- •30. Ғылыми таным философиясы пәні: және оның зерттеу обьектлері қандай түсіндіріңіз .
- •31. Хiх ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық идеяларына талдау жасаңыз: ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев.
- •33. Хх ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясын қалай түсіндіресіз
- •34. Хх ғасырдағы Батыс философиясы, позитивизм түрлерін негіздеңіз
- •35. Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық идеяларды айқындаңыз (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36.Марксизм философиясына талдау жасаңыз
- •37. Философиядағы адам мәселесін зерделеңіз
- •38. Жаңы заман философиясының ерекшелігін анықтаңыз
- •39.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясын талдап беріңіз
- •41. Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт категорияларын түсіндіріңіз
- •42. Онтология болмыс туралы ілімді саралаңыз
- •43.Таным және оның түрлерін түсіндіріп беріңіз.
- •44.Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •45. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу) зерделеңіз
- •46.Ақиқаттың аспектілері:аксиологиялық, экзистенциалды, концеп-туалды,операционалды ақиқат.Абсолютті және салыстырмалы ақиқат талдаңыз.
- •47.Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары сараптаңыз
- •48. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат талдаңыз
- •49.Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50. Қоғамдық сананың түрлері. Моральдік, этикалық, саяси құқықтық және діни сана, сараптама жасаңыз
49.Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үрдістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамасыз етуші әдіс ретінде қарастырылады. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалануАдам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген.
Адам түс көрген кезде,ол әртүрлі қылықтар жасайды,белгілі бір сезімдерді бастан кешіреді,ал оның тәні сыртқы қауымдық адамдар өз денесінің құрылысын білмей,түс көруді түсіндіре алмады және оларда ойлау мен сезіну-дененің емес,жанның,яғни адам ұйықтағанда денені уақытша,ал өлгенде оны мүлдем тастап кететін белгісіз тәнсіз бастаудың әрекеті деген түсінік қалыптасты.Адамдар өз денесін қимыл жасауға мәжбүр етіп,қандай қылық,әрекет жасаса да,оны осыған итермелейтін -ойлар мен сезімдер.Демек,дәл осы жан тәннің алдына мақсат қояды деген сөз.
Табиғаттың барлығына тән бейнелеу өз дамуы барысында бірнеше кезеңдерден өтіп,мәні жағынан жаңа құбылыс-санаға айналатын жаңа сатысына көтерілді.Санада және бейнелеудің өзге формаларында да жалпы нәрсе,бір материалдық обьектілердің екіншілеріне ықпалы соңғыларында алғашқылары бейнесін туғызады.Бейнелеудің бейнелеушімен ұқсастығы,бейнелеу соңғысының реттілігін қайталауымен сипатталады.Мысалы,метеориттің құлауы тауда жаңғырақ туғыза алады-оның құлауы барысындағы шудың бейнелеуі.Құлап бара жатқан метеорит шуылының әрбір дыбыстық толқынына тау жаңғырығының тек бір ғана дыбыстық толқыны сәйкес келсе,осы шудың дыбыстық толқындары арасындағы уақыттың әрбір қатынасына-жаңғырықтың дыбыстық толқындары арасындағы тек бір ғана қатынас сәйкес келсе,онда жаңғырық құлап бара жатқан метеорит шуылының реттілігін қайталайды.
50. Қоғамдық сананың түрлері. Моральдік, этикалық, саяси құқықтық және діни сана, сараптама жасаңыз
Қоғамдық сана- қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі. Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және дін қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Қоғамдық сана құрамдық жағынан алып карағанда көптеген түрлерге бөлінеді:саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, атникалық және т.б.
Моральдік сана.Қоғамдық сана формасына жататын мораль – адамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалар, ұстанымдар және ережелердің белгілі жиынтығы. Мораль адамдардың қатынасын белгілі мөлшерде қалыптастырады, яғни олардың өз ортасына және басқа орталарға, мемлекетке, Отанға, өз халқына және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын бейнелейді.
Мораль – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі, өйткені адам қоғамдық жан ретінде қалыптасып, қоғамда ғана өмір сүре алатындықтан, өзара белгілі бір моральдық қатынас формаларын сақтауы тиіс. Мораль ұстанымдары мен ережелерін орындау қоғамдық парыздылыққа негізделген. Күнделік өмірде оның ұстанымдарын бұзғаны үшін ешкім оны заң бойынша жауапқа тартпайды. Бірақ оның әсері құқық талаптарынан кем емес. Адам санасы дамыған сайын моральдың тигізер әсері күшейе бермек.
Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.
Құқықтық сана– Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдарды (мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты. Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай әсері бар:
1. Құқықтық сана құқық жасау процесіне белсенді түрде өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды.
2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден өзінің көрінісін табады.
3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаның жеке адамнан пара алуы, бюрократияға жол беруі ақпараттық араластықтың нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигилистік көзқарас қалыптастырады.
4. Құқықтық сана құқық бұзушылықпен күресудің, оның алдын алудың мүмкіндіктерін тудырады. Құқықтық сана деңгейі жоғары болған сайын мемлекеттегі қоғамдық тәртіп те нығая түседі.
Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады.
2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әртүрлі мағындағы қасиеттерге ие болады.
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді.
Дінисана– адамның тылсымдық болмысы туралы сана. Дін – қоғам ішіндегі рухани күш. Қай қоғамда болсын діндердің айрықша орны бар. Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Дін мен қоғам – бір -бірінен ажырамайтын құбылыстар. Діннің қызметі – адамға рухани сүйеніш болу, жалғызсыратпау. Қазіргі таңда болып жатқан террорлық әрекеттер – діндарлықтың емес, керісінше діни сана-сезімнен жұрдай болудың, яғни, материалистік сананың көрінісі. Бұндай әрекеттер діни сананың әлсіреуінен туындайтын құбылыс.
Этикалық сана – бұл философиялық ғылым, қоғамдық сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі. Этика (грекшесі, қазақшасы-әдет, мінез-құлық) – мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүруі салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің түрлі қоғамдық құрылыстарға сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Этика нормативті этика (этикалық норма) және мораль теориясы кіреді. Этикалық норма-адамдардың ұқсас қылық-мінездерін жалпы ережелер бойынша немесе тыйым салу арқылы реттеп отыратын адамгершілік қағидалар формасы. Этикалық норма және мораль теориясы әрбір азаматты саналылыққа тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі теориясы мен тәжрибесін дамытуда елеулі орын алады. Этикалық норма ен мораль теориясының негізіндегі моральдың түрлері: ұжымдық, гуманистік, қарекетлил, белсенді мораль болып бөлінеді.
