Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп КГ ТГ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.13 Кб
Скачать

6 Тапсырма

Емханаға 41 жасар автоцистернаның жүргізушісі бензин тасымалдаушы бас ауруына, бас айналуына, әлсіздік, жүрек соғысы, жүрек айну, қалтырау, жүрек аймағындағы қысым, тамақ ауруына, көздің ауруына шағымданып келді.

Объективті белгілер: кілегейлі және тері өзгеріссіз. АҚ 80/60 мм. Пульс жиілігі 54 соқ/мин, ағза температурасы 35,6 С0, жүрек соғысы әлсіз.

Кәсіптік ауруға диагноз қой, себебін көрсет?

Қандай жол ағзаға әсер етіп жатыр?

Кәсіптік аурудың диагнозын дәлелде?

Дәрігер қандай құжаттар толтыруы қажет?

Профилактикалық және реабилитациялық іс-шараларды көрсет?

Жағдайлық есептер. Емтиханның 2 бөлігі. Лабораториялық және құрал-жабдықтың зерттеудің бағасы.

Судың гигиеналық бағасы.

Тапсырма-1.

Р пункіндегі тұрғылықты құдықтың суының анализі кезінде анықталды: судың иісі-1 балл, түсі -100, судың мөлдірлігі 2,5 мг/л.

Судың гигиеналық бағасын беріңіз.

Судың көрсеткіштерінің өзгеруі қандай себептерден туындауы мүмкін?

Судың сапасын қалай жақсартуға болады?

Судың тағыда қандай көрсеткіштерін қосымша зерттеу керек?

Тапсырма 2

Қаланы сумен қамтамасыз етіп отырған артезиандық скважиналардың анализі кезінде анықталды: органалептикалық көрсеткіштер қалыпты жағдайда, құрғақ қалдық-1300 мг/л, хлоридтердің құрамы – 570 мг/л, сульфат-550 мг/л, нитрат – 20мг/л, темір – 0,2 мг/л, фтор – 0,8 мг/л.

Судың гигиеналық бағасын беріңіздер?

Ауыз судың сапасына қатысты қандай аурулар болуы мүмкін?

Тұрғындардың арасында осы аурулар деңгейін қалай төмендетуге болады?

Тапсырма 3

Ауданда су көздерінің анализі кезінде анықталды: су иісі 2-3 балл, дәмі – 1-2 балл, мөлдірлігі -1-2 мг/л, судың қышқылдығы 5-6 мг/л 0,2/л, коли-титр – 150-200.

Судың гигиеналық бағасын беріңіз?

Судың сапасы аурудың себебі бола ала ма?

Судың сапасының өзгеруінің себебі қандай?

Қандай көрсеткішті қосымша зерттеу керек?

Судың сапасын қалай жақсартуға болады?

Тапсырма 4

В аудан орталығындағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты құдықтан су сынамасын зерттеу барысында анықталғаны: судың иісі мен дәмі – 1 балл, түсі – 10 градус, мөлдірлігі – 0,5 мг/л, микробтық сан – 100, коли-индекс – 300, коли-титр – 3.

Суға гигиеналық баға беріңіз. Осы суды ауыз су ретінде пайдалануға бола ма және оның сапасын жақсарту үшін қандай іс-шаралар жүргізу қажет?

Тапсырма 5

Ауыл су құбырындағы су анализінен анықталғаны: иісі – 2 балл, дәмі – 3 балл, мөлдірлігі – 1 мг/л, құрғақ қалдық – 2000 мг/л, сульфаттар – 500мг/л, фтор – 0,7 мг/л, нитраттар -5 мг/л, микробтық сан-80, коли-индекс – 5.

Суға гигиеналық баға беріңіз, оны ауыз су ретінде пайдалануға бола ма, немесе су сапасын жақсарту бойынша қосымша іс-шаралар қажет пе? Берілген суды пайдалану ағзада қандай өзгерістер тудыруы мүмкін?

Микроклиматқа гигиеналық баға беру

Тапсырма 1

Тұрғын бөлме микроклиматын анықтау барысында анықталғаны: кататермометрдің суу жылдамдығы 100 сек., катотермометр факторы 600. Эффективті температура – 16,5 0 ЭТ.

