- •48 . Дене тәрбиесінің міндеттері
- •49 . Дене шынықтыру сабағы
- •§ 50. Гимнастиканың гигиеналықмаңызы
- •§ 51. Оқушылардың дене тәрбие бойынша кластан тыс жұмыстары
- •VIII мектеп оқушыларының тамақтану гигиенасы
- •§ 52. Тамақтанудың
- •§53. Тамақтық продуктылардың
- •§ 54. Мектеп оқушыларының тамақтану нормасы
- •§ 55. Мектеп оқушыларының тамақтану режимі.
- •§ 56. Тамақтық продуктыларға қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар
- •57. Тамақ әзірлейтін бөлмелер мен ыдыс аяққа
- •58. Қызметкерлердің жеке басының гигиенасы.
- •59. Таңертеңгілік мектеп тамағы.
- •60. Күні ұзартылған топтағы балаларды тамақтандырудың ерекшеліктері.
- •61 Тамақтан улану және оны алдын алу жолдары.
- •70. Эпидемиялық гепатит. (Боткин ауруы)
- •71. Полиомиелит
- •72. Ішек құртының аурулары, гельминтоздар
- •73Грипп
- •76 . Тері аурулары .
- •§ 19. Мектеп жабдығына қойылатын негізгі талаптар....................................87 § 20. Мектеп оқушыларын партада дұрыс отырғызудың маңызы.................88
73Грипп
Грипп- күшті жұқпалы ауру, онда организм түгел уланады, температура көтеріледі, бас ауырады, дене дел-сал күйда болады және жоғары дем алу жолдары қабынады. Грипп фильтрлі вирустар тобына жататын белгілі бір микробтан пайда болады. Гриппке ұсақ аурулар: жұқпалы тұмау,ларингиттер, фарингиттер және жоғарғы дем алу жолдарының бүлінуі- тіпті дені сау адамның өзінде де әдетте мұрын-жұтқыншақ қуысында болатын микробтардан пайда болуы мүмкін. Грипптің қоздырғышы оңай өзгеріп отырады, сондықтан онымен күресу өте қиын. Толық немесе ішінара қабылдамайтын адамның организіміне енген соң гриптің вирусы не организімнің қорғағыш күштерінің әсерінен өледі, не әлгі күштерге төтеп бере алмайтын болып, тез арада қатты өзгереді. Грипп вирусының жаңа түрлері, тіпті жаңа типтері, осылайша пайда болды. Қазіргі уақытта грипп вирусының алфавит әріптерімен аталатын А,В,С деген бірнеше типтері белгілі. А типті вирустың өзі кем дегенде үш түрге бөлінеді; А, А1, А2. Егер бала А вирусынан пайда болған гриппен ауырып жазылған болса, онда ол балада микробтың бұл типімен 2-3 жыл бойы ауырмайтын иммунитет пайда болады, егер сол баланың организіміне гриптің В типі вирусы немесе А типінің бір түрі түсетін болса, ол бала қайтадан ауырады, өйткені пайда болған иммунитет оны бұлвирустардан қорғамайды. Бір баланың жыл сайын, тіпті жылына бірнеше рет, гриппен ауыратыны, міне осыдан, оған қоса адамның грипп вирусын қабылдағыштығы өте күшті.
Адам организімінен тыс жерде грипп вирусы тұрақсыз келеді. Ол ауру адам пайдаланған сүлгі, бет орамалға, ыдыс қа жұққан сілемей бөлінділерде,дымқылында, сілекейінде біраз уақыт өмір сүруі мүмкін.Таза жаңарған ауада, әсіресе күн жарығында грипп вирусы тез өледі, сондықтан гриптің жұғуы көбінесе үйдің, ішінде, әсіресе егер ол жер тар немесе адам көп топтанған болса, сондай-ақ адамға лық толы троллейбустарда, трамбайларда, поездарда жәен т.б болады. Әсіресе балалар гриппен ауырғыш келеді, неғұрлым жас болған сайын, ол коп ауырады. Жабық балалар мекемелерінде грипп, әдетте, тез тарайды да, қатты ауруға ұшырайтын жағдайлар көп болады.
