- •2. «Құдай балалары» сектасының діни ұстанымдары.
- •3.Қазақстанда методистік қауымның таралуы
- •1.Шумерлік пантеондағы басты құдай.
- •2.Иегова куәгерлерінің діни ұстанымдары.
- •3.Джайнизм.
- •1. Джайнизмнің негізін салушы.
- •2.Шива құдайның негізгі функциясы.
- •3.Даосизм өркендеуі..
- •1.Иегова куәгерлерінің рухани әкімшілік орталығы, құрылымдық өзгешелігі.
- •2.Жаңа Апостол шіркеуінің құрылымы және қызметі.
- •3.Тотемизм.
- •1.Тәкфир және Хижра Жамағатының радикалды сипаттағы,лаңкестік ағым ретінде.
- •2. Христиан ғылымы қоғамы,рәміздері,басылымдары.
- •3. Магия мен ғылым эволюциялық процестің кезеңдері.
- •1)Дінтануда діннің теориялары.
- •Магияны зерттеудің мақсаты.
- •Христиан ғылымы қоғамы тарихы және құрылымдық ұйымдасуы.
- •Тәкфир жамағатының Қазақстанда таралуы.
- •1.Құдай мен әлемнің, материалды мен идеалды мәннің бірлігі туралы ілім.
- •2.Қазіргі «сопылар» ұстанымы.
- •3. Әлем адам өзіне бағындыра алатын материя идеясы
- •1. Шынайы дін моральдық дін теориясы.
- •2.Уаһһабшылдық ілімі.
- •3.Дін психологиясының негізі.
- •1.Мұхаммед: өмірі мен қайраткерлігі.
- •2.Уаһһабшышылдық діни ұстанымдары және ерекшеліктері.
- •3. Бахаи сенімінің негізін салушы және таралу аумағы.
- •Бахаилердің Қазақстандағы қызметі.
- •1)"Кришна санасы" қозғалысының Қазақстандағы даму ерекшеліктері
- •2. Ислам дінінің пайда болуы.
- •3) Ежелгі Египетте егін шаруашылығының құдайдың беделі
- •1. Қай құдайдың алдында өлген египеттіктер өз-өздерін ақтау сөзі.
- •2. Кришна – қай құдайдың түрленуі.
- •3.Саентолоия шіркеуі, негізін қалаушы
- •1.Саентологиядағы негізгі ұғымдар
- •2.Сатана шіркеуі мүшелерінің ұстану ережелері
- •3.Дінтануда анимизм теориясы алғаш рет кімнің еңбегінде жан-жақты талданды?
1.Шумерлік пантеондағы басты құдай.
2.Иегова куәгерлерінің діни ұстанымдары.
3.Джайнизм.
1.. Шумерлік аңыз бойынша, жоғарғы жақ аспан, төменгі жақ жер еп аталмаған кезде, ең бірінші жаратылған, алғашқы жаратушы Апсу мен жаратушы- ана Тиамат болған. Өсімдіктер өспеген, ешқандай құдай болмаған, ешкімнің есімі атлмаған, ешкімнің тағдыры айқындалмаған кез еді бұл кезең. Сондай кезде Лахму және Лахаму құдайлар туылып, есім беріледі. Олардан кейін Аншар мен Кишар жаратылады. Аншардан Ану, Анудан Нидуммуд тарады. Ану (аспан құдайы, шумерлік пантеондағы бас құдай) оған төрт желді сыйлайды. Бұл желдердің кесірінен ендігі кезекте ешкімде тыныштық болмады. Жаратушы- ана Тиаматтың да мазасы кетті. Осы кезде құдайлар Тиаматқа келіп; «Сенің сүйіктің Апсуды өлтіргенде сен көмекке келмедің. Ал енді Ану төрт желді шығрды, сен де мазасызсың, біз де ұйықтамаймыз. Сен емессің бе, біздің жаратушы анамыз. Өзің қорқыныштан дірілдейсің. Оларға қарсы күрес. Апсу мен Муммудың кегін ал. Оларды жеңіп, көлеңкеге айналдырып жібер», деп кеңес береді. Бұл кеңес Тиаматқа да ұнап, ол жойқын күреске дайындалады. Кингуды (Тиамат әдейі осы соғысқа арнап жасаған құбыжықтардың басшысы, сондай-ақ «Когда вверху... » поэмасы бойынша осы Кингудың қанынан құдайлар алғашқы адамдарды жасағандағы сазды дайындаған) өзіне басшы етіп сайлайды. Бұны біліп қойған Энки өзге өз жағындағы құдайларға хабар беріп, ұлы Мардукты құдайлар кеңесінде басшы қылып, Содан Тиаматқа қарсы шығуын сұрайды. Ол Тиаматты жеңіп, бас сүйегін аяусыз тескілеп, тамырын кеседі. Қаны көл болып ағады. Мардук болса, Тиамат денесінен осы әлемді жасады. Жарты денесін аспан қылды, санын аспанға тіреуіш қылып (сол кездегі түсінік бойынша, аспан мен жерді тіреп тұрған бір тіреуіш бар. Бұл ұғым өзге де халықтар мифологиясында кең етек жайған), басын тау етіп, екі көзінен Тигр мен Евфратты ағызды. Аспан мен жер байланысын мықты етіп жасап, өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін бекітті. Құдайлар дем алып, тұрақтанатын құдайлар үйін тұрғызды. Ендігі кезекте қан жинап, сүйек құрастырып, тірі жан – адамды жасамақ болды. Адамның қажеттігі құдайлар дем алу үшін туындады. Бұл ойындағы ісін де Мардук (Ассалухи) жүзеге асырды. Бұған дейін құдайлар өздері жерде ауыр жұмыстарды атқарып, шаршап, қарсылық көрсетіп жүрген болатын. Адамдар пайда болғаннан бастап, олардың қолдары босап, рахатқа кенеледі. Адамдар болса, қиын жұмыстар атқарып, үлкен храмдар тұрғызды. Құдайлар тамақтану үшін құрбандықтар шалды. Он екі жүз жыл өтпей жатып жер бетінде адамдар қаптап кетеді. Олардың шулағандарынан құдайлардың тыныштығы бұзылады. Ауа мен жердің, аспен мен жер қалқып жүрген әлемік мұхит арасында орналасқанның барлығының құдайы Энлиль өзге құдайларға.
