Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kognityvty_ekzamen (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476.67 Кб
Скачать

33 Сурак лингвокогнитивтік аспектідегі концепт мәселесі.

Тіл адамзаттың қоғамдық сипатын анықтайтын басты белгісі. Адам баласының танымы мен түйсігі, сана сезімі, ақыл ойы тілден тыс дүние емес, лингвистика ғылымындағы жаңа бағыттағы зерттеулер адам мен қоғам, тіл мен қоғам, тіл мен ұлт, тіл мен сана, тіл мен таным, т.б. құбылыстарды өзара бірлестікте қарастырады. Демек адамды тілмен біртұтастыққа зерттеу лингвистиканың жаңа бағытты дамуына ықпал етті. Концепт когнитивтік линвистика ғылымының бір категориясы , тіл мен таным бірлестігі арқылы дүниені жан жакты тануга, сонымен катар ұлттық танымдық мәдениетті зерделеп ұғынуға ықпал ететін адам санасында жинақталған аялық білімнің шоғыры, тілдік танымдық бірлік.

34Сурақ концепт типтері

Лингвистика ғылымындағы концепт мәселесі өте күрделі құбылыс. Себебі, концепт өз бойына филасофия, логика, психология, логика, когнитология, теология ғылымдарының элементтерін өз бойына жинақтағанынан көруге болады. Осыдан келіп концептіні әмбебеп құбылыс ретінде тануға болады.Алайда дүниедегі бір затты тану үшін, оның болмысына шағын элементтері құрылымдық типтерге бөліп қарастыру керек. Осы жағынан келгенде концептіні әмбебеп, этникалық, индивиттік деп шартты түрде үшке бөлеміз. Ал біздің зерттеу обьектіміз жеке индивид дүниетанымындағы концептілердің тілдік қолданысы болып табылады. Алайда жеке индивид дүниетанымындағы концепт, этникалық концепт пен жалпыхалықтық әмбебеп концептпен сабақтастықта болатыны сөзсіз. Себебі оның ар жағында адам дүниетанымының тамырластығын айқын көруге болады.

35. Дүние бейнесі

Дүниенің бейнесін адам жасайды. Дүниенің бейнесі дегеніміз-бұл тіршілік әрекетінің айнадай көрінісі емес, ол оның белгілі бір деңгейдегі түсіндірмесі. Дүниенің бейнесі адамның дүниетанымының өзегін құрайды және оның негізгі қасиеттерін бойына жинайды. Дүние бейнесі- адамның дүниетаным негізінде жатқан, дүниенің ғаламдық бейнесінен шығады. Дүние бейнесі адамның барлық рухани белсенділігінің нәтижесі болып табылады. Тілдік бейне концептуалдық бейненің бір бөлігі іспеттес. Б.А.Серебрянников пен Е.С.Постовалованың пікірінше концептуалдық бейне тілдік бейнеден кеңірек әрі бай, алуан түрлі. Себебі, концептуалдық бейненің қалыптасуына ойдың түрлі типтері соның ішінде вербальды емес типтер қатысады.

Құрамы мен құрылымы немесе тектік бірлестігі әр алуан тілдерде де

ғаламның тілдік бейнесі өзгеріп ауысып отырады. Бұл адам баласына тән

құбылыс. «Дүниеге көзқарас, дүние бейнесі жайлы сөз өрбітіп отырған

уақытта тілдік тұлға туралы ұғымға көңіл аудармай кетуге болмайды. Себебі

адамның жеке санасы, дүниетанымы мен рухани құндылықтар дүниесінде өз

орнын табу мәселесімен, қалыптасқан дүниеде бағыт-бағдар алуымен тығыз

байланысты» [39, 131б.]. Бұл жердегі дүние бейнесінің тілдік тұлғаға

қатыстылығын адамзаттық дүниетанымен тікелей байланыстыруға болады.

Сонымен қатар «дүние бейнесі» ұғымы барлық адамзат қауымына ортақ,

үнемі даму үстінде болатын дүние жайлы көзқарастар мен мағлұматтар

жүйесі дегенді білдіреді және олар ең алдымен нақты табиғи тілдер арқылы

сипатталып отырады» [91, 106 б.].

Дүниенің жалпы бейнесі таңбалардың әмбебап жүйесі ретінде танылып,

тілдік суреттеулер арқылы көрініс табады. Дүниенің бейнесі семиотика

шеңберінде 60-жылдардан бастап зерттеле бастады. Осы саланы зерттеуші

ғалымдардың көзқарасы бойынша: «Рухани мәдениет дегеніміз ұжымның

жадында жинақталған жүйе» және оның басты міндеті айнала қоршаған

ортаны белгілі бір құрылымдық жүйеге тәртіпке келтіру. Ал енді осы процесс

ғаламдық модельде көрініс табады» – дегенге әкеп тірейді [92, 146-147б.].

