Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеф кітап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.22 Кб
Скачать

70. Эпидемиялық гепатит. (Боткин ауруы)

Эпидемиялық гепатит- көбінесе бауырдың қабынуын ілестіре жүретін қатты ауру. Ол көп жағдайда сары ауруға соқтырады. Жұқпалы ауруларды тарату жағынан эпидемиялық гепатит екінші орында. Боткин ауруын аурудың қанында және сирегірек несеп және нәжісте болатын фильтрлі вирус тудырады. Ауру ауырған адамдардан микроптары бар су немесе нәжіс пен несеп жағылған қол арқылы таралады. Эпидемиялық гепатиттің инкубаторлық мерзімі 2-4 патаға созылады. Бұл ауру жағдайында тамаққа деген тәбет күрт төмендейді, тілді ақ үлпек басып, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Кейде температураның көтерілуі,бас ауруы, құсу және іш ауру байқалады. Жұтқыншақта катаралдық өзгерістер (ангина) жиі болады. Сары аурулық кезең 6-7 күнге созылады, ал одан кейін көздің ақ қабығы, тері және тілдің кілегейлі қабығы сарғайып, қыши бастайды. Сары ауру күн сайын күшейеді бірақ оның қарқыны әр түрлі болады. Сары ауру пайда болысымен температура әдетте төмендейді, әрі жалпы жағдайы да біраз жақсарады. Кейде ауру басталысымен, көбінесе сары аурудың пайда болу кезеңінен бастап, бауыр мен көк бауыр едауір үлкейеді. Аурулар оң жақ қабырғасының асты ауратынын айтып шағымданады. Несеп сары ауру пайда болмай тұрып-ақ күрең тартады(сыраның түсі сияқты болады), ал нәжіс бозғылт тартып, түссізденеді. Аурудың ұзақтығы 3-6 апта арасында ауытқып отырады, ал кейде оданда көп уақытқа созылады; аурудың ұзақтығы жағдайдың ауыр-жеңілдігіне, аурудың жасына, бұрые ауырған ауру түріне және т.б. жағдайларға қарап анықталады. Боткин ауруыныңауырлық дәрежесі әртүрлі жеңіл түрлерінен ауыр түрлеріне дейін болады. Ауру теріні сарғайтпай-ақ өтуі мүмкін; ондай түрі Боткин ауруының эпидемиялық тез таралу кезеңінде жиі кездеседі. Боткин ауруының кез-келген түрінде толық тыныштық, төсек ртежимі және дәрігердің толық бақылауымен мұқият емделу қажет. ауру кезінде және жазылғаннан кейін балаларға құрт айдайтын дәрі-дәрмек сондай-ақ дәрігердің тағайындауынмыз ешқандай дәрі берілмеуі тиіс. Гепатитпен ауырғандарға бір немесе бір жарым жыл бойы профилактикалық егудің ешқайсысын егуге болмайды. Ауырып тұрғанда кем дегенде бір жыл бойы диспансерлік бақылауда және ерекше диетада болуы тиіс. Ауру, сондай-ақ ауырдыма ма деген күдікті балалар да, сарғая бастағаннан тартып кемінде 3 аптаға немесе ауыра бастаған күннен бастап 1 айға оқшауландырады. Бұл аурудың қоздырғышы едәуір тұрақты болғандықтан, басқада жұқпалы ішек аурулары кезіндегі сияқты , күнделікті және қорытынды химиялық дезинфекция жасау қажет. гепатитпен ауырғандармен қатынаста болған балалар және ересектер аурумен соңғы араласқан кезінен бастап 40 күн бойы медициналық бақылауға алынады. Ауырған бала оқып жүрген мектеп тобында Боткин ауруы байқалған жағдайда, карантин белгіленеді және ауруды оқшауланған күннен бастап 40 күн бойы оған бала қабылдау тоқтатылады. Мектеп пен мектеп-интернеттарда бұл ауру шыққан топтар үшін бөлек үзілістер жасаған жөн. Балалармен ересектер қолдың тазалығын қатаң қадағаулары тиіс. Жұқпалы сары аурулармен ауырған адаммен қатынас жасаған балалардың денесіне ауыр күш түсірмеген жөн. Спортпен шақтап айналысқан дұрыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]