Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеф кітап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.22 Кб
Скачать

§53. Тамақтық продуктылардың

химиялық құрамы

Белоктар. Адамның белокқа деген мұқтаждығы сонша, белок болмаса немесе ол жеткіліксіз болса, өсудің баяулығы, орталық нерв жүйесінің шартты рефлекстік қызметінің әлсіреуі және т.б. сияқты организмнің тіршілік қызметінде елеулі кемшілік тудыруы мүмкін. Ас қорыту шырындарының әсерімен ішек-қарын жолында белоктар едәуір қарапайым бөлшектерге – аминқышқылдарына бөлінеді. Клеткалар мен ткандерде амин қышқылдарына жаңа, қажетті және сол организмге тән белоктар пайда болады. Белоктың құрылымы мен маңызы оған енетін амин қышқылдарына байланысты. Белоктар ет, балық, сүт, жұмыртқаның ағы, сүзбе, бұршақтық өсімдіктердің дәнінде т.б. болады.

Организмге белоктың қаншалықты мөлшерде керектігін анықтау үшін дененің салмағы мен орындалатын жұмыс ескеріледі. Өсіп келе жатқан организм белоктың бір шама көбірек болғанын қажет етеді. Бала неғұрлым жас болса оған керекті (яғни дененің 1 кг салмағына керекті) белоктың мөлшері солғұрлым көп болады.

Майлар мен липоидтер – организмнің қалыпты тіршілік қызметі үшін қажетті органикалық қосындылар тобы.

Майлар – мектеп оқушысы тамағының қажетті құрамдас бөлігі. Майлардың құндылығы сонда : олардың құрамында А, Д, Е, витаминдері болады, сондай-ақ, шағындап пайдаланғанның өзінде майлар организмге көп мөлшерде энергия береді.

Майлар да, белоктар тәрізді, жануарлардан және өсімдіктерден алынады. Соңғы уақытқа дейін тек жануарлардан алынған майлар ғана құнды болады деген пікір таралып келген. Алайда өсімдіктерден алынған майлардың да балалар организмі үшін мейлінше қажет екені қазір дәлелденіп отыр. Олар бойға тез сіңеді, құрамында Е және К витаминдері, жануарлар майында кездеспейтін қанықпаған майлы қышқылдар мен фосфатиндер болады. Күнделікті тамақта өсімдік майы майдың жалпы мөлшерінің 15 - 20 %-ін құрайтын болуға тиіс. Майлардың қоректік құндылық қасиеті олардың еру температурасынада тәуелді болады. Еру температурасы неғұрлым төмен болған сайын, май соғұрлым жақсы сіңеді. Қоректік құндылығы ең жоғары май болып сары май (сиыр майы) есептеледі.

Организмдегі майлар артық қабылданған углеводтардан да құралуы мүмкін. Бірақ май орнына пайдаланылған углеводтар жалпы майдың тәуліктік нормасы мөлшерінің 20% - інен аспауы керек.

Сондай-ақ майлардың тағамдық, әрі дәмдік зор маңызы бар. Майы аз тағамдар дәмсіз болады және тоқтық сезімін туғызбайды.

Тамақтың мөлшерін белгілегенде климат жағдайларын да ескеру керек: суық ендікте қоңыржай немесе жылы ендікке қарағанда тамақтың майлылығы 10-20% артық болуға тиіс.

Липоидтар – мектеп оқушысы организмінің қалыпты тіршілік қызметі мен өсуіне қажетті, жануарлар мен өсімдіктерден алынған май тәрізді органикалық зат. Организмде ол жеке дар куйінде де, сол сияқты, липопротеид түріндегі белокты күрделі қоспалар түрінде де кездеседі.

Липоидтерді фосфатидтер және стериндер деп екі негізгі топқа бөледі.

Фосфатидтер адам организмінің өзінде, мәселен, бауырда пайда болады. Липоид – фосфатидтердің қалыпты және жеткілікті түрде пайда болуы үшін, мектеп оқушысы тамағында тек майдың ғана емес, белоктар мен углеводтардың да тиісті мөлшері болу керек.

Фосфатидтер, әсіресе лецитин, майлардың сорылу, тотығу және сіңу процестерін жақсартады, ал нерв ткандері мен клеткаларының құрылымына енген соң, бүкіл нерв жүйесінің рефлекстік қызметінің жақсаруына көмектеседі. Жұмыртқа, балық және басқа өнімдерде фосфатидтердің жеткілікті мөлшері кездеседі.