Грипп вирустың бірден-бір таратушысы –адам; эпидемия кезінде грипп тек онымен анық ауырып жатқан адамдар ғана емес, жеңіл-желпі немесе байқаусыз ауырып жүрген адамдар да сондай-ақ дені сау вирус тасығыштар да жұқтырады, бұлар аурудың қоздырғыштарын сөйлеген, жөтелген, түшкірген кездерінде таратады. Грипп вирусының дені сау адамның дем алу жолдарының кілегейлі қабығына түсіп, одан аурудың алғашқы белгілері көрінгенше орта есеппен 12-ден 18 сағатқа дейін уақытөтеді.
Гриппен ауырғанда, әсіресе балаларда, алдымен организмнің түгел улану және нерв системасының бүліну құбылысы байқалады. Органдардың өзгеруі, атап айтқанда, қабыну құбылысы(тұмау, ангина, коньюктивит-көздің дәнекер қабығының қабынуы) аурудың екінші-үшінші күнінде дами бастайды, әрі қызылшамен жәен жоғарғы тыныс алу жолдарының басқа ауруларымен ауырғандағыдай қатты білінбейді. Әдетте ауру аяқ астынан температураның көтерілуінен, тоңып қалтырауынан, жалпы сырқаттығынан, бей-жайлықтан, басы ауруынан, арқа, бел, аяқ-қолдарының ауруынан басталады.
Аурулардың бір қатары мұндай жағдайда жабырқау тартып, ұйқы басады, екінші біреулерде, керісінше қозу, ұйқысыздық, сандырақ пайда болады. Жасы кіші балаларда көп ретте құсу, құрыспа, менингиттік құбылыстарболады. Кейде гриппен ауырғанда температура көтерілмейді, бірақ бұл жағдайда да аурудың түрі жоғарыда айтылғаннан жеңіл болмауы мүмкін. Аурудың екінші-үшінші күнінде дем алу органдарында болған өзгерістер сезіле бастайды. Дем алу жолдарының кілегейлі қабықтары қызарып, қабарады, тұмау, ангина, құрғақ жөтел, кейде тіпті қатты жөтел пайда болады.гриппен ауырған кезде ішек-қарын жолының ауруы ешуақытта дерлік байқалмайды.
Егер грипп асқынбасы, ауру 5-7 күнде жазылады.Бірақ балаларда мұндай жағдай сирек болады. Грипп, қызылша сияқты реактивтікті өзгеріп, иммунитетті төмендетеді, ал бұл көбіне бұрыннан бар созылмалы ауруды қоздыруға, сондай-ақ жаңа аурулар қосуға, әрі олардың асқынуынна соқтырады.
Асқыну кейбір жағдайда аурудың алғашқы күндерінен, екінші бір жағдайларда бесінші-жетінші күндерінен басталады. Гриппнн ауырғанда өте жиі кездесетін және ең ауыр асқыну-өкпенің қабынуы. Гипп кезінде, сондай-ақ отит, бронхит, ларингит немесе гриптік круп болуы да мүмкін.
Гриппен аурудың алғашқы белгілері байқалысымен-ақ ауырған адамды дереу оқшаулау керек. Ауырған адам қызбасы мен аурудың басқа да белгілері кеткенге дейін төсек режимін сақтауға тиіс. Бұл оның тез жазылуы сондай-ақ ауруының асқынбауы және инфекцияның жайылмауы үшін қажет.
Әдетте ауырған адамды үйде оңашалайда, оны жеке бөлмеге немесе шымылдықпен, пердемен, простынямен қоршап қойған жеке төсекке жатқызады. Мектеп –интернаттарда гриппен ауырған шәкірттерді изоляторға ауырған (адамды жатқызатын жеке бөлмеге) орналастыру керек.141бет жоқ
Сондай-ақ гриппен ауырған адамдар, дені сау адамға қарағанда, үнемі таза ауаның келіп тұруын керек етіп тұратынын есте ұстау керек, таза ауа өкпеде газ алмасудың жақсы жүруіне және онда қабыну процестерінің пайда болуының алдын алады.
Ауруға қарайтын адамдар оған күтім жасаған кезде аузы-мұрнын дәкемен қабаттап жасаған маскамен жауып жүрулері тиіс. Пайдаланылғаннан кейін маска қайнатылады, немесе ыстық өтекпен өтектеледі.
