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

дұрыс

бұрыс

1

Әдептілік адам бойында бірден қалыптасады.

2

Адам – ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. 

3

Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырыспайды.

4

Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин).

Сіз үшін дипломның қандай мәні бар?

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Коллекция

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

Әке

«Әке – асқар тау» дейді дана халқымыз. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке шаңырақтың тірегі. Әке өз шаңырағының төрінде отырады. Ақ дастарқанға бата беру әкенің міндеті. Әке балаға жақсы тәлім-тәрбие беруге міндетті адам. Әке – бала үшін өнеге мектебі. Әке отбасы мүшелерін қорғауға міндетті. Әкені сыйлау, оны үлкен құрметтеу баланың парызы болмақ. Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әрбір перзент әкені ренжітпей оның айтқанын орындау басты парыз деп санауға тиіс.

Ақылды аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырған. Мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз.

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Менің арманым

28 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №28 «Нәресте және періште» (тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

дұрыс

бұрыс

1

Баланың сұрағы: Мен өте кішкентаймын, сондықтан мен ол жақта қалай өмір сүремін?

2

Баланы қорғайтын қамқоршысы ол – әкесі.

3

Оның қамқоршысы оған әрдайым әдемі әндер айтып бермейді.

4

Бір нәресте дүниеге келуге жақындағанда, бір періштеден сұрайды

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин).

Әке – отбасының тірегі

2-тапсырма. Берілген тақырыпта әңгімелеңіз. (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Қазақстан экономикасы

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).