- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
Талдауға түсетін афоризмдер белгілі ғалым Қ.Өмірәлиев еңбегінде [225,120] түзілген және Ғ.Мүсірепов анықтаған (ақын Е.Шаймерденовтың баспаға ұсынған) афоризмдері негізінде алынып отыр [226].
Белгілі ғалым Қ.Жұмалиев мағынасына, құрылысына қарай: ақыл сөздер (дидактикалық сөздер), нақыл сөздер (афоризм) деп жіктейді [37,313- 314].
а) Афоризмдер құрылымына қарай екі бөліктен: 1) нақты ой айтылған алғашқы бөліктен және 2) қорытынды тұжырымнан тұрады, бүл бөлімде, әдетте, автордың бағалауыштық модальдік көзқарасы беріледі. Оның күрамындағы әр сөздің түрақты орнын ауыстыруға, сөз қосуға немесе алып тастауға болмайды. Бүл жағынан ол фразеологиялық тұтастыққа ұқсайды. Мысалы, (I) Адамшылықтың алды - махаббат, ғаделет, сезім. (II) Бүл ғаделет, махаббат, сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым. Осы мәнмәтіннің бірінші бөлігіндегі (I) негізгі ой адамшылықтың бастауы не екенін анықтап берсе, екінші бөлігінде (II) оның қандай нәтижеге қол жеткізеріне нұсқайды; ягни махаббат, ғаделет, сезімі көп адам-ғалым болады. Бүл жерде ғалым семасының мәні, біздіңше, даналық, биік адамгершілік дегенді де білдіреді. Автордың адамды адамгершілігіне, ізгілігіне, имандылығына қарай
бағалайтыны
және оның барлық шығармашылығының
лейтмотивіне айналғаны туралы әркім
білері дау туғызбайды.
Келесі мысалда да бірінші бөлік негізгі ойдың анықтамасы екінші бөлігінде қысқа, әрі тұжырымдала қайырылады (I). Автор сағатқа үры деген «мінездеме» береді, (II) себебі ол "күнде үрлықпен айналысады". Автордың модальдық көзқарасы осы семаға бағалауыштық сипат үстеген. Сағаттың өзі - үры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған сағат адам өмірінің символына, бейнесіне баланады.
Сағаттың шъщылдағы емес ермек, һәммиша өмір өтпек — ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тагдыр жоқ қайта келмек. Бүл философиялық деңгейдегі биік тұжырым Абай афоризмінің негізгі өзегі болып табылады.
Афоризмдер құрылымындағы мағына, орын түрақтылығына және ойдың логикалық жүйелілігіне келесі мәнмәтін де дәлел бола алады.
(I) Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; (II) татымсызға қылған болыстық өзі адамды бүзады. Бірінші бөлік адамды тек біліміне (ол кісілік деген семаны қоса білдіреді деп ойлаймыз) қарай күрметтеу керектігін ескертеді. Ал екінші сыңар оның себебін көрсетеді: өйткені татымсыз, яғни өмір, адам туралы білім-білігі аз, кісілігі шамалы адамға көрсеткен сыйың өзіңді жақсы мен жаманды айыра білмеуге "үйрету ", соған бейімдеуі/ мүмкін. Шығарма астарынан осы имплицитті, прагматикалық мәнді аңғаруға болады яғни автор әр нәрсенің парқын білуге тәрбиелеп те отырғанын бағамдаймыз.
5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
Үлкен совет энциклопедиясында барлық афоризмдердің 4/3 бөлігі үш-бес сөйлемнен түратындығы көрсетіледі. М.Твен: "Афоризмнің дүрыс мөлшері: мейлінше аз сөз, барынша көп (терең) ой" деп таразылайды [215]. Афоризмдер құрылысына, көлеміне қарай Абай дискурсында бір жай сөйлемнен де түруы немесе жеті-сегіз құрмалас сөйлемге дейін үласуы мүмкін. Ал компонент құрамындағы сөздердің жалпы саны екі сөзден алпыс-жетпіс сөзге дейін кеңеюі ықтимал. Мысалы, синтаксистік құрамына қарай Білімсіздік - хайуандъщ; Иман - парыз; Тәңірім - шебер сияқты екі сөзден түратын жай сөйлемдер кездеседі. Қысқа да нақты тұжырымды ойды білдірген мына жай сөйлемдер құрамы үш сөзден тұрады:
Күрделі ой айту үшін құрмалас сөйлем формасындағы Қарасөздер мынадай үзінділер де қолданылады.
Сонымен, әр бөлігі жеке-жеке афоризмге айналуға лайық мына үлгіге назар аударсақ: ..."һэмма ғаламға белгілі, данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз, надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сүрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады" ( Қарасөз). Синтаксистік құрылымның мәтін желісінен бөліп алған жағдайда, афоризмнің
әр үзігі өз еркіндігін сақтап, мақал-мәтелдегідей аяқталған ойды білдіреді, сонымен қатар, семантикалық деңгейіне нұқсан келмейді.
Афоризмдер көлемі бірнеше сөйлемнен, оңдаған сөздер байланысынан құралуы мүмкін. Оған дәлел ретінде Естіген нәрсені үмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі... деп басталатын мәтінді алуға болады (80-ге жуық сөзден тұрады).
Мақтаншақтардық өзі үш түрлі болады: біреуі ... деп келетін мәтін кездеседі (59 сөзден тұрады).
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек: әуелі (51 сөзден тұрады).