Грип адамдар тікелей араласқан кезде емес, ыдыс-аяқ, сүлгі арқылы да жұғатын болғандықтан, бұл заттардың барлығын міндетті түрде қайнатып алу керек. Ауру адам жатқан бөлмедегі еден мен мебель хлорлы ізбестің немесе хлораминнің ерітіндісімен күнде сүртіліп тұруға тиіс.
Туберкулез
Балалардың туберкулезін созылмалы жұқпалы ауру деп қараған жөн. Оның дамуы және жазылуы көбіне бала организмінің оған қарсылық жасай білуіне байланысты.
Балалардың көпшілігінің өмір сүру және тұрмыстық жағдайлары аса ауыр патшалық Россияда туберкулезбен ауыру жіне одан өлу өте көп болатын. Балалардың туберкулезіне қарсы күресу жүйелері етек алды, ғылыми зерттеу институттары ұйымдастырылып, фтизиатор-дәрігер кадрлар даярлау ісі басталды.
Соңғы жылдары жалпы гигиеналық сипатта жүргізілетін шаралардың, сондай-ақ туберкулезге қарсы егулердің нәтежиесінде СССР-де балалардың туберкулезбен ауруын да, одан болатын өлім санын да елеулі түрде азайтуға қол жеткізді.
Туберкулез алғаш рет 1882 жылы Р.Кох ашқан, «Кох таяқшалары »дп аталатын таяқша тәрізді таяқшалардан пайда болаты. Кейінірек Н.Ф. Гамелея туберкулез таяқшасының бірнеше типін: адам, өгіз және тышқан таяқшаларын ажыратты. Бактерияның адам үшін алдыңғы екі типі қауіпті. Алайда өгіз типі туберкулезбен ауыру өте сирек кездеседі. Кальмет және Герен өгіз типтес туберкулез таяқшасынан, туберкулезбен ауырмай-ақ организмде оған қарсы имунитет жасап шығаратын, әлсіщдендірілген тип алды. Кальмет-Герен вакцинасы балалардың туберкулезге қарсы иммунизациясы үшін СССР-де кеңінен қолданылытын болды.
Балалар туберкулезді дер алу жолдары арқылы жұктыруы мүмкін. Ішек арқылы жұқтыруы өте сирек кездеседі. Жатыр арқылы құрсақ ішіне туберкулездің жұғуы мекен-саяқ. Туберкулез ауруының тұқым қуалауы мүмкін дейтін жорамал теріске шығарылып отыр.
Жұғудың негізгі көзі- туберкулездің ашық формасы, яғни қоршап тұрған ортаға қақырық, туберкулез ошағынан бөлінетін ірің, бүйрек туберкулезімен ауырғандағыы несеп, ішек туберкулезімен ауырғандағы нәжіс арқылы коздырғыштарды бөліп шығару. Туберкулезбен ауыратын сиырдың сүті қауіпті.
Адамның организміне енген соң туберкулездің микробтары қанның айналысымен буһүкіл органдарға және тканьдерге тарайды, алайда одан әрдайм ауыра бермейді. Көп нәрсе адамның организміне байланысты. Егер баланың организмі мықты болса, онда оған түскен микробтар туберкулез процесіін тудырмауы мүмкін.
Баланың туберкулез жұқтырған-жұктырмағанын анықтауға Пиркет пен Мантудың туберкулиндік реакциясы көмектеседі. Білектң алдын ала спиртпен таазартылған терісіне Пиркет реакциясын жүргізген кезде туберкулиннің тамшысын енгізеді де, абайлап, қан шығармай, теріні сыза тіледі. 24 немесе 48 сағаттан кейін реакцияны белгілейді. Егер тіліктің төңірегінде деаметрі 5 мм болатын қызарған ісік пайда болса, онда реакция оңды деп есептеледі. Пиркет реакциясы теріс болса , онда оны 5-7 күннен кейін қайталауға немесе әсерлі тері іші Манту реакциясын жасауға болады. Егер Манту реакциясы да теріс болып шықса, онда балаға туберкулез жұқпаған деп есептеуге болады.
Балаға туберкулез жұқса да, өте нәзік балаларда немесе туберкулездің ауру түрлері кезінде туберкулиндік реакциялары теріс болуы мүмкін екендігін есте сақтаған жөн.