Әрбір тіл дүниені ӛзінше жүйелеп бӛледі, яғни оны концептуализациялаудың ӛзіне

тән тәсілдері болады. Ақиқат дүниедегі заттарды, құбылыстарды, уақиғаларды белгілі бір

концептіге топтастырады. Бұдан шығатын қ

орытынды: әрбір тілдің ӛзіне тән дүниенің

бейнесі болады. Тілдік тұлға ӛзінің сӛзінің мазмұнын осы тілдік бейнеге сәйкес

ұйымдастыруы керек.

Д.С.Лихачев пен Е.С.Кубрякова пайымдауларына сүйене отырып,

концепт

сӛздік, лексикалық мағына мен адамның жеке жә

не жалпыхалықтық

танымының қосынды нәтижесі деп анықтама беруге болады, осыдан оның діңгегі шығады.

Ю.С.Степанов пен В.Н.Телия концепт

адамның ментальды әлемді тану моделінің

мәдениет ошағы деген тұжырымдамасы да ұтымды, ол нысан туралы барлық

экстенсия

сына қатыстыны білетініміз деген қорытындысы да назар аудартады [1].

Тіл

адамның дүние туралы білімін қалыптастырудың және сол білімнің өмір

сүруінің аса маңызды тәсілі. Адам өз танымын, нәтижесін сөз арқылы «тіркеп»

отырады. Тілдік формаға түскен осы дәстүрлі білімдерд

ің жиынтығы бірде «аралық

тіл», «дүниенің тілдік репрезентациясы», «дүниенің тілдік моделі», «дүниенің тілдік

бейнесі» деп аталады.

Дүниенің бейнесі деген ұғым адамның дүние туралы түсінігін зерттеу, қарастыру

дегенге саяды. Бұл жерде дүние дегеніміз адам

және оның ӛзара қарым

-

қатынастағы

қоршаған ортасы. Тілді антропологиялық бағытта зерттеу мен «тіл мен танымның

бірлестігін» қарастыру барысында «ғалам бейнесі», «ғаламның тілдік

бейнесі», «ғаламның концептуальды бейнесі», «ғаламның қарабайыр

бейнесі» деген ұғымдарға соқпай кету мүмкін емес. Себебі «ғалам бейнесі» –

адам табиғатының қыр-сырын көрсететін негізгі ұғымдардың бірі

36. Дүниенің тілдік бейнесі-сананың жемісі, ойлау, болмыс және тілдің әлем туралы ойын жеткізу құралдары ретіндегі өзара әрекеттерінің нәтижесі. Дүниенің концептуалды көрінісі ұғымының аясы өте кең, себебі оның жасалуы барысында ойлаудың көптеген түрлері қызмет атқарады, олардың қатарында тілдің бейвербальды түрлері де кіреді. Берілген ұлттық тілдің нұсқасына тән арнайы тәсілдер мен атау құралдары дүниенің тілдік бейнесінің ажырамас бөлшегі ретінде дүниенің номинативтік көрінісін білдіреді.Тіл дүниенің ұлттық мәдени көрінісін жүзеге асырады, оларды вербальдандырады, оны сақтайды және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді қамтамасыз етеді. Тіл әлемнің ұлттық көрінісінде кездесетін ұғымдардың барлығын белгілей бермейді, олар тек қана бейнелей алады. Біз мәдениеттің тілге алғашқы қатынасы немесе керісінше, тілдің мәдениетке деген қатынасы туралы саналы түрде айта аламыз. Шын мәнінде, осы аталған екі бейне бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бұл екі бейнеге қатысты себеп-салдарлық байланысты қолдану мүмкін емес. «Дүниенің тілдік бейнесі ұғымы» дүние бейнесі ұғымына ғана қатысты емес, сондай-ақ концептуалдық дүние бейнесіне де қатысты. Шындықты концептуализациялау процесінде тіл белсенді рөл атқарады; дүниенің тілдік бейнесі дүниенің концептуалды бейнесін вербальдайды. Е.С.Кубрякова атап өткендей, концептуалдық дүние бейнесі тіл арқылы жүзеге асырылады, ал оның бөлігі адам психикасында бейне, схема, сурет секілді басқа ментальдық репрезенттердің көмегімен орнығып қалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]