Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Algoritmy_vypolnenia_kaz_2015-16_g_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
349.18 Кб
Скачать

Апгар шкаласы

Көрсеткіштер

0 баллдар

1 баллдар

2 баллдар

Терінің түсі

Жалпы цианоз немесе терісі бозарған

Денесі ашық қызыл,аяқ-қолында цианоз

Ашық қызыл

Тынысы

Білінбейді

Даусы әлсіз, сирек бірең-сараң тыныстық қимыл байқалады

Дауысы ашық, тынысы ырғақты

Жүрек соғысы

Білінбейді

100-ден төмен

100-ден артық

Рефлекстер (өкшесін басқанға қайтарған жауабы – Аршавский бейнелісі)

Жауапсыз

Ауырғанын байқатып, бет ауызын тыржитады

Жылайды, қозғалады

Бұлшық ет тонусы

Анықталмайды

Аяқ-қолы аздап бүгілген

Қимылдары активті

«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

ОҚКЕ №2 станциясы

Пикфлоуметрия жүргізу

Тапсырма. Балаға пикфлоуметрия жасаңыз және қорытынды жасаңыз.

Қадамдар

Орындау критериі

1

Пикфлоуметрді жұмысқа дайындау

Аспапты 70% спирт ерітіндісімен өңдеу, аспаптың бағдарын шкаланың басына дейін келтірдіп және оның дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексеру.

2

Науқасқа манипуляция барысының кезеңі және манипуляция кезеңіндегі оның тәртібі жайлы түсіндіру.

Науқаспен алғаш кездескеннен бастап дәрігер өзінің аты-жөнін толық атау керек оның жасына қарамай. Пикфлоуметрия жүргізу барысын түсіндіру. Аспаптың бағдарын шкала басына дейін жеткізу.

3

Науқасқа максимальді дем алуын түсіндіру.

Қалыпты және жәй дем шығарудан кейін терең дем алуын ұсыну.

4

Науқасқа аспаптың бір ұшын аузына салып максимальді дем шығаруын ұсыну

Аспапты горизонтальді ұстай отырып, мунштукті ернімен алып дем шығару (шырақты үрлеп өшірген тәрізді).

5

Өлшеуді 3 мәрте (рет) қайталау.

Шкала көрсеткішін бағалау. Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді 3 рет қайталау, максимальді көрсеткішті бақылау қағазына жазу.

6

Дем шығарғандағы ауа жылдамдығын анықтау. Өлшеудін 3 мәртесінен алынған максимальді көрсеткіштерін науқасты бақылау қағазына жазу.

Цилиндр бетіндегі шкаласының бағдары бойынша әр дем шығарудағы пиктік жылдамын анықтау. Максимальді көрсеткішті бақылау қағазына жазу.

7

Пикфлоуметриядағы науқастың бойына сәйкес қалыпты көрсеткішін анықтау.

Арнайы кесте бойынша пикфлоуметриядағы науқастың бойына сәйкес келетін дем шығарудың қалыпты көрсеткішін анықтау. Анықталған қалыпты көрсеткішті бақылау қағазына жазу.

8

Салыстырмалы талдау жүргізу және қорытынды жасау.

Салыстырмалы талдау жасау және қорытынды шығару.

Қалыпты – дем шығарудың мүмкін көлемінен 80% -ға жоғары.

«Назар аудару» белгісі – асқыну мүмкіндігі дем шығарудың мүмкіндік көлемінен 60-80% шамасында.

«Дабыл» белгісі - жағдайдың нашарлауы мүмкіндік дем шығару 60% төмен.

«Астана Медицина университеті» АҚ

1 Балалар аурулары кафедрасы

Пән « Балалар аурулары»

ОҚКЕ №4 станциясы

Жүрек аускультациясы

1 есеп

Ұл бала, 10 жасар. Шағымдары: жүрек маңындағы ауырсынуға. Анамнезін де: Іріңді баспамен ауырғаннан соң 2 аптадан кейін жүрек маңындағы және буындарының ауырсынуын сезінген. Қарап тексерген де шынтақ, шынтақ-білезік, тізе және тізе-табан бындары ісініп, қызарған, қимыл-қозғалысы шекктеліп аырсынған. Жүрек пальпациясы мен перкуссиясында – өзгеріс байқалмаған.

Жүрек аускультациясын жүргізіңіз.

Жүректің соғу жиілігін санап жүрек ырғағынына сипаттама беріңіз.

Жүрек тоны мен шуларын анықтап, сипаттама беріңіз.

Қорытынды жасаңыз (болжам диагноз).

Станцияның ұзақтығы - 5 минут.

Алынған нәтижені бағалау және келесі станцияға өту – 2 минут.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]