Стериндердің негізгілері – холестерин, бүйрек үсті бездері қабығының гормоны және жыныс бездерінің гормондары. Холестерин организмге уылдырық, жұмыртқаның сарысы, ет, тоң май, бауыр тәрізді қоректік продуктылар арқылы барады. Балалар үшін холестерин ультра күлгін сәулелердің әсерінен одан Д³ витаминінің жасалып шығуымен пайдалы.

Углеводтар – энергияның негізгі қайнар көздерінің бірі. Олар балалардың барлық тәуліктік тамақ мөлшерінің 60 - 70% -ін құрауға тиіс. Мектеп оқушысының тамағында углеводтар жетімсіз болғанда, энергия шығындары майлар мен белоктар есесінен толтырылды, бұл баланың денсаулығына зиянын тигізеді. Іс жүзінде жиі кездесетіндей, көмір углеводтардың артық қабылданылуы да пайда бермейді. Бұл жағдайда балалар белок, май, витамин тәрізді заттарды толық алмайды.

Углеводтардың негізгі көздері – нан, жарма (ботқа), картоп, қант, кондитер тағамдары, бал, овощ, жеміс, жидек.

Витаминдер (латынша Vita – өмір) – түрлі химиялық құрылымдағы органикалық заттар. Витаминдер организмнің қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін өте үдкен маңызға ие, организмнің ауруларға төзімділігін арттырады.

Организмнің витаминдерді қажет етуі адамның өсу, даму кезеңінде, ауыр дене және ой жұмысы кезінде, сондай-ақ ауырып қалған жағдайда арта түседі.

Ұзақ уақыт бойы тамақта қандай да бір витаминдердің болмауынан мектеп оқушысында дімкәстық пайда болады, ол авитаминоз деп аталады. Жиі кездесетіндей, ішетін тамақтың құрамындағы витаминдердің мөлшері, жеткіліксіз болғанда гиповитаминоз басталады.

А витамині (ретинол) жануарлардан алынған продуктылар құрамында болады. Өсімдіктерден алынған продуктыларда ол гидролиздегенде ретинолға айналатын каротин провитамині түрінде кездеседі. Овощтар мен жемістерді тамақ істеуге дайындаған кезде каротин жақсы сақталады. Бұл провитаминнің көк өсімдіктердің бәрінде дерлік болатыны анықталған, әрі пісе бастаған жемістер мен овощтарда жинала алады. Каротин капуста, салат, көк бұршақта көп болады. Өте - мөте сары, қызғылт сары, қызыл овощтар, жидек, және жемістер, сәбіз, помидор, асқабақ, өрік каротинға бай . Ретинол балық майы, жұмыртқаның сарысы, сүт, сары майда болады. Каротинге қарағанда ретинол организмге тез және жақсы тарайды.

Ретинолдың «өсу мен көру витамині» деген көне, бірақ қазір де жұртқа мәлім аты оның әсерінің мәнін білдіреді. Баланың тамағында ретинолдың жеткіліксіз болуы немесе мүлдем болмауы оның дамуына нұқсан келтіріп, өсуін кідіртеді, гемералопия немесе «тауықсоқыр» (адамның іріңді көре алмайтын) ауруын тудырады. Оның үстіне эпители ткані көз мүйізгегінің қабынуына (мүйіздену) ұшырайды. Мүйізгек қабық эпителидің мүйізделіп қалу нәтижесінде көрудің әлсіреуіне, тіпті мүлдем көрмей қалуға әкеп соқтыратын ксерофтальмияауруын туғызады. Бұл аурулардын бәрі өте-мөте мектеп жасында қауіпті, әрі дұрыс ұйымдастырылмаған тамақтану жайында, егер тамақтың құрамында жануарлардан алынған қоректі продуктылар жеткіліксіз болғанда, одан әрі дамиды.

Д в и т а м и н і- дәлірек айтқанда, витаминдер тобы- ультра күлгін сәуле түсірген жағдайда стериндерден пайда болады.

Организмде Д витамині күн радияциясы көбейген коктем, жаз айларында артады.

Д витамині балықтар мен сүт қоректілердің бауырында, жұмыртқаның сарысында, жазғы сүт пен сары майда мол болады. Қыс мезгілінде жануарлардан алынған продуктылардың құрамындағы Д витамині күрт азайып кетеді.