Микроклиматқа баға беріңіз. Зерттеу үшін қандай құрал-жабдықтар қолданылған? Бөлме микроклиматын қалай жақсартуға болады?

Тапсырма 2

Жатақхананы санитарлық тексеру барысында өлшемі 4х5х2,5м бөлмеде 2 адам тұратыны, табиғи желдету арқылы бөлмеге сағатына 40 м3 ауа енетіні анықталды. Ауа температурасы 21 С, оның қозғалу жылдамдығы 0,1 м/с, эффективті температура 22,5 С ЭТ.

Бөлме жағдайына гигиеналық баға беріңіз, қосымша қандай көрсеткіштерді зерттеу керек?

Тапсырма 3

Евпатория қаласындағы балалар шипажайының жағажайында маусым айында ауа температурасы 23 С, салыстырмалы ылғалдылық 90%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 5,5 м/с, ЭТ – 17,5 С құрады.

Бронх-өкпе аурулары бар балаларға ауа ваннасын қабылдау бойынша кеңес беріңіз.

Аруханалар гигиенасы

Тапсырма 2

Аурухана палатасының ені-4м, тереңдігі -7, биіктігі 3 м. Палатада 2 терезе.

Әрбір әйнекті бөлігінің көлемі – 2 м2. Ашық терезедегі шудың деңгейі 14-тен 17 сағатқа дейін -55 дб, түнде – 30 дб. Ауа алмасу көлемі сағатына 50 м2. Жалпы жасанды жарық- 30 лк. Палатада бас жағы терезеге бағытталған, әрбір қабырғада 2-ден орналасқан 4 төсек орын бар.

Палатаға гигиеналық баға беріңіз.

Палатаға келушілердің жағдайын қалай жақсартуға болады?

Тапсырма 3

Операциялық бөлме ауданы 60м2, 2 операциялы үстелінен тұрады. Ауаның орташа температурасы 210С. Салыстырмалы ылғалдылығы 60%, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,1 м/с, температураның тігінен және көлденеңнен құлдырауы 20С. Ауадағы СО2 құрамы 0,07%. Жарықтың коэффициенті 1:5, жалпы жарықтандыру люминицентті 200 лк шырақтармен жүргізіледі. Көлеңкесіз шырақ операциялы аумақта 7000 лк жарық береді.

Операциялы бөлмеге гигиеналық баға беріңіз?

Зерттеу кезінде қандай құралдар қолданылды?

Операция бөлмесінің жағдайын қалай жақсартуға болады?

Тапсырма 4

Операция бөлмесіне гигиеналық баға бергенде анықталды: ауа температурасы 200 С, салыстырмалы ылғалдылық - 50%. Эффективті температура 16,8 о эт. Операция ауасындағы жалпы микробтың саны – 1130.

Операция бөлмесіне гигиеналық баға берініз?

Қандай құралдар қолданылады?

Операция бөлмесінің жағдайын қалай жақсартуға болады?

Еңбек гигиенасы

Тапсырма 1

Тәжірибелік сабақта анфимовтың корректорлы сынақ әдісінің кестесі бойынша студенттерде ақпарат алмасу жылдамдығы анықталды. Сабақтың басында сынақтың көрсеткіштері 6,3 бит/с, 1сағаттан кеін-6,0 бит/с және 2 сағаттан кейін-5,2 бит/с.

Студенттің жұмысқа қабілеттілік деңгейін анықтаңыз. Халықтың уақыт алдылық жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуінің негізгі себептері қандай? Бұл жағдайда жұмысқа қабілеттілікті зерттеудің қандай қосымша әдістері қолданылады?

Тапсырма 2

СЭС-тің еңбек гигиенасы бөлімі дәрігерлерінің санитарлы тексеруі кезінде завод жұмысшыларының еңбек шартын анықтады. Анықталғандай жұмыс аумағындағы ауа құрамында СО2-0,2% , СО-3 мг/м3, жоғары жиілікті шу деңгейі 68 Дб, ауа температурасы 21оС, ылғалдылық – 80%, ауадағы отын шаңы 20 мг/м3.

СЭС қандай гигиеналық нәтиже шығарды? Бұл жағдайларда жұмысшыларда қандай кәсіптік аурулар туындауы мүмкін, олардың диагностикасы мен профилактикасы қандай?

