Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДСК оэсп каз кдс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
465.41 Кб
Скачать

Ііі кезең

Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат: Медициналық ұйымды бизнес-жопарлау және ЕПМ-нің жұмысында аутсорсингті қолдану мүмкіндігін талдау

бойынша студенттің білімін бағалаңыз.

Қадамдарды бағалау критерилері

Өте жақсы

Жақсы

Қанағат.

Қанағ-сыз

1

Қадам 1

2,7-3,0

2,25-2,67

1,5-2,24

0-1,49

2

Қадам 2

1,8-2,0

1,5-1,79

1,0-1,48

0-0,98

3

Қадам 3

1,8-2,0

1,5-1,79

1,0-1,48

0-0,98

Барлығы

6,3-7,0

5,25-6,25

3,5-5,20

0-3,45

Максимальді балл: 7 балл

Тапсырмаға берілетін уақыт: 8 мин

Кезең 1

1-ситуациялық есеп

«Пневмония» диагнозымен Д.есімді науқасқа учаскелік терапевт 4 рет үйіне барды, емханаға 3 рет қаралды және 2 рет пульмонологтың кеңесінде болды. Науқастану кезеңінде 3 рет қан талдауы, 2 рет зәр талдауы, 2 рет – кеуде клеткасының рентгенографиясы, ЭКГ, 14 инъекция және 7 электрофорез сеансы жасалды.

Қадам 1. Берілген жағдайға қызмет төлемін есептеудің оптимальді әдісін таңдаңыз.

Қадам 2. Өз таңдауыңызды негіздеңіз.

Жауап:

Қадам 1. Төлемнің гонорарлық әдісі.

Қадам 2. Төлемнің гонорарлық әдісі әрбір детальді қызметін жеке төлеуді мақсат етеді. Детализациялау дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Төлем бірлігі болып дәрігердің немесе мейірбикенің қабылдауы табылады. Кейде есептеу қарапайым қызметке тағайындалған тарифтерге негізделіп жүргізіледі. Дәрігер пациентті қабылдайды, оған қызметтер жиынтығын көрсетеді және ол үшін нақты тарифтер бойынша гонорар алады. Бұл әдісте көрсетілген көмектің нақты көлемі төленеді. Гонорарлық әдістің артықшылығы көрсетілген көмектің сапасын күшейтуге ықпал етеді.

2-ситуациялық есеп

Патологиялық акушерлік бөлімнен 1 айға келесі мәліметтер алынды:

- шығындар 500 000,0 тенге.;

-емделу ұзақтығы 10 күн;

- емделген науқастар саны 18 адам;

- пациент-күн рентабельділігі 20%.

Қадам 1. Берілген жағдайға қызмет төлемін есептеудің оптимальді әдісін таңдаңыз.

Қадам 2. Өз таңдауыңызды негіздеңіз.

Жауап:

Қадам 1. Стационарлық емнің аяқталған жағдайының төлемі.

Қадам 2. Бұл әдіс стационар жұмысының нақты құрылымын көрсетеді. Есептеу бірлігі болып жеке диагноздар немесе жиі – диагностикалық топтар табылады. Жеке топқа емнің бірдей шығындары бар аурулар бөлінеді. Әрбір топқа біртекті тариф қойылады. Есептеу барысында медико-экономикалық стандарттар қолданылады. Емделген науқас үшін төлем нақты шығындарға емес аяқталған жағдай емінің алданы ала белгіленген құнымен жүзеге асырылады. Әдістің артықшылығы  емнің интенсификациясы және госпитализация уақытының қысқартылуына қызығушылық туындайды. Аурухана пациентті госпитализацияның нормативті уаақытының соңына дейін ұстауға тырыспайды.

3-ситуациялық есеп

120 төсектік терапиялық стационардың бюджет бойынша шығындары 3 250 000 тенгені құрады, норматив бойынша жылдық орташа төсек айналымы – 320 күн. Науқастың орташа жату ұзақтығы терапиялық төсекте – 14 күн, нақтысы – 17,2 күн. Жыл бойы стационарда емделген науқастар саны – 2110.

Қадам 1. Берілген жағдайға қызмет төлемін есептеудің оптимальді әдісін таңдаңыз.

Қадам 2. Өз таңдауыңызды негіздеңіз.

Жауап:

Қадам 1. Өткізілген төсек-орын төлемі әдісі.