Бала неғұрлым жас болса,ионың қорғаушы күші соғұрлым нашар дамыған болады, әрі туберкулезбен ауруы да оңай болуы мүмкін. Әсіресе балалардың туберкулезбен ауруына қыззылша, грип және көк жөтел сияқты аурулар қолайлы жағдайлар жасайды. Сондықтан да бұл жұқпалы аурумен ауырып тұрған балаларға ерекше назар аударып отыру керек, болар болмас күмән туған жағдайда-ақ туберкулездік диспансере немесе маман-дәрігерге қаратып, тексеруден өткізу керек.
Туберкулез жұққан жағдайда бала әдетте сылбыр, ұмытшақ, шаршаған болады, тамаққа тәбеті соқпай, жүдеп кетеді, нашар оқи бастайды.
Дененің температурасы көп ретте 37,3-37,5° -қа дейін көтеріледі, бала жөтеле бастайды, қатты терлейді, мойындағы, қолтық астындағы лимфа бездері іседі.
Осы құбылыстар пайда болғанда баланы жедел дәрігерге көрсету қажет. Тексеру кезінде баланың қандай да бір органы ауруға шалдыққаны көзге түсуі мүмкін, алайда балалардың туберкулезі қандай да бір органның ауруға ұшырауытүрінде емес , жоғарыда көрсетілгендей, жалпы күйі нашарлауы түрінде білінеді. Туберкулездің мұндай түрін созылмалы туберкулездік интоксикация деп атайды.
Туберкулез неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым оңай әрі тез емдеп жазуға болады.балалар мен жасөспірімдердің жаңа бастаған туберкулезін дер кезінде анықтауға балалар мекемелерінде дүркін-дүркін жүргізіліп тұратын дәрігерлік тексерулер, туберкулиндік байқаулар, рентгенологиядық зеттеулер көмектеседі.
Егер дер кезінде емдеп, дұрыс режим орнатса, баланың организмі ауруға төтеп бере алады: осының өзінде баланы , оның жай- күйіне қарай ауруханаға немесе санаторийлергеорман мектебіне орналастыру қажет.
Балаларды туберкулез жұғудан сақтау үшін балалар мен жасоспірімер мекемелерінде оларды міндетті түрде кем дегенде жылына бір рет тексеруден өткізу керек. Егер қызметкерлердің ішінен туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратыны кездессе дереу басқа жұмысқа ауыстырады.
Баланы туберкулез жұғудан қорғау шараларымен қатар, оның организын нығайту үшін де шаралар қолдану қажет. Таза ауада, күн сәулесінде көп болу,күн сайынғы су процедуралары, дене шынықтыру сабақтары, демалыс пен еңбек жұмысын дұрыс ұштастыру, витаминдері көп жұғымды тағамдармен тамақтану, өз уағында және жеткілікті ұйықтау, яғни дұрыс гигиеналық режим баланың организмін нығайтуға көмектеседі, сол арқылы баланы туберкулезбен аурудан сақтайды.
Әрбір балаға туьеркулезге қарсы егілген болуы тиіс. Егуді бала туғаннан бастайды. Одан кейін имунитет 1-2 жылға жететін болғандықтан, оны 1,3, 7, 13 және 18 жаста қайталайды. Егудің арасы 12 айдан кем болмауы керек.
Ревакцинацияны балаға әлі туберкулез жұқпаған болса ғана жүргізу қажет. Ол үшін алдын ала Пиркет пен Манту реакциясын жасау, әрі кдлиникалықжәне рентгенологиялық толық тексеруден өткізу қажет. Имунитет еккеннен кейін 4-6 аптадан соң жасалып шығады. Бұл кезеңде баланы туберкулезбен ауратын адаммен қарым-қатынас жасаудан мұқият жасау қажет. Егер туберкулез жұғуға қарсылықты арттырады, онымен ауруды және өлімді азайтады. Егуді балаларға жасағаннан басқа егулерден кейін екі апта өтпей тұрып, сондай-ақ температурасы 37,5° -тан жоғары болса , іші өтіп жүргенде6 ауыр және асқынған созылмалы аурулар кезінде, тері бүлініп, іріңддеп кеткен кезде жасауға болмайды. Балаларға басқа егуді туберкулезге қарсы вакционациядан бір ай кейін ғана жасауға болады.
Ревматизм
Ревматизм-дені сау немесе ревматизммен жиі ауыратын адамның мұрын жұтқыншағында, бұзылған тістерінде, көмекей бездерінде кездесетін стрепкоккоктен пайда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Ревматизм көбіне бала кезден басталады.