Мектеп және мектепке дейінгі балалар мекемесінің гигиенасы

Тапсырма 1

8х7 м аумақты сыныпта 40 оқушы шұғылданады. Жарық коэффициенті 1:5-0,8% құрайды, жалпы жасанды жарықтандыру 210 лк люминесценттік лампамен жұргізіледі. Ауа алмасу қысқалғы 1,8, құрамы СО2-0,13%. Сыныптағы столдар 3 қатар орналасқан, қатардың ара қашықтығы 0,5м, партаның түсі (бояуы) жасыл және қызыл. 1-ші партамен мектеп тақтасының ара қашықтығы 1м. Қатысып отырғандардың көпшілігі парта дифференциясы бойынан 1/9 орындық ара қашықтығы- +2.

Сыныпқа гигиеналық баға беріңіз. Мектеп жиһаздарының құрастырылуы мен орналасуына баға беріңіз. Оқушылар осындай шартта болғанда қандай аурулар туындауы мүмкін.

Тапсырма 2

Бала-бақшаның сәбилер топтарының құрамында ауданы 5х5 м ойын бөлмесі және 6х7 м жатын бөлмесі бар. Ғимараттың биіктігі 3м. Топта 24 бала бар. Ойын бөлмесінде 2 терезе бар, әрқайсысы 2м2. Ғимараттың микроклиматын өлшеу барысында анықталды: ойын бөлмесінде ауа температурасы 260С, салыстырмалы ауа ылғалдылығы 58%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,08 м/с, эффекті температура 23, жатын бөлме температурасы 24. Жасанды жарықтың деңгейі 100 лк. Ойын бөлмесіндегі ауаның құрамы СО2-0,15%.

Бала-бақша тобына гигиеналық баға беріңіз.

Тапсырма 3

Оқушылар арасындағы суық тию ауруларының жоғарылауына байланысты сынып микроклиматына баға берілді. Осыған орай анықталғаны: ауа температурасы 19ºС; салыстырмалы ылғалдылығы 80%; ауа қозғалысының жылдамдығы 0,4м/с; ауаны мұздату 7,8 мкал/см2сек, эффекті температура – 18,70 эт.

Микроклиматқа гигиеналық баға беріңіз. Осы шарттар суық тию ауруларын тудыруы мүмкінба?

Зерттеу үшін қандай құралдар қолданады?

Сыныптағы микроклиматты қалай жақсартуға болады?

Балалармен жасөспірімдердің физикалық дамуын бағалау.

Тапсырма 1

10 жастағы, бойы 125 см, салмағы 41.1 кг қыздың физикалық дамуының үйлесімділігін анықтаңыз. Сигмальдық кесте мәліметі (орташа+ - сигма): бойы 134, 0+-2.5см; салмағы 35.1+-2.2 кг . Таннер критериі нормада.

Физикалық дамудағы ауытқуларға қандай себеп болады?

Ұл баланың физикалық дамуынан басқа қандай әдіспен анықтауға болады?

Баланы кеңес алауға қандай маманға жіберу керек?

14-16 бет жок

16 нұсқа

1 этап

Жағдайлық есеп 1

Тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға А есімді 26 жасар көлік шеберханасының жұмысшысы өзінің әлсіздігіне, басының ауруына, іштің толғақ тәрізді ауруына шағыданып келді. Медициналық тексеру барысында астено-вегетапиевтік ауру байқалды және де қызыл иекте сұр түсті кайма және өткір гепатит белгілері байқалды. Қан анализін көрсеткіштерінде: эритроциттердің түйіршікті базофильдері, ретикулоцитоз анықталды.

  1. Кәсіптік улануға диагноз қойыңыз? Зиянды факторлардың адам организіміне алатын орны?

  2. Кәсіптік уланудың диагнозын қалай анықтауға болады?

  3. Осы жағдайда дәрігер қандай құжат толтырады?

  4. Осы жұмыс орнының жұмысшыларына қандай оңалту және алдын-алу шаралары жүргізіледі?

  5. Тәжірибелік дағдылар: мектеп жиһаздарының құрылымының гигиеналық әдістемесін және мектеп кестесін және негізгі нормативті көрсеткіштерін көрсетіңіз?