Д витамині жетіспегенде балада рахит ауруы пайда болады, ол кальций мен фосфор тұз алмасуының бұзылуымен сипатталады, ал оның өзі бүкіл организмнің жалпы ауруына, соның ішінде, бала сүйегінің дұрыс өспеуіне, әрі кешеуілдеуінеалып келеді. Бірақ Д витамині мөлшерінің артық болуыда бала организміне зиянды әсер етуі мүмкін: ішкі органдар мен тамырларда кальциий тұзының іркіліп қалуы артады, белсенділік төмендейді, салмақ азаяды және т. б.

Қ т о б ы в и т а м и н д е р і қан кетудің кейбір түрлерінің алдын алу қабілетіне ие. Қ тобы витаминдерінің организмге келуі жеткіліксіз болғанда ерекше заттың қан кету мен қан құйылуда қанның қалыпты ұюы үшін қажетті протромбиннің пайда болуына нұқсан келеді.

Қ витамині ауаға төзімді. Қ витаминдері жасыл өсімдіктердің жапырағында, әсіресе капуста, шпинат, қалақайдың жапырақтарында т. б. Мол болады. Жануарлардан алынған продуктыларда ол аз кездеседі.

В т о б ы в и т а м и н д е р і. В1 витамині (тиамин) углеводтың алмасуына әсер етеді. Тамақта углевод көп қолданылған сайын, тиамин де көбірек қажет болады. Тиаминнің тамақта аз болуы организмде сүт, пирожүзім және басқа да қышқылдардың жиналып қалуына соқтырады. Бұл нерв жүйесін бүлдіріп, жүрек қызметіне нұқсан келтіреді.

Тиамин әр түрлі дақылдардың дәндерінің қабықтарында болады. Сондықтан тиаминге қара нан бай келеді. Тиамин екпе бұршақтар мен кәдімгі бұршақта жеткілікті мөлшерде кездеседі. Жануарлардан алынған продукталарда ол өте аз болады.

В2 в и т а м и н і (рибофлавин)- клеткалардың тыныс алуын қамтамасыз ететін және углеводтардың алмасуына қатысатын ферменттердің құрамдас бөлігі. В2 витамині жетіспегенде, түрліше тері аурулары пайда болып, қан аздық т. б. Дами түседі.

В2 витамині бауыр, ет, жұмыртқаның сарысы, жаңғақ, сүт, дерінде, ашытқыларда болады.

Р Р в и т а м и н і (никотинамид) организмнің тотықтандыру-қалпына келтіру процестеріне қатысады. РР витаминінің тамақта жеткіліксіз болуы немесе мүлдем болмауы пеллагра ауруын туғызады. Бұл ауру тері қабатының, ішек-қарын жолының, психиканың зардап шегуі түрінде болады. Жылдың көктем айларында жиі байқалады. Никотинамидтер бидай мен қара бидайдың ірі тартылған ұнынан пісірілген нанда, арық етте, жаңғақта, балық, көк бұршақ, картопта және т. б. мол болады.

С в и т а м и н і (аскорбин қышқылы) глюкозадан синтетикалық жолмен алынады. Аскорбин қышқылы ішекке оңай және тез сіңіп, қанға барады. Аскорбин қышқылының артығын организм несеппен тез сыртқа шығарып отырады. Аскорбин қышқылы тотықтандыру-қалпына келтіру процестеріне белсенді қатысады және зат алмасуға әсер етеді.

С авитаминозы цинга ауруына душар етеді. Бұл ауру қан ағудан (әсіресе қызыл иектен), тістің босап, түсіп қалуынан, сүйектегі аурудан болған өзгерістерден, түрлі жұқпалы ауруларға организмнің қарсыласа білуінің нашарлауынан көрінеді. Көп жағдайда С авитаминозына туберкулез, пневмония, фурункулез т. б. сияқты басқа аурулар келіп қосылады. Гиповитаминоз тез шаршағыштықпен, жұмысқа қабілеттіліктің азаюымен, ұйқының бұзылуымен, организмнің қарсыласуының әлсіреуімен сипатталады. Организмнің аскорбин қышқылын қажет етуі мүлде әр түрлі, әр адамның жасына, орындайтын дене және өткізу, спорттық жаттығулар мен жаарыстар кезінде және ауырып қалғанда С витаминінің нормасы оқушылар үшін көбейтілуге тиіс.

С витамині көк өсімдіктер, жас овощ, жеміс-жидектерде мол болады. С витамині әсіресе итмұрын мен қара қарақатта көп. Картоп, сәбіз, капуста сияқты өнімдерде де С витамині жеткілікті болады, әрі олар С витаминінің қоры болып саналады.