Организмнің стрепкококке сезімталдығы мынадай бірқатар себептердің; скарлатинамен, ангинамен ауырудың, сондай-ақ комекей бездерінің, кариозды тістердің созылмалы ауруларының, құлақ қабынуының нәтежиесінде болады. Осы орындардан баланың канына у-микробтардың токсиндеріжәне организмді уландыратын әрі оның микробқа деген сезімталдығын арттыратын клеткалар ыдырауының продуктылары түседі. Сыртқы ортаның жағымсыз факторлары, қатты шаршау,тоңу ревматизммен ауруға жағдай жасайды.
Көпшілік жағдайда балалардың ревматизмі ревматизмі біртіндеп дамиды да, қандай да болсын айқын, әрі соған тән белгі бермейді. Ауруларда оның көпшілік жағдайында нұқсан келгені байқалады; тамаққа тәбеті тартпайды, басы ауырады, қатты шаршайды,денесінің температурасы көтеріледі.
Ревматизммен қабыну процесінен көбіне жүрекке зақым келетіндігіне қарамай, балалар жүректерінің алқынуы немесе шаншуы орта-текте ғана айтады, тек кезекті бір тексеру кезінде ғана дәрігер баланың жүрек клапндары қызметінің бұзылғандығын, екінші сөзбен айтқанда, жүрек ауруын анықтауы мүмкін.
Кейбір жағдайда қабыну процесі белгілі бір буындарда пайда болуы мүмкін.
Мұндай кезде баланың жалпы күйі нашарлайды, денесінің температурасы 38-39°С-қа дейін көтеріледі, ал 2-3 күннен кейін, кейде одан да ерте буындарының қатты ауырғаны сезіліп, олар ісініп, қызарып, қол тигізіп көргенде олардың қатты қызғаны байқалады. Ірі буындар- тізе, шынтақ, иық буындары- жиірек, ал қол басының, омыртқаның, т.б ұсақ буындар сирегірек зақымданады. Буындрдың ісуі , ауруы көшпелі болады. Ауратын буындардың көбеюі ауру баланың жағдайын едәуір нашаралатады. Буындардың ауруы, ісуі әдетте 7-10 күннен кейін жоғалады.
Буындардың зақымдануымен бір мезгілде немесе біраз кейінірек жүректің ауыруға шалдыққандығының белгілері біліне бастайды. Ревматизм кезінде құбылыстары да жиі кездесіп тұрады, ол ашуланшақтық, жылаңқылықта көрінеді. Кейде бала тәртіпсіз, салақ болып кетеді. Кейде бітеңкесінің бауын жаман байлайды, тамақ ішіп отырып шанышқысын, қасығын үсіріп алады, жазуы өзгеріп, сөздері күңгірт тартады, жүрісі дөрекіленіп кетеді. Қолдың саусақтары, беттің еті алғашқыда аздап, соңынан көбірек дірілдейтін болады, бала бет- аузын тыржаңдатып, тентектік жасап жатқан секілді болып көрінеді, мұнда да жүректің жағдайы нашарлайды. Ауру біртіндеп дамитын болғандықтан, ата-аналар, педагогтар мен тәрбиешілер баланың ауру екендігін көпке дейін аңғармайтын болады, оған ескерту жасайды, оның қылығыын тентктікке салып, жазалайды. Бұл баланың жалпы күйін одан әрі нашарлатады. Ауу – айға созылуы мүмкін, содан кейін бұл құбылыстар біртіндеп кетеді.
Ревматизмнің күші қайтқаннан кейінгі аурудың араларындағы кезең деп аталатын кезеңде бала әбден сау кісідей әсер тудырады, алайда оған мұқият бақылау жасағанда оның өңі боп-боз екенін , тез шаршайтынын, басының, аяқтарының ауыратынын, кейде жүрегінің қағатынын білуге болады. Ұқыпты түрде тексеруден өткізген кезде дәрігер көбінде оның жүрегінде өзгеріс бар екендігін анықтайды. Осының бәрі ревматизмнің ұстамалары аралығындағы кезеңде процестің аяқталмайтындығын, жайлап жіне байқаусыз дами беретінін көрсетеді, бұл ондай балаларды ерекше бақылауды, күтуді және жүйелі емддеуді талап етеді.
