- •Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •1.Ботаникалық жіктеу.
- •2.Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
- •3.Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу
- •2.Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.
- •Тақырыбы:Дақылдардың өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
- •2.Су режимі
- •3 Қоректену режимі
- •Тақырып: Дақылдардың көбеюі
- •1.Тұқымның көбеюі
- •2.Өсінді жолымен көбейту
- •1.Қызанақ өсімдігіне жалпы сипаттама.
- •2 Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері
- •1.Қиярдың халық шаруашылығындағы маңызы.
- •2. Қиярдың морфологиялық-ботаникалық маңызы
- •Қиярдың гүлі
- •1.Баялдының морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Жылыжайларды пайдалану және құрылысын салу.
- •2.Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері|
- •1.Жылыжайды салуға телім тандау
- •1.Қиярды қысқы жылыжайларда өсіру.
- •2.Қиярды көктемдік пленкалы жылыжайларда өсіру
- •3.Қиярды булыжайларда өсіру
- •1.Қызанақты қысқы жылыжайда өсіру
- •1.Қызанақты көшетпен өсіру.
- •-Сурет. Қызанақ көшеттерін отырғызу: шымыр (сол жақта) және сорайған
- •2.Қызанақты көшетсіз өсіру
- •3.Жинау және сақтау
- •1.Ерте пісетін орамжапырақтың көшетін өсіру.
- •1.Бұрыштың морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Көкпиязды жылыжайларда өсіру.
- •6.Ұсынылған әдебиттер тізімі:
1.Қиярды қысқы жылыжайларда өсіру.
Жылыжай топырағын алғашқы дайындағанда әрбір шаршы метріне 20-30 кг толық шірімеген көң еңгізеді. Көңді шашқаннан кейін топырақты қайтадан жыртады, терең қопсытады және тал-дауға алады. Агрохимиялық талдауға сәйкес, негізгі өңдеу кезін-де минералды тыңайтқыштар еңгізіледі. Жылыжай топырақтарын Т-25А, Т-54В, «Универсам 455У» тракторына немесе ЭТ-17,2 электор тракторына ілінген ПН-2-30Р соқасымен жыртады. Аспалы ФН-1,6, бақшалық трак-торлық қопсытқыштар ФП-2, ФНС-2 және қопсытқыш барабаны бүйіріне орналасқан ФНС-09Г, ФС-0,7 А электрлі қопсытқышта-рымен, ЭМ-12А электр шотымен қопсытады.
Қыста ертерек отырғызу үшін Клин сортотиптерін, ал жазғы-күзгіге партенокарптық сұрыптарды пайдаланған дұрыс. Отырғызар алдында құмыралардың көлеміндей ұялар жасайды. Аурулардың алдын алу үшін барлық көшетті 0,1% фосфамид ерітіндісімен өңдейді.
25 тәуліктік көшеттіктер отырғызылады. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің тәжірибелерінде 20 тәуліктік көшет бір шаршы метрден 12,5 кг, 25 тәуліктігі - 16,4 және 30 тәуліктігі - 14,3 кг өнім қамтамсыз еткен.
Қысқы-көктемгі айналымда ерте мерзімде отырғызғанда көшеттерді қос ізді таспалы 80+60x35-40 см (1 м2 3-4 өсімдік), ал кешірек отырғызғанда бір ізді - 80x50 см немесе 100x3 5см (1 м2-2-3 өсімдік) сұлбасымен жүргізеді. Блокты жылыжайларда қос ізді таспа 100+60x35-50 см сұлбасы дұрыс. Партенокарпты сұрыптарды ертерек мерзімде 160x45 см сұлбасымен орналастырады, кешірек болса - 160x50 см.
Жазғы-күзгі айналымда қысқы-көктемгімен салыстырғанда, сиректеу отырғызған дұрыс. Себебі жеміс салу кезеңі жарықтануы нашарлайтын мерзімге келеді. Блокты жылыжайларда өсімдік қатарын ұзын бойымен келтіреді.
Қияр өнімі көшеттің отырғызу мерзіміне көптен көп тәуелді. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің тәжірибелерінде көшетті тұрақты орнына 5 қаңтарда отырғызғанда бір шаршы метрден 15.0 кг өнім, 10 қаңтарда - 14,6 және 20 қаңтарда отырғызғанда 12.1 кг өнім жиналған.