Қадам 2. Бұл кезде төлем сомасы тқсек-күннің нақты санының төсек-күннің бекітілген төлеміне көбейтілгенге тең. Қазақстанда төсек-күннің бөлімше профилі бойынша көрсеткіші қолданылады. Әдістің артықшылығы – оның қарапайымдылығы. Ауруханамен есептесу науқастың стационарда өткізген күнімен саналады.

4-ситуациялық есеп

Ауруханада ақылы қызметтер бойынша келесі мәліметтер алынды:

- негізгі құралдар қоры 22500000 тенге;

- медикаменттер мен шығындық материалдар қорының құны 4000000 тенге;

- орындалған қызметтен алынған пайда 21400000 тенге;

- алынған алғытөлем 25000 тенге;

- орындалған қызметтер шығыны 14212000 тенге;

- табыс бойынша төленген салық 20 %

- орындалған қызмет 120.

Қадам 1. Берілген жағдайға қызмет төлемін есептеудің оптимальді әдісін таңдаңыз.

Қадам 2. Өз таңдауыңызды негіздеңіз.

Жауап:

Қадам 1. Стационарлық көмектің жоспарланған көлемі негізінде төлем әдісі.

Қадам 2. Бұл әдіс медициналық ұйымдардың бәсекелестігін күшейтеді. Сақтандырушының сұраныс-жоспары конкурстық негізде орналасады. Бұл кезде жекелеген ұйымдар ұсынатын сұраныстар параметрлерін салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды. Конкурстық таңдау параметрлері – аурухананың көрсете алатын көмек көлемі, сонымен қатар медициналық қызмет сапасына қойылатын талаптар. Тағы да, сұраныстың конкурстық орналасуы қызмет бағасына негізделген.

5-ситуациялық есеп

120 төсектік терапиялық стационардың бюджет бойынша шығындары 3 250 000 тенгені құрады, норматив бойынша жылдық орташа төсек айналымы – 320 күн. Науқастың орташа жату ұзақтығы терапиялық төсекте – 14 күн, нақтысы – 17,2 күн. Жыл бойы стационарда емделген науқастар саны – 2110.

Қадам 1. Берілген жағдайға қызмет төлемін есептеудің оптимальді әдісін таңдаңыз.

Қадам 2. Өз таңдауыңызды негіздеңіз.

Жауап:

Қадам 1. Стационарлық емнің аяқталған жағдайының төлемі.

Қадам 2. Бұл әдіс стационар жұмысының нақты құрылымын көрсетеді. Есептеу бірлігі болып жеке диагноздар немесе жиі – диагностикалық топтар табылады. Жеке топқа емнің бірдей шығындары бар аурулар бөлінеді. Әрбір топқа біртекті тариф қойылады. Есептеу барысында медико-экономикалық стандарттар қолданылады. Емделген науқас үшін төлем нақты шығындарға емес аяқталған жағдай емінің алданы ала белгіленген құнымен жүзеге асырылады. Әдістің артықшылығы  емнің интенсификациясы және госпитализация уақытының қысқартылуына қызығушылық туындайды. Аурухана пациентті госпитализацияның нормативті уаақытының соңына дейін ұстауға тырыспайды.

6-ситуациялық есеп

«Ревматизм» диагнозымен науқас С. Стационарда 28 күн жатты. Стационарда бір күн бойы жату емі орташа 15000 тенге.

Қадам 1. Берілген жағдайға қызмет төлемін есептеудің оптимальді әдісін таңдаңыз.

Қадам 2. Өз таңдауыңызды негіздеңіз.

Жауап:

Қадам 1. Өткізілген төсек-орын төлемі әдісі.

Қадам 2. Бұл кезде төлем сомасы тқсек-күннің нақты санының төсек-күннің бекітілген төлеміне көбейтілгенге тең. Қазақстанда төсек-күннің бөлімше профилі бойынша көрсеткіші қолданылады. Әдістің артықшылығы – оның қарапайымдылығы. Ауруханамен есептесу науқастың стационарда өткізген күнімен саналады.