2.«Иегова куәгерлері» Қасиетті Өсиет, Құпиялылық икондарды, қасиетті дүниелерді, монастрларды мойындамайды, иконаларға, қасиетті мүсіндерге, тіпті Мәрия ана мен Иисус Христостың өзіне табынбайды. Олар мұны пұтқа табыну деп есептейді.«Иегова куәгерлері» судағы шоқындыруды құдаймен жеке қауышудың рәсімі деп есептейді. Өзге христиандық бағыттардан айырмашылықтары иеговашылдар, суға толық түсу арқылы шоқындырылады, Иисустың өзенде шоқындырылғаны және Иоанның да суы мол жерде шоқынғанын еске алу үшін жасалады.
3. Джайнизм - көне үнді философиясының Веда әдебиетіне сүйенбей дамыған ағымы. Джайнизм философиясының негізінде - татва яғни мән туралы ілім жатыр. Татва - дүние құрылатын бастапқы құрылыс материалы сонымен бірге білімнің негізі құрылатын ақиқат. Джаинизмнің негiзiн қалаған кшатрий Махавира Вардхамана болып есептеледi, ол қазiргi замандық үндi Бихар штатының территориясында б.э. дейiнгi VI ғ. өмiр сүрген. Отыз жасқа дейiн ол қарапайым пенде өмiрiн кешкен: үйленген, бiр қызды болған, бiрақ содан кейiн бүкiл өзiнiң мүлкiн таратып тастап, дүниеден безiп кетедi және көптеген жылдары бойы ел кезiп жүредi. 12 жылдан кейiн пiрәдар және тақуа «жоғары бiлiмге» жетiп, Джинаға – «жеңушiге» (аса құрметтелетiн дiни ұстаздарға берiлетiн атақ) айналады. Тағы үш он жылдық бойы Джина, сондай-ақ Махавира («ұлы батыр») ел кезе жүрiп жаңа сенiмдi уағыздайды, оған көптеген шәкiрттерiн қаратады және ақырында “соңғы азаптан босатылу”, нирванаға қол жеткiзедi. Джаинистер Махавираның жиырма төртiншi тиртханкар (жол жасаушы) болғанына сенедi. Жиырма төрт тиртханкарлардың бiрiншiсi – Ришабха патша адамдар әлi санауды, жазуды, тамақ iстеудi бiлмейтiн кезде өмiр сүрген.. Ришабха адамдарға тамақ ішуден бастап, көптеген басқа нәрселерге үйрете отырып, болашақ дiнге негiз қалаған.Джайнистiк дiни әдебиет дiн оқытушыларының өмiр сүрген уақытына қарағанда, неғұрлым кейiнгi кезеңге жатады. Және джаинизм туралы алғашқы дәлелдер (Ашока патшаның жазбалары) мен жазбаша ереженiң алғашқы нұсқасы б.э. дейiнгi III ғ. пайда болды. Ал джайнизмнiң дiни-философиялық жүйесiнiң өзi б.э. дейiнгi I мыңжылдықтың ортасында қалыптасты. Осы кезеңiнде Үндiстанда Ведалардың беделiн және соған негiзделген ғұрыптық-әлеуметтiк нормаларды жоққа шығаратын көптеген ортодоксальдық емес ағымдар мен мектептер пайда болды. Ведалық-брахмандық дәстүрдiң дiни-философиялық мазмұнын түбегейлi өзгерткен идеялардың кешенi негiзiнде джайнизмнiң дiни жүйесi қалыптасты. Бұған қоса, бұрынғы дiннiң ғұрыптық жағын, дәстүрлi рәсiмдердiң көбiсiн жаңа iлiм өзiне қабылдады.
Емтихан билеті №6
