- •I. Кедендік ресімдеудің түсінігі мен жүргізілу тәртібі
- •1.1. Кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттар мен декларация түсінігі.
- •1) Еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режимі:
- •2) Тауарлар экспортының кедендік режимі:
- •3) Тауарлар кері импортының кедендік режимі:
- •4) Тауарлар транзитінің кедендік режимі:
- •8) Кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кдендік режимі:
- •9) Тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі:
- •13) Еркін қойманың кедендік режимі:
- •14) Тауарлар кері экспортының кедендік ржимі:
- •17) Арнайы кедендік режим:
- •1.2. Кеден брокері және оның қызметі мен міндеттері.
- •Кеден брокерінің міндеттері:
- •1) Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау;
- •II. Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіру.
- •2.1. Қазақстан Республикасындағы декларациялаудың алдын ала және мерзімдік декларациялау түрлері.
- •III. «Талдықорған» кеден бекетіндегі кедендік ресімдеу бөлімі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1) Еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режимі:
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімнің қауіпсіздігіне сәйкестік сертификаты;
– өлшеу құралдары үлгісін бекіту туралы немесе өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат не Қазақстан Республикасына заңдарына сәйкес метрологиялық қадағалау қолданылатын тауарлар үшін жұмыстар атқару шарты;
– Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайлар да тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар;
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға және экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін- лицензия.
2) Тауарлар экспортының кедендік режимі:
– Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тиісьі уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар;
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға және экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін-лицензия.
3) Тауарлар кері импортының кедендік режимі:
– Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тауарларды әкетуді растайтын жүктің кедендік декларациясы;
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімнің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;
– әкетудің кедендік баждарын қайтаруды қамтамасыз ету үшін әкетудің кедендік баждарын төлеген растайтын құжат;
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат.
4) Тауарлар транзитінің кедендік режимі:
– кедендік мөрлермен пломбаларды қойып тауарларды тасымалдау үшін көлік құралын жіберуді растайтын құжат;
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарлар транзитіне рұқсат.
5) кеден қоймасының кеден режимі – тауарларды сақтауға кеден қоймасының иесімен жасалған шарт;
6) кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі – тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы;
7) еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі – тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті мемлекеттік органның қорытындысы;
8) Кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кдендік режимі:
– тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеудің талапрары туралы қорытындысы;
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат.
9) Тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі:
– тауарларды және көлік құралдарды әкету туралы міндеттеме;
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімнің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты.
10) бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі – өнімнің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты.
11) тауарларды және көлік құралдарын әкетудің кедендік режимі – тауарларды әкелу туралы міндеттеме.
12) еркін кеден аймағының кедендік режимі – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімнің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты.