Минералды заттардың белок, май, углеводтардан айырмашылығы- органикалық емес қоректік заттар қатарына жататындығы. Организмнің қалыпты тіршілік қызметі мен өсуі үшін бұларда қажет. Минералдық заттар организмдегі клеткалар мен ткандердің құралуына, зат алмасуына қатысады, қажетті қышқылдық- сілтілік тепе-теңдікті және т. б. сақтап тұрады.

Организмде аз – көп кездесетініне қарай минералдық заттар микроэлементтерге және макроэлементтерге бөлінеді. Макроэлеметтерге қажеттілігі граммен өлшенетін калий, кальций, магний, натрий, күкірт, фосфор, хлор жатады.

Микроэлементтерге темір, иод, марганец, мыс, фтор, қалайы және басқалар жатады. Микроэлементтерге әдетте қажеттілігі темір қажеттілігінен, яғни 15мг-нан, асып кетпейтін элементтер тән.

Минералдық заттар сүт, овощ, жеміс, ет, балық тәрізді продукталарда бәрінен гөрі көп кездеседі. Алайда қоректік продукталарда минералдық заттардың мөлшері ауытқып тұруы мүмкін. Тамақ алуан түрлі болып отырғанда, тамаққа өнім қосымшалайтын хлор натрйін (ас тұзы) есептемегенде, әдетте барлық басқа элементтерге деген организмнің қажеттігі қанағаттандырылады.

М а к р о э л е м е н т т е р. Кальций – адам организмінің дұрыс өсуімен дамуына қажетті негізгі элементтердің бірі. Ол әсіресе сүйектің дұрыс қалыптасуы үшін керек. Кальцийдің қажеттілігі адамның жасына, сондай-ақ организмнің физиялогиялық күйіне байланысты, тамақтануды ұйымдастырған кезде басқа минералдық заттар мен витаминдердің белгілі үйлесімін сақтау керек, өйткені кальцийдің сіңімділігі осыған байланысты. Кальций тұзының басқа минералдық заттармен мейліінше жеткілікті қатынаста болуына мүмкіндік беретін ең тәуір тамақ сүт болып есептеледі. Кальцийге мына тамақтық өнімдер бай: сүт және сүттен жасалған тамақтар, жұмыртқа, кәдімгі және екпе бұршақ, үрме бұршақ, картоп, сәбіз, капуста және басқалары.

Фосфор, кальций тәрізді, тамақта жеткіліксіз болғанда мектеп оқушысының денсаулығына тез әсер ететін маңызды элементтердің бірі. Фосфор алмасуы кальций алмасуымен тығыз байланысты және соған тәуелді. Фосфор майдың, углеводтардың, ткандар мен клеткалардың құрамына енеді.

Организмнің фосфорға мұқтаждығы жасқа, организмнің физиялогиялық күйіне және орындалатын жұмысқа байланысты болады. Жұмыс қарқынды болған сайын, организмнің фосфор тұзын қажет етуі арта түседі.

Фосфор сүт пен сүттен алынған продукталарда, жұмыртқаның сарысында, етте( арығында), мида, бауырда, балықта (әсіресе треска, теңіз алабұғысында), уылдырықта, қара құмық пен сұлы жармаларында, атбас бұршақ, бұршақ, лобия, жаңғақта болады.

Натрий организмдегі клеткадан тыс сұйықтардың осмотикалық қысымын тұрақтатуда негізгі рөл атқарады. Натрийдің организмге жіктелуінің негізгі көзі ас тұзы болып есептеледі. Адам кішкентайынан бастап тұз қосылған тамақтың дәміне дағдыланады да, ас тұзы жетіспейтін тағамдарды зорға ішеді. Адам тәулігіне 5-12 г ас тұзын пайдалануы керек.

Калий организмнің дұрыс дамуы үшін қажет, әрі тамақтық продукталарда үнемі кездесіп отыратын ең көп тараған элемент болып есептеледі.

Магний өзге қоректік заттадың алмасуында елеулі рөл атқарады. Магний жануарларданд, өсімдіктерден де алынатын барлық тамақтық продукталарда кездеседі, сондықтан түр-түрімен дұрыс тамақтандыру магнийдің бала организміне жеткілікті келіп тұруын қамтамасыз етеді.

