Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МӨТ-2 (практикалық жұмыстар).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
466.8 Кб
Скачать

Аралық шөміштің негізгі өлшемдерінің есебі

Жұмыстың мақсаты: БҮҚ қондырғыларының негізгі элементтерін зерттеу. Аралық шөміштің нені қамтамасыз ететінін зерттеу.

Жұмыс жоспары:

1. Теориялық бөлім

2. Бастапқы мәліметтер

3. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

Кілт сөздер: БҮҚҚ, құю, кристализаторлар, шөміштер, бұлақты қондырғылар, футеровка.

Бақылау сұрақтары:

1. БҮҚ қондырғысының негізгі элементі болып не саналады?

2. Аралық шөміш нені қамтамасыз ету керек?

3. Аралық шөміште металдың болу уақыты.

4. Бұл жұмыстың мақсаты қандай?

5. Шөміштегі металдың биіктігі қандай шекте болуы керек?

Глоссарий:

1. Аралық шөміш - БҮҚ қондырғысының негізгі элементі болып саналады.

Теориялық бөлім

Аралық шөміш БҮҚ қондырғыларының міндетті элементі болып табылады. Ол қамтамасыз етуі керек:

- құюдың тұрақты жылдамдығын;

- бірнеше кристализаторларда құю мүмкіндігін;

- металды біртектілеу;

- «балқытуды балқытуға» құю кезінде шөмішті алмастырудағы келісілген жылдамдығын;

- жылудың минималды жоғалтуларын (5-15С);

- Металл емес қосындылардың қалқуын.

Осы мақсатта металдың оның ішінде болу уақыты 5-10 минут құрайды. Аралық шөміштің сұлбасы және негізгі көрсеткіштері 10.1 - ші суретте көрсетілген.

Практикалық мәліметтер бойыша металл биіктігі h1 = 0,6-0,8м аралығында болуы керек. Кристализаторға қождың түсуін болдырмау үшін шөміште азайтылмайтын металл қоры h2 = 0,25-0,35м қалуы шарт. Жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін футеровканы алмастыру бойынша қашықтық l= 200-500мм - ді құрайды.

Сурет 10.1 - Аралық шөміштің жалпы сұлбасы: 1 - футеровка; 2 - сұйық металл; 3 - болатқұюшы стакан

Бастапқы мәліметтер

1. Болатты құю 4 бұлақтық қондырғыларда жүзеге асырылады.

2. Бұлақ араларының қашықтығы: 1 - 1700мм.

3. Дайын бұйымның өлшемі: а · в = 260 · 260 (блюмс).

4. Созу жылдамдығы: V = 1,2м / минут.

Шөміш ұзындығын анықтаймыз:

L = 3l + 2l. (10.1)

h1 биіктігін 700мм, һ2 биіктігін 300мм - ге тең деп аламыз. Шөміш енін келесі теңдікпен анықтаймыз:

В = V / ∆h · L, (10.2)

мұндағы, V - азайтылмайтын металл қорын есептемегендегі шөміш көлемі, м2.

∆h = h1 - h2, V = P1 · ρ, (10.3)

мұндағы, Р1 - шөміштің жоғарғы бөлігінің сыйымдылығы, т; ρ - сұйық болаттың тығыздығы, т / м3.

Р1 = Аt1, (10.4)

мұндағы, А - шөміштегі металл шығыны т / минут; t1 - шөміште металды ұстап тұру уақыты, минут; t1 = 5 минут.

A = Wρ · a · в · 4, (10.5)

мұндағы, 4 - бұлақ саны.

Онда,

В = Wρав · ρ · 4 · t1 / ∆hL = 20Wав / ∆hL =

20 · 1,2 · 0,262 / 0,40 · 5,7 = 0,71м. (10.6)

Шөміштің жалпы сыйымдылығы:

Р = Р1 + Р2 = Аt1 + ρLвh2 = 11,35 + 7 · 5,7 · 0,71 · 0,3 =

11,35 + 8,5 = 19,85т. (10.7)

Шартты тексереміз: P / A = 5 - 10. (10.8)

P / A = 19,85 / 2,27 = 8,7минут - дұрыс.

Болатты құю стаканның диаметрін келесі теңдеуден табамыз:

А = μ√2qh · ρ · πd2 / 4, d = (A / μ√2qh · ρ · π)1 / 2,

мұндағы, μ - металдың ағымдық коэффиценті μ = 0,83 - 0,97.