Ревматизм кезінде әрдайым дерлік жүрек ауратын болғандықтан, ауырған балаға дене қимылы және психикалық жағынан толық тыныштық орнату, дрыс гигиеналық жағдайлар жасау және үнемі емдеу қажет. Мұның барлығын тек арнаулы емдеу мекемелерінде ғана іске асыруға болады. Сондықтан ревматизмнің ауыр түрімен ауырғандарды госпиталға жатқызу керек.
Мектеп жасындағы балалар тек ауорудың ауру кезеңі толық басылғаннан кейін, әрі дәрігердің рұқсаты бойынша сабаққа жіберіледі. Баланың жай-күйі талап ететін болса, дәрігер ол оқушының мектептег жұмыстарын азайтып, осы күннің ұзақтығын кемітеді, дем алатын қосымша күн белгілейді.
Мектеп сабақтары мен емдік дене шынықтыру рұқсат етілген бастапқы төрт класстың балаларына оның жасына қарай шамасы еңбектің барлық түрі рұқсат етіледі. Жоғары класстың балалары және жасөспірімдер мен политехникалық және кәсіптік оқу өткізу барысында олардың қандай жұмысқа мүмкіндігі бар екенін анықтау үшін, әр жағдайда жұмыстың ауыр-жеңілдігіне қатысты реакцисын тексеріп отыру қажет.
Науқас баланың режимінің дұрыс болуына ерекше назар аудару қажет. Дұрыс тамақтан, уйқы, демалыс белгілері бір уақытта болуы тиіс. Бала күндіз міндетті түрде 1-2 сағат демалуы қажет. Оны тым шаршатпағаны жөн, киноға, балалар театрына баруын шектеу қажет, оған жылы сөйлеу қажет, жақсы күтім жасау керек. Біздің елде көп жылдардан бері ревматизммен күресу жөніндегі мемлекеттік шаралардың системасы жасалып , іске асырылып келеді . Осыған байланысты ревматизммен ауыратын балаларға жүйелі түрде қызмет көрсететін бірқатар арнайы мекемелер : балалар поликлиникалары жанындағы ревматикалық кабинеттер , балалар клиникалары мен ауруханалары жанындағы бөлімдер , орман мектептері , санаторийлер , курорттар т . б . ашылған . Балалардың ревматизмімен күресте бүкіл организмнің тұрақтылығы мен қарсылығын арттыратын сақтық шаралары бірінші орында тұрады . Тұрмыстың жақсы гигиеналық жағдайлары , таза ауаны , су процедураларын молынан пайдалану , дене шынықтырумен үнемі шұғылданып отыру , дұрыс та тоя тамақтану және қалыпты ұйқы балалар организмін нығайтады , әрі оны ревматизмді аз қабылдайтын етеді . Ревматизмді немесе аурудың қайталауын болдырмау үшін тістердің , мұрын - жұтқыншақтың және көмекей безінің жай - күйіне ерекше назар аударып отыру керек . Ауру тістерді және созылмалы тонзиллитті ( бадамша бездің қабынуы ) дер кезінде емдеудің маңызы аса зор . Балалардағы ревматизмнің алдын алуда педагогтар , тәрбиешілер , сондай - ақ балалар мекемелерінің медицина қызметкерлері маңызды роль атқарады . Балалардың мінез - құлқына және көңіл - күйіне мұқият , әрі үнемі бақылау жасап отырудың , сондай - ақ балалардың бірін қалдырмай жылына кемінде екі рет ұқыпты түрде медициналық тексеруден өткізіп тұрудың арқасында олардың денсаулығындағы болар - болмас ауытқушылықты және ревматизмнің алғашқы көріністерін байқауға мүмкіндік туады . Барлық ревматик - балаларды , сондай - ақ ангинамен , созылмалы тонзиллитпен , гриппен ауыратын , жоғарғы дем алу жолдары қабынған және скарлатинамен ауырып тұрған балаларды ерекше көңіл қойып бақылау , ретіне қарай шынықтырып отыру қажет . Тек дәрігерлердің , тәрбиешілердің , педагогтардың және ата - аналардың бірлікте тырысуы арқасында ғана балалардың ревматизммен ауыруын едәуір азайтуға , оны ерте анықтап , нәтижелі емдеуге мүмкіндік болады .