7-ситуациялық есеп

Функциональдық диагностика бөлімшесінде жыл бойында 1200 диагностикалық зерттеу өткізілді. Тұрғындарға диагностикалық қызметтер көрсету үшін 450000 тенге тұратын арнайы медициналық құрылғылар(амортизацияның жылдық нормасы 20%), 30500 тенгенің инструменттері қолданылды. Негізгі қызметкерлердің (дәрігерлердің) еңбек төлемінің жылдық қоры 70000 тенге, орта медициналық қызметкерлерде 50000 тенгені құрады. Әлеуметтік қорға жіберілетін көлемі 26% көлемінде бірыңғай әлеуметтік салық негізінде анықталады. Бөлімшенің медикаменттерге, реактивтерге, таңу материалдарына жылдық шығындар 12300 тенгені, жұмсақ инвентарьға – 3600 тенгені құрады. Жалпымекемелік шығындар көлемі негізгі қызметкерлердің еңбек шығынының 22%-ндағы үстеме шығындардың тарату коэффициенттерін есепке ала отырып анықталды. Күтілетін табыстың көлемі 20% рентабельділікке қарап есептелді.

Қадам 1. Берілген жағдайға қызмет төлемін есептеудің оптимальді әдісін таңдаңыз.

Қадам 2. Өз таңдауыңызды негіздеңіз.

Жауап:

Қадам 1. Стационарлық көмектің жоспарланған көлемі негізінде төлем әдісі.

Қадам 2. Бұл әдіс медициналық ұйымдардың бәсекелестігін күшейтеді. Сақтандырушының сұраныс-жоспары конкурстық негізде орналасады. Бұл кезде жекелеген ұйымдар ұсынатын сұраныстар параметрлерін салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды. Конкурстық таңдау параметрлері – аурухананың көрсете алатын көмек көлемі, сонымен қатар медициналық қызмет сапасына қойылатын талаптар. Тағы да, сұраныстың конкурстық орналасуы қызмет бағасына негізделген.

8-ситуациялық есеп

«Асқазан жарасы ауруы» диагнозымен технолог Н.-ның еңбекке жарамсыздығы 44 күнді құрады. Оның ішінде 6 күн ол амбулаторлық ем( дәрігер қабылдауы -3, клинико-диагностикалық зерттеулер-5), сосын 22 күн стационарда ем қабылдады. Шыққаннан кейін емхана дәрігерімен 16 күн бақыланды(3 рет барды), сосын санаториге жолдама алып, өзінің кезекті еңбек демалысын қолдана 21 күн демалды.

Қадам 1. Берілген жағдайға қызмет төлемін есептеудің оптимальді әдісін таңдаңыз.

Қадам 2. Өз таңдауыңызды негіздеңіз.

Жауап:

Қадам 1. Ауруханадан тыс көмек көлемі және стационардағы көмек көлемімен емханалық жан басына шаққандағы қаржыландыру(жартылай қор ұстанымы).

Қадам 2. Жартылай қор ұстанымы сақтандырушыға толықпен салыстырғанда оңтайлы, себебі бұл кезде олар стационарлық көмек құралдарының негізгі бөлігін бақылай алады. Емхананың госпитализация көлемін қысқартуға қызығушылығын келесі механизмдер арқылы жоғарылатуға болады: 1. Стационарлық көмекке жоспарланған құралдардың 10-15 % -н амбулаторлық-емханалық көмектің жанбасылық нормативтік төлемі үшін емханаға қосымша беру. 2. Стационарға жолдама беру құқығы тек БМСК звеносының дәрігеріне ғана беру. 3. БМСК звеносының дәрігері стационардағы ем сапасының деңгейін бағалауға қатысады.

4. БМСК звеносы емханадағы барлық қызметтерді төлейді (зерттеулер, кеңес беру, күндізгі стационар, үйдегі стационар). 5. БМСК звеносы пациенттің емханадан тыс зерттеулері мен кеңес берулерін төлейді. 6.Үнемделген құралдар БМСК-тің материалдық қорына түседі.

7.БМСК звеносының және басқа бөлімдердің жұмысы медико-экономикалық стандарттардың қолдануымен соңғы нәтиже моделі бойынша бағаланады. 8. Алдын алу мен емдеудің аяқталған жағдайлары төленеді.

9-ситуациялық есеп

Инженер З.-ның 6 жасар қызы жедел бронхитпен ауырып қалды. Оған күтім жасау кезеңіне анасына 14 күнге еңбекке жарамсыздық парағы берілді. Сырқаттану кезеңінде учаскелік педиатрдың 6 қарауы, 6 клинико-диагностикалық зерттеулер жасалды.

Қадам 1. Берілген жағдайға қызмет төлемін есептеудің оптимальді әдісін таңдаңыз.

Қадам 2. Өз таңдауыңызды негіздеңіз.

Жауап:

Қадам 1. Біріншілікті медико-санитарлық көмек жұмысының көлемін жанбасылық қаржыландыру.