-сурет. Жіпті аспаға байлау тәсілдері:
1-жылжымалы ілмек; 2-түйіндеп байлау; 3-қатты байлау
Көшетті отырғызған-нан 3-4 тәулік өткен соң өсімдікті көлденең аспаға байлайды. Өсімдіктер біркелкі жарықтануы үшін оларды кезектестіріп, оң және сол жақтағы тартылған сымға байлай-ды (1-сурет).
Өсімдіктерді тік-аспа тәсілімен қалыптастырады. Мәселен, Клин сортотипінің өсімдігі мынадай түрге ие болады. Негізгі өркенді 8-9 жапырақтан кейін шырпиды, сосын арасына 2-3 жапырақ жіберіп тағы да шырпиды. исімдік аспаға жеткеннен кейін негізгі өркенді одан асыра тастайды, содан кейін ол өз еркімен өседі. Бүйірлік өркендерді, өркенінде 2 жеміс қалдырып, жемістің үстінен шырпиды. Қысқа жемісті сұрыптар мен будандардың өсімдіктерін басқаша қалыптастырады: негізгі өркенді аспаға жетісімен, ал бүйірліктерін Клин сортотипінің сұрыптарындай шырпиды.
Партенокарптық сұрыптар мен будандардың өсімдіктерін бас-қаша қалыптастырады. Негізгі өркенді аспаға дейін шырпымай-ды, бүйірлік өркендерін төменнен 50-80 см биіктікке алып тас-тайды («жарықтандыру»), қалғандарын алдымен 1 жапырақ пен 1 жеміске, одан жоғарырақтарын аспадан жоғары 2-3 жапырақ пен жеміске, одан жоғарырақтарын аспадан жоғары 2-3 жапырағына және жемістердің салмағымен құламас үшін үшын байлай-ды. Жоғарғы 2-3 жемісін сымнан асыра орналастырып, 50 см кейін шырпиды. Отырғызғаннан кейін алғашқы 2 айда өсімдікті өте мұқият қалыптастырады (2-сурет). исімдікке түсетін ең жоғары салмақ - 70 жеміс (30-35 кг).
Ұзақ өсіріп, өсімдіктің төменгі бөлігінде жапырақ қалмағанда өсімдікті жасарту үсынылады: желінің жапырақсыз бөлігін дымқыл жерге жаяды, қосалқы тамырлар пайда болғаннан кейін 2 см қалың топырақпен жабады. Сабақтың жоғарығы ұшын тағы да байлайды. Партенокарптық сұрыптар үшін жасартудың қажеті жоқ.
Өсімдікті күтіп-баптау үшін қозғалмалы, жылжитын және жылжымайтын сирақтардан тұратын ПСП-1,4 платформа - басқышты қолданады. Платформа алға және артқа жылжи алады.
Жылыжайларда қиярды топырақтың агрохимиялық талдау негізіне сүйеніп үстеп қоректендіреді. Қияр 1 кг жеміс қалыптастыру үшін 1,4 азот, 0,9 фосфор, 2,8 калий, 1,2 кальций және 0,2 г маг-ний пайдаланды. Өсімдікті көмірқышқыл газымен үстеп қоректендіру өте пайдалы.
-сурет. Гүлдеуі аналық түртекті қияр өсімдігін қалыптастыру сұлбасы. (С.Ф.Ващенко бойынша Московский тепличный буданы)
Жылыжайдағы температураны шуақты күндері 20-28°С, бұлыңғыр күндері 20-22°С маңында ұстайды. Жеміс байланғанша түнде 17-18°С, жеміс байланғанда - 20-22°С. Топырақ температурасы 20-22°С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 75-85°С. Қиярды қыста және ерте көктемде, әдетте, таң сәріде жылытылған сумен (23-24°С) суарады. өсімдікті қыста және көктемде өсіргенде қажет суару саны мен су шығыны 1-кестеде келтірілген.
- к е с т е . Суару саны және су шығыны
Көрсеткіш |
Ай |
|
|
|||||||||||
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
|||
Суару саны |
3 |
6 |
8 |
10 |
12 |
15 |
15 |
12 |
6 |
4 |
2 |
2 |
||
1м2 су шығыны, л |
7 |
7 |
10 |
10 |
12 |
12 |
13 |
12 |
12 |
10 |
9 |
8 |
||