Хлор клеткадан тыс сұйықтар құрамына кіреді де, тканьдердегі осмотикалық қысымды (натриймен бірге) және организмнің су алмасуын реттеп отырады. Хлор қосындылары суда тез еріп, ішектерге оңай сіңеді. Организмге хлор негізінен ас тұзы арқылы жеткізіледі.

Күкірт белок қосындыларының, оның ішінде, алмаспайтын амин қышқылы, кейбір гормондар мен витаминдердің құрамына енеді де, қалыптастыру және зат алмасу процестерінде елеулі рөл атқарады. Күкірт организмге жұмыртқа, ет, сүт және сүттен алынған өнімдер, бұршақ пен дақылдық өсімдіктер арқылы келеді.

М и к р о э л е м е н т т е р. Микроэлементтердің организмге өте аз келетіндігіне және өте аз мөлшерде болатынына қарамастан, олардың жеткіліксіз немесе артық берілуі өсіп келе жатқан организмнің тіршілік қызметіне елеулі нұқсан келтіреді.

Темір негізінен қан эритроциттерінде кездеседі, әрі аса маңызды белок қосындысы- гемоглобиннің құрамына енеді. Оргонизмге темір аз берілген жағдайда қан аздықтың әр түрін, әсіресе эритроциттерде гемоглобиндердің азайып кетуінен болатын гипохромдық анемияны туғызады.

Йод организмнің барлық ткандерінде бар, бұлшық еттерде, әсіресе организмнің өсуімен дамуына, сондай-ақ жалпы зат алмасуына ықпал ететін қалқан безі гормонын (тироксин) жасауға қажетті қалқан безінде көп болады. Йодты организге негізінен су мен овощ жеткізіп тұрады.

Фтор бәрінен гөрі сүйекте және тістің эмалінде көп кездеседі. Ол сүйек ткандерінің өсуі мен дамуында маңызды рөл атқарады. Фтордың мөлшері өте қатаң дозаланып отыруға тиіс, өйткені оның жетіспеуі де, артық болуы да бірдей зиянды, әрі ауру туғызады. Фтор аз болғанда флюороз (тіс эмальінің дентинінің және ақырында, тіс қаңқасынің бұзылуы) дами түседі. Организмге фтордың қатысуы тамақтық продуктылар мен су арқылы қамтамасыз етіледі.

Мыс қан мен кейбір ферменттердің жасалуына қатысады. Ол бауыр, ми, қан тәрізді ткандерде мол болады. Организмнің мысқа деген қажеті продукталардың әдеттегі құрамы есебінен өтеледі. Мыс қосындылары организмге, негізінен, балық продуктылары, жұмыртқаның сарысы, бауыр, овощтар арқылы келіп түседі.

Марганец қанның жасалуы, жыныстық жетілу және дұрыс дамуы үшін маңызы зор. Ол организмнің барлық органдары мен ткандерінің құрамына енеді, зат алмасуға, ферменттер мен гормондардың жасалуына қатысады. Мырыш огранизмге ашытқы, саңырау құлақ, сүт пен сүттен алынатын продукталар, бауыр т.б. арқылы барады.

Су әрбір тірі клетка мен тканнің құрамына енеді. Барлық физикалық-химиялық және физиялогиялық процестер: тамақтық заттарды сорып алу мен сіңіру, организмде керекті осмотикалық қысымды қалпында ұстап тұру, ассимиляция мен диссимиляция тек сумен ғана жүзеге асады. Су зиянды және керексіз заттарды бөліп шығару, жылу түзу және жылу бөру процестерін реттеу тәрізді басқада маңызды процестер үшін қажет.

Организмдегі судың аздығынан қатты шөлдеу сезімі, жалпы әлсіздік, бас ауыруы, тырысқақтық пайда болады, дененің салмағы азаяды т. б. Организм дене салмағының он проценті мөлшерінде немесе одан көбірек су жоғалтса, организмнің тіршілік қызметін бүлдіруге әкеп соғады, әрі өмірге қауіп төндіреді. Су өз уақытында беріліп тұрғанда, бұл құбылыс жоғалады, өйткені су айтарлықтай тез сорылып, организмнің барлық клеткалары мен ткандеріне барады. Бала организмінде судың мөлшері 65%-тен 75%-ке дейінгі аралықта ауытқып тұрады. Жастың өсуімен және организмнің өсуімен ондағы судың мөлшері біртіндеп азайып, 60%-ке дейін төмендейді.

Организмге су тек таза күйінде ғана барып қоймайды, әрбір тамақтық продукталар мен де барады. Азық-түлік продукталарындағы судың мөлшері мейлінше әр түрлі. Мәселен, овощтар мен жемістерде су 97%-ке дейін, сүтте 87%-ке, жұмыртқада 75-80%-ке, етте 50-70%-ке, нанда 30-40%-ке дейін және т. б. болады. Сондықтан суды қабылдаудың мөлшерін есептегенде тамақтық продукталарда кездесетін судың да мөлшерін міндетті түрде ескеру керек. Жоғарыдағыларға қосымша 200-400 мл суды май, углеводтар, белоктарды тотықтыра отырып, организмнің өзі-ақ бөліп шығаратынын айту керек.

Бала организмі үшін судың жетіспеушілігі ғана емес оның тым артық болуы да зиян екенін еске ұстау қажет, өйткені бұл жағдайда жүрек-қан тамыр жүйелері мен бөліп шығару органдарына түскен ауырлық артып кетеді. Мұнымен қоса су көп болған жағдайда, организмнен қажетті минерал тұздары тезірек

Негізгі тамақтық продукталардың химиялық құрамы мен колориялылығы

Продуктылардың аты

100г продуктаға сіңірілетін заттардың моөлшері

100г продуктыдағы неттоколория

белок

май

углеводтар

1

2

3

4

5

  1. Ет пен балық продуктылары

Сиыр еті ....................

Қой еті ....................

Шошқа еті ...................

Пісірілген колбаса .........

Сосискалар .................

Жас көксерке балық .........

Жас треска .................

Тұздалған майшабақ ..........

  1. Сүт пен сүттен жасалған продуктылар

Сиыр сүті ...................

Қаймақ .....................

Тәтті айран (простокваша)....

Тұщы айран (кефир)...........

Ақ ірімшік ................

Голланд ірімшігі (сыр )......

Сиырдың сары майы ...........

Өсімдік майы ................

Тауық жұмыртқасы ...........

  1. Нан және наннан ітелген продуктылар

Қара бидай наны .............

Бидай наны ..................

Түрлі печенелер .............

Кеспе мен макорондар ........

  1. Жармалар

Ұнтақ жарма ................

Қара құмық жармасы ..........

Тары .......................

Күріш .......................

  1. Овощтар

Картоп ......................

Қызылша .....................

Сәбіз ......................

Жас капуста ................

Ашытқан капуста .............

Жас қияр ....................

Помидор .....................

16,0

12,7

11,7

13,4

12,2

10,4

9,2

10,8

3,1

4,2

3,0

3,1

13,9

25,0

1,0

-

10,7

5,5

5,8

7,4

8,3

8,0

9,6

7,4

6,5

1,0

1,3

0,6

0,9

0,7

0,4

0,5

4,3

24,2

30,2

14,2

13,0

0,2

0,1

9,1

3,5

24,9

2,7

2,6

18,2

30,0

84,0

94,0

-

0,6

0,5

10,3

0,5

0,8

2,4

1,9

1,2

0,7

0,1

0,2

0,1

0,3

0,1

0,1

0,5

-

-

4,0

-

-

-

-

4,9

1,7

3,0

2,5

1,1

2,4

0,6

-

0,5

39,3

56,1

65,1

73,3

73,6

61,5

62,4

71,7

13,9

8,1

6,3

3,5

2,4

1,1

2,8

108

278

329

204

171

44

39

129

66

256

50

48

230

391

387

874

140

190

258

393

343

342

314

303

332

63

39

31

20

15

6

15

6. Жемістер мен жидектер

Жас алмалар . . . . . . . . . . . . . . .

Жас қара өрік . . . . . . . . . . . . . . .

Жүзім . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Шие . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Тұшала . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қара қарақат . . . . . . . . . . . . . . .

7. Кондитер тағамдары және қант

Қант . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Варенье . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Шоколад . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,3

0,4

0,6

0,7

0,3

0,2

-

-

4,4

-

-

-

0,3

-

0,4

-

-

18,9

9,8

7,7

12,3

8,2

6,0

4,9

94,5

51,2

57,1

42

33

53

43

26

26

388

210

427


Рек шығып кетеді, ал бұл мектеп оқушысының денсаулық жағдайына қолайсыз әсер етеді.

Асқазан шырынын сұйылтып, бөлінуін азайтатындықтан, дәл тамақ алдында су ішуге болмайды. Бұл асқорыту және қоректік заттарды сіңіруді нашарлатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]