Қадам 2. Бұл әдіс тіркелген тұрғындар бойынша БМСК звеносына құралдарды беруді алға қояды. Әрбір пациент дәрігерді таңдайды, оның таңдауына сәйкес дәрігер тәжірибиесі қаржыланады. Учаскелік дәрігер немесе жалпы тәжірибиелік дәрігер және амбулаторлық звено дәрігерінің қаржыландыру көлемі гонорарлық әдіс негізінде төленеді, немесе еңбекақының бекітілген мөлшерлемесін алады, ол жұмыс нәтижесіндегі сыйақымен толықтырылуы мүмкін.

10-ситуациялық есеп

150 төсектік терапиялық стационардың бюджет бойынша шығындары 4000 000 тенгені құрады, норматив бойынша жылдық орташа төсек айналымы – 320 күн. Науқастың орташа жату ұзақтығы терапиялық төсекте – 14 күн, нақтысы – 16,2 күн. Жыл бойы стационарда емделген науқастар саны – 2260.

Қадам 1. Берілген жағдайға қызмет төлемін есептеудің оптимальді әдісін таңдаңыз.

Қадам 2. Өз таңдауыңызды негіздеңіз.

Жауап:

Қадам 1. Өткізілген төсек-орын төлемі әдісі.

Қадам 2. Бұл кезде төлем сомасы тқсек-күннің нақты санының төсек-күннің бекітілген төлеміне көбейтілгенге тең. Қазақстанда төсек-күннің бөлімше профилі бойынша көрсеткіші қолданылады. Әдістің артықшылығы – оның қарапайымдылығы. Ауруханамен есептесу науқастың стационарда өткізген күнімен саналады.

Кезең 2

1-ситуациялық есеп

Денсаулық сақтаудың қалалық басқармасының бұйрығын орындау үшін балалар емханаларының алдына міндет қойылды – тұмаудың эпидемиясы күтілуіне байланысты емхананың қызмет көрсету аудандарындағы оқушылардың 70%-н екіапталық уақытта тұмауға қарсы иммунизациямен қамту. №1 қалалық балалар емханасында ( №1ҚБЕ) мейірбике ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары қызметі қарастырылған, ол орында 10 жылдық жұмыс өтілімен жоғарғы мейірбике ісі мамандығының бітірушісі жұмыс атқарады. Ол емханадағы барлық қорларды қолдана отырып оқушылардың 77% -на егулер жасалды. Мұнда осы қызметті жүзеге асыру үшін жалпы шығындар жоспарланғаннан 2,1 %-ға артты. №2 қалалық балалар емханасында (№2 ҚБЕ) мейірбике ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары қызметі қарастырылмаған. Емхананың бас медбикесі 77% иммунизацияны қамтыды. Мұнда жалпы шығындар 14% болды.

Қадам 1. Әрбір емхананың шектелген шығындарының көлемін есептеңіз.

Қадам 2. Экономикалық жағынан №1 ҚБЕ-ның бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары мен №2 ҚБЕ-ның бас медбикесінің жұмысының тиімділігін салыстырыңыз..

Жауап:

Қадам 1. Экономикалық жағынан бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасарының жұмысы тиімділігін бағалауда емхананың жұмысын вакцинация масштабына қарап бағалау қажет. Масштабтың жағымды тиімділігі медициналық қызмет саны өскенде бір өнімге деген шығынның төмендеуінде ғана айта аламыз. Сұраққа жауап беру үшін әр емхананың медициналық қызметінің шектеулі шығыны көлемін есептеу қажет:

№1ҚБЕ МҚ = ТС /Q = 2,1% / (77% - 70%) = 2,1% / 7% = 0,3

№2ҚБЕ МҚ = ТС /Q = 14% / (77% - 70%) = 14% / 7% = 2

Қадам 2. Көрсетілген есептеулер №1ҚБЕ-да медициналық қызмет бірлігіне кеткен шығын қызмет саны өскен сайын азаяды. Сондықтанда №1ҚБЕ-дағы бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасарының жұмысы тиімдірек

2-ситуациялық есеп

Денсаулық сақтаудың қалалық басқармасының бұйрығын орындау үшін балалар емханаларының алдына міндет қойылды – тұмаудың эпидемиясы күтілуіне байланысты емхананың қызмет көрсету аудандарындағы оқушылардың 70%-н екіапталық уақытта тұмауға қарсы иммунизациямен қамту. №1 қалалық балалар емханасында ( №1ҚБЕ) мейірбике ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары қызметі қарастырылған, ол орында 10 жылдық жұмыс өтілімен жоғарғы мейірбике ісі мамандығының бітірушісі жұмыс атқарады. Ол емханадағы барлық қорларды қолдана отырып оқушылардың 75% -на егулер жасалды. Мұнда осы қызметті жүзеге асыру үшін жалпы шығындар жоспарланғаннан 5 %-ға артты. №2 қалалық балалар емханасында (№2 ҚБЕ) мейірбике ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары қызметі қарастырылмаған. Емхананың бас медбикесі 75% иммунизацияны қамтыды. Мұнда жалпы шығындар 7% болды.

Қадам 1. Әрбір емхананың шектелген шығындарының көлемін есептеңіз.

Қадам 2. Экономикалық жағынан №1 ҚБЕ-ның бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары мен №2 ҚБЕ-ның бас медбикесінің жұмысының тиімділігін салыстырыңыз..

Жауап:

Қадам 1. Экономикалық жағынан бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасарының жұмысы тиімділігін бағалауда емхананың жұмысын вакцинация масштабына қарап бағалау қажет. Масштабтың жағымды тиімділігі медициналық қызмет саны өскенде бір өнімге деген шығынның төмендеуінде ғана айта аламыз. Сұраққа жауап беру үшін әр емхананың медициналық қызметінің шектеулі шығыны көлемін есептеу қажет:

№1ҚБЕ МҚ = ТС /Q = 5% / (75% - 70%) = 5% / 5% = 1

№2ҚБЕ МҚ = ТС /Q = 7% / (77% - 70%) = 7% / 7% = 1

Қадам 2. Көрсетілген есептеулер медициналық қызмет бірлігіне кеткен шығын қызмет саны өскен сайын №1ҚБЕ-да да №2ҚБЕ-да да бірдей.Сондықтан да бас медбикелер жұмысы экономикалық жағынан бірдей деп бағаланады.

3-ситуациялық есеп

«АстанаПолюс» сақтандыру компаниясы «Асемай» ААҚ коммерциялық ұйымымен 200 жұмысшыны ерікті топтық сақтандыруға келісім шартқа отырады. Жұмысшылардың құрамын жасы, жынысы, кәсібі, өмір салты және денсаулық жағдайы бойынша зерттегенде компания келісім шарт жасасқан жұмысшының емханадан көмек алуының орташа құны жылына 15000тг, госпитализациялану ықтималдығы 20%, бір науқастың стационарда,ы емделуі орташа 50000 тг болатыны анықталған. Компанияның 1 сақтанушыға есептегендегі үстеме шығыстары 1500 тг құрады. Компанияның жоспарланған тікелей табысы 25%.

Қадам 1. Сақтандыру жарнасын есептеу үшін қандай көрсеткіштер қажет?

Қадам 2. Ұйымның 200 жұмысшыға бір жылда медициналық сақтандыруының сақтандыру жарнасы қанша болады.

Жауап:

Қадам 1. Сақтандыру жарнасын есептеу үшін келесі көрсеткіштер қажет: нетто-төлем, брутто-төлем және жүктемелер.

Қадам 2. 1. Нетто-төлем:

Амбулаторлық көмек құны + (стационарлық көмек құны х госпитализация ықтималдығы)/100% = 15000 тг. + (50000 тг. х 20%) /100% =25000 тг.

2. Жүктемені есептеу:

(Нетто-төлем х табыстың 25%-ы)/100% + 1 сақтанушыға үстеме шығындар = 6250тг + 1500 тг =7750тг.

3. Брутто-төлем:

Нетто-төлем + жүктеме = 25000 тг. + 7750 тг. = 32750тг.

4. 200 сақтанушыға сақтандыру жарнасын есептеу:

Брутто-төлем х сақтандырылғандар саны = 32750тг. х 200 = 6550000тг.

4-ситуациялық есеп

Медициналық мекеме нарықты зерттеу нәтижесінде тұрғындардың кардиологиялық бейіндегі медициналық көмекке жасырын қажеттілік анықталды. Осы жағдайды есепке ала отырып бас дәрігер өз емдеу мекемесінің базасында кардиологиялық науқастарға ақылы медициналық қызмет көрсету бөлімін ашуға шешім қабылдады. Қызметтің өзіндік құны 215 тенге, ал табыс 26,5 тенге.

