- •Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Қр экономикасының даму жағдайы
- •2. Қр экономикасының салалық құрылымы
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеу
- •4. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Кәсіпорын мәні, оның басты мақсаты мен қызметтері
- •Мемлекеттік;
- •Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4.Өндіріс типтері.
- •Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
- •Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тиімділік көрсеткіштері.
- •Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:
- •4.Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •Негізгі қорлардың сипаттамасы
- •Негізгі өндірістік қорларды бағалау
- •5. Негізгі капиталды талдаудың бағыттары
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •1.Айналым капиталының мәні , оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
- •Айналым қаражаты
- •Айналыс қорлары
- •Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •Мұндағы Нб - өндiрiстегi материалдың бiркүндiк шығыны, теңге,
- •Мұндағы н а.Қ.- айналым құралын нормалау
- •Зтран-материалдың транспорттық запасы
- •Еңбек ресурстары
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері.
- •Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
- •Еңбекақы төлеу.
- •2.Еңбекақыны анықтайтын факторлар
- •3. Еңбекақы түрлері
- •Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері.
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •1. Инвестицияның мәні мен түрлері.
- •Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар несиелер, қарыздар, кепілдіктер т.Б.
- •2. Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері.
- •3. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4. Инновация және оның түрлері. Инновациялық іс-әрекет.
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3.Шығындарды экономикалық әлеуметтік бойынша талдау
- •4.Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні
- •3 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •4. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы. Өндірістік бағдарлама
- •Өндірістік бағдарлама көрсеткіштері
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Кәсіпорын пайдасы
- •Кесте 1 Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі
- •2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі)
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1. Кәсіпорынның қаржы түсінігі, қаржылық қатынастар
- •2. Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері.
- •3. Кәсіпорын қаржысын басқару
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Коллоквиум сұрақтары:
4. Инновация және оның түрлері. Инновациялық іс-әрекет.
Инновациялық өнім дегеніміз бұл түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Өнеркәсіпте инновацияның екі түрін бөліп қарастырады: өнім инновациясы және үрдіс инновациясы.
Өнім инновациясына технологиялық жаңа және технологилық жетілдірілген өнімдерді дайындау және өндіріске енгізу кіреді. Ол мына бұйымдарды қамтиды: жаңа ( қайта енгізілген) радикалдық өнімдік инновация; жетілдіруге ұшыраған бұйымдар, инкременталды өнімдік инновация; жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзге де инновациялық өнім.
Үрдіс инновациясына технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау әдітерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жетілдірілген әдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай- ақ зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін.
Инновациялық қызмет дегеніміз технологиялық жаңа ойларды (әдетте ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің немесе басқа ғылыми – техникалық жетістіктердің нәтижелерін) түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген, жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістер немесе тәжірибелік қызметте пайдаланылған өндіріс қызметтерінің тәсілі. Инновациялық қызмет ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс- шаралар кешенін қамтиды, атап айтқанда өздерінің жиынтығында олар инновацияға әкеледі.
Технологиялық инновациялар рынокта енгізілген, жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістер түрінде іске асырылатын инновациялық қызметтің немесе тәжірибелік қызметте пайдаланылатын өндіріс қызметтері тәсілінің түпкілікті нәтижесін көрсетеді. Егер инновация рынокқа немесе өндіріс үрдісіне енгізілсе, онда ол жүзеге асырылады деп саналады.
Озық өндірістік технологияларға микроэлектроникада құрылған немесе компьютердің көмегімен басқарылатын және жобалауда, өндірісте немесе өнімдерді өңдеуде пайдаланылатын машиналарды, аппараттарды, жабдықты және аспаптарды қосатын технологиялар мен технологиялық үрдістер жатады.
Технологиялық жаңа өнім деп бұл технологиялық сипаттамалары (функционалдық белгілері, конструкциялық орындалуы, қосымша операциялар, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен компоненттер құрамы) немесе шамаланған пайдаланылуы негізіндегі жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылған өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнімді айтамыз. Мұндай инновациялар негізіндегі жаңа технологияларды, не зерттеулер мен өзгермелер нәтижесін пайдалануда негізделуі мүмкін.
Технологиялық жетілдірілген өнім дегеніміз бұл қолда бар өнім, ол үшін сапалық сипаттамалар жақсартылады, тиімділігі ең жоғары компоненттерді немесе материалдарды,бір немесе одан көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігін арттырады.
Инновациялық- белсенді кәсіпорындар деп әзірмелерді және жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді немесе қызметтерді, технологиялық үрдістерді немесе қызметтерді , технологиялық үрдістерді немесе қызметтерді ендіру тәсілдерін жүзеге асыратын кәсіпорындарды айтамыз. Инновацияны өндіріске енгізу жоғарғы мөлшердеігі шығындарды қажет етеді. Инновацияға жұмсалған шығындар дегеніміз кәсіпорындар ауқымында орындалатын инновациялық қызметтердің әр түрлі түрлерінің жүзеге асуымен байланысты ақшалай түрдегі нақты шығындар.Жалпы шығындар құрамына ағымдағы және күрделі шығындар кіреді. Инновациялық қызмет түрлеріне байланысты шығындар келесі түрлерге бөлінеді:
жаңа өнімдер мен технологиялық үрдістерді енгізуге байланысты ғылыми зерттеулер мен әзірмелерге жұмсалған шығындар;
заттандырылған технологияларды, өнертабыстарды пайдалануға арналған лицензияларды, өнеркәсіптік үлгілерді, тиімді модельдерді, патенттерге құқықты, патентсіз лицензияларды, технологиялық мазмұндағы қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындар;
өндірістік жобалауға жұмсалған шығындар;
аспаптық дайындыққа, өндірісті ұйымдастыруға және қосуға, жаңа өнімдер мен технологиялық үрдістерді енгізуге байланысты дайындыққа және қайта дайындыққа, байқап көріп ендіруге және сынаққа жұмсалған шығындар;
жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен технологиялық үрдістерді енгізуге байланысты машиналар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар;
жаңа өнімдерді рынокқа шығару бойынша жүргізілетін маркетингтік зерттеулерге жұмсалған шығындар.
10-тақырып (2 САҒАТ).