Қадам 1. Рентабельділікті анықтау формуласын жазыңыз.

Қадам 2. Медициналық қызмет рентабельділігін анықтаңыз.

Жауап:

Қадам 1. Рентабельділік көрсеткіші(табыс нормасы) өндіріс шығындарына табыстың пайыздық қатынасы арқылы шығарылады. Рентабельділік = (Табыс х 100%)/ өзіндік құны.

Қадам 2. Рентабельділік = (Табыс х 100%)/ өзіндік құны = (26,5 х 100%)/ 215 = 12,3%

5-ситуациялық есеп

Медициналық мекеме ақылы медициналық қызметтер көрсетеді. Ақпан айында 340 тенге бағада дәрігер-окулистпен 250 кеңес берілді. Наурыз айында бас дәрігермен кеңес бағасын 375 тенгеге жоғарылату шешімі қабылданды. Наурыз айында 249 кеңес берілді.

Қадам 1. Медициналық қызметке сұраныс икемділігінің коэффициентін анықтаңыз.

Қадам 2. Медициналық қызмет сұранысының икемділігін бағалаңыз.

Жауап:

Қадам 1.

Икемділік коэффициенті = Сұраныс көлемінің өзгеруі (%) = 250-249 = 1 = 0,02

Бағаның өзгеруі (%) 375-340 35

Қадам 2. Көптеген медициналық қызметтер өмірлік маңызды болғандықтан ақылы медициналық қызметтер де икемді емес. Икемділік коэффициенті 0,02-ге тең, яғни  1 . Сондықтан берілген қызметке сұраныс икемді емес.

6-ситуациялық есеп

Дәрігер-гастроэнтеролог жеке кәсіпкерлік іспен айналысады. 2 жыл бойы жалға алынған ғимаратта кеңестік қабылдау жүргізеді. Дәрігер өз қызметінің сұранысын талдай отырып 2015 жылдан бастап көктем-күз мезгілінде(жоғарғы сұраныс кезеңі) жұмысқа қосымша қызметкерлер – 1 дәрігер және 1 мейірбике шақыруға шешті. Қосымша медқызметкерлерді шақыруымен экономикалық тиімділікті есептегенде қосымша салық төлеуге байланысты дәрігерде жалпы шығындар артты.

Қадам 1. Дәрігер жұмысшыларды қосымша алғаны үшін қандай салық төлеуі тиіс?

Қадам 2. Берілген салыққа салық төлеу нысаны болып не табылады?

Жауап:

Қадам 1. Бірыңғай әлеуметтік салық.

Қадам 2. Барлық негіздер бойынша жұмысшылар пайдасына жұмыс берушімен аударылатын сыйақылар және басқа табыстар(еңбекақы қоры).

7-ситуациялық есеп

Сіздің ЕПМ-де сіздің емдеу сызбанұсқаңызда қолдануға болатын, нарықта бар ескі тиімділігі төмен дәрілік препарат орнына жаңа дәрілік препаратқа клиникалық сынамалар жүргізілді.

Қадам 1. Жаңа дәрілік затты қолдану қажеттілігін негіздеудің экономикалық әдісін ұсыныңыз.

Қадам 2. ЕПМ-нің экономикалық көрсетікштерінен қандай мәліметтерді ала аласыз, ал қандай мәліметтерді өзіңіз табуыңыз керек?

Жауап:

Қадам 1. ӨЗІНДІК ҚҰНЫ – ТИІМДІЛІК әдісімен фармако-экономикалық талдау.

Қадам 2. Бұл кезде экономикалық көрсеткіштерден көрсетілетін медициналық қызмет құнын алу керек, ал тиімділікті бағалауды екі емдеу сызбанұсқасының тиімділігін салыстыра отырып өзіміз жүргізуіміз қажет.

8-ситуациялық есеп

Сіздің ЕПМ-де сіздің емдеу сызбанұсқаңызда қолдануға болатын, нарықта бар ескі тиімділігі төмен дәрілік препарат орнына жаңа дәрілік препаратқа клиникалық сынамалар жүргізілді.

Қадам 1. Жаңа және бұрын қолданылған препараттармен емдеу құнын салыстыруға формуланы ұсыныңыз.

Қадам 2. Қарапайым медициналық қызмет құнын еспетеу формуласын ұсыныңыз.

Жауап:

Қадам 1. Құнын салыстыру үшін келесі формуланы қолдануға болады:

 С= С1